
- •2 Delphi-дің обьектілі-бағытталған ортасы
- •4 Объектілі Паскаль тіліндегі программа құрылымы
- •5Операторлар және оның түрлері.
- •6 Объектілі Паскаль тіліндегі мәліметтер типтері.
- •7 Массив түрлері және оның сипатталуы (Pascal).
- •8 Жолдық айнымалылардың сипатталуы (Pascal).
- •9 Жазбалардың сипатталуы (Pascal).
- •13.Оқиғалар ұғымы
- •14.Delphi-де жобаны ұйымдастыру, жобаның негізгі файлдары.
- •15. Компиляциялар нұсқалары және компилятор хабарламасы
- •16. Delphi-дің графикалық мүмкіндіктері.
- •18.Класс және оның құрылымы (Pascal).
- •20.Препроцессор директивалары. Препроцессордың директивалары.
- •29.Жады кластары
- •30.Си тіліндегі нұсқауыштар.
- •Int *iptr;
- •Void change (int *u, int *V)
- •Int temp;
- •32,33. Файлдармен жұмыс істеу (с). Си тіліндегі файлдармен жұмыс жасау.
- •1. Fgets()
- •2. Fputs()
- •3. Fread()
- •5. Fseek()
- •36. Конструктор және деструктор ұғымы
- •Void z1(int *X, int*y)
- •Void z1(int*, int*);
- •45.Си тілінің логикалық операцияларыЛогикалықоперациялар.
- •46. Си тіліндегі программаның негізгі компоненттері.
- •47.Sizeof функциясының қолданылуы.
- •49. Си тіліндегі сілтемелер.
1 Объектілі-бағытталған программалау негіздері
Программалаудың пайда болуы және дамуы процедуралық программалау негізінде өрбіді. Программалау негізі алгоритім және мәліметтерді өңдеу процедурасы болды.
Объектілі-бағытталған программалау (ОБП) – түбірінде объект ұғымы жатқан программаларды жобалау әдістемесі. ОБП әдістемесін пайдаланып шешкен есеп, объек және оған жүргізілетін амалдар терминалогиясында қарастырылады, ал мұндай ұстамдағы программа объектілер және олардың арасындағы байланыстар жиынтығы ретінде анықталады.
Объектіге түсініктеме бермес бұрын, ең алдымен класс түсінігін қарастырайық.
Класс – түрлі типті мәліметтерден және оларға жүргізілетін амалдардан тұратын, пайдаланушы анықтайтын тип.
Сонымен класс дегеніміз – сипаттама, ал объект дегеніміз – бұл сипаттамаға сәйкес жасалынған зат. ОБП тілі пайда болмас бұрын мәліметтер және оларға жүргізілетін амалдар жеке элемент ретінде қарастырылған. Объектінің не екенін түсіну үшін жазбалармен жұмыс жасауды еске түсірсек болғаны. Жазбалар өрістерден тұрады. Өрістер түрлі типтегі мәліметтерден тұрады.
Объектілер – түрлі типті мәліметтердің жинағы. Объектідегі мәліметтер өрістер (fields) деп аталады және жазба өрістеріне ұқсас. Бірақ объектілердің жазбалардан ерекшелігі, қосымша сол объектінің өрістеріне қолданылатын процедуралар мен фукнциялардан тұрады. Бұл процедуралар мен функциялар әдістер (methods) деп аталады. Объекті өрістерін объект қасиеттері (properties) арқылы өзгертуге болады. Delphi-де объектінің әрбір қасиеті өріс мәнін беруге және оларды оқуға мүмкіндік беретін, өрістер және әдістер арқылы сипатталады (қамту әдістері). Қасиеттерді қосымшаны жобалау барысында объектілер инспекторы арқылы беруге, өзгертуге болады.
Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі принциптеріне мыналар жатады:
инкапсуляция;
мұрагерлік;
полиморфизм;
Инкапсуляция – класс ішінде, сыртқы пайдаланушыдан, мәліметтерді және оларды өңдеуші әдістерді біріктіру, жасыру.
Мұрагерлік жаңа объектілерге басқа объектілердің (оларды арғы ата деп атайды) қасиеттері мен әдістерін алуға мүмкіндік береді. Мұрагер-объектілер арғы аталарынан барлық өрістерді, қасиеттерді және әдістерді алады. Бұл қасиеттер, әдістер және өрістер мұрагер-объектіде өзгеріссіз сақталуы немесе өзгертілуі мүмкін. Бұған қосымша мұрагер-объекті өзінің құрамына қосымша өрістер, әдістер және қасиеттер қоса алады.
Полиморфизм – әр түрлі объектілердің әдістері бірдей аталғанымен, олар өздерінің құрамымен ерекшеленуі мүмкін деген түсінікті білдіреді. Бұл мұра қалдырушы объектінің мұрагер-объектіге берілетін әдісінің алдын ала анықталу қасиетіне байланысты. Осындай жағдайларда мұра қалдырушы объектідегі және мұрагер-объектідегі бірдей әдіске жүгіну әр түрлі нәтижелер береді.
2 Delphi-дің обьектілі-бағытталған ортасы
Delphi-дің қосымшалары немесе қолданбалы бағдарламалары IDE (Integrated Development Environment) интегрирациялық өңдеу ортасында орындалады. IDE бағдарламалаушылармен өзара қарым қатынасты ұйымдастыру және әртүрлі басқару элементтері бар терезелер үшін қызмет етеді. Интеграциялық орта құралдарының көмегімен өңдеуші қосымшаның интерфейстік бөлімін жобалай алады және де оған бағдарламалық код жазып оны басқару элементтерімен байланыстыра алады. Сонымен қатар өңдеушілерді қоса қосымшаларды құру бойынша барлық жұмыстар IDE-де орындалады.
Delphi-дің интеграциялық өңдеу ортасының өзіндік көп терезелі жүйесі бар. Интеграциялық өңдеу ортасының (интерфейсі) түрі оны құруына байланысты ерекшеленеді. Delphi-ді жүктеуден кейінгі интерфейсі төменде 2.1.суретте көрсетілген және оның 4 терезесі бар:
Негізгі терезе (Delphi – Project1)
Обьектілер инспекторы терезесі (Object Inspector)
Форма құрастырушысы терезесі (Form1)
Код редакторы терезесі (Unit1.pas)
Объектілер тармағының терезесі
Броузер (көру) терезесі
Экранда Image Editor-ға сәйкес құралдарды шақыру кезінде басқа да терезелер болуы мүмкін.
Delphi көп терезелі болуына қарамастан бірқұжатты орта болып табылады, яғни тек бір ғана қосымшамен (қосымша жобасымен) бір уақытта жұмыс істеуге болады. Қосымша жобасының аты негізгі терезенің тақырып қатарында, экранның жоғарғы бөлімінде енгізіледі.
Егер негізгі терезені түсіріп қойсақ, онда Delphi-дің барлық интерфейсі кішірейеді. Ал негізгі терезені жапқан кезде Delphi-мен жұмыс тоқтатылады.
Delphi-дің негізгі терезесінің көріністері:
Негізгі меню (мәзір)
Аспаптар панелі
Компоненттер тақтасы
1- Негізгі меню 3-Формалар инспекторы 5- Жобалау формасы
2- Объектілер инспекторы 4- Сілтеме 6- Редактор терезесі
Интеграцияланған өңдеу ортасының түрі
Негізгі меню – Delphi-дің функцияларына қатынасу үшін арналған ауқымды командалар жинағын қамтиды, олардың негізгілері осы командаларға сәйкес операцияларды үйрену кезінде қарастырылады.
Аспаптар панелі – негізгі мәзірдің астында негізгі терезенің сол жақ бөлігінде орналасады және оның негізгі мәзірде жиі қолданылатын командаларды шақыру үшін пайдаланатын 15 батырмасы бар, мысалы: File/Open (Файл/Ашу) немесе Run/Run (Орындалу/Орындау).
Негізгі мәзірдің көптеген командаларын пернелердің комбинациялары арқылы шақыруға болады, олар команданың атына сәйкес оң жағынан көрсетіледі. Мысалы: Run/Run командасын <F9> пернесі көмегімен шақыруға болады, ал View/Units (Көру/Модуль...) командасын <Ctrl>+<F12> пернелерін басумен.
Барлығы 6 аспаптар панелі бар:
Standard (Стандартты)
View (Көру)
Debug (Жөндеу)
Custom (Қолданушы)
Desktop (Жұмыс орыны)
Internet
Аспаптар панелінің көрінісін және олардағы батырмалардың құрамын өзгертуге болады. Бұл әрекеттерді негізгі мәзірдің және аспаптар панелінің облыстарына тышқанның сілтеуін апарып оң жақ батырмасын басу арқылы аспаптар панеліндегі контекстік мәзірді шақырып орындауға болады. Бұл контекстік мәзірдің көмегімен экрандағы компоненттер тақтасының (Component Palette) көрінісін де басқаруға болады.
Негізгі мәзірдегі және аспаптар панеліндегі орнату бойынша ең кең мүмкіндігі бар сұхбаттық терезе Customize (Орнату) (2.2.суретте), аспаптар панеліндегі контекстік мәзір аттас командамен шақырылады.
3Қосымшаларды программалау ерекшеліктері Компоненттер тақтасы негізгі терезенің оң жақ бөлігінде негізгі мәзірдің астында тұрады және форма шығарушымен орналасқан көп компоненттерден тұрады. Компоненттер қосымша форма құрастыратын өзі құрылыс блоктары түрінде көрінеді. Барлық компоненттер топқа бөлінеді, палитра компонентінің әрқайсысын жеке жолға орналастырады, ал компоненттің өзі тиісті жұлдызшамен (пиктограммами) көрсетеді. Керекті үлесті тышқанның сол жақ батырмасын шертіп таңдалынады. Алғашқы палитра компоненттінде келесі қосымшалар болады:
Standard – Стандартты
Additional – Қосымша
Win32 – 32-разрядты Windows интерфейсі
System - Жүйелі функцияларға кіру
Data Access – BDE көмегімен деректер қорына кіру
Data Controls – Мәліметтерді басқару элементтерін құру
ADO – ActiveХ мәліметтерінің объектілерін пайдалана отырып деректер қорымен байланыс құру
Interbase – Аттас негізгі деректер қорына тікелей кіруді қамтамасыз ету
Midas – Үлестірілген деректер қоры үшін қосымшаларды өңдіру
InternetExpress – Бір уақытта Web-сервер қосымшасы және үлестірілген деректер қорының қосымша-клиенті болып табылатын аттас қосымшаларды құру
Internet – Internet торабы үшін Web-сервер қосымшаларын құру
FastNet – Internet торабына кіруге арналған протоколдармен қамтамасыз ету
Decision Cube – Көпөлшемді талдау
QReport - Есеп беруді жасау
Dialogs – Стандартты сұхбаттық терезелерді құру
Win 3.1 –Windows 3.х интерфейсі
Samples – Үлгі ретінде тұрғызу
ActiveХ – ActiveХ-компоненттері
Servers – Жалпы СОМ серверлерінің VCL сыртқы қабықшасы
Қосымша парақтарының тізімі, саны және аты Delphi-дің версиясына байланысты болуы мүмкін.
ADDITIONAL беті
ADDITIONAL бетінде сұқбат терезелерінің түрін түрлендіруге мүмкіндік беретін 18 қосымша компоненттер орналасқан.
Bitbtn– жазуы бар,питограммалы командалық батырма.
SpeedButton - пиктографиялық батырма.Әдетте бас менюдің опцияларына жылдам кіру үшін пайдаланылады.
MaskEdit - арнайы мәтіндік редактор.Енгізілген мәтінді сүзгілеуге мүмкіндік береді,мысалы, датаны дұрыс енгізу үшін қажет.
StringGrid - жолдар кестесі.Бұл компонент мәтіндік ақпаратты кесте түрінде шығаруға мүмкіндік береді.
DrawGrid - еркін кесте.StringGrid компонентінен айырмашылығы бұл компоненттің ұяшықтарында кез келген ақпарат, оның ішінде суретте сақталады.
Image - сурет. Бұл компонент суреттерді, оның ішінде пиктограммалар мен метафайылдарды бейнелеуге арналған.
Shape - фигура.Бұл компаненттің көмегімен терезеге дұрыс геометриялық фигураларды-тіктөртбұрыш, шеңбер, эллипс және т.б.-қоюға болады.
Bevel - жиек.Терезенің жеке бөліктерін уш өлшемді қоршаумен немесе жолақпен ерекшелеуге арналған.
ScrollBox - орағыш жолақтар панелі. Panel компонентінен айырмашылығы-егер онда орналасқан компоненттер оның шекараларымен қиылыспаса, онда орағыш жолақтарды автоматты түрде қояды.
CheckListBox - жиындық таңдаулар тізімі. Стандартты ListBox компонентінен айырмашылығы әрбір опциясының қасынды бірнеше опцияны бірден таңдауды жеңілдететін CherBox тәрізді тәуелсіз ауыстырып қосқышы бар.
Splitter - шекара.Бұл компонент формаға көрінетін екі компанентің арасына орналасады да,пайдаланушыға программаны жүргізу кезіндекомпоненттерді бір-бірінен бөліп тұрған шекараларын алмастыруға мүмкіндік береді.
StaticText - статикалық мәтін. Стандартты Label компонентінен айырмашылығы өзінің жеке Windows терезесінің болуымен сипатталады.Ол мәтінге қоршау жүргізуге мүмкіндік береді.
ControlBar - басқару жолағы.DRAG&DOGтехнологиясында «тақалып» тұратын компоненттерді орналастыратын контейнер қызметін атқарады.
ApplicationEvents - оқиғаны қабылдаушы.Егер бұл компонент формаға орналасқан болса,онда программаға арналған барлық Windows хабарламаларын алып отырады.
ValuelListEditor - атау=мән жұбынан тұратын жолдар редакторы.Мұндай жұптар Windows-де жиі пайдаланылады.
LabeledEdit - бір жолдық редактор мен белгінің комбинациясы.
ColorBox - жүйелі түстердің бірін таңдауға арналған арнайы ComboBox варианты.
Chart-диаграмма.Бұл компонент мәліметтерді графикалық жолмен беруге арналған арнайы панельдерді құруды жеңілдетеді.
ActionManager - әрекеттер менеджері. Төмендегі үш компонентпен бірге қосымшалар, интерфейс құруды қамтамасыз етеді.
ActionMainMenuBar - меню жолағы,ол оның опциялары ActionManager көмегімен құрылады.
ActionToolBar - ActionManager компонентінің көмегімен құрылатын пиктографиялық батырмаларды орналастыруға арналған жолақ.
CustomizeDLG - баптау сұқбаты.Бұл компоненттің көмегімен пайдаланушы жұмыс программасының интерфейсін қалауынша баптай алады.