
- •2.Негізгі өндірістік қорлар мен оның айналымы.
- •3.Қаржылық жүйе,оның бөлшектері мен олардың өзара байланысы.
- •5.Қаржы механизмінің құрылымы мен мазмұны
- •6. Шаруашылық субъектілердің қаржы функциялары мен табиғаты
- •7.Кәсіпорындардың қаржылық ұйымдастырылуының негізгі принциптері
- •8.Өндірістік емес сфера мекемелері мен ұйымдарының қаржысының ерекшелігі
- •9. Қаржы ресурстарының негізгі өсу факторлары.
- •10.Коммерциялық бастамада әрекет ететін шаруашылық субъектілердің қаржысы
- •11.Мемлекеттік бюджет мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде
- •12.Бюджет тапшылығы мен артықшылығы және оны қаржыландыру мен жұмсау жолдары.
- •.Қаржылық басқару түсінігі мен принциптері мен элементтері
- •14Мемлекеттік кірістердің классификациясы
- •15. Мемлекет шығыстарының қаржыландыру әдістері мен адистери
- •16 Жанама салықтар және оның мазмұны.
- •17.Мемлекеттік несиенің функциялары мен түрлері.
- •18.Тікелей салық, оларға тән белгілері, сипаттамасы.
- •19. Бюджеттік емес қорлар-қаржы жүйесіндегі орны
- •20 .Бюджеттік жүйедегі қосымша қаржыны беру (субвенция) мен алу.
- •25.Бюджеттік жүйе,оның құрамы мен бөлшектердің сипаттамасы.
- •26.Корпаративті табыс салығы және оның бюджет табысын қалыптастыруды алатын рөлі
- •27.Бағалы қағаздар нарығы және оның елдәі қаржы жүйесіндегі орны
- •29.Қаржылық жоспарлаудың негізгі түрлері мен оның сипаты.
- •30 Бюджеттік тыс қорлар,олардың қалыптасу көздері
- •31.Мемлекеттік табыстарды басқару
- •32. Эссе. Қр-ның мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы
- •33.Жергілікті қаржын ың мәні мен мағынасы
- •37. «Мемлекеттік шығыс» түсінігінің экономикалық мәні
- •38.Эссе. Халықаралық мемлекеттік несиенің қажеттілігі мен оның түрлері
- •39.Экономиканың мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі, қажеттілігі мен классификациясы
- •Мемлекеттік кірістердің классификациясы
- •41. Мәдени мекемелерді қаржыландыру: жағдайы және мәселелері
- •42. Әлеуметтік мақсаттардағы шығыстарды қаржыландыру
- •44. Бюджет жүйесі сипаттамасы
- •45.Макроэкономикалық тепе теңдік және қаржы.
- •47. Қаржықатынастарын құқықтық қамтамасыз ету.
- •49. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларын ұйымдастыру.
- •50. Сақтандыру категориясының экономикалық мәні
- •51. Зейнетақымен қамтамасыз ету түсінігі және оның экономикадағы рөлі.
- •52. Қаржылық органдардың және салықтық қызметтердің бақылауы
- •Зейнетақы қорлары және олардың қр дамуы
- •54.Өндірістің тиімділігін жоғарлатуда қаржының рөлі
- •55.Жергілікті бюджеттердің мәні мен рөлі
- •56. Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі және әлемдік тәжірибе
- •57. Әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырудағы қаржының рөлі.
- •58. Елдің төлем балансы, оның құрамы.
- •59.Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының жағдайы және келешектегі даму бағыттары.
- •60. Денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындар, қаржыландыру мәселелері
57. Әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырудағы қаржының рөлі.
Бүгінгі таңда әлеуметтік бағдарламалар толық дерлік қолға алынуда, ал оны жүзеге асыыруда қаржының рөлі өте ерекше екені белгілі. Жалпы мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік бағдарламаға – оқу ағарту, ақпараттық қызметтерге, мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамтамасыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады. Бұл шығындар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
Білім беру және кадрларды кәсіби дайындау;
Мәдениет, спорт, өнер және бұқаралық ақпарат құралдары;
Денсаулық сақтау;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.
Аталған шығындар қоғамдық тауарларға, игіліктерге, қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бір бөлігі болып табылады. Яғни, оларды мемлекет ақшалай трансферт түрінде сондай ақ ақысыз материалдық игіліктер мен қызыметтер көрсету түрінде қоғам мүшелерінің ұжымдық және дара тұтынуына бағыттайды. Әлеуметтік бағдарламалардың қарапайым халыққа тигізер пайдасы өте көп. Осы жерде бір мысал келтіре кететін болсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі басты назарға алынғаны белгілі. Маңызды құжатта айқындалған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың ақпан айында Елбасы тапсырмасына сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбекпен қамту-2020» стратегиялық бағдарламасын бекіткен болатын. Таяуда өткен Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова: «Бағдарламаның мақсаты өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықты табысты экономикалық еңбекке тарту, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жолында кадрлық әлеуетті арттыруға негізделген»,- деді.
Бағдарлама бірінші кезекте тұрғылықты жері бойынша кәсіби дайындықтан өткізуге, еңбекпен қамтуға, сондай-ақ азаматтың жеке ісін ұйымдастыруға қолдау көрсетуге арналған. Үш кезеңмен жүзеге асырылатын бағдарламада жұмыссыздық арасында кәсіби дайындықтан өту курстары, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру шараларын жүргізу қарастырылған.
Жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға және ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға негізделген екінші бағыт бойынша шағын несиелеу жүзеге асырылады. Оған 370 миллион теңге бөлінген. Ал шағын несиеге қол жеткізу үшін, кәсіпкерлер оның басты шарты – кәсіпкерлік негіздері бойынша курстарды тәмамдау қажет. Атап өтерлігі, шағын несиелер қайтарымды негізде 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бүгінгі таңда аймақта шағын несие алуға ниет білдіргендердің өтініштері жауапты құзырлы органдардың қарауында. Аталмыш бағыт аясында инфрақұрылымды дамыту ісі де басты назарға алынуда.
«Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасының үшінші бағыты экономикалық белсенді орталықта еңбек ресурстарын жоғарылатуды қолдауға негізделеді. Яғни, азаматтарға экономикалық әлеуеті төмен өңірден экономикалық белсенді орталыққа көшуге қолдау көрсетуді қарастырады. Бұл тұрғыда экономикалық белсенді орталыққа көшу ережелеріне байланысты азамат өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз немесе әлеуметтік аз қамтылған халықтың арасынан болуы тиіс.