Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГОС karjiliik esep.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
208.27 Кб
Скачать

Тттттттт

Тауарларды сатудан түскен кірісті тану.Тауарларды сатудан түскен табыс келесі талаптар қанағаттандырылғаннан кейін танылуы тиіс:(а) ұйым сатып алушыға тауарларды иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерді және сыйақыларды аударғанда;(b) ұйымның әдетте иелену құқығымен байланысты қауымдасатын және сатылған тауарларды бақыламайтын дәрежеде басқаруға қатыспағанда;(с) табыс сомасы сенімді өлшенгенде;(d) ұйымға операциямен байланысты экономикалық тиімділіктің пайда болуы ықтимал болып табылғанда; және (е) операциямен байланысты кеткен немесе күтілетін шығындар сенімді өлшенуі мүмкін болғанда.Ұйымның сатып алушыға иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерін және сыйақыларын аудару кезеңін бағалау мәміленің шарттарымен танысуын талап етеді.Көптеген жағдайда иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерді және сыйақыларды аудару сатып алушыға меншік құқығын берумен немесе меншікті берумен сәйкес келеді.Бұл көбіне бөлшек саудада болады.Иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерді және сыйақыларды аударумен байланысты басқа жағдайларда бір уақытта сатып алушыға меншік құқығын немесе меншікті берумен сәйкес келмейді.Егер ұйым иеленудің елеулі тәуекелдіктерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылмайды және ол бойынша табыс танылмайды.Егер ұйым иеленумен байланысты елеусіз тәуекелдіктерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылады және ол бойынша табыс танылады.Мысалы, сатушы оған тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз ету үшін өзіне меншік құқығын қалдыруы мүмкін.Осындай жағдайда егер ұйым иеленумен байланысты елеулі тәуекелдіктерін және сыйақыларын аударса, мәміле сату болып табылады және табыс танылады.Иеленудің елеусіз тәуекелдігін сақтайтын ұйымның тағы бір мысалы ретінде, клиенттің сатып алғанына қанағаттанбаған жағдайда, ақшаның қайтарылуына кепіл болатын бөлшек сауда дүкені бола алады.Егер сатушы болашақ қайтарымдарды сенімді бағалай алса және алдыңғы тәжірибе мен басқа да елеулі факторлар негізінде қайтару бойынша міндеттемені өзіне алса, мұндай жағдайларда табыс сату кезінде танылады.Табыс ұйымға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынының пайда болуы ықтимал болған жағдайда ғана танылады.Кейбір жағдайларда қарама-қарсы ұсыныс алмағанға дейін немесе барлық белгісіздіктер анықталмайынша ол ықтимал бола алмайды.Мұндай белгісіздік, мысалы, осы шетел мемлекетінде жүзеге асырылған сату бойынша тиісті қарама-қарсы ұсыныстарды жіберуге шетел мемлекеттерінің органдары рұқсат беруіне қатысты болуы мүмкін.Рұқсат берілгеннен кейін белгісіздік жойылады және табыс тиісінше танылады.Алайда табысқа қосылып кеткен соманы инкассациялау туралы белгісіздік пайда болған кезде соңына дейін алынбаған сома, немесе алынуы ықтимал болған сома басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.Бір мәмілеге немесе басқа жағдайға қатысты табыстар және шығыстар бір кезеңде танылады; бұл процесс әдетте табыс және шығыстың сәйкестігі деп аталады.Егер табыстың танылуы үшін керекті басқа талаптар орындалса, шығыстар, соның ішінде кепілдік міндеттемелері және тауарларды тиеп жөнелтуден кейін пайда болған басқа шығындар сенімді бағалануы мүмкін.Алайда шығындардың сенімді бағаланбауы жағдайында табыс таныла алмайды, мұндай жағдайда тауарды сатқаннан кейін алынған кез келген қарама-қарсы ұсыну міндеттеме ретінде танылады( ХҚЕС 18).

Тоқтатылған қызмет:тану,бағалау,есептілікте бейнелеу.Инвестор қауымдасқан кәсіпорындардағы инвестициясына қатысты нақты шығындар бойынша үлестік қатысу әдісі бойынша мұндай қауымдасқан кәсіпорындардың пайдалар немесе шығындардағы өзінің үлесі туралы ақпаратты жеке және мұндай қауымдасқан кәсіпорындардың тоқтатылған қызметтің кез-келген түрлеріндегі өзінің үлесі туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.5 IFRS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының мақсаты сатуға арналған активтерді есепке алуды анықтау және тоқтатылған қызмет туралы ақпаратты ұсыну әрі ашып көрсету болып табылады.Атап айтқанда, осы Стандарт:(а) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтердің ең аз баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен өлшенуін және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын; және (b) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын активтерді баланстың өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді.Кәсіпорын компонентіне операциялық жағынан және қаржы есептілігінің мақсаттары үшін кәсіпорынның басқа бөлігінен айқын оңашаланған болуы мүмкін ақша қаражатының қызметі мен ағындары кіреді.Басқаша айтқанда, кәсіпорын компоненті ол пайдалануға арналып тұрған кезде ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе бірліктер тобы болуға тиіс.Тоқтатылған қызмет кәсіпорынның не шығарылып кеткен, не сатуға арналған ретінде жіктелетін компоненті болып табылады, және (а) жеке маңызды қызмет түрі немесе операциялар жүргізудің географиялық ауданы болып табылады;(b) жеке маңызды қызмет түрінің үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып табылады;(с) тек кейіннен сату мақсатында сатып алынған еншілес кәсіпорын болып табылады.Кәсіпорын мыналарды:(а) пайда және залал туралы есептің өзінде бір соманы ашып көрсетуге тиіс, ол мыналардан:(і) тоқтатылған қызметтен салықтардан кейінгі пайдадан немесе залалдан;(іі) сату шығындары шегеріліп, әділ құнға дейін өлшеген кезде немесе тоқтатылған қызмет болып табылатын активтер немесе шығаруға арналған топ(тар) шығарылған кезде танылған салықтардан кейінгі пайдадан немесе залалдан тұрады;(b) (а) тармағында көрсетілген соманы мыналардан:(і) тоқтатылған қызметтен салықтарға дейін түсімнен, шығыстардан және пайдадан немесе залалдан;(іі) 12 IAS Халықаралық стандартының 81(һ)-параграфында талап етілген пайдаға салынатын салық бойынша тиісті шығыстардан;(ііі) сату шығындары шегеріліп, әділ құнға дейін өлшеген кезде немесе тоқтатылған қызмет болып табылатын активтер немесе шығаруға арналған топ(тар) шығарылған кезде танылған пайдадан немесе залалдан; және (iv) 12 IAS Халықаралық стандартының 81(һ)-параграфында талап етілген пайдаға салынатын салық бойынша тиісті шығыстардан құрайтындарды ашып көрсетуі тиіс.Құрамдастар жөніндегі талдауды ескертулерде немесе пайда және залал туралы есептің өзінде көрсетуге болады.Егер ол пайда және залал туралы есептің өзінде көрсетілген болса, онда тоқтатылған қызметке жатқызылған болып сәйкестендірілген бөлігінде, яғни жалғастырылып отырған қызметтен бөлек көрсетілуге тиіс.Еншілес кәсіпорындар таяуда ғана сатып алған, сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлеріне жауап берген шығаруға арналған топтарды талдаудың қажеті жоқ.(с)операциялық және инвестициялық қызметке, сондай-ақ тоқтатылған қызметті қаржыландыру бойынша қызметке жатқызылатын ақша қаражатының таза ағындарын ашып көрсетуі тиіс.Осылайша ашып көрсету сатып алған кезде сатуға арналған ретіндегі жіктеу критерийлеріне жауап беретін еншілес кәсіпорындар таяуда сатып алған шығаруға арналған топтар үшін талап етілмейді.(d)бас ұйымның иелеріне жатқызылатын жалғасушы операциялардан және қызметі тоқтатылған операциялардан түсетін табыс мөлшері.Бұл ашып көрсетілетін ақпараттарды ескертпелерде немесе толық табыс жөніндегі есептілікте ұсынуға болады.

Түсім:тану және өлшеу.ХҚЕС 18 Осы бухгалтерлік стандарт мынадай операциялар мен жағдайлардан пайда болатын табысты есептеуде қолданылуы керек:тауарларды сатудан; қызметтер көрсетуден; және пайыздар нәтижесінде, лицензияланған төлемдер және дивидендтер алынатын ұйым активтерін басқа жақтардың пайдалануынан.Табыс - ұйымның әдеттегі қызметі барысында, акционерлердің жарналары есебінен болатын капитал ұлғаюларына әкелетін кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.Тауарларға ұйымның сату үшін шығарған, немесе қайта сату үшін сатып алған өнімі кіреді, оның ішінде, бөлшек саудамен айналысатын саудагердің қайта сату үшін сатып алған тауарлары немесе жер және басқа да мүлік жатады.Қызмет көрсетуге ұйымның белгілі бір мерзім ішінде келісімшартта бекітілген міндеттерін атқаруы кіреді.Қызметтер бір кез немесе одан да көп кезеңдерді қамтуы мүмкін.Қызмет көрсетуге арналған кейбір шарттар құрылыс шарттарымен тікелей байланысты, мысалы, жоба жетекшілері және архитекторларға қызмет көрсетуге арналған шарттар.Бұл келісімшарттардан келетін табыс осы Стандартта қарастырылмайды, бірақ Құрылысқа жасалған келісімшарты ҚЕХС-мен (IAS) белгіленген құрылысқа жасалған келісімшарттарының талаптарына сәйкес көрініс табады.Ұйым активтерін басқа ұйымдардың пайдалануы табыстың мынадай нысандарда пайда болуына әкеліп соқтырады:пайыздар - ақша қаражатын немесе оның баламаларын немесе ұйымға тиесілі соманы пайдаланғаны үшін төлемдер;роялтилер - ұйымның ұзақ мерзімді активтерін, мысалы, патенттерді, тауар белгілерін, авторлық құқықтарды және компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланғаны үшін төлемдер; және дивидендтер - пайданы акционерлік капиталды иеленушілер арасында олардың белгілі бір сыныптың капитал түріне қатысуына қарай теңбе-тең бөлу.Табыс алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсынудың әділ құнымен бағалануы тиіс.Операциядан пайда болатын табыс сомасы, әдетте, ұйым және сатып алушы немесе акцияны пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады.Ол ұйыммен ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе санға жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құны бойынша бағаланады.Көптеген жағдайларда қарама-қарсы ұсыну ақша қаражаты немесе оның баламалары нысанында ұсынылады, ал табыс сомасы - алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының немесе оның баламаларының сомасы болып табылады.Алайда, ақша қаражаттарын немесе оның баламаларының табысын кейінгіге қалдырған жағдайда қарама-қарсы ұсынудың әділ құны алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының номиналды сомасынан азырақ болуы мүмкін.Мысалы, ұйым сатып алушыға пайызсыз кредит ұсынуы мүмкін немесе тауарларды сату кезінде қарама-қарсы ұсыну ретінде одан нарықтағыдан төмен пайыз мөлшерлемесін алуға вексель қабылдай алады.Шарт шын мәнінде қаржылық операция ретінде орын алса, қарама-қарсы ұсынудың әділ құны шартты пайыз мөлшерлемесінің көмегімен барлық болашақ табыстардың дисконттау арқылы анықталады.Пайыздың енгізілген мөлшерлемесі: ұқсас төлем қабілеттілік рейтингі мен эмитенттің бірдей қаржылық құралына арналған басым мөлшерлемеден; не қаржылық құралының номиналдық сомасына дисконт ретінде қолданылуы олардың қаржылық құралдары арқылы төлем жасау кезінде тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағымдағы сату бағасын алуға мүмкіндік беретін пайыздық мөлшерлемеден тұратын нақтырақ анықталатын шама.Тауарлар немесе қызметтер сипаты және көлемі жағынан бірдей тауарлар немесе қызметтерге айырбасталған жағдайда, айырбас табыс пайда болатын операция ретінде қаралмайды.Бұл белгілі бір жерде уақытша негізде сұранысты қанағаттандыру үшін әртүрлі жерлерде жабдықтаушылар қорды ауыстырған кезде май немесе сүт өнімдерінде жиі болады.Ерекшеленетін тауарлар немесе қызметтер тауарлар сатылғанда немесе қызметтер көрсетілгенде айырбасталса, онда айырбас табыс туындататын операция ретінде қарастырылады.Табыс ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына түзетілген алынған тауарлар немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді.Алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны сенімді өлшене алмаған жағдайда, табыс ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына берілген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді.

ҰҰҰҰҰҰҰ

Ұзақ мерзімді активтерді «Сатылу үшін ұсталатын» ретінде жіктеу.Егер ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды) сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс.Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс.Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс.Бұған қоса, 9-параграфпен шешілген жағдайларды қоспағанда, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс.Еншілес ұйымды басқарудан айрылумен бірге жүретін сату жоспарына енгізілген кәсіпорын, кәсіпорын өзінің бұрынғы еншілес ұйымындағы басқарылмайтын пайызын сатылғаннан кейін сақтау-сақтамауына қарамастан, 6-8 тармақтарда баяндалған критерийлер орындалғанда, барлық активтерін және міндеттемелерінсатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.Оқиғалардың немесе жағдайлардың ықпалымен сатуды аяқтау кезеңі бір жылдан асуы мүмкін.Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақыламайтын оқиғалар немесе жағдайлар болып табылса әрі кәсіпорынның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауды жалғастыратыны жеткілікті расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі келтірмейді.Бұл В Қосымшасындағы критерийлер сақталғанда орындалады.

ҮҮҮҮҮҮҮ

Үкімет субсидиясының есебі.Мемлекеттік субсидиялар - ұйымның операциялық қызметіне қатысты белгілі шарттарды өткен кезде жəне болашақта орындауға айырбас ретінде ұйымға ресурстар беру түріндегі мемлекеттік көмек.Мемлекеттік субсидияларға мемлекеттік көмектің негізді түрде бағалауға болмайтын нысандары, сондай-ақ мемлекетпен жасалатын, ұйымның əдеттегі сауда операцияларынан айырмашылығы жоқ операциялар жатпайды.Мемлекеттік субсидиялар, соның ішінде əділ құн бойынша ақшалай емес субсидиялар:(a) ұйым оларға байланысты шарттарды орындалатынында; жəне (b) субсидиялардың алынатынына жеткілікті сенімділік болған кезге дейін танылмауы тиіс.Мемлекеттік субсидия субсидияға байланысты шарттарды ұйымның орындайтынына жəне субсидияның алынатынына жеткілікті сенімділік пайда болатын кезге дейін мойындалмайды.Субсидияның алынуы онымен байланысты шарттардың орындалғанының немесе орындалатынының түпкілікті дəлелі болып табылмайды.Субсидия алу тəсілі субсидия жөнінде қабылданатын есепке алу əдісіне əсер етпейді.Сонымен, субсидия, ақшалай нысанда, немесе мемлекет алдындағы міндеттемені кеміту нысанында алынғанына қарамастан, бірдей ескеріледі.Қаржылық емес активтердің құнсыздануынан алынатын зияндарды тану және орнын толтыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]