Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
архитектура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

3 1. Берілген ақиқаттық кесте бойынша қандай функциональдық сұлба құрамыз

32. Ақиқаттық кестесіне қарап функционалдық сұлбасын сызыңыз.

D

Q 

 

Q терістеу

0

0

0

1

0

1

0

1

0

1

1

1

33. Семафоралардың анықтамасы. Виртуальді енгізу-шығарудың мысалдары

Семафоралар - бұл бір ағымнан екіншісіне қандайда бір жағдайдың орындалғаны туралы хабарлама жіберу механизмі болып табылады. Оларды жүйелік және жедел жадылық болып екіге бөледі. Жедел жадыдағы семафоралар құрылмайды және ашыламайды, тек белгілі жағдайға келтіріледі. Бұндай семафораларды пайдаланылатын процестер жадының сәйкес сегментіне қатынай алуы қажет. ОЖ оларға қызмет көрсетпейді және олардың босағандары туралы хабарламайды. ОЖ жүйелік семафораларға ие әр процестің аяқталуын бақылайды және оны басқа процестерге босатады. ОЖ процесстер арасындағы өзара әрекеттесудің әдістерін анықтау үшін әр түрлі терминдер пайдаланады.

Кез-келген операционды жүйе бірінші кезекте қолданушы программасына қызмет ету үшін арналған, ал негізгі қызмет түріне виртуалды енгізу-шығарудың UNIX және Windows ХР мысал ретінде ала аламыз. UNIX өзінің қарапайымдылығымен кеңінен аты шыққан жүйе болып табылады, ол өз кезегінде файлдық жүйелерді ұйымдастырудың тікелей нәтижесі болып табылады. Кәдімгі файл 8 разрядты , 0-ден 232-1-ге дейінгі байттар тізбегінен тұрады. Бұл операционды жүйелер файлдарда жазбалар құрылымын хабарламайды, бірақ көптеген қолданушы программисттер мәтіндік файлдарды ASCII кодымен қарастырады. Әрбір ашылған файл келесі оқитын немесе жазатын байттарға нұсқау жасайды. read және write жүйелік шақырулары мәліметтерді позициядан бастап жазады

және оқиды және нұсқаушы анықтайды. Windows ХР бірнеше файлдық жүйелерді қамтамасыз етеді, олардың ішіндегі ең маңыздысы - - NTFS (NT File System – NT файлдық жүйесі) және FAT (File Allocation Table – файлдарды орналастыру кестесі). Біріншісі арнайы Windows ХР үшін арналып жасалған. Екіншісі ескі MS-DOS файлдық жүйелерге арналған, сонымен қатар Windows 95/98 қолданылады. FAT жүйесі ескіргендіктен, NTFS файлдық жүйелері көбірек қарастырылады. NTFS файлының аты 255 символдар ұзындығымен беріледі.

34. Процессорлардың микросхемалары қалай ұйымдастырылады. Шина және шинаның ені түсінігі.

Барлық заманауи процессорлар бір микросхемада орналасады. Ол оны басқа да жүйелермен өзара байланыстырады және анықтайды. Әрбір процессорлардың микросхемалары сыртқы өмірмен ақпаратты алмасу жүргізетін шығыстар жинағынан тұрады. Бір шығыстар орталық процессордан сигнал жібереді, екіншілері басқада компоненттерден сигналдарды қабылдайды, ал үшіншілері екеуінің біреуін іске асырады. Шығыстар функциясын анықтай отырып, процессордың сандық логикалық деңгейдегі енгізу-шығару құрылғыларымен және жадымен өзара байланысы болатынын байқауға болады. Орталық процессордың микросхемаларының шығысын негізгі үш типке бөлуге болады: адрестік, ақпараттық және басқарушы деп.

Шина сыртқы (процессорды енгізу-шығару жабдықтарымен және жадымен байланыстырушы) және ішкі бола алады. Процессор бірнеше бөліктерден тұрады. Басқару блогы жадыдан командаларды шақыруға және олардың типін анықтауға жауапты. Арифметикалық-логикалық жабдық арифметикалық операцияларды (мысалы, көбейту амалы) және логикалық операцияларды (мысалы, логикалық ЖӘНЕ) орындайды. Шинаның ені — өңдеу барысындағы ең анық параметр болып табылады. Егер шинаның құрамында адрестік сызықтар көп болса, онда процессор үлкен көлемді жадымын қатынас жасай алады. Егер шина құрамында n адрестік сызықтар болса, онда процессор жадының әртүрлі ұяшықтарына 2" түрінде байланыс жасау кезінде қолдануға болады. Үлкен көлемді жады үшін көптеген адрестік сызықтар қажет болады. Жалпы, жіңішке шиналарға қарағанда жалпақ шиналар үшін көп мөлшерде проводтар қажет. Ол оның ең басты проблемасына жатады, себебі олар өте көп мөлшердегі физикалық аймақты алып отырады, және олар үшін үлкен көлемді разьем қажет болады. Аталған барлық факторлар шинаны қымбат етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]