Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС karjiliik esep.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
208.27 Кб
Скачать

Ееееееее

Еңбектің және жалақы төлеудің есебі.Еңбекақы төлеудің екі жүйесі бар:1.мерзімді.2.кесімді.Мерзімді дегеніміз – еңбекақы төлеу жүйесінде қызметкерлерге төленетін еңбекақы белгілі бір тарифтік ставка бойынша немесе олардың жұмыс уақытында орындаған жұмыстарына берілетін оклад бойынша төленеді.Кесімді еңбекақы жүйесінде ақы орындалған жұмыстың әрбір өлшем бірлігіне төленеді немесе сатудың көлемінен пайыз ретінде төленеді.Негізгі жүйелерден басқа, қызметкерді ынталандыру мақсатында әр түрлі қосымшалар төленуі мүмкін.Кесімді еңбекақы жүйесі құрамына келесідей жүйелер қосылады:-тікелей кесімді жүйе - өнімнің әрбір бөлігіне кесімді баға бойынша төленеді.-Кесімді сыйақылық – белгілі бір көрсеткішті орындағаны үшін сыйақы төлеу қарастырылады.-Кесімді прогрессивтік – белгілі бір норма шегінде қарапайым баға бойынша, ал нормадан артық орындалған жұмысқа жоғары баға бойынша еңбекақы төлеуді қарастырады.-Аккордтық жүйе – бұл белгілі бір уақыт ішінде орындалған барлық жұмыс көлемі үшін белгіленетін еңбекақы.Аккортық жүйе бойынша орындалған жұмыс үшін есеп айырысу барлық объектіні қабылдап алғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.Мерзімді еңбекақы нысаны келесідей жүйелерге бөлінеді:1)Қарапайым мерзімді жүйе – еңбекақы қызметкерге нақты тарифтік ставка бойынша немесе нақты орындалған уақытқа белгіленген оклад бойынша жүргізіледі.2)Мерзімді сыйақылық жүйе – белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерді орындағаны үшін қосымша сыйақы төлеуді қарастырады.Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 3350 «Еңбекақы бойынша қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» пассивті шотында жүргізіледі.Еңбекақы есептелген кезде, қызметкер қай салада жұмыс істейтін болса, сол саланың шығыстары көбейеді.Еңбекақы есептелген кезде келесідей жазбалар беріледі:Дт 7210, 7110, 8110, 8410 ;Кт 3350.Есептелген еңбекақыдан келесідей ұсталымдар жүргізіледі:1.міндетті зейнетақы жарнасы 10% (3220 шот).2.табыс салығы, салық кодексінің 152 бабындағы шегерімдерді орындағаннан кейін қалған сомадан 10% (3120 шот).3.Қызметкерлердің әр түрлі берешектері (іс сапар бойынша, келтірілген зияндар бойынша) (1250 шот).4.Алиметтер және басқа да ұсталымдар (3390 шот).Еңбекақыдан ұсталымдар жүргізілген кезде 3350 шот дебеттеліп тиісті міндеттемелер шоттары кредиттеледі:Дт 3350.Кт 3220, 3120, 1250, 3390.Ұсталымдардан кейін қалған сома қызметкерлерге төленген кезде:Дт 3350.Кт 1010.

Есеп циклы және жабылушы өткізбелер.ЕСЕПТІК  циклдағы  ҚАРЖЫЛЫҚ  ЕСЕП  БЕРУДІ  ДАЙЫНДАУ.Бухгалтерлік   қорытынды  есеп  кәсіпорынның  мүліктік  және   қаржылық  жағдайын,  сондай - ақ  белгілі  бір  уақыттағы  қызметінің   қаржылық   қорытындысының  нәтижесін  көрсететін  көрсеткіштер  жүйесінен  тұрады.Бухгалтерлік  қорытынды  есеп  өзінің   негізгі   болып  саналатын  белгілеріне  қарай,  яғни  жасалу  уақыты,  мәліметтің көлемі  және  тағайындалуы  бойынша  жіктеледі.Жасалу  уақтына  қарай  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  ағымдағы  және  жылдық  деп  аталатын  екі  түрге  бөлінеді.Ұйымның  ағымдағы  бухгалтерлік   қорытынды  есебі  негізінен  қысқа  есепті  кезең  аралығына   жасалады.Ал кәсіпорынның  жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есебі  есеп  беретін  жылға  жасалады.Оның ағымдағы  қорытынды  есептен  айырмашылығы  балансқа   көптеген  қосымшалар  тіркеліп,  ұйымның  қаржылық  және  мүліктік  жағдайы  туралы  толығырақ  ақпарат  береді.Сондықтан да   бұл  ақпаратты - мәліметтер  кәсіпорынның  қаржы - шаруашылық  қызметінің тиімділігін  нақтылы  бағалауға  мүмкіндік  береді.Мәліметтің    көлеміне қарай  бухгалтерлік  қорытынды  есептің   өзін  алғашқа  және  жиынтық  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  деп  аталатын  екі  түрге  бөлуге  болады.Алғашқы  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  ұйымыныә  ағымдағы  бухгалтерлік  есеп  мәліметтері  негізінде  жасалады.Оның  құрамында  кәсіпорынның  белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  мүліктік  немесе  қаржылық  нәтижесі  көрсетіледі.Жиынтық  бухгалтерлік  қорытынды  есепті  құрамында  туынды  немесе  еншілес  серіктестіктері  бар  шаруашылық  ұйымдары  өзінің және  сол  серіктестіктерінің  қорытынды  есептерінің негізінде  жасайды.Тағайындалуы  бойынша   жасалған  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  ішкі  және  сыртқы  болып  бөлінеді.Ішкі  деп  аталынатын  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  мәліметтері  шаруашылықты  басқару  үшін,  сондай - ақ  басшылардың қандайда  бір    мәселелерді  шешуі  үшін  пайдаланылады.Бухгалтерлік  қорытынды  есептіә  бұл түрі  сыртқы  пайдаланушыларға  берілмейді  және оның  мәліметтерін  жариялауға  тиым  салынады.Ал  бухгалетрлік қорытынды  есептің  сыртқы  түрі  барлық  пайдаланушылар  үшін  ашық  түрде  беріледі.Сонымен  қатар  қорытынды  есептің  бұл  түрін  кәсіпорын  кейбір  жағдайларда  жарнама  ретінде  ақпаратты  құралдар  беттеріне  де  жариялайды.Жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есеп  кәсіпорын  қызметінің түріне,  шаруашылық  саласына  қарамастан  мына  құжаттардан  тұрады.- бухгалтерлік  баланстан;- қаржы - шаруашылық  нәтижелері  туралы  есептен;- меншікті  капиталының  қозғалысы  туралы  есептен;-  ақшалардың  қозғалысы  туралы  есептен;- түсініктемелік  жазбадан.Кәсіпорынның  жылдық  бухгалтерлік  қорытынды  есебіне  берілген  түсініктемелік  жазба  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  туралы  деректен,  өткен  жылмен  ағымдағы  жылдың  мәліметтерін  салыстыру  арқылы  жазылған  түсініктемеден  және  бухгалтерлік  қорытынды  есебінің елеулі  баптары мен  бағалау  әдістері  туралы  маәызды  ақпараттардан  тұруы  керек.Бұл  айтылғандардан  басқа  түсініктеме  жазбада  ұйымның  келесі  есепті  жылдыә  есеп  саясатына  енгізілетін  өзгерістер  жайлы  мәліметтер  көрсетіледі.

Есепті күннен кейінгі оқиғалар есебі.Есептік бағалаулардағы өзгерістер-активтіқ немесе міндеттеменіқ баланстық құнын немесе активтер мен міндеттемелердіқ ағымдағы жай-күйін және активтер мен міндеттемелерге байланысты болашақтағы пайдадан және міндеттемелерден күтілетін бағалау нәтижесінде туындайтын активті кезең-кезеңмен тұтыну сомасын түзету.Есептік бағалаулардағы өзгерістер жақа ақпарат немесе оқиғалардық дамуы нәтижесінде туындайды және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.Өзгерістен ерекшеленетін есептік бағалаудағы өзгерістердіқ әсері пайдаға немесе залалға енгізу арқылы перспективалы деп танылуға тиіс:1) егер өзгеріс тек осы кезеқге әсер ететін орын алған кезең;2) өзгеріс болашақ кезеқдерде де орын алса, егер ол осы және болашақ кезеқдерге де әсер етсе.Есептік бағалаулардағы өзгерістер активтер мен міндеттемелердегі өзгерістердіқ себебі болған немесе капиталдық бабына қатынасы болған дәрежеде субъект есептік бағалаулардағы өзгерістерді тиісті активтің, міндеттеменіқ немесе өзгеріс кезеқіндегі капитал бабынық баланстық құнын түзету жолымен тануға тиіс. 

ЖЖЖЖЖЖ

Жалға алушылардағы қаржылық жал есебі ХҚЕС 17.Жалдау мерзімінің басында жалға алушылар қаржылық жалдауды активтер және өздерінің қаржылық жағдай туралы есептеріндегі жалға алынған меншіктің әділ құнына тең сомадағы міндеттемелер ретінде қабылдаулары тиіс, немесе – бұл сомалар аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконтты құнынан төмен болса, әрбіреуінің шамасы қабылданған жалдауда анықталады.Аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконттық құнын есептегенде дисконттаудың мөлшері, егер олар анықталуға берілсе, жалдауға салынған пайыз мөлшерлемесі болып табылады, бұлай болмаған жағдайда жалға алушының әрбір қарыздық капиталға пайыздың өсім мөлшерлемесі пайдаланылуы тиіс.Жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығындары актив танылған сомаға қосылады.Операциялар және басқа да жағдайлар, жай ғана заң нысаны бойынша емес, олардың мазмұны мен қаржылай нақтылығына сәйкес есептелуі және тапсырылуы тиіс.Жалдаудың заң нысанындағы шарт бойынша жалға алушы жалдаған активке өзіндік құнының заңдық құқығын қабылдамауына болса да, қаржылық жалдау болған жағдайда шарттың мазмұны және қаржылық нақтылығы экономикалық қызметі мерзімнің үлкен бөлігі аралығында жалданған активті пайдаланудан жалға алушы активті қабылдау күнгі активтің әділ құны және тиісті қаржылық есептеудің экономикалық пайдасына ие болады.Егер жалдаудың мұндай операциялары жалға алушының қаржылық жағдай туралы есебінде көрсетілмесе, қаржылық арақатынасты бұза отырып, экономикалық ресурстар және ұйымның міндеттеме деңгейі төмендейді.Осылайша, жалға алушының бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есебіндегі қаржылық жалдау актив ретінде де, болашақ жалдау төлемдерінің міндеттемесі ретінде де қабылдануы тиіс.Болашақ жалдау төлемдеріне қатысты мерзімнің басында актив және міндеттеме, актив танылған сомаға қосылатын жалға алушының кез келген бастапқы тікелей шығынын есептемегенде, қаржылық жағдай туралы есепте бірдей сома болып қабылданады.Бастапқы тікелей шығындар көп жағдайларда жалдау келісімдерін жасау және орындау сияқты ерекше жалдау қызметімен байланысты туындайды.Қаржылық жалдаумен байланысты жалға алушы жүзеге асыратын қызметімен тікелей байланысты ретінде анықталған шығындар жалдау активінің құнына кіреді.Минимум жалдау төлемдері қаржы төлемдері және төленбеген міндеттеменің азаюы арасында тіркеліп жазылуы тиіс.Қаржы төлемдері жалдау мерзімі ішінде кезеңдер бойынша, міндеттеменің қалдық сальдосына пайыздың тұрақты мезгіл-мезгіл мөлшерлемесі шығарылатындай мөлшерде міндетті түрде бөлінуі тиіс.Шартты жалдау төлемі олардың пайда болу кезеңдерінде шығыстар ретінде міндетті түрде есептелуі тиіс.Қаржылық жалдау амортизацияланатын активтер үшін амортизациялық шығыстарды және әрбір есеп кезеңі үшін қаржы шығыстарын тудырады.Амортизациялық саясат амортизациялық жалдау активтері үшін міндетті түрде меншіктегі амортизациялық активке қатысты қолданылуға сәйкес болу керек, амортизацияның танылатын сомасы міндетті түрде 16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар ҚЕХС (IAS) және 38 Материалдық емес активтер ҚЕХС-ына (IAS) сәйкес есептелуі тиіс.Егер жалға алушының жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығына ие болуына негізделген сенімі болмаса, онда актив міндетті түрде жалдау немесе пайдалы қызметтің ең қысқа екі кезеңінен толықтай амортизациялануы керек.

Жалға берушілердегі қаржылық жал есебі.Жалға берушілер қаржылық жалдауда, өздерінің бухгалтерлік қаржылық жағдай туралы есептегі активтерін қабылдауы тиіс және оларды жалдауға таза инвестициялық сомаға тең дебиторлық қарыз сияқты ұсынуы тиіс.Қаржылық жалдау кезінде иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдіктер мен пайданың елеулі үлесін жалға алушы береді, осылайша алынуы тиісті жалдау төлемдері бойынша берешекті жалға алушы негізгі борыш сомасын қайтару және жалға алушының инвестициялары мен қызметі үшін өтемақы және сыйақыға арналған қаржылық табыс ретінде көрсетеді.Бастапқы тікелей шығындар көбінесе жалға берушілерге жатқызылады, оның ішінде өсім сипатындағы және жалдау келісімдерін дайындау мен жасауға тікелей қатысты комиссиялық, заңды және ішкі шығындар.Оларға сату және маркетинг жөніндегі бөлімшелердің шығындары сияқты жалпы үстеме шығындар да жатқызылады.Өндіруші немесе дилер ретінде жалға берушілерге байланысты емес қаржылық жалдау кезінде бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалдау бойынша дебиторлық берешекті бастапқы бағалауға кіргізіледі және жалдау мерзімі ішінде танылатын табыс сомасын азайтады.Жалдау шартында көрсетілген пайыз мөлшерлемесі бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалдау бойынша дебиторлық берешекке өзінен-өзі кіретіні айқындалған; оларды бөлек енгізу қажеттілігі жоқ.Жалға берушілер өндіруші немесе дилер ретінде жалдау келісімдерін дайындау мен жасауға тікелей қатысты көтеретін шығындар бастапқы тікелей шығындар анықтамасынан алынып тасталады.Нәтижесінде олар жалға берілетін таза инвестициялардан алынып тасталады және қаржылық жалдау кезінде, дұрысында, жалдау мерзімінің басталуымен сәйкес келетін сатудан түскен пайданы тану кезінде шығыс ретінде танылады.Қаржылық табысты тану жалға берушінің қаржылық жалдауда өтелмеген таза инвестицияға тұрақты кезеңдік норманы көрсететін графикке негізделуге тиіс.Жалға беруші жалдау мерзімі ішіндегі қаржылық кірісті жүйелі және тиімді негізде бөлуге тырысады.Табысты мұндай бөлу әдетте жалға берушінің қаржылық жалдауға таза төленбеген инвестицияларға пайданың тұрақты кезеңдік нормасын көрсететін схеманы негізге алады.Қызмет көрсетуге жұмсалған шығынды қоспағанда, есептік кезеңге жатқызылған жалдау төлемдері борыштың жалпы сомасы сияқты алынбаған қаржылық табысты азайту үшін жалдауға жалпы инвестициялардан шегеріледі.Жалға берушілер өндіруші немесе диллер ретінде кезең ішіндегі сатудан түскен пайда мен залалдарды ұйым тікелей сатуға қатысты жүргізетін саясатқа сәйкес тануы тиіс.Егер жасанды жолмен төмендетілген пайыздық мөлшерлемелер жарияланса, сатудан түскен пайда міндетті түрде нарықтық пайыздық мөлшерлеме есептеу жағдайында қолданылатын шамамен шектелуге тиіс.Жалға берушілер шартты дайындау және жасауға байланысты өндіруші немесе дилер ретінде шеккен шығындар сатудан түскен пайданы тану сәтіндегі шығыс ретінде танылуы тиіс.Жалға берушілер 7 ҚЕХС-ы (IFRS) талаптарын орындаумен қатар қосымша ретінде қаржылық жалдауға қатысты қолданылатын мынадай ақпаратты ашуы тиіс:(а)қаржылық жағдай туралы есеп күнгі жалпы жалға салынған инвестициялар ортақ жалпы сомасы мен ең төменгі жалдау төлемдері бойынша дебиторлық берешектің келтірілген құны арасындағы салыстыруды; сонымен бірге, ұйым қаржылық жағдай туралы есеп күнгі жалпы жалдауға салынған жалпы инвестицияларды және ең төменгі жалдау төлемдері бойынша келтірілген құнын мына кезеңдердің әрқайсысы үшін: бір жылдан кешіктірмей;бір жылдан астам, бірақ бес жылдан кешіктірмей;бес жылдан кейін ашуы тиіс.(b) табыс ретінде табылмаған қаржы кірісі;(с)жалға берушінің пайдасына жиналып отырған кепілдігі жоқ қалдық құнын;(d)төменгі жалдау төлемдері бойынша өтелмейтін қарызды жабуға арналған жинақталған бағалау резерві;(е)есеп мерзімі ішіндегі кіріс ретінде танылған шартты жалдау ақысы;(f)жалға берушімен жасасқан жалдаудың негізгі шарттарының жалпы сипаты.Бұдан басқа, өсу индикаторы ретінде жиі ретте сондай-ақ есеп кезеңінің ішінде тоқтатылған жалдау шарттарының тиісті сомасына кемітілген, есеп кезеңінің ішінде жасалған жаңа келісімшарттар бойынша алынбаған табысты шегере отырып, жалпы инвестициялардың сомаларын ашу да пайдалы.

Жалға берушілер және жалға алушылардағы ағымдағы жал есебі.Қаржылық жал есебі.Қаржылық жал кезінде жалға алынған активтер жалға алушы балансында есепке алынады.Жал мерзімі басында актив құны жалға алынатын активтердің нарықтық құны негізінде анықталған ең аз жал төлемдерінің дисконттық құнына тең.Дисконттық құнды есептеген кезде пайыздық ставка ретінде, егер дәл анықтау мүмкін болатын болса жалгерлік ставка алынады.Ал,егер оны дәл анықтау оны дәл анықтау мүмкін болмаса альтернативтік ставка қолданылады.Активті жалға алған кезде жал міндеттемелері ішінен бір жылға дейін төленетін қысқа мерзімді міндеттемелерін бөліп көрсету тиіс.Бұл сомалар жал берушіде алынуға тиісті жал төлемдері боп саналады және қысқа, ұзақ деп бөлек көрсетілуі керек.Ең аз жал төлемдері екі құрамдас бөліктен тұрады:-қаржылық төлемдер;-жал міндеттемелерін азайту бойынша төлем;Жал алушының міндеттемесіне кепілдік берілген қалдық жою құны және кепілдік берілмеген жою құны әсер етеді.Егер де кепілдік берілген жою құны болатын болса, оның сомасы ең аз жал төлемдеріне қосылады.Ал,егер жал алушы тұрғысынан кепілдік берілмесе жою құны ең аз жал төлемдеріне қосылмайды.Бірақ бұл сома жал беруші есебінде көрініс табады.Жалға алынған мүлік амортизациясы оған деген меншік құқы берілген сәттен анықталады.Егер де жал соңында активке деген меншік құқығы жал алушыға өтетін болса, онда амортизация есептеу кезеңі ретінде пайдалы қызмет ету мерзімі алынады.Ал,егер меншік құқығы жал алушыға өтпейтін болса, онда жал мерзімі ішінде амортизация есептеледі.Жалға алушыда:1.Актив жалға алынған кезде:дт- негізгі құрал;кт- ұзақ мерзімді жал бойынша міндеттеме.2.ағымдағы міндеттемені бөліп көрсетеміз:дт- ұзақ мерзімді міндеттеме;кт- ағымдағы міндеттеме.3.бір жыл үшін пайызды бөліп көрсетеміз:дт- пайыздық шығын;кт- пайыздық міндеттеме.4.бір жыл үшін жал төленді:дт- ағымдағы жалдық міндеттеме;дт- төленуге тиісті пайыздар;кт- ақша.5.бірінші жыл үшін амортизация есептейміз:дт- амортизация бойынша шығын;кт- жинақталған тозу.Жалға берушіде:1.Актив жалға берілген кезде:дт- ұзақ мерзімді жал бойынша дебиторлық берешек;кт- негізгі құрал.2.ағымдағы дебиторлық берешекті бөліп көрсетеміз:дт- ағымдағы жал бойынша деб. Берешек;кт- ұзақ мерзімді дебиторлық берешек.3.бір жыл үшін пайызды бөліп көрсетеміз:дт- алынуға тиісті пайыз;кт- пайыздық табыс.4.бір жыл үшін жал алынды:дт- ақша;кт- ағымдағы жал бойынша деб.берешек;кт- алынуға тиісті пайыздар.Жалға алушылар мен берушілер арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты: тікелей лизинг және жанама лизинг пайда болады.Тікелей лизинг-мүлікті дайындаушы немесе оның иесі жалға беруші ретінде қатысады.Жанама лизинг-жалға беру үшінші тұлға арқылы жүргізіледі.Сол сияқты жалдың келесі түрлері қарастырылады:Сату типі бойынша жал есебі – лизингтің бұл түрін өндірістік және саудалық кәсіпорындар қолданады.Мұндай лизинг кезіндегі айырмашылық мәмілені лизингке беруші есебінде көрсету әдісінде.Лизинг берушіде «алынуға тиісті лизинг», «алынуға тиісті ағымдағы төлемдер» шот ашылады.Мұндай жағдайда лизингке беруші келесідей мәліметтерде бөлек есепке алуы тиіс:Сатып өткізуден алынған табыс;Пайыздық табыс;Қайтадан жалға алу мақсатымен сату;Жерді жалға алу – жердің пайдалы қызмет ету мерзімі шектелмегендіктен операциондық жал болып табылады.Егерде жал жерге деген меншік құқығын беруді немесе сатуды қарастыратын болса, онда мұндай операция төлемі біртіндеп төленетіндіктен капитализациялануы тиіс.Егерде жалға алынған мүлік құрамындағы жер бағасы 25% -дан кем болса, жал мүлікті жалдау ретінде қарастырылады.Ал егер жер құны 25% -дан асып кетсе, жер жалы бөлек қарастырылуы керек.

Жарғылық капитал есебі.Жарғылық капиталдың мөлшері шығарылған акциялардың номиналдық құндарының қосындысына тең.Акциялардың номиналдық құны дегеніміз – олардың акцияда көрсетілген нақты құны.Акция дегеніміз - өздерінің иесіне дивиденд түріндегі пайда алу құқығын беретін құнды қағаз.Акцияның екі түрі кездеседі:қарапайым және артықшылығы бар.Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің капиталы оған қатысушылардың қосқан үлестерінен құралады.Мұндай кәсіпорынның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 100 есе айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.Кәсіпорын тіркеуден өткен кезде олардың бастапқы капиталының 25% төленген болуы керек.Халықаралық тәжірибеде «акция сплиті» деген ұғым қолданылады.Сплит дегеніміз – акцияның құнын 2 есе азайтып,санын 2 есе көбейту процесі, ол акциялардың номиналдық құндарын азайту мақсатында жүргізіледі,бірақ жарғылық капитал мөлшеріне әсер етпейді.Жарғылық капиталдың есебін жүргізу үшін Типтік шоттар жоспарында 5-ші бөлім шоттары арналған,5010 «Артықшылығы бар акциялар»; 5020 «Қарапайым акциялар»;5030 «Пайлар мен үлестер».Жарғылық капитал қалыптастырылған кезде келесідей бухгалтерлік жазба беріледі:Дт 5110 Кт 5010,5020.Жарғылық капиталға салымдар ақшалай түрде немесе құрылтайшылар өздерінің салымдары бойынша міндеттемелерін өтеу орнына берген мүліктер түрінде болуы мүмкін.Акциялардың құндарын құрылтайшылар төлеген кезде, олардың келісімді бағасына:Дт 1030,1330,2410.Кт 5110.5110«Төленбеген капитал» шотында құрылтайшылардың акциялары бойынша акционерлік қоғамға қарыздары есепке алынады.Бұл шот құрылымы жағынан жарғылық капитал шотын реттеп отыратын, яғни пассивті реттеуші шот.5110 шотта қалдық қалатын болса, акционерлік қоғамның жарғылық капиталы толық қалыптастырылмаған дегенді білдіреді.

Жеңілдіктер және қайтарылған тауарлар есебі.Сатып алушы сатып алынған тауарды ауыстыруға, ақау болған жағдайда қайтаруға құқығы бар және сатып алушылардың бұл құқығын әсіресе бөлшек сауда кәсіпорыны сақтауы тиіс.Тауар ауыстырылуы не қайтарылуы мүмкін, тек тауар түрі бұзылмаған, пломбасы, этикеті сақталған, тауардың өзі қолданылмаған және сол сатушыдан алғаны мәлім болған жағдайда.Тұтынушыдан сапасы төмен, ақау тауарды қайтып алған жағдайда накладной 2 экземплярда толтырылады.Оның біреуі тауарлық есеп беруге қосып, ал 2-шісі сатып алушыға өткізген тауардың сомасын алуға немесе ауыстыруға негіз құжат болып табылады.Бұл операция бухгалтерлік есепте келесі проводкалармен беріледі.Д. 3310 К. 1330.Егер ақау - жабдықтаушы кәсіпорынның кінәсінен болса, онда талап соларға қойылады.Қайтарылған тауар құны сату бағасымен есепке алынады.Жеңілдік - сатып алу және сату келісімінің жағдайлары, оларда тауардың келісімде көрсетілген бастапқы немесе базистік бағасын кеміту мөлшері белгіленеді.Сауда айналымында бұл жеңілдік жай, күрделі және сериялы (үдемелі) жеңілдіктерге ажыратылады.Жай жеңілдік кезінде сатып алушы төлейтін іс жүзіндегі баға бастапқы бағаның тұтастай белгілі бір пайызға немесе белгілі бір сомаға бір жолғы кемітілуі арқылы белі іленеді.Күрделі жеңілдік бағаның бірнеше рет кемітілуі арқылы жүзеге асырылады.Сериялы жеңілдіктерді сатушылар бір түрлі заттардың үлкен тобын (сериялап) көтере сатып алушыға береді, тауарларды осылайша неғұрлым көп алса, сериялы жеңілдік те соғұрлым өсе түседі.Көбінесе кәсіпорын, егер белгілі бір уақытта төлем қабылданса, онда есеп - фактуралық бағаны түсірген сомаға жеңілдік жасайды.Ақшалай жеңілдік қолдану көлемін ұлғайту және клиенттің төлемді ертерек төлеуге ынталандыру үшін қолданылады, бұл күмәнді қарыздарды қысқарту үшін ыңғайлы.

Жиынтық табыс туралы есеп беру(кіріс және шығыс туралы есеп беру;құрылымы,ашып көрсетуге қойылатын ең аз ашып көрсетулер,басқада жиынтық табыстар).Пайдалар мен шығындар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде кезең ішінде төмендегідей сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуы тиіс:(а) табыс;(aa) амортизациялы құнда өлшенген қаржылық жағдай туралы есептен шығарудан келіп туындайтын кіріс пен шығыс; (b) қаржыландыру бойынша шығындар;(с) қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен ұйымдардың пайдалары мен залалдарына үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес ескерілген ұйымның үлесі;(ca) егер қаржылық акция әділ құнда өлшенгендей қайта жіктелген болса, алдыңғы сома мен қайта жіктеу мәліметіндегі әділ құн арасындағы айырмашылықтан туындайтын кез-келген табыс немесе залал (d) салық бойынша шығыстар; (е)төмендегілердің жалпы сомасын құрайтын бірегей сома: салық салудан кейінгі пайда немесе залал; тоқтатылған қызметті құрайтын шығу тобы немесе активтерді сату не шығару үшін ең төменгі құнның нақты шығынын бағалауда танылған салық салудан кейінгі табыс пен шығын және пайда немесе залал.Басқа жиынтық табыстің сипатына қарай жіктелген әрбір құрағыш бөлігі ((h)тармағындағы сомадан басқасы) үлестік тәсілді қолданып есепке алынған қауымдас ұйымдар және бірлескен ұйымдардың басқа жиынтық табысінің үлесі; және жалпы жиынтық табыс.Ұйым жиынтық табыс жөніндегі есептілігінде төмендегі баптарды пайда немесе залалдың сол кезең ішінде бөлінуі ретінде ашып көрсетуі тиіс:(а) төмендегілерге тән кезең ішіндегі пайда немесе залал: бақыланбайтын пайыздарға, және бас ұйымның иелеріне.Төмендегілерге тән кезең ішіндегі жалпы жиынтық табыс:бақыланбайтын пайыздарға, және бас ұйымның иелеріне.Ұйым қайта жіктеуден кейінгі өзгерістермен қоса, басқа жиынтық табыстің әрбір компонентіне байланысты кірістік салықтың сомасын кіріс жөніндегі есептілікте немесе ескертпелерде ашып көрестуі тиіс.Ұйым басқа жиынтық табыстың құрағыш бөлігін ұсынуына болады: қатысты салық нәтижесін шегеріп, немесе қатысты салық нәтижесін шегерудің алдында сол құрағыш бөліктерге байланысты, кірістік салықтың жиынтық сомасы ретінде көрсетілген бір сомамен бірге.ҚЕХС (IFRS) басқа жиынтық табысте алдын-ала танылған соманың пайда немесе залал ретінде жіктелген-жіктелмегендігін және қашан жіктелгендігін нақтылайды.Бұл Стандартқа қатысты мұндай қайта жіктеулер қайта жіктеу түзетулеріне жатады.Қайта жіктеу түзетулері пайда немесе залалға қайта жіктелген түзетулер жасаған кезеңдегі басқа жиынтық табыстің ұқсас компоненттерін қамтиды.Бұл сомалар ағымдағы және алдыңғы кезеңдердегі жүзеге асырылмаған табыс ретінде басқа жиынтық табыстерде танылуы мүмкін.Жалпы жиынтық табыстерге екі рет енгізіліп кетпес үшін бұл жүзеге асырылмаған табыстарды осы кезеңдегі пайда және залал ретінде жіктелген жүзеге асырылған табыстарды басқа жиынтық табыстер есебінен алып тастау қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]