
Хххххххх
ХҚЕС 39 бойынша қаржылық құралдардың төрт тобы.Қаржы құралының эмитенті алғашқы тану кезінде мәміленің келісімшарт мазмұнына және қаржы міндеттемесінің, қаржы активінің және үлестік құралдың анықтамаларына сәйкес осы құралды немесе оны құраушы бөліктерін қаржы міндеттемесі, қаржы активі немесе үлестік құрал ретінде жіктеуі тиіс.Үлестік құралдар мысалдарына мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялар, кейбір мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралдар, ұйымға басқа тарапқа ұйымның нетто-активінің пропорциялық үлесін тек жоюдан соң үлестіру міндеттемесін жүктейтін кейбір құралдар, бекітілген дивиденді бар акциялардың кейбір түрлері , және иесіне ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына эмиссиялық ұйымдағы мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялардың бекітілген санына жазылуға немесе оларды сатып алуға мүмкіндік беретін купондар немесе жазылған колл-опциондар жатады.Ұйымның өз акцияларының бекітілген санын ақша қаражатының немесе басқа қаржылық активтің бекітілген мөлшеріне орнына шығаруға немесе сатып алуға міндеттемесі ұйымның үлестік құралы болып табылады.Алайда, егер осындай келісімшарт құрамына ұйымды ақша немесе басқа қаржылық актив төлеуге жүктейтін міндеттеме кіретін болса, сонымен бірге ол өтеудің сомасының дисконтталған құнына міндеттеме тудырады.Мерзімінен бұрын өтеу құқығы жоқ қарапайым акциялардың эмитенті міндеттемені, ол үлестіруге ресми түрде мүмкіндік туғызатын болса және осылай жасауға акция иелері алдында заңды түрде міндетті болғанда, қабылдайды.Осындай жағдай дивиденд төлеу туралы хабарландырудан кейін немесе ұйым жұмысын аяқтағанда және міндеттемелерді орындағаннан кейін қалған кез келген активтер акция иелеріне үлестірілетін болғанда орын алу мүмкін.
ШШШШШ
Шаруашылық есептің түсінігі және түрлері.Шаруашылық есептің бір тұтас жүйесі есептің келесідей 4 түрін біріктіреді.Оперативті есеп.Статистикалық есеп.Бухгалтерлік есеп.Салық есебі.Оперативті есеп кәсіпорынның қызметіне күнделікті бақылау жасап отыру үшін қызмет етеді, өндістік жөніндегі жүйеліақпараттарды алу мақсатында, операциялардың болған сәтінде белгілі бір операциялардың жекелеген факторын тіркеу жүйесі болып табылады.Оперативті есептің негізгі талабы мәліметтерді алудың жеделдігі.Статистикалық есеп экономиканың, ғылымның, білімнің әр түрлі саладағы жалпылама сипатқа ие болатын құбылыстардың сандық жағын олардың сапалық жағымен байланыстыра отырып зерттейді.Статистика экономиканың, оның даму тенденциясының, жұмысшы күшінің құрылысы, тауарладың құнды қағаздардың, материалдар, қорлардың, тұрғындардың жасы менмамандығы бойынша құрамы мен саны жөніндегі мәліметтерді жинақтайды.Ол үшін бухгалтерлік есеп және операциялық есеп мәліметтерін қолданылады.Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның шаруашылық қызметінің өзгерістерін құжаттарға тіркей отырып, біртұтас және үздіксіз бақылау жасау жүйесі.Бухгалтерлік есепгі әрбір жазу арнайы рәсімделген құжаттық негізінде ғана жүргізіледі.Салық есебі салық заңдылықтарына сәйкес қажетті ақпараттарды пайдаланушыларға ұсынып отыру үшін, ақпараттарды топтастыратың құжаттардың жүйесі.
Шаруашылық қаржылары мен олардың құралу көздерінің құрамы мен құрылымы.Кәсіпорынның шаруашылық құралдары экономикалық мағынасына сәйкес:құрамы (функционалдық рөлі) бойынша;олардың пайда болу көздері бойынша жіктеледі.Құрамы бойынша шаруашылық құралдары өндіріс саласындағы құралдарға және айналым саласындағы құралдарға бөлінеді.Өндіріс саласындағы құралдар өз кезегіндегі еңбек құралдарына, материалдық емес активтерге және еңбек затына бөлінеді.Еңбек құралы – бұл еңбектің құрал-сайманы, соның көмегімен адам өндіріс процесінде белгілі бір өнім өндіріп шығару үшін еңбек затына әсер етеді.Материалдық емес активтер – бұл құндық бағасы бар, бірақ заттай құндылық болып табылмайтын ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) салымның объектісі.Оған табиғи ресурстарды, жер учаскелерін пайдалану құқы, патенттер, лицензиялар, ноу-хау, тауар таңбалары және т.с.с.жатады.Материалдық емес актвитер негізгі құралдар сияқты өзінің бастапқы құнын нормативтік қызмет мерзімі ішінде тозуды есептеу жолымен өндіріс шығындарына көшіреді.Еңбек заттары – адам еңбек процесінде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар.Олар бр рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өздерінің құнын өнім құнына көшіреді.Өндірістің бір кезегінде оған шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, отындар, қайталама ресурстар және т.б. жатады.Айналым саласындағы құралдар дайын өнімге, ақша қаражаына және ееп айырысудағы қаражаттарға бөлінеді.Өңделуі толық аяқталған, сынақтан өткен, стандарттарға сйәкес келетін дайын өнім қоймаға өткізіледі.Ақша қаражаты – бұл кәсіпорынның кассасындағы қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы, банктердегі есеп айырысу шотындағы, валюталық шоттағы және өзге шоттардағы ақша қаражаттары, бағалы қағаздар (акцилар, облигацилар, жинақ ақша сертификаттары, вексельдер) және кәсіпорынның өзге де ақша қаражаттары.Есеп айырысудағы қаражат – берілген аванстар бойынша тауарлар, жұмыстар мен ықзметер үшін, алынған вексельдер бойынша дебиторлық берешектер, есеп беретін адамдардағы сомалар.Оқшауландырылған қаражат – бюджетке салық түрінде аударылуға тиіс пайда сомасы мен кәсіпорынның арнайы қорларын құруға жұмсалған сомалар.Алу көздері мен мақсаттық бағыттарына сәйкес шаруашылық құралдары меншікті және тартылған қаражат көздеріне бөлінеді.Меншікті қаражат көздері болып табылатындар:жарғылық қор – кәсіпорынды құрған кезде оның қызметін қамтамасыз ету үшін құрылтай құжаттарында белгіленген мөлшерде құрылтайшылар (меншік иелері) мүлік түрінде (негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің құны, ақша қаражаты) енгізген салымдарының ақшалаай түрдегі жиынтығы;пайда - өнімдерді, жұмыстарды қызметтерді, материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды және т.б. сатудан кәсіпорын алған табыстың шығыстардан асу сомасы;резервтік қор – мақсаттық бағыты бойынша жұмсалмаған резервтердің сомалары және басқалар.Банктің несиелері – банктен алынған (өтелмеген) ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ссудалардың сомалары қарыз қаражатының көзі болып табылады.Басқадай қарыз қаражаттары – кәсіпорынның еңбек ұжымы шығырған және сатқан акциялардың сомасы, кәсіпорынның акциялары мен облигациялары, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар және басқалар.
Шаруашылық операцияларды құжаттау.Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есепте көрсетудің міндетті шарты оларды құжаттау болып табылады.Дұрыс толтырылған айғақтайтын құжаттар бухгалтерлік есептегі кез-келген жазуға негіз болады.Құжаттардың сапасына едәуір мөлшерде бухгалтерлік есептің сапасы да байланысты, сонымен қатар шаруашылық қызметті есепке алу және есеп беруде дұрыс көрсету де тәуелді.Барлық шаруашылық операцияларды құжаттарда дұрыс және дер мезгілінде тіркеу бухгалтерлік есептің бастапқы сатысы болып табылады.Бухгалтерлік құжат – бұл шаруашылық операциясының нақты болғаны немесе оны жүргізуге құқық жөніндегі жазбаша куәлік.Құжаттардың маңызы келесі жағдайларға байланысты:құжаттар бухгалтерлік жазулар жүргізуге негіз болып табылады;құжаттар негізінде кәсіпорынның шаруашылық және қаржылық қызметіне құжаттық тексеру жүргізіледі;құжаттардың заң күші бар, олар кәсіпорындар арасындағы пайда болатын даулы мәселелерді шешуде қолданылады;құжаттар кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жекелеген көрсеткіштерін талдау үшін қолданылады;құжаттарда басшылық шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпараттар болатын болғандықтан, олар кәсіпорынды басқару құралы болып табылады.Құжаттардың формалары және мазмұндары алуан түрлі болып келеді.Бұл кәсіпорында жүргізілетін операциялардың да сипаты әр түрлі болатындығымен байланысты.Бірақ та, әрбір құжат шаруашылық операциясын сипаттайтын және жүргізілген операцияны растайтын белгілі бір көрсеткіштер жиынын қамтуы қажет.Мұндай көрсеткіштер құжаттарда реквизиттер деп аталады.Міндетті реквизиттерге мыналар жатады: құжаттың аты, толтырылған күні, шаруашылық операциясының мазмұны және оның негізі, есептік өлшегіштер, операцияны жүргізуге жауапты тұлғалардың қолы.Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:бір жолғы – жасалған бір немесе бірнеше шаруашылық операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады;жинақтаушы – біртектес шаруашылық операцияларыжасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады.Олардың бір жолғыдан айырмашылығы құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады.Оларда есепте тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:алғашқы (бастапқы) – шаруашылық операциялары жасалған кезде тікелей рәсімделеді;жиынтық – алғашқы құжаттардың негізінде жасалады; олар барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:ішкі – кәсіпорынның өзі жасайды;сыртқы – басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан түседі.Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:типтік – халық шаруашылығының барлық салаларында, өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланылады.арнайы – халық шаруашылығының кейбір салаларында, нақты кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланылады.Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егер де оларға аса үлкен талаптар қойылмаса.Алғашқы құжаттар мынадай реквизиттерден тұрады:құжаттың атауы (нысаны);жасаған күні;субъектінің атауы, яғни кімнің атынан құжаттардың жасалғанын білдіреді;шаруашылық операциялардың мазмұны (ақшалай немесе заттай көрсетіледі);қызмет бабындағы тұлғаның атқаратын қызметі,яғни жасалған операцияға және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлға;жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызметі.
Шетел валютасындағы операциялардың есебі ҚЕХС 21.Бастапқы тану.Валютамен операция – шетелдік валютамен білдірілген немесе сонымен есеп айырысуды қажет ететін операция, соның ішінде ұйым:(а) бағалары шетелдік валютамен көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;(b) өтелетін немесе алынатын сома шетелдік валютамен көрсетілген қаражатты қарызға беретін немесе қарызға алатын; немесе (c) активтерді əлдебір басқа жолмен сатып алатын не сататын, немесе шетелдік валютамен көрсетілген міндеттемені өзіне алатын немесе өтейтін кезде пайда болатын барлық операциялар.Бастапқы тану кезінде қолданыстағы валютада шетелдік валютамен жасалатын операция шетелдік валюта сомасына қолданыстағы валюта мен шетелдік валюта арасындағы операция жасалған күнгі ағымдағы валюта бағамын қолдану жолымен ескерілуге тиіс.Операция жасалған күн – Халықаралық қаржы есептілігінің стандартында көзделген тану өлшемдеріне сəйкестігі алғаш рет атап көрсетілген күн.Операция жасалған күнгі нақты бағаммен шамалас айырбас бағамы практикада жиі пайдаланылады, мысалы, бір апта немесе бір ай ішінде орташа бағамды сол кезең ішінде шетелдік валюталармен жасалған барлық операциялар үшін пайдалануға болады.Алайда,айырбастау бағамы елеулі ауытқитын жағдайда, кезең ішіндегі орташа бағамды пайдалану орынсыз болады.Келесі есепті күндерге есептілік.Əрбір есепті күнде:(а) шетелдік валютадағы ақша баптары жабу бағамын пайдалана қайта есептелуге тиіс;(b) тарихи құн бойынша ескерілген шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар операциялар жасалған күнгі айырбастау бағамымен қайта есептелуге тиіс;(с) əділ құн бойынша бағаланған шетелдік валютадағы ақшалай емес баптар əділ құн анықталған күні қолданылған айырбастау бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.Кейбір баптардың қаржылық жағдай туралы есеп құны екі немесе одан көп шамаларды салыстыру жолымен анықталады.Мысалы, қорлардың қаржылық жағдай туралы есеп құны 2 Босалқылар (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес өзіндік құнның жəне сатудың ықтимал таза құнының ең төмен шамасы болып табылады.Нақ осылайша,36 Активтердің құнсыздануы (IAS) ХҚЕС-ына сəйкес,құнсыздану белгілері анықталған активтің қаржылық жағдай туралы есеп құны құнсызданудан келетін ықтимал шығындар жəне оның өтелетін сомасы есепке алынғанға дейін оның қаржылық жағдай туралы есеп құнының ең төмен шамасы болып табылады.Мұндай актив ақшалай емес актив болып табылатын жəне шетелдік валютада құнсызданатын кезде оның қаржылық жағдай туралы есеп құны:(а) өзіндік құнды, не сол шама анықталған күнгі айырбастау бағамы бойынша (яғни тарихи құн бойынша бағаланған баппен операция жасалған күнгі бағам бойынша) қайта есептелген қаржылық жағдай туралы есеп құнын; жəне (b) сатудың ықтимал таза құнын, не осы шама анықталған күнгі айырбастау бағамы бойынша (мысалы, есепті күнгі жабу бағамы бойынша) қайта есептелген өтелетін соманы салыстыру жолымен анықталады.Мұндай салыстыру нəтижесі мынадай болуы мүмкін: құнсызданудан келетін шығын қолданыстағы валютада мойындалады,бірақ шетелдік валютада мойындалмайды, немесе керісінше.Бірнеше айырбастау бағамдары бар болған кезде осы операцияның ақша ағындары бойынша есеп айырысулар жүзеге асыруға болатын бағам немесе, егер сол ақша ағыны бағалау күнінде пайда болса,шот бойынша сальдо пайдаланылады.Егер екі валюта арасында айырбастау мүмкіндігі уақытша жоқ болса, айырбастау бағамы ретінде айырбастауды жүзеге асыруға болатын кейінгі алғашқы бағам пайдаланылады.
Шетелдік қызметті тану және бағалау.Ұйымда шетелдік қызметтен алынуға немесе оған төленуге тиісті ақша бабы болуы мүмкін.Көз жетімді болашақта өзі бойынша есеп айырысу көзделмейтін бап,іс жүзінде, ұйымның сол шетелдік қызметке таза инвестициясының бір бөлігі болып табылады жəне есепте 32 жəне 33-тарамақтарға сəйкес көрсетілуге тиіс.Мұндай ақша баптарына ұзақ мерзімді дебиторлық берешек немесе қарыздар қосылуы мүмкін.Оларға негізгі қызметке байланысты дебиторлық немесе кредиторлық берешектер қосылмайды.Шетелдік бөлімшеден алынуға немесе оған төленуге тиіс монетарлық бабы бар ұйым топтың еншілес ұйымы болуы мүмкін.Мысалы,ұйымның екі A жəне B еншілес ұйымдары бар.В еншілес ұйымы шетелдік бөлімше болып табылады.А еншілес ұйымы В еншілес ұйымына қарыз береді.А еншілес ұйымы В еншілес ұйымынан алатын қарыз, егер қарыз бойынша есеп жоспарланбаса немесе таяу болашақта орын алмайтыны ықтимал болса,В еншілес ұйымына ұйымның таза активтерінің бір бөлігі болар еді.Бұл сондай-ақ,егер А еншілес ұйымының өзі шетелдік бөлімше болса,рас болар еді.Шетелдік қызмет туралы қаржы есептілігін қайта есептеу.Шетелдік қызметтің нəтижелері мен қаржы көрсеткіштері сол шетелдік қызметтің есеп беруші ұйымның қаржы есептілігіне шоғырландыру,пропорциялы шоғырландыру немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу əдісі арқылы қосуға болатындай болуы үшін ұсыну валютасына қайта есептеледі.Шетелдік қызметтің нəтижелері мен қаржы көрсеткіштерін есеп беруші ұйымның нəтижелері мен қаржы көрсеткіштеріне қосу шоғырландырудың топ ішіндегі есеп айырысулар жəне еншілес ұйымның топ ішіндегі операциялары бойынша қалдықтарды шығарып тастау сияқты қабылданған рəсімдеріне сəйкес орындалады,қысқа мерзімдісі де, ұзақ мерзімдісі де,топ ішіндегі тиісті міндеттемеге (немесе активке) қарсы валюталық бағам ауытқулары нəтижелерінің қаржы есептілігінде көрсетпестен шығарып тастауға болмайды.Мұның өзі бұл ақша бабының бір валютаны екіншісіне аудару ниеті болып табылатынынын,ал валюта бағамдарының ауытқуы есебінен есеп беруші ұйымға пайда немесе шығын келтіретінінің салдары болып табылады.Тиісінше,есеп беруші ұйымның қаржы есептілігінде ондай бағам айырмашылығы бұрынғысынша кірісте немесе шығыста мойындалады,не,егер ол 32-тармақта сипатталған жағдайлардан пайда болса,ол шетелдік капитал шығарылғанға дейін капитал ретінде жіктеледі.Шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болған кез келген гудвилл жəне сол шетелдік қызметті сатып алу кезінде пайда болатын активтер мен міндеттемелердің əділ құнына енгізілетін түзетулер оның активтері мен міндеттемелері ретінде есепке алынуға тиіс.Тиісінше,олар сол шетелдік қызметтің қолданыстағы валютасында білдірілуге жəне 39, 42-тармақтарға сəйкес жабу бағамы бойынша қайта есептелуге тиіс.Шетелдік құрылымдық бөлімшенің шығарылуы немесе жартылай жабылуы.Шетелдік қызмет шығарылған кезде бағам айырмашылықтарының осы шетелдік қызметке қатысты капиталдың жеке компонентінде кейінге қалдырылған сомасы шығып қалудан келетін пайда немесе шығын деп мойындалатын сол кезеңдегі кірісте немесе шығыста мойындалуға тиіс.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрастыру тәртібі.1)Шоғырландырылған қаржылык есеп-бұл бір ұйымның қаржылық есебі ретінде ұсынған топтың қаржылық есебі.Егер де инвестор үлесі 50%дан асатын болса, ол бақылау орнатады және аналық компанияға айналады, инвестицияларды есепке алу үшін шоғырландыру әдісі пайда болады.Бақылау дегеніміз-басқару.Айтарлықтай әсер ету дегеніміз-шешім қабылдауға қатысу.Аналық компания-бір немесе бірнеше еншілес компаниясы болатын ұйым.Еншілес компания-басқа компанияның бақылауында болатын компания.Топ-барлық еншілес компанияларды қоса алғандағы аналық компания.Арнайы мақсаттағы ұйым-бұл корпорация, серіктестік, траст нысанында құрылған арнайы бір мақсаттарды орындауға арналған ұйым.Шоғырландырылған қаржылық есепті құрастыру 27 ҚЕХС «Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есеп» бойынша жүргізіледі.2)Аналық компания өзінің барлық еншілес компанияларын шоғырланыруы керек.Шоғырландырылған қаржылық есепте 12 ай ішінде сату мақсатында сатып алынған жәнеұсталып отырған еншілес компаниялардан басқа барлық еншілес компаниялар қосылады.Шоғырландырылған қаржылық есепті құрастыру үшін аналық компания барлық дауыс беруші акциялардың жартысынан көбіне ие болуы тиіс.Сол сияқты, аналық компания үлесі 50%дан аз болатын болса, келесідей жағдай ларда бақылау орната алады:-басқа инвесторларме келісу арқылы 50%н артық үлеске қол жеткізсе;-еншілес компаниялардың қаржылық және операциондық саясатын жарғы немесе келісім бойынша реттесе;-директорлар кеңесінің басым бөлігін тағайындау ненмесе орнынан алу құзыры болса;-директорлар кенңесінде көп дауысқа ие болу құқығы болса.Аналық компания келесі жағдайларда шоғырландырылған қаржылық есеп ұсынбайды:-аналық компания басқа ұйым меншігінде болса, және олар қарсы болмаса;-аналық компанияның борыштық және үлестік құралдары құнды қағаз нарығында айналысқа түспесе;-аналық компания кез келген қаржылық құралдарды шығару мақсатында тіркелу сәтінде болмаса;-аналық компанияның үстіндегі аналық компания шоғырландырылған қаржылық есептілік ұсынатын болса;
Шоттар және екі жақты жазу.Бухгалтерлік есептің шоттары біртектес шаруашылық операцияларын топтастыруға және ағымдағы есебін жүргізуге арналған.Қорлардың әрбір түрі мен олардың көздерне жеке шот ашылады.Екіжақты жазу – шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеудің әдісі.Бұл әдістің мәні - әрбір шаруашылық операциясы екі рет тең сомамен бір шоттың дебетінде және басқа шоттың кредитінде жазылады.Бухгалтерлік жазба шаруашылық операциялар сомаларын дебиттік және кредиттік көрсетілуі шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларда көрсетіледі.Бухгалтерлік жазба қарапайым және күрделі деп бөлінеді: 1 шоттың дебеті 2 шоттың кредитімен корреспонденцияланатын болса, мұндай жазу қарапайым деп атайды.Мысалы:Дт 3350 Кт 1010 Кассадан еңбек ақы берілді.1 шоттың дебеті 2 не одан да көп шоттардың кредиті мен корреспонденцияланатын болса, 1 шоттың кредиті 2 не одан да көп шоттың дебеті мен корресподенцияланатын жазу күрделі жазу деп атайды.Жабдықтаушылардан 7000 тг. материалдар 5000 тг. қосалқы бөлшектер келіп түсті.Бұл егер нәтижесінде материалдар 7000 тг. көбейді, қосалқы бөлшектер 5000 тг. көбейеді.,ал жабдықтаушы алдындағы қарыз 12000 көбейеді.Дт 1310 7000 т.Дт 1350 5000 т. Дт 3310 12000 т.Дт 1310 Кт 3310 = 7000.Дт 1350 Кт 3310 = 5000.Күрделі жазбаны бірнеше қарапайым жазбамен жазуға болады.
Шығарылған капитал есебі.Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады.Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады.Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек.Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн.Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi.Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.
Шығарылған қаржылық құралдардың есебі.Қаржы құралы – бірдей уақытта бір ұйымда қаржы активі пайда болып және екіншісінде қаржы міндеттемесі немесе үлестік құрал пайда болатын кез келген келісімшарт.Қаржы құралдарына базистік құралдар сияқты (мысалы, дебиторлық және кредиторлық қарыздар және акциялар) туынды қаржы құралдары (мысалы, қаржы опциондары, фьючерстік және форвардтық келісімдер, пайыз және валюта своптары) да жатады.Туынды қаржы құралдары қаржы құралының анықтамасына жауап береді, және тиісінше осы Стандарттың қолданылуы аясында болады.Туынды қаржы құралдары нәтижесінде базистік қаржы құралындағы бір немесе бірнеше қаржы тәуекелдіктерін бір тараптан келісімшарт бойынша екінші тарапқа жіберу жүзеге асырылатын құқықтарды және міндеттемелерді туындатады.Келісімшарт жасасқан кезде туынды қаржы құралдары бір тарапқа қаржы активтерін екінші тараппен әлеуетті тиімді келісімшарттармен, немесе оған қаржы активтерін басқа тараппен әлеуетті тиімсіз келісімшарттарда келісімшарт міндеттемесін жүктейді, келісімшарт құқығын береді.Шынына келсек, жалпыға ортақ жағдайда келісімшарттың қолданылу мерзімінің басында негізгі қаржы құралын беруге әкеліп соқтырмайды, сонымен бірге келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі басталған кезде де мұндай беру міндетті түрде орын алмайды.Кейбір құралдардың айырбасты жүзеге асыру бойынша құқықпен қатар міндеттемесі де бар.Айырбас талаптары туынды құралдарды шығару кезінде анықталатындықтан, бұл талаптар қаржы нарықтарындағы бағаның өзгеруіне қарай не тиімді, не тиімсіз болуы мүмкін.Туынды қаржы құралдарының көптеген басқа түрлері болашақтағы айырбастау, оның ішінде пайыздық және валюталық своптар, кэп, коллар және пайыз мөлшерлемесіне флор тәрізді келісім-келісімшарттар, қарыздар бойынша міндеттемелер, еуроноттар мен аккредитивтерді шығару бағдарламасын жүргізуге құқықтары немесе міндеттемелері болады.Пайыздық своп келісімшарты оның талаптары бойынша тараптар біреуі өзгермелі, екіншісі белгіленген пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып есептелетін ақша сомаларын болашақта айырбастау сериясын жүргізуге келісетін форвардтық келісім-келісімшарттың түрлері ретінде қаралуы мүмкін.Фьючерстік келісім-келісімшарттар осы келісім-келісімшарттардың стандарттық нысаны болатыны және биржада айналатыны сияқты басты айырмашылықтарымен форвардтық келісім-келісімшарттың басқа түрлерін білдіреді.