Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
122.73 Кб
Скачать

7.Кәсіпорындардың қаржылық ұйымдастырылуының негізгі принциптері

ЕЛДІҢ біртұтас қаржы жуйесі –тиісті ақша қорлары құрылып , пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бул қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығы. Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған. Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағиданы –фискалдық федерализм қағидаты. Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Бул қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғары қаржы органдарына екі жақты жүйесін алдын ала айқындайды. Ұлттық және өңірлік мүдделерді сақтау . Өңірлерді дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бул қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірінғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады. Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді . Оган айырықша қаржы аппараты сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырылады.

8.Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдарының қаржысының ерекшелігі

Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі:мелекеттік басқару, қорғаныс,әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру,құқықтық тәртіпті қорғау,айналадағы ортаны қорғау,денсаулық сақтау,білім беру,мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы,іргелі ғылым коммерциялық емес секторға кіреді.Коммерциялық емес қызмет табыс алуға емес бүкіл қоғам үшін соның ішінде халықты қорғауды қамтамасыз етеуге қажет функциялар мен іс қимылдарды орындауға бағытталған.Коммерциялық емес ұйымдарының қаржысы-материалдық емес игіліктер мен қызметтерді жасау мақсатында материалдық өндіріс салаларында жасалған ұлттық табысты қайта бөлу нәтижесінде құрылатын ақшалай қорлардың қозғалысын орталықтандыратын ақшалай қатынастардың жиынтығын түсінеді.

Коммерциялық емес мекемелер қызметінің материалдық негізі өндірістік емес арналымдағы капиталдар болып табылады,олардың натуралдық және ақшалай нысандары болады.Бюджеттік қаржыландыру – меншікті табыстары жоқ ұйымдары мен мекелердің шығыстарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен ақшалай қаражаттар беру.Бұл қатнастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлумен құру үдерісінде болмауы оларға ортақ сипат.сонымен бірге олардың негізінде қызметтер сферасы саласының мекемелері мен ұйымдарының қаржы көздері қалыптасады.