Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_Esepteu_zh_1199_yelerin_1201_yymdastyru....docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
181.09 Кб
Скачать

10.Локальді желіні ұйымдастыру.

Локальді желі(Локальная сеть; LAN). Шағын территорияны қамтитын (мекеме, кәсіпорын) және объектілер арасында сәйкесінше қысқа (500 метрден артық емес)байланыс желілерін пайдаланатын мәліметгерді тарату желісі. Локальді желі пайдаланушылардың жұмыс орындарын және периферийлі құрылғыларды бір желінің басқарылуымен жұмыс істейтін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді. Қысқа арақашықтықтар мәліметтерді жоғары жылдамдыкта (100 Мбит/с) таратып жеткізуді және нақты уақыт режіміндегі қызметтердің кең жиынын ұсынуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

  1. Сервер құрылымы, типтері, технологиялары. Файл сервер. Клиент сервер.

Сервер (ағылш. server) — файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.

Файлдық сервер (ағылш. file server; орыс. Файловый сервер) — мәліметтерді басқарудың көп пайдаланылатын жүйесі; оның мәліметтері сервердің басқаруымен есептеу желісінің бір торабында орталықтандырылған түрде орналасқан. Ал мәліметтер базасын басқару жүйесі әрбір торапта (жұмыс бекеттерінде) орналасқан және ол мәліметтерді өңдейді, ал сервер диск драйверінің міндетін атқарады; есептеу желісінің сыйымдылығы үлкен сыртқы сақтауыш құрылғыны басқаратын және ортақфайлдарды сақтау мен оларға желінің басқа тораптарынан қатынас құруды жасақтайтын арнайы торабы.

Клиент/сервер (client/server) - желідегі байланысқан компьютерлердің өрекеттесу технологиясы. Мүнда бір компьютер басқа жердегі одан гөрі қуатты компьютерге белгілі бір әрекет орындау жөнінде сұраныс түсіреді. Мысалы, клиент компьютер мәліметтер базасынан керекті мағлұматтар іздеп оған сұраныс жібереді, ал сервер компьютер соған сәйкес әрекет атқарып, жауап береді, жауап клиент экранына немесе баспасына шығарылады.

  1. Басқару шинасы. Адрестер шинасының разрядтылығы

Басқару шинасы (Шина управления; control bus) — басқару сигналдары мен бақылау сигналдарын жеткізуге арналған жалпы шинаның бөлігі. Разрядтілігі – 1 такт ішінде өз регистрлерінде қанша байт мәліметтерді өңдей алатынын көрсетеді. Процессордің такт жиілігі жоғары болса, ол көп коммандаларды орындайды, және өнімділігі сонша жоғары болады.

Адрестік шина. Адрестік шина (Адресная шина; address bus) — жад адресін жеткізуге бөлінген жалпы шинаның бөлігі немесе енгізу-шығару порты. Деректер аламасу дерекетерді таратушы мен қабыладаушы бірдей анықталған жағдайда ғана орындалады. Компьютердің әрбір компонентінің және оперативтік жадтың әрбір ұяшығының өз адресі болады да жалпы адрестік кеңістікті құрайды. Адрестік шина компьютердің кез-келген құрылғысына адресті беру үшін қолданылады. Оперативтік жадтың максимум көлемі адрестік шинаның разрядына тәуелді болады және оның мәні 2п мұндағы, п-шина адресіндегі өткізгіштер саны Pentium MMX, PENTIUMII 32 разрядтық адрестік шина түрінде жасалған оның көмегімен 4Гбайт жадты адрестеуге болады. Ақпараттарды жазу, оқу, тарату үшін арнайы қызмет көрсетуші сигналдар береді. Ол сигналдар басқару шиналары арқылы беріледі. Екі құрылғыны ғана жалғастыратын шинаны порт деп атайды