Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС karjiliik esep.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
208.27 Кб
Скачать

Иииииии

Инвестициялық жылжымайтын мүлік есебі(обьектілерді жылжымайтын мүліктің 1-топтан 2-шісіне өткізу).Инвестициялық жылжымайтын мүліктің санатына ауыстыру немесе осы санаттан шығару қолданылу мақсаты өзгерген кезде ғана, және тек осы жағдайда ғана жүргізіледі, атап айтқанда:инвестициялық жылжымайтын мүлік иеленуші орналасатын жылжымайтын мүлік санатына ауыстырылған кезде жылжымайтын мүлікті иеленуші орналасатын жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланудың басталуы; инвестициялық жылжымайтын мүлікті босалқыға ауыстыру кезінде сату мақсатымен қайта құрудың басталуы; иеленуші орналасатын жылжымайтын мүлік санатынан инвестициялық жылжымайтын мүлікке ауыстыру үшін иеленуші орналасатын кезеңнің аяқталуы; босалқылардан инвестициялық жылжымайтын мүлікке ауыстыру үшін, басқа тарапқа операциялық жалға берудің басталуы.Объектіні әділ құн бойынша көрсетілетін инвестициялық жылжымайтын мүлікке иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік немесе босалқылар санатына ауыстырған кезде, 16 ҚЕХС(IAS) немесе 2 ҚЕХС (IAS) сәйкес кейіннен есепке алу үшін оның арналу мақсатын өзгерту күнгі жағдай бойынша оның әділ құны осы объектіге шыққан нақты шығындар ретінде қаралуы тиіс.Егер иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік әділ құн бойынша көрсетілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік санатына ауысса, ұйым объектінің арналу мақсаты өзгеретін күнге дейін 16 ҚЕХС(IAS) ережелерін қолдануы керек.Ұйым 16 ҚЕХС (IAS) бойынша жылжымайтын мүліктің қаржылық жағдай туралы есептік құны мен жоғарыда аталған күнгі жағдай бойынша оның әділ құны арасындағы айырманы 16 ҚЕХС (IAS) сәйкес қайта бағалау сияқты ескеруі керек.Объектіні босалқылардан әділ құн бойынша көрсетілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік санатына ауыстырған кезде, аталған күнгі жағдай бойынша объектінің әділ құны мен оның қаржылық жағдай туралы есептік құны арасындағы айырма пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс.Ұйым өз бетінше салынған әділ құн бойынша көрсетілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысы немесе қайта құрылуы аяқталған кезде, аталған күнгі жағдай бойынша жылжымайтын мүліктің әділ құны мен оның қаржылық жағдай туралы есептік құны арасындағы айырма пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс.Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін есептен шығару немесе істен шығару нәтижесінде туындайтын өзге пайдалар немесе шығындар активтің істен шығуы мен қаржылық жағдай туралы есептік құнынан таза түсімдердің арасындағы айырма ретінде анықталуға және есептен шығару немесе шығып қалу орын алған кезеңде пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс (кері жалгерлікпен сатуға қатысты 17 (IAS) ХҚЕС өзге қадамды талап ететін жағдайды қоспағанда).Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі істен шыққан жағдайда алынуы тиіс өтем бастапқыда әділ құн бойынша танылады.Атап айтқанда, инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі үшін ақы төлеу мерзімі ұзартылған жағдайда, алынуы тиіс өтем алдымен объектінің төлем мерзімі ұзартылмай ақшалай қаражатты төлеу кезіндегі бағасы бойынша көрсетіледі.Өтемнің атаулы сомасы мен объектінің төлем мерзімі ұзартылмай ақшалай қаражатты төлеу кезіндегі баға арасындағы айырма пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін пайдалана отырып 18 (IAS) ХҚЕС сәйкес пайыздық кіріс ретінде танылады.Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісі істен шыққаннан кейін ұйымда қалған міндеттемелерді есепке алу үшін ұйым 37 (IAS) ХҚЕС немесе басқа Стандарттардың тиісті ережелерін қолданады.Құнсызданған, жоғалтылған немесе берілген инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілері үшін үшінші тұлғалардан алынған өтемдер мұндай өтем алынуы тиіс болған кезде пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс.Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерінің құнсыздануы немесе жоғалуы, өтемді төлеу туралы талаптар немесе үшінші тұлғаларға төлеу және алмастырушы активтерді кейінгі сатып алу немесе құрылысын салу жеке экономикалық оқиғалар болып табылады және төменде көрсетілгендей бөлек ескеріледі:(а) инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануы 36 (IAS) ХҚЕС сәйкес танылады; инвестициялық жылжымайтын мүліктің есептен шығарылуы немесе шығып қалуы осы.(b) Стандарттың 66-71-тармақтарына сәйкес танылады,(с) құнсызданған, жоғалтылған немесе берілген жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілері үшін үшінші тұлғалардан түскен өтемдер өтем алынуы тиіс болған кезде пайданың немесе шығынның құрамында танылады; және (d) алмастыру ретінде қалпына келтірілген, сатып алынған немесе салынған активтердің құны осы Стандарттың 20-29-тармақтарына сәйкес танылады.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік ХҚЕС 40 сәйкес анықтамалары және тану критерийлері.Инвестициялық жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ: тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.Ивестициялық жылжымайтын мүлік мысалдары: әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сату үшін емес, ұзақ мерзімді болашақта капитал құнының өсуінен пайда алуға арналған жер; әрі қарай арналу мақсаты әзірше анықталмаған жер.(Егер ұйым жерді иеленуші орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде пайдаланатыны немесе әдеттегі шаруашылық қызметтің барысында қысқа мерзімді болашақта сататыны туралы шешім қабылдамаған ретте, жер капитал құнының өсімін алуға арналған деп есептеледі); ұйымның меншігіндегі (немесе қаржылық жалдау шарты бойынша есеп беретін ұйымның қарауындағы) және операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға берілген ғимарат; және қазір бос тұрған, бірақ операциялық жалгерліктің бір немесе бірнеше шарттары бойынша жалға беруге арналған ғимарат. болашақта инвестициялық меншік ретінде қолдану үшін құрылысы жүріп жатқан немесе жасалып жатқан жылжымайтын мүлік.Инвестициялық жылжымайтын мүлік мынадай кезде ғана активтердің құрамында тану керек: инвестициялық жылжымайтын мүлік байланысты болашақ экономикалық пайдалардың ұйымға келіп түсу мүмкіндігі бар; және инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнын сенімді түрде бағалауға болады.Танудың осы принципіне сәйкес ұйым инвестициялық жылжымайтын мүлікке жұмсалған шығындарды олар туындаған кезде бағалайды.Мұндай шығындар инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін сатып алған кезде бастапқыда жұмсалған шығындарды және кейіннен объектіні қосымша жабдықтауға, бөлшегін ауыстыруға немесе жылжымайтын мүлік объектісіне қызмет көрсетуге арналған шығындарды қамтиды.

Инвестициялық жылжымайтын мүліктің кейінгі есебі ХҚЕС 40.Инвестициялық жылжымайтын мүлік - (қаржылық жалдау шарты бойынша иеленушінің немесе жалға алушының) қарауындағы жылжымайтын мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі, не сол да, басқасы да), жалгерлік төлемдер немесе капиталдың өсуінен кірістер немесе соны да, басқасын да алу мақсатымен, бірақ:(а) тауар өндіруде немесе жеткізуде, қызмет көрсетуде пайдалану үшін емес, әкімшілік мақсаттар үшін емес; немесе әдеттегі шаруашылық қызмет барысында сату үшін емес.Объект істен шығып қалғаннан кейін оған байланысты экономикалық пайда алу болжанбайтындай болып істен шығып қалған немесе пайдаланудан біржола алып тасталған жағдайда, инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін тану тоқтатылуы тиіс (ол қаржылық жағдай туралы есептен есептен шығарылады).Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің істен шығуы сату немесе қаржылық жалға беру арқылы жүзеге асырылады.Инвестициялық жылжымайтын мүлік істен шыққан күнін анықтау үшін ұйым 18 ҚЕХС-та (IAS) баяндалған тауарлар сатудан алынған кірісті тану өлшемдерін басшылыққа алуы және 18 ҚЕХС-на (IAS) көрнекі мысалдардағы тиісті ұсынымдарды ескеруі керек.17 ҚЕХС (IAS) қаржылық жалгерлікке беру және кері жалгерлік шартымен сату жолымен істен шығуына қатысты қолданылады.Егер 16-тармақта баяндалған тану принципіне сәйкес ұйым жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектісінің бір бөлігін өтеу құнын активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнында таныса, ол алмастырылған бөліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнын тануды тоқтатады.Нақты шығындар бойынша есеп үлгісін пайдалана отырып ескерілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік жағдайларда алмастырылған бөлік жеке амортизацияланған бөлік бола алмайды.Егер ұйым үшін алмастырылған бөліктің қаржылық жағдай туралы есептік құнын анықтау мүлдем мүмкін болмаса, онда ол алмастыратын бөліктің құнын ол сатып алынған немесе салынған кездегі алмастырылған бөліктің құнының көрсеткіші ретінде пайдалана алады.Әділ құн бойынша есеп үлгісіне сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің әділ құны алмастырылуы тиіс объектінің бір бөлігі өз құнын жоғалтып алу фактісін көрсетеді.Кейбір жағдайларда объектінің бір бөлігі ауыстырылған кезде оның әділ құнын қай сомаға кеміту қажет екенін анықтау қиынға соғады.Объектінің бір бөлігін алмастырған кезде оның әділ құнын кемітудің баламасы, егер мұндай қадам мүлдем мүмкін болмаса, алмастыру құнын активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнына енгізу, содан кейін объектінің бөліктерін алмастыруды талап етпейтін жаңа сатып алулар үшін талап етілгендей әділ құнды қайта бағалауды жүргізу болып табылады.Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін есептен шығару немесе істен шығару нәтижесінде туындайтын өзге пайдалар немесе шығындар активтің істен шығуы мен қаржылық жағдай туралы есептік құнынан таза түсімдердің арасындағы айырма ретінде анықталуға және есептен шығару немесе шығып қалу орын алған кезеңде пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс (кері жалгерлікпен сатуға қатысты 17 ҚЕХС (IAS) өзге қадамды талап ететін жағдайды қоспағанда).Құнсызданған, жоғалтылған немесе берілген инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілері үшін үшінші тұлғалардан алынған өтемдер мұндай өтем алынуы тиіс болған кезде пайда немесе шығын құрамында танылуы тиіс.Инвестициялық жылжымайтын мүлік объектілерінің құнсыздануы немесе жоғалуы, өтемді төлеу туралы талаптар немесе үшінші тұлғаларға төлеу және алмастырушы активтерді кейінгі сатып алу немесе құрылысын салу жеке экономикалық оқиғалар болып табылады және төменде көрсетілгендей бөлек ескеріледі:инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануы 36 ҚЕХС (IAS) сәйкес танылады; инвестициялық жылжымайтын мүліктің есептен шығарылуы немесе шығып қалуы осы. құнсызданған, жоғалтылған немесе берілген жылжымайтын мүлікке инвестициялар объектілері үшін үшінші тұлғалардан түскен өтемдер өтем алынуы тиіс болған кезде пайданың немесе шығынның құрамында танылады; және алмастыру ретінде қалпына келтірілген, сатып алынған немесе салынған активтердің құны осы Стандарттың 20-29-тармақтарына сәйкес танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]