Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
архитектура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

13. Компьютердің арифметикалық негіздері немен байланысты. Санау жүйелерінің және кодтардың түрлері. Мысал келтіріңіз

Компьютердің арифметикалық негіздері санау жүйелерімен тікелей байланысты. Ал өз кезегінде санау жүйелері дегеніміз- сандар жазылып оқылатын тәсілдер мен ережелер жиынтығы. Санау жүйелерінің позиционды және позиционды емес түрлері бар. Санау жүйелерінің түрлеріне екілік, сегіздік, ондық, оналтылық санау жүйелерін жатқызуға болады.Бұлар негізінен компьютермен қарым қатынас үшін қолданылатын санау жүйелері.Ал олардан басқа да үштік, бестік санау жүйелері де болады. Екілік жүйедегі алғашқы он сан: 0,   1,   10,   11,   100,   101,   110,   111,   1000,   1001; үштік жүйедегі алғашқы он сан: 0,   1,   2,   10,   11,   12,   20,   21,   22,   100; бестік жүйедегі алғашқы он сан: 0,   1,   2,   3,   4,   10,   11,   12,   13,   14; сегіздік жүйедегі алғашқы он сан: 0,   1,   2,   3,   4,   5,   6,   7,   10,   11.

Кодтау (кодирование; coding; кодировать; encode)— мәліметтерді олардың алдын ала тағайындадған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі; 2) ақпараттың 8 биттік (байттық) кодтауын 7 биттік кодтауға түрлендіру. Мұндай түрлендірудің қажеттілігі кейбір желілік программалардың мәліметтерді тек 7 биттік кодтауда жеткізе алатындығынан туындайды. Байттық мәліметгерді осындай арналармен тікелей жеткізу ақпараттың бұрмалануына жол береді; 3) белгілі бір ереже бойынша дискреттік хабарды дискреттік сигнал түріне түрлендіру (аудармалау), яғни шарттаңбаларды қолдану.

14. Позициялық санау жүйелерінде арифметикалық амалдар қалай орындалады.

Позициялық санау жүйелеріндегі негізгі операциялар: қосу, азайту, көбейту, бөлу. Қосу амалы:

Азайту амалдары:

Көбейту амалы:

Бөлу амалы:

15. Негізгі логикалық амалдарға анықтама беріңіз.

Негізгі логикалық амалдар қатарына мыналарды жатқызуға болады:

 ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ және ЕМЕС, олар мынадай логикалық амалдармен алмастырылады: конъюнкция, дизъюнкция және инверсия. 1. Логикалық ИНВЕРСИЯ (терістеу) операциясы- ЕМЕС бөлігіне сай келеді;- айнымалы атының үстінен сызықшамен белгіленеді;- логикалық айнымалы инверсиясы ақиқат, егер айнымалының өзі жалған болса және керісінше;2. Логикалық ДИЗЪЮНКЦИЯ операциясы (логикалық қосу).- НЕМЕСЕ қосымшасына сәйкес келеді ;- v белгішесімен немесе + символымен белгіленеді;│ - екі логикалық айнымалының дизъюнкциясы жалған егер екі тұжырым да жалған болса. А v В v С =0, тек егер А=0, В=0, С=0.3. Логикалық КОНЪЮНКЦИЯ операциясы (логикалық көбейтінді)- ЖӘНЕ қосымшасына сәйкес келеді;- & немесе Λ не болмаса . символдарымен белгіленеді;- екі логикалық айнымалының конъюнкциясы екі тұжырым да ақиқат болған кезде ғана ақиқат. А & В & С=1, тек егер А=1, В=1, С=1.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]