
- •1.Операциялық жүйелердің дамуы немен байланысты. Компьютерлік жүйелер архитектурасының даму кезеңдерін сипаттаңыз.
- •2. Компьютерлік жүйелердің классификациясын көрсетіңіз, мысал келтіріңіз.
- •3. Процессорлардың классификациясын келтіріңіз. Қазіргі кездегі процессорлардың негізгі параметрлері. Симметриялы және ассиметриялы жүйелердің анықтамасын және мысал келтіріңіз
- •5. Конвейерлердің құрылымы және жұмыс алгоритмі. Суперскалярлы архитектураның ерекшеліктері.
- •6.Қазіргі кездегі компьютерлерді дайындаудың негізгі принциптері. Командалар және процессорлар деңгейіндегі параллелизмнің мәні.
- •7. Мультипроцессорлардың жұмысы қалай ұйымдастырылады. Мультикомпьютерлердің мультипроцессорлардан айырмашылығы.
- •8. Негізгі жадының ұйымдастырылуы. Бит және жады түсініктері. Кэш- жадыны ұйымдастыруға байланысты негізгі сұрақтар.
- •9. Арнайы жадының түрлері. Мысал келтіру.
- •10. Жад модульдерін жинау және олардың типтері. Қосымша жадының негізгі функциялары.
- •11. Жадының иерархиялық құрылымы. Магнитті дискілердің құрылымы.
- •12. Енгізу-шығару процессін қалай ұйымдастырады. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: шина, терминал. Тышқан, принтер, модем.
- •13. Компьютердің арифметикалық негіздері немен байланысты. Санау жүйелерінің және кодтардың түрлері. Мысал келтіріңіз
- •14. Позициялық санау жүйелерінде арифметикалық амалдар қалай орындалады.
- •15. Негізгі логикалық амалдарға анықтама беріңіз.
- •16. Логикалық функциялардың мәні және оларды ұйымдастыру барысында қандай принциптерді ескеруіміз керек.
- •17. Негізгі логикалық заңдылықтар, олардың түрлері.
- •18. Командалар архитектурасы деңгейіне қысқышы сипаттама беріп, командалар деңгейінің қасиеттерін айтыңыз.
- •19. Жады моделі регистрлермен және командалармен қалай байланысқан.
- •20 . Мәліметтердің типтерін және командалардың форматтарын көрсетіңіз. Командалар форматын дайындау қандай критерийлерге негізделген.
- •21. Адрестердің түрлерін және әдістерін көрсетіңіз.
- •22. Тура адрестеудің мәнін анықтаңыз.
- •23. Регистрлік және стекті адрестеудің мәні.
- •3 1. Берілген ақиқаттық кесте бойынша қандай функциональдық сұлба құрамыз
- •33. Семафоралардың анықтамасы. Виртуальді енгізу-шығарудың мысалдары
- •34. Процессорлардың микросхемалары қалай ұйымдастырылады. Шина және шинаның ені түсінігі.
- •35. Шинаның жұмысы қандай принциптерге негізделген. Орталық процессорлардың мысалы-
- •38. Сумматор мен алқ жұмыс істеу принциптері қандай?
- •40. Негізгі сандық логикалық құрылғыларды атап көрсетіңіз. Шифраторлар/ дешифраторлар, демультиплексорлар/ мультиплексорлардың функциялары.-
- •38. Комбинациялық сұлбаларды және арифметикалық сұлбаларды ұйымдастыру. Тактілік генераторлардың жұмыс істеу принциптері
- •40. Ож негізгі міндеттері: процесстер, процесс контексті, процестің өмір сүру циклі.
1.Операциялық жүйелердің дамуы немен байланысты. Компьютерлік жүйелер архитектурасының даму кезеңдерін сипаттаңыз.
Операциялық жүйе— компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Қазіргі кезде дербес компьютерге арналған 32-разрядтты операциялық жүйелер қолданылады: OS/2 барлық түрлері (IBM); Windows NT барлық түрлері (Microsoft); Unix барлық түрлері;Next Step 3.2 (Next);SCO Open Desktop 3.0 (Santa Crus Operation);Solaris 2.1 (SunSoft) – x86; UnixWarePersonal Edition 1.0 (Novell). Персоналды компьютерлер мен ұялы телефондарға арналған операциялық жүйелердің дамуына әсер еткен факторлар: Орындалатын тапсырмаларға байланысты оңтайлану-Көп процестерді орындауға бағытталған әмбебап құрылғылар арнайы функцияларды орындай алатын компьютерлермен әрдайым күресте болады. Қазіргі уақытта желілік серфинг, офистік жұмыс, ойын және мультимедиялық функциялар, сонымен қатар графикалық дизайн арасында үлестірілген функционалдары бар ұрылғы үлгілері көптеп таралған. «Ұлттық» ОЖ пайда болуы-Экономикасы дамушы және ішкі сұраныстың көп мөлшердегі потенциалы бар мемлекеттер нарыққа ұлттық ОЖ шығаруға мүмкіндіктері бар. Оларға мысал ретінде мобильді құрылғыларды, әкімшілік қызметтерді атқарушы (администраторлық, әскери) компьютерлерді атауға болады. Сервис-бағытталған ОЖ дамуы-ОЖ мен өндіргіш компанияның ұсынған қызметтері арасындағы тығыз байланыс тұтынушы адалдығын қамтамасыз ету мен қосымша қаржылық нәтижелерді алу кезінде қажетті фактор екенін нарық практикасы көрсетті. Берілген нарық түрінің интенсивті дамуы кезінде Google Chrome сынды ОЖ пайд аболуы заңды да. Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-кол саусақтары секілді қарапайым қуралдар жеткілікті болды. Гылым мен техника дамуына байланысты есептеу жүмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалык кестелер шығарыла бастады. Бірінші кезең – электрондық шамдар (1945-1955). 40-жылдардың ортасында алғашқы шамдық есептеу құрылғылары құрылды. Көпшілік қолданылатын бірінші электрондық цифрлік компьютер ENIAC Пенсильвания университетінде Дж.Мочли мен Дж.Эккерттің басқаруымен жобаланған. ENIAC-тің негізгі кемшілігі есептеу процесін программалау электрлі қосқыштарды және кабельдерді қолдан қосу арқылы жасалды. 1946 жылы Фон Нейман мен Пристондағы қазіргі заманғы зерттеулер институтының мамандары программалардың сақталуына негізделген жаңа кмпьютерді жобалау мен жасау жұмысы 1952 жылы аяқталды. Екінші кезең – транзисторлар (1955-1965). Вакуумды шамдардың орнын жартылайөткізгіш құралдар басты. Олар жоғары жылдамдықты, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік берді. Жартылайөткізгіш құралдың өзі – транзистор 1947 жылы Bell Labs мамандарының күшімен ойлап табылған, ал 1950 – жылдары электронды құралдардың көбі транзисторлармен шықты. 1961 жылы алғашқы DEC, PDP-1 компьютерлері пайда болды. Бірнеше жылдан кейін DEC PDP-8 үлгісін ұсынды. Бұл үлгінің негізгі жаңалығы PDP-8 компоненттерін өзара қосатын параллель жалғанған сымдар тобы – шина болатын 1964 жылы CDC ( Control Data Corporation) компаниясы орталық процессорының ішінде жоғары дәрежелі параллелизмді қолдайтын машина орналасқан 6600 есептеу жүйесін шығарды. Бұл компьютерді құрушы Сеймур Крей болатын. Ол қазіргі кезде суперкомпьютер деп аталатын өте жоғарғы қуатты компьютерлерді құрумен айналысқан.Үшінші кезең – интегралдық микросхемалар (1965-1980). 1958 жылы кремнийден жасалған интегралдық схеманың табылуы (Роберт Нойс) компьютерлер әлемінлегі жаңа құбылыс болды. Ондаған транзисторларды бір микросхеманың ішінде орналастыру мүмкіндігі туды. 1964 жылы IBM компаниясы System/360 транзисторлардың негізінде құрылған, ғылыми және коммерциялық есептеулерге арналған компьютерлер сериясын шығарды. Компьютерлік жүйелерде мультипрограммалау қолданыла бастады. Компьютердің жадында бірдей уақытта жұмыс істей алатын бірнеше программа орналаса алатын Ассемблер тілін қолданатын компьютерлердің үлкен тобы шығарылды. Математикалық және программалық жабдықтаудың одан әрі дамуы типтік есептерді шығаратын программалар пакеттерінің, проблемалық бағытталған программалық тілдердің дамуына, операциялық жүйелер деп аталатын айрықша программалық комплекстердің құрылуына әкелді. 1950 жылдардың аяғында 1960 жылдардың басында жартылайөткізгіш технологиялар негізінде кіші (КИС) және орташа (ОИС) интегралды схемалар құрылды. Келесі төртінші кезеңдер – (1980-). Төртінші кезең компоненттерді өндіруге қолданылатын интегралды технологиялардың жоғары деңгейлігімен байланысты жүйелерден тұрады. Үлкен интегралды схемалар (ҮИС) чиптерде орналасқан мыңдай, ал өте үлкен интегралды схемалар (ӨҮИС) мыңнан астам электронды компоненттерден тұрады. 80 жылдары дербес компьютерлердің заманының басталған кезі. Дербес компьютерлердің қолданушылардың әртүрлі программалары үшін пайдаланылды. IBM PC алғашқыда Microsoft корпорациясы шығарған MS DOS операциялық жүйесін қолданылған. IBM мен Microsoft корпорациялары бірігіп MS DOS-тан кейін OS-2 операциялық жүйесін құрды. Төртінші кезеңнің машиналарына тән қасиеттер мультипроцессорлық параллель-тізбектей өңдеу, жоғарғы деңгейлік тілдер, программалық құралдардың модульділігі.