Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
архитектура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

9. Арнайы жадының түрлері. Мысал келтіру.

Арнайы жадының түрлері: тұрақты жады(ROM), қайта бағдарланатын тұрақты жад(Flash Memory), , CMOS RAM жады, видео жады және т.б.

Тұрақты жады (ПЗУ, англ. ROM, Read Only Memory — тек оқу үшін арналған жады) — энерготәуелсіз жады, өзгертуді ешқашан талап етпейтін мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Жадының құрамы арнайы түрде оны тұрақты сақтау үшін дайындаған кезде жазылады. Тұрақты жадыдан тек оқуға ғана болады.

Қайта бағарланатын тұрақты жад (Flash Memory) –дискетадан бірнеше рет жазуға мүмкіндік беретін энергиядан тәуелсіз жад.

Тұрақты жадтың немесе Flash- жадтың маңызды мкросызбасының бірі – BIOS модулі.

BIOS (Basic Input/Output System –енгізіп/шығарудың базалық жүйесі) –бұл:

  • компьютер қорегін қосқаннан кейін құрылғыны автоматты тестілеуге;

  • операциялық жүйені оперативтік жадқа жүктеуге арналған

бағдарламалар жиынтығы

CMOS RAM жады — бұл жоғары дәрежеде тез жұмыс істемейтін және аккумулятордың минималды энергиясын қажет ететін жады түрі. Конфигурация жайлы ақпарат пен компьютер құрылғысының құрамы жайлы және оның жұмыс рәжімі жайлы ақпаратты сақтау үшін қолданылады.

Видеожады — кодталған суреттер сақталатын, оперативті есте сақтау құрылғысының ерекше түрі. Бұл құрылығының ерекшелігі- құрамындағы зат екі құрылғыға да процессор мен дисплейге де рұқсат етілгендігінде.

10. Жад модульдерін жинау және олардың типтері. Қосымша жадының негізгі функциялары.

Персоналды компьютердің немесе басқа да есептеуіш жүйелердің жадыны кеңейту ажыратқыштарына орындалатын жады жеке модульдер түрінде дайындалады. Модуль –жады микросхемасы орнатылған кішкене тақша. Орташа өткізгішті жады пайда болғалы бері тоқсаныншы жылдарға дейін жады микросхемалары компьютер тақшасына жеке-жеке орналастырылған. Ол микросхемаларға бір кбайт пен бір Мбайт арасындағы ақпарат жазылатын. Қазіргі компьютерлерде микросхемалар тобы кішкене тақшаға жазылып, бір блок ретінде сатылады. Олар SIMM (Single Inline Memory Module) немесе DIMM (Dual Inline Memory Module) деп аталады. Олардың алғашқысының контакттары баспа тақшасының тек бір жағында ғана, ал екіншісінде екі жағында да орналасады.

SIMM тақшаларында 72 контактысы бар шеттік ажыратқыш орнатылады;ол кездегі мәліметтерді жөнелту жылдамдығы бір тактілі цикл ішінде 32 құрайды. Ережеге сай, DIMM модульдерінде 84 контактылық екі шеттік ажыратқыш болады;осылайша контакттардың жалпы саны 168 болады да, жөнелту жылдамдығы цикл ішінде 64-ке дейін өседі. SIMM модулі суретте көрсетілген:

Әдетте SIMM және DIMM модульдерінде әрқайсысы 256 Мбит (32 Мбайт) болатын 8 микросхема болады. осылайша, модульге 256 Мбайт ақпарат сыяды екен. Көптеген компьютерлерде төрт модульді қамту мәселесі көтеріледі, осылайша жадының жалпы көлемі 1 Гбайт болады. Әдетте портативті компьютерлерде SO-DIMM (Small Outline DIMM) деп аталатын кіші көлемдегі DIMM қолданылады. SIMM және DIMM модульдерінде сенімділік биті мен қатені түзету коды болуы мүмкін. Негізгі жадының көлемі қанша болса да, ол бізге аздық етеді. Сондықтан да ақпаратты басқа жерлерде сақтауға тура келетін жағдайлар туындап қалуы мүмкін. Қосымша жадыны кейде сыртқы жады деп те атай береді. Сыртқы (көмекші) жады – ұзақ уақыттық сақтау. Оны сыртқы жүйелік блокта орналасқан немесе сыртта тұрған есте сақтау құрылғыларына ақпаратты материалдық есте сақтау құрылғылары сақтайды.Сыртқы жады ДК сыртқы құрылғыларына жатады және кез-келген уақытта есепті шешу кезінде қажет болатын кез-келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Жалпы алғанда сыртқы жадыда компьютердің барлық бағдарламалық жолақтамалары сақталады. Сыртқы жады әртүрлі есте сақтау құрылғылар түрінен тұрады, бірақта кеңінен таралған кез-келген компьютерде бар құрылғылар болып қатты (НДД) және иілгіш (НД) магниттік дискідегі жинақтауыштар болып табылады. Бұл жинақтауыштар – үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтау үшін, сақталған ақпараттарды сұраныс бойынша оперативті есте сақтау құрылғысына жазу және беру үшін арналған. Сыртқы жад құрылғылары ретінде магниттік дискеттағы есте сақтау құрылғылары және оптикалық дисктағы жинақтауыштар (CD-ROM Compact Disk Read Only, DVD, Memory –тек оқылатын жадты компакт диск) және т.б. қолданылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]