Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
122.73 Кб
Скачать

49. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржыларын ұйымдастыру.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы-қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы болып табылады. Ол материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің бөлігі ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, себебі мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етедіҰлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық- экономикалық ерекшеліктерімен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарының және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке дара ауыспалы айналымының процессінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетінде болып отыр, мұны өзі қаржының ұдайы өндіріс процессінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын анықтайды. Ақшалай қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік қосалқы функциясын да іске асырудыңбасты шарты болып табылады. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процес кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім - ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынғанқаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың бір ьбөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты - басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық резервтердің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржылық резервтер эр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржылық резерв уақытша болатын қаржылық қиыншылықтарды жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және элеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.[1]

Коммерциялық шаруашылық жүргізушілер мен ұйымдар қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген.Олардың қатарына мыналар жатады:коммерциялық есеп,жоспарлылық,меншіктің барлық нысандарының теңдігі,қаржылық резервтердің болуы.