
Ммммммм
Материалдық емес активтерді есептен шығару және кейінгі бағалау.Материалдық емес активтерге физикалық формасы болмайтын, бірақ ұзақ жылдар бойы кәсіпорынға кіріс әкелетін активтерге.Оларға жататындар:Айырбастауға болатын материалдық емес активтер.Айырбасқа жатпайтын материалдық емес активтер.Айырбастауға жататын материалдық емес активтерге келесілер жатады:Патент.Өнеркәсіптік дизайндік тіркеу.Авторлық құқық.Сауда маркалары.Франшиза.Айырбастауға жатпайтын материалдық емес активке: ұйымдастыру шығындары жатады.Материалдық емес активтерді бағалау.Материалдық емес активтер оларды сатып алу сәтінде сатып алу құны бойынша бағаланады.Сатып алу құнына активті сатып алуға байланысты жұмсалған ибарлық шығындар қосылады.Материалдық емес активтерді есепке алған кезде олардың қызмет ету мерзімін дұрыс анықұтап алу керек.Материалдық емес активтерді есептен шығару.Материалдық емес активтердің құндары олардың қызмет ету мерзімінің ішінде жүйелі түрде есептен шығарылады.Материалдық емес активтерге амортизация есептеуде жүйелеп қолданылатын әдіс тікелей сызықтық материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін мерзім сайын қайта қарап отыру керек.Бірақ,сатып алу күнінен бастап жиырма жылдан аспауы керек.(авторлық құқықтан басқасы)Материалдық емес активтердің құнсыздануы.Материалдық емес активтердің есебін жүргізу үшін келесідей шоттар қолданылады.2730«Басқа да материалдық емес активтер».2740«Материалдық емес активтердің амортизациясы және құнсыздануы».
Меншік акциялардың есебі: акционерлік капитал, сатып алынған капитал, акциялардың бөлшектенуі.Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер арасында орналастырады.Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін.Бұл операциялардың есебі үшін № 1100-1150 «Қаржылык инвестициялар» шоттары пайдаланылады.Олардьщ кейінірек кайта сату немесе жою үшін акционерлерден өтеп алынған кәсіпорындардың балансқа кіріс болған меншікті акциялары № 5210 «Алынып тасталған капитал» шотында бейнеленеді.Кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден акционерлік қоғам өтеп алынған кәсіпорынның кіріс болған меншікті акциялардың құнына мынадай жазу жазылады:Дт- 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.Кт - 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы акшалар» шоты.Өтеп алынған акциялар олардың түрі, нөмірі, сериясы мен номиналды құнын көрсетумен тізім бойынша кассаға кіріс етіледі және кассадағы ақша қаражаттарының есебі үшін қолданатын тәртіпте сақгалады.Меншікті акцияларды акционерлік қоғам сату кезінде екінші тарату процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар жасалады:Дт - 1010, 1040 «Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар» шоты.Кт - 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды кұнынан артық баға бойынша сатылса, онда бағалы қағаздың сату мен номиналды кұнының арасындағы өткізілген айырманың сомасына мынадай жазу жазылады:Дт - 3030 « Акциялар бойынша есеп айырысулар» шоты.Кт - 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты.Меншікті акцияларды жою кезінде оларды акционерлерден өтеп алу мен барлық қажетті процедураларды орындағаннан кейін мынадай проводка жасалады:Дт - 5010, 5020 «Жай және артықшылығы бар акциялар» шоты.Кт - 5210 «Алынып тасталған капитал» шоты.Акциялардың аналитикалық есебі олардың келіп түсу көздерінен тәуелсіз есеп ведомостарында түрлері, өтеп алу мерзімдері, құны бойынша жүргізіледі.