Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_Esepteu_zh_1199_yelerin_1201_yymdastyru....docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
181.09 Кб
Скачать
  1. Есептеу техникасының даму тарихы, олардың классификациясы. Алғашқы механикалық,электрондық компьютерлер.

Есептеуіш техникасының дамуы ерте кезден – ақ басталды. Алғашқы ЭЕМ-ді құру оның жқмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946 – 1947 жылдары атақты матиматик Джон фон Нейман дайндап шықты. Мұнда өңделетін информация мен өңдеу програмасын сандық түрде пайдалану, деректер мен программаны машина – ның жадына орналастыру тәсілдері де қарастырылған. Осы кезге дейін дайндалған ЭЕМ – дер төрт буындық түрге бөлінеді.  50 – жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өң – деу құралы – бірінші буын ЭЕМ – дерінің ішкі құрылымы элементтері жеке бөлшектерден дайндалған электрондық – логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектердің негізгілері вакуумдық электрондық шамдар еді. Мұндай ком – пьютерлердің көлемдері үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секунтте 5 – 6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын . 60 – шы жылдардың екінші жартысында және 70 – ші жылдары ЭЕМ құрылымына одан әрі сапалы, күрделі өзгерістер енгізіліп, элементтік негізгі жартылай өткізгішті интегралдық схема , үлкен интелралдық схема ( және аса үлкен интегралдық схема болатын үшінші, төртінші буын машиналар көптеп жасалына бастады. 1990 жылдардан бастап объектілі – бағдарлы программалау тілдері сияқты электрондық құралдары жаңа типті етіліп күрделі дамытылған бесінші буын ЭЕМ- дері дайындалып шықты. ЭЕМ- деоді дамыту одан әрі жалғасуда.

Классификациясы. Бірінші буын эем ерекшеліктері:

- үш негізгі техникалық жаңалықтар қолданылды – электрондық шам, ақпаратты цифрлік кодтау, электростатикалық түтікшелер көмегімен жасанды жад құрылғысы;

-   фон Нейман архитектурасы қолданылды;

-   төмен деңгейдегі машина тілі қолданылды;

-   жоғары емес өнімділігі;

-   қолдану аумағының шектеулігі.

Екінші буын ЭЕМ ерекшеліктері:

-   транзисторлар мен ферритттік жүрекшелердің пайдаланылуы;

-   шапшаңдықтары бірнеше жүз мыңдықтарға дейін өсті;

-   программалаудың жаңа технологиялары, жоғары деңгейдегі программалау тілдердің (ЖДПТ), операциялық жүйелердің қолданылуы;

-   пайдалынылу аумағының адам өмірінің біраз салаларына кеңуі.

Үшінші буын ЭЕМ ерекшеліктері:

-           интегралдық сызбалардың пайдаланылуы олардың өлшемі мен бағасын азайтуға, көптеп өндіруге мүмкіндік тудырды;

-           шапшаңдықтары уақыт бірлігінде миллиондаған операцияларға дейін өсті;

-           пайдаланушы мен ЭЕМ арасындағы іс-әрекетті жеңілдететін жаңа сыртқы құрылғылар пайда болды;

-           жаңа программалық жасақтамалар, оларды құру технологиялары пайда болды;

-           пайдалану аумағы кеңейді, мәліметтерді өңдеу жүйелері, басқару, жобалау, коммерциялық есептерді шешу жүйелері т.с.с. пайда болды.

Төртінші буын ЭЕМ ерекшеліктері:

-           микропроцессордың базалық элемент ретінде қолданылуы, алғашқы дербес компьютерлердің (1981 жылы IBM PC алғашқы дербес компьютері шықты) шығуы және кеңінен қолданылуы;

  1. Семиотика. Ақпарат теориясы.

Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология)— таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тілмәдениетсалт-дәстүркино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдауақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.

Ақпарат теориясы – ақпараттарды жинау, түрлендіру, жіберу, сақтау, өңдеу мен шығару туралы ғылым. Ақпарат теориясы ықтималықтар теориясы, математикалық статистика, сызықтық алгебра, және математиканың басқа бөлімдерінің әдістеріне сүйенеді. Ақпараттар теориясы мен оның әдістері түрлі ақпараттық жүйелердің, яғни функционалдық негізі ақпаратты түрлендіру үдерісі болып табылатын жүйелердің (байланыс жүйесі, теледидарлама, есептеу жүйелері, т.б.), үдерістерін анализдеу үшін кең қолданылады. Ақпарат теориясы — математиканың ақпаратты сақтау, түрлендіру және тасымалдау әдістерін зерттейтін бөлімі, кибернетиканың маңызды саласы. Ақпарат теориясының негізгі ұғымы ақпарат (хабар) болып есептеледі. Ақпарат теориясында берілетін не сақталатын хабарлар көзі бар деп ұйғарылады. Бұл хабарлардың шығуы мен қабылдануы кездейсоқ сипатта болғанымен, оның шығу ықтималдығы белгілі деп қарастырылады. Мұндай хабарлардың “анықталмау” дәрежесін сипаттау үшін Ақпарат теориясына энтропия деп аталатын ұғым ендіріледі. Ақпарат теориясы хабардың байланыс арнасы арқылы бөгеуілдермен берілу тәсілдерін зерттейді. Әр түрлі ақпаратты жинау, оны түрлендіру, жеткізу және сақтау — кез келген басқару жүйесінің қызметінде кездесетін жағдай. Жүйенің әр түрлі бөліктерінің арасында ақпарат алмасу әрқашан болып тұрады. Кез келген ақпаратты бір жерден екінші жерге жеткізу үшін оның кодталынуы (таңбалануы), яғни арнаулы белгілерге (символдарға) және сигналдарға түрленуі керек. Сондықтан да Ақпарат теориясының негізгі мәселесі аз ғана белгілер арқылы көп мәнді ақпарат беруді тиімді түрде кодтау (таңбалау) тәсілін зерттеу болып табылады. Бұл — байланыс арнасында бөгеуіл болған не болмаған жағдайда шешілетін мәселе. . Ақпарат теориясындағы күрделі мәселенің бірі — ақпарат көзінде үздіксіз өндірілген ақпаратты байланыс арнасы арқылы басқа орынға дер кезінде және бөгеуілсіз жіберіп тұру үшін байланыс арнасының өткізгіштік сыйымдылығын анықтау. Бұл мәселені шешу ақпарат мөлшерін бағалай білуді қажет етеді. Ақпарат мөлшерін бағалау ықтималдық теориясының заңдарына негізделген. Ақпарат теориясының негізін 1948 — 1949 ж. американ ғалымы К.Э.Шеннон қалаған.