
- •24.1965 Ж. Мемлекеттер мен шетелдік тұлғалар арасындағы инвестициялық дауларды реттеу тәртібі туралы Вашингтон Конвенциясын құқықтық талдау.
- •26. Сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша есеп айырысу нысандары (чек, вексель, инкассо, аккредитив).
- •27. Сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •37. Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •38. Қамқоршылық пен қорғаншылықтың коллизиялық мәселелері.
- •39. Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
27. Сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі мен құқықтық табиғаты.
Көптеген мемлекеттердің халықаралық жеке құқықпен реттелетін азаматтық-құқықтық(жеке құқықтық) қатынастарында сыртқы сауда немесе сыртқы экономикалық мәмілелер категориясы маңызды орынға ие. әр мемлекетте “мәміле” түсінігі мен мазмұны әр түрлі анықталады. Қазақстан Республикасы бойынша қазіргі күнге дейін сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі және мазмұнына байланысты көптеген сұрақтар туындайды.Оның бір себебі болып заң жүзінде “сыртқы экономикалық ”мәміле түсінігінің нақты түрде мазмұнының ашылмауы болып табылады.
мәмілелерді екіге бөліп қарастыру арқылы “сыртқы экономикалық қызмет”, “сыртқы экономикалық мәміле”категорияларын қолдану мәміленің жалпы мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақыт жағдайларына сәйкес “сыртқы сауда”, “сыртқы экономикалық мәміле” ұғымының мағынасының кеңеюінің орын алғаны даусыз болып табылады. Әдебиеттер және тәжірибе бойынша, дәстүрлі түрде сыртқы сауда мәмілелері болып субъектілік-объектілік құрамын айқындайтын екі негізгі ерекшеліктерге ие мәмілелер табылды:
1.Шетел субъектісінің болуы;
2.мәміле негізінде көрініс табатын операциялар,яғни экспорттық-импорттық (кең мағынада) сипаты болуы қажет;
ҚР-ның Азаматтық кодексінде сыртқы экономикалық мәміле түсінігі оның нысанына байланысты қолданған. Онда былай көрсетілген: қатысушыларының кем дегенде біреуі Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады. Ресейде де жазбаша нысан туралы ереже көрініс тапқан. Тәжірибе бойынша бұл ережеге қатысты дау көп орын алмаған деп айтуға болады. Бірақ, Ресейде мәміле нысанының жазбаша түріне қатысты мынадай дау орын алған. Ресейлік сауда өкілдігі мен (сатып алушымен) 1996жылы шілде айында шетел мемлекетінде тіркелген фирма (сатушы) арасында тауар жеткізу туралы сыртқы сауда келісімі жасалды. Тараптар мәмілені жазбаша нысанда жасасу кезінде тауар жеткізілімі ИНКОТЕРМС-90 редакциясында көрсетілген СИФ (теңіз тасымалы) талаптары бойынша жүзеге асырылатыны туралы келісті. Осы ретте жеткізу пунктіне дейінгі фрахт және мәмілені сақтандыру бойынша төлем міндеттемелерін сатушыға – шетел фирмасына жүктелген. Бірақ факт бойынша тасымал ФОБ талаптарымен жүзеге асырылды. Себебі сатушы тасымалды сақтандырған жоқ. Жолда тауарға шторм әсерінен теңіз суы тигендіктен,ол бүлінді. Сатып алушы тауарды жарамсыз күйде алғаннан кейін бұл сатушының кінәсі деп білді. Яғни сатушы СИФ-тан ФОБ-қа жеткізілімнің негізгі талаптарын біржақты өзгертті, осының салдарынан, мәміле бойынша міндеттемелер толық жүзеге асырылған жоқ.
Шетел фирмасы шартта екіжақты өзгеріс орын алғанын мәлімдеді. Дәлелдеме ретінде сатушының факс арқылы келісімнің бағасын түсіру туралы офертасын жіберу ұсынылды. Сатып алушы телефон арқылы келіссөздер нәтижесінде бұған өз келісімін білдірді. Телефондық келіссөздер нәтижесінде сатушы ФОБ талаптары негізінде кемені фрахтілеу және мәмілені сақтандырмау мүмкін деп шешті. Ресейлік кәсіпорын мәміленің талаптарын өзгертуге ауызша келісім бермегенін айтты. Сотқа келісімнің талаптарының өзгертілгендігі туралы тараптардың еркін білдіретін, дауды шешетін жазбаша дәлелдемелер ұсынылмады. Осы дауды шешу барысында сот бұл мәмілені сыртқы экономикалық мәмілелер категориясына жатқызды, себебі мәміле қатысушыларының кәсіпорындары әр түрлі мемлекеттерде орналасты.
Ресей Федерациясы Азаматтық кодексі 162-бап, 3 тармақ бойынша, сыртқы экономикалық мәміле жай жазбаша нысанда жасалады. Осыдан тараптардың қатынастарына Ресей Федерациясы үшін 1991 жылы 1 қыркүйекте күшіне енген 1980 жылғы тауарларды халықаралық сатып алу-сату туралы Конвенция қолданылады. Конвенцияда мәміленің нысаны туралы императивті норма бар (12-бап). Осы ереже халықаралық сатып алу-сату шартына да, оның өзгеруіне де таралады (29-бап). Конвенцияның 13-бабына сәйкес жазбаша нысанға электрондық байланыс түрлерінен телеграф және телетайп арқылы хабарламаларды ғана жатқызады. Сонымен, Ресей мемлекетінің фирмасы қатысқан халықаралық сатып алу-сату шарты және оның өзгеруі жазбаша түрде болуы тиіс, ал телефондық байланыс бұған жатқызылмайды. Дауласушы тараптар арасындағы шарт жазбаша нысанда СИФ (ИНКОТЕРМС-90) талаптары негізінде жасалды. Яғни сатушы тауарды СИФ талаптары негізінде жіберуі керек еді. Сатушы факс арқылы сатып алушыға тауарлар тасымалын ФОБ талаптары бойынша жеткізуді ұсынды. Сатып алушы шартты өзгертуге, атап айтқанда, СИФ талаптарынан ФОБ талаптарына өтуге қатысты жазбаша нысанда ешқандай келісім берген жоқ. Яғни, сатушы келісімді өзгертуге ұсыныс жасады, ал сатып алушы бұған жауап бермеді. Нәтижесінде, жеткізілім базисіне қатысты келісімдегі өзгертулер (СИФ-тан ФОБ-қа) жазбаша түрде жүзеге асырылған жоқ. Арбитраж соты халықаралық саудадағы жеткізілім базисіне қатысты іскерлік айналымның дәстүріне негізделген шешімдерді қабылдауға құқылы. Бұл тараптардың іскерлік айналым дәстүрін қолдану немесе сыртқы сауда тасымалының базистік талаптары жөніндегі келісімді өзгерту туралы келіскен жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Украина мемлекетінде сыртқы экономикалық мәміленің жазбаша нысанына императивті норма болуымен қатар жеке тұлғалар мен басқа құқық субъектілері арасында жасалатын мәмілелерге қатысты тараптардың қол қою қажеттілігі қадағаланады.
Сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттелді. Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер танылады. Аталған анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.
Олар:
-тараптардың бірі шетел тұлғасы болып табылуы;
-басқа мемлекетте орналасуы керек.
Мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады.Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз сыртқы экономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз.Олар:сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін пайдалану шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты, қарыз немесе өзге де кредит шарты, тапсырма шарты, комиссия шарты, сақтау шарты, сақтандыру шарты, кепілге алу шарты, айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шарттар. Бұл шарттар сыртқы экономиялық мәмілелерді білдіре алады, егер мәміле жасаушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқы экономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты деп айтуға болмайды,олардың қатары өзгеруі мүмкін.
Сыртқы экономикалық мәмілелерді коллизиялық ережелеріне келетін болсақ, халықаралық жеке құқықтың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын және тікелей реттейтін материалдық –құқықтық нормалардан ерекшелігі коллизиялық норма осы қатынасқа байланысты қай мемлекеттің құқығын қолдану керек екендігін көрсетеді.
ҚР АК-нің 1112-бабы тараптардың сыртқы экономикалық мәміледегі құқықтары мен міндеттерін тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына бағынады деп көрсетеді.
Сыртқы экономикалық мәмілеге байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттері бағынатын құқықты анықтау ҚР-ның заңнамасында тараптардың еркіндігі қағидасына негізделеді(lex voluntatis). Бірақ ҚР заңы бойынша шарттардың кейбір түрлеріне қолданатын құқықты тараптардың таңдап алуына жол берілмейді,яғни императивті нормалар бекітілген.Ол ҚР АК-нің
1113-бабының 2 және 3-ші тармақтарында көзделген:
1.Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша,сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерге сол мүлік тұрған елдің құқығы,ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізімге енгізілген мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
2.Бірлескен қызмет және құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдің құқығы құқығы қолданылады.
3.Конкурстық сауда-саттықтың (тендердің,аукционның) орытындылары бойынша немесе биржа орналасқан елдің құқығы қолданылады.
Егер тараптар жасасқан мәлімдеме олардың қай мемлекеттің құқығын қолданатындығы туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа ҚР АК-нің 1113-бабының ережелері қолданылады.Олар:
1)сатып алу-сату шартында-сатушы; 2)сыйға тарту шартында-сыйға тартушы; 3) мүлікті жалға(арендаға)беру шартында жалға беруші; 4)мүлікті тегін пайдалану шартында несие беруші; 5)мердігерлік шартында-мердігер; 6)тасымалдау шартында-тасымалдаушы; 7)көлік экспедициясы шартында-экспедитор; 8)қарыз немесе өзге де кредит шартында-кредит беруші; 9)тапсырма шартында-сенім білдірілген адам; 10)комиссия шартында-комиссионер; 11)сақтау шартында-сақтаушы; 12)сақтандыру шартында-сақтандырушы; 13)тапсырма беру шартында-тапсырма беруші; 14)кепілге салу шартында-кепілге салушы; 15)айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта лицензиар болып табылатын тараптар құрылған,тұратын жері болады.
Азаматтық кодекстің 1113-бабында көрсетілген шарттың 15 түріне байланысты 15түрлі байламдармен қатар азаматтық заңнамада өндірістік әріптестік,құрылыс және басқа да күрделі құрылыстарды жүргізуге байланысты ережелер көрсетілген.Оған сәйкес тараптардың келісімінде өзгеше көрсетілмесе,ондай жағдайда осындай қызметтің жүзеге асырған жер құқығы немесе шарт бойынша нәтиже жасалған жердің құқығы қолданылады. Егер тараптардың қолданылуға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде,мұндай шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы бар,орындалуды жүзеге асыратын тараптар құрылған,тұрғылықты жері немесе қызмет орны болған елдің құқығы қолданылады. Батыс елдерінің, әсіресе, ағылшын-американдық тәжірибеде мәміленің нысанына байланысты шетелдік заңның ережелерінің сипатына байланысты сұрақтар кездеседі. Ол: мәміленің нысаны процессуалдық па, әлде материалдық құқықтық сипатта ма деген сауалдар. Егер құзыретті шетелдік заң шарттың жазбаша жасалып, гербтік салыммен жасалуын талап етсе, онда бұл талаптың сақталмауы ертеңгі күні шарттың дәлелдеме ретінде қолданбай, сот қорғауынан айырылатындығын білдіреді. Бұл жағдайларда Англия мен АҚШ соттары мұны қолданылуға жатпайтын процессуалдық норма деп таниды. Егер де осы талаптарды сақтамау белгілі бір шетел заңнамасы бойынша шарттың жарамсыздығына алып келсе,бұл жағдайда соттар оны эксаумақтық қызмет етуші материалды норма деп түсінік берген. Мұндай түсініктің дұрыс еместігі айқын, егер коллизиялық сауал шетел заңнамасының пайдасына шешілсе, онда қалған барлық заңның құқықтық институттары шетел заңнамасы негізінде ғана қолданылуы мүмкін. Мәмілелердің мәні бойынша жарамдылығына байланысты коллизиялық сұрақтарды шешуде үлкен қиындықтар туындайды. Бұлардың қатарына ерік білдіруді бұзу,заңдылықты және шарттың сол немесе басқа бір шарттарын орындамауды жатқызуға болады.
28.ХЖҚ-тағы мәміле (шарт) нысанының коллизиялық мәселелері.
Халықаралық жеке құқықта ертеден мәміле нысаны мәміле жасалған жердің заңына (locus regit formam actus) бағынады деген ереже қалыптасқан. Мәміле жасау жерінің кездейсоқ сипатының болу мүмкіндігіне орай ХІХ ғасырда мәміле нысанын lex causae – мәміледен туындайтын міндеттемелерді реттейтін мемлекет құқығына бағындыратын ереже қалыптасты. Себебі, мәміле нысаны мәміле мазмұнымен тікелей байланысты. Мысалы, жеңіл сатып алу-сату шарты ауызша нысанда жиі жасалады, ал өндірістік объектінің құрылысына байланысты жалдау шартын ауызша жасау мүмкін емес. Қазіргі кезде мәміле нысанына lex causae-ны қолдану кеңінен таралуда. Бірақ бастапқы мәміле жасалу орнының заңы формуласы альтернативті немесе субсидиарлы байлам ретінде сақталып қалды. Мысалы, Швейцарияның халықаралық жеке құқық туралы 1987 жылғы заңында бұл екі ереже ықшам құрылған: «Шартқа қолданбалы құқыққа сәйкес немесе шарт жасалған орын құқығына сәйкес жасалған шарт дұрыс нысанда жасалған болып есептеледі» (124-бап, п.1). Көріп отырғанымыздай, екі коллизиялық байлам альтернативті: шарт нысанында ержелердің біреуін ғана сақтау жеткілікті. Кейде сот заңына, яғни меншік құқығына сілтеме жасайтын үшінші коллизиялық байлам да қолданылады. (М, 1979 жылғы халықаралық жеке құқық туралы Венгрия Заңы). Екі мағыналы коллизиялық формуланы (міндеттеме мәнінің құқығы және мәміле жасалған орын заңы) қолдану 1986 жылғы Халықаралық сатып алу-сату шартына қолданылатын құқық туралы Вена конвенциясының 11-бабында бекітілген.
Ал, ҚР құқығында мәмiленiң нысанының коллизиялық мәселері АК 1104-бабының 1-тармағында шешілген. Оған сәйкес: «Мәмiленiң нысаны ол жасалған жердiң құқығына бағынады. Алайда шетелде жасалған мәмiленi, егер Қазақстан Республикасы құқығының талаптары сақталса, нысанның сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды». Көріп отырғанымыздай ҚР АК әдеттегі коллизиялық ережені, мәміле нысаны ол жасалған елдің құқығына сәйкес анықталатынын бекітеді. Яғни, егер мәміле шетелде жасалса, оның нысаны шетел құқығының талаптарына сәйкес болуы тиіс; ал Қазақстанда жасалған мәміле нысаны отандық құқыққа сай болуы керек. Сонымен қатар, субсидиарлы байлам бекітілген: шетелде жасалған мәміле нысанының ҚР құқығына сай жасалуы жеткілікті.
Аталмыш баптың екінші тармақшасы тараптарының бірі ҚР азаматы не заңды тұлғасы болып табылатын сыртқы экономикалық мәмілелерге қолданылады: «Қатысушыларының кем дегенде бiреуi Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады». Бұл тармақшадан негізгі коллизиялық байламнан алынуды (ерекшелікті) көре аламыз: сыртқы экономикалық мәміленің нысаны, оның қай жерде жасалғандығына қарамастан ҚР құқығына бағынады. Бұл ереже қолданылуы үшін сыртқы экономикалық мәміле субъектілік құрам талабына сай болуы тиіс. Қарастырылып отырған коллизиялық нормада екі нұсқа көзделген: тараптардың бірі ҚР заңды тұлғасы болуы керек немесе ҚР жеке тұлғасы болуы тиіс.
Негізгі коллизиялық байламнан екінші алыну қозғалмайтын мүлікке байланысты. Ол ҚР АК 1104-бабының үшінші тармақшасында бекітілген: «Қозғалмайтын мүлiкке қатысты мәмiленiң нысаны - осы мүлік орналасқан жердегі елдің құқығына, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзілімге енгiзiлген қозғалмайтын мүлiкке қатысты болса, Қазақстан Республикасының құқығына бағынады». Мәміле нысанын оның жасалған орнына бағындыратын әдеттегі байлам бұл жерде заттық құқықпен алмастырылып тұр, яғни зат орналасқан елдің құқығына сілтеме жасалған. Мұндағы тағы бір коллизиялық ереже ол: ҚР мемлекеттік тізілімге енгізілген қозғалмайтын мүлікке қатысты мәміле нысаны ҚР құқығына бағынады.
29.ХЖҚ-тағы шарттық міндеттемелердің коллизиялық мәселері. Шартқа қолданбалы құқық. Шарттық міндеттемелерді реттейтін нормалар азаматтық құқықта да, халықаралық жеке құқықта да өте маңызды болып табылады. Бұл нормалардың көмегімен шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық қатынастар реттеледі: халықаралық сатып алу-сату, мүлікті жаға беру, шетелде өндірістік және өзге де объектілерді құру, халықаралық жүк, жолаушы, теңдеме жүк тасымалы, халықаралық есеп айырысу және несиелеу, шетелдік ғылыми, әдеби шығармаларды пайдалану және т.б.
Халықаралық жеке құқық доктринасы мен нормаларында шарттық міндеттемені білдіретін екі термин қолданылады: мәміле және шарт. «Мәміле» және «шарт» мағынасы әр түрлі, бірақ өте тығыз байланысты терминдер, себебі шарт мәміленің бір түрі болып табылады. Мәміле біржақты, екіжақты және көпжақты болуы мүмкін екені белгілі, соңғы екі жағдайда (екіжақты, көпжақты) мәміле шарт деп аталады.
ҚР АК 1112-бабында шарт тараптарының келiсiмiмен қолданбалы құқықты таңдау көзделген. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсiмiмен таңдалған елдiң құқығымен реттеледi (lex voluntatis). Тараптардың қолданылуға тиiстi құқықты таңдау туралы келiсiмi айқын көрсетiлуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын iстiң мән-жайларының ережелерiнен тiкелей туындауға тиiс (ойдағы таңдау құқығы). Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдай алады (Depeçage). Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезiнде де, одан кейiн де таңдап алуы мүмкiн. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады (өзгерту мүмкіндігі).
Шарт тараптарының қолдануға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде ол шартқа:
1) сатып алу-сату шартында - сатушы;
2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;
3) мүлiктi жалға (арендаға) беру шартында - арендаға берушi немесе жалға берушi;
4) мүлiктi тегiн пайдалану шартында - несие берушi;
5) мердiгерлiк шартында - мердiгер;
6) тасымалдау шартында - тасымалдаушы;
7) көлiк экспедициясы шартында - экспедитор;
8) қарыз немесе өзге де кредит шартында - кредит берушi;
9) тапсырма шартында - сенiм бiлдiрiлген адам;
10) комиссияның шартында - комиссионер;
11) сақтау шартында - сақтаушы;
12) сақтандыру шартында - сақтандырушы;
13) тапсырма беру шартында - тапсырма берушi;
14) кепiлге салу шартында - кепiлге салушы;
15) айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жерi немесе негiзгi қызмет орны бар елдiң құқығы қолданылады.
Бiрлескен қызмет және құрылыс мердiгерлiгi туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдiң құқығы; конкурстық сауда-саттықтың (тендердiң, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржада жасалған шартқа конкурстық сауда-саттық өткiзiлген немесе биржа орналасқан елдiң құқығы қолданылады.
Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, сондай-ақ мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттемелерге сол мүлiк тұрған елдiң құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiкке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
Тараптардың қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар орындауды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда шарт мейлiнше тығыз байланысты елдiң құқығы қолданылады.
30.ХЖҚ-тағы тараптар еркінің автономиясы құқықтық қағида мен коллизиялық норма ретінде. Көптеген елдердің коллизиялық құқығы шетел элементімен күрделенген азаматтық-құқықтық шарт тараптарына және халықаралық коммерциялық шарт тараптарына олардың шарттық міндеттемелеріне қолданылатын құқықты таңдауға мүмкіндік береді. Тараптардың таңдау құқығы жалпымен танылған тараптар еркінің автономиясы қағидасының көрінісі болып табылады. Тараптар автономиясы тараптардың қалауымен заңмен орнатылған шекте шарт мазмұнын, оның талаптарын анықтау мүмкіндігін; шарт шетел элементімен күрделенген жағдайда қолданбалы құқықты таңдау мүмкіндігін қамтиды. Соңғы жағдайда тараптар еркіндігі коллизиялық қағида болып табылады.
Тараптар еркіндігі коллизиялық байлам формуласы ретінде — lex voluntatis көптеген елдердің заңнамасында өз орнын тапты (Австрия, Венгрия, Венесуэла, Германия, Польша, Турция, Швейцарияның халықаралық жеке құқық туралы заңдары, 1999 жылғы Қытай шарттары туралы Заң, 1995 жылғы Вьетнам АК). Мысалы, Швейцарияның халықаралық жеке құқық туралы заңында «шарт тараптардың таңдаған құқығына бағынады» делінген. Бұл тараптар нақтылы шарттық міндеттемені реттейтін кез келген мемлекеттің құқығын таңдай алатындығын білдіреді. Егер тараптар еркіндігі коллизиялық қағидасы қандай да бір мемлекеттің ішкі құқығында бекітілмеген күннің өзінде ол тәжірибе жүзінде халықаралық-құқықтық әдет-ғұрып ретінде қалыптасқан құқық нормасы түрінде қолданылады.
Мұндай құқық таңдау әдісі тек жеке құқықтық қатынастардың бір тобында ғанағяғни шарттық міндеттемелерге қатысты ғана қолданылады. Бұл байлам ХІХғ аяғында ғана пайда болғанымен де, қазіргі уақытта көпшілікпен танылған болып саналады. Ұлттық коллизиялық құқық та да, халықаралық шарттармен де ол, шарттық міндеттемелер саласындағы коллизиялық мәселелерді шешуде шешуші болып табылады. ҚР-да ол АК-1112-бабында көрініс тапқан. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсiмiмен таңдалған елдiң құқығымен реттеледi. Тараптардың қолданылуға тиiстi құқықты таңдау туралы келiсiмi айқын көрсетiлуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын iстiң мән-жайларының ережелерiнен тiкелей туындауға тиiс. Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдай алады. Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезiнде де, одан кейiн де таңдап алуы мүмкiн. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады.
Құқық таңдау әдісі ретінде тараптар еркіндігі көптеген халықаралық шарттарда көрініс тапқан. Олардың ішінде: 1928 ж Бустаманте Кодексі, 1955 жылғы тауарларды халықаралық сатып алу-сатуға қолданбалы құқық туралы Гаага конвенциясы, 1978 жылғы агенттік келісімдерге қолданбалы құқық туралы Гаага конвенциясы, 1980 жылғы шарттық міндеттемелерге қолданбалы құқық туралы Рим конвенциясы, 1986 жылғы тауарларды халықаралық сатып алу-сату шарттарына қолданбалы құқық туралы Гаага конвенциясы, 1994 жылғы халықаралық келісім-шарттарға қолданбалы құқық туралы Америкааралық конвенция.
Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың еркінің автономиясы – кез-келген ішкімемлекеттік жеке құқықтық жүйенің фундаментальді және негізін салушы қағида ретінде де түсінуге болады. Еркінің автономиясы түсінігінің мазмұнын қатысушылардың кез-келген құқықтық қатынастарға, оның заңмен реттелген, реттелмегеніне қарамастан, қатысу қатыспауын өздері шешетіндігімен түсіндіруге болады. Яғни оларға бұл жөнінен еркіндік беріледі. Халықаралық жеке құқықта тараптардың еркінің автономиясы жоғарыда айтылып өткендей екі түрлі нысанда кездеседі.
31. ИНКОТЕРМС сауда терминдеріне түсінік беру ережелерінің жалпы мазмұны. ИНКОТЕРМС ағылшын сөзінің International commerce terms деген қысқарған сөзінен шыққан. Яғни сауданың «халықаралық шарты» мағынасын береді. ИНКОТЕРМС ережелері күнделікті сауданың тілі деп те атайды. Оларды әлемнің барлық мемлекеттері тауарды сатып алу-сату шарттарына қосты және оны басшылыққа алады. ИНКОТЕРМС-тың мақсаты - сыртқы сауда-саттықтағы жиі кездесетін халықаралық ережелерді біріктіріп талқылау болып табылады. Бұл бейресми кодификацияланған құжаттың бір түрі болып есептеледі. ИНКОТЕРМС-те көрсетілген терминдер сауда қатынасындағы тараптардың арасында сатып алу-сату шартына, яғни қатысушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты негізделеді. Осы шартта көрсетілген тараптардың нақты қандай құқықтары мен міндеттері бар екендегіне қатысты үш топқа бөлуге болады:
Тауарды тасымалдауға байланысты, сонымен қатар тасымалдау кезінде қосымша шығындарды өтеуді есептегенде тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тауарды бір мемлекет территориясынан шығару (экспорт), бір мемлекет территориясына кіргізу (импорт), үшінші мемлекет территориясы арқылы өтуге қатысты барлық кедендік алымдар және басқа да міндетті төлемдерді төлеуді қоса алғанда, тараптардың кедендік рәсімдерді жасау кезіндегі құқықтары мен міндеттері;
Қайтыс болу (жоғалу) немесе бүлдіріп алу жағдайында сатушының сатып алушыға тәуекелдің ауысу кезеңі;
1919 (кейбір әдебиеттерде 1920 жылы құрылған деп беріледі) жылы Парижде (штаб-пәтері) құрылған үкіметаралық емес ұйым Халықаралық сауда палатасы ИНКОТЕРМС 1936 атты сауда терминдерін талқылау мақсатында халықаралық ережені 1936 жылы басып шығарды. Халықаралық сауда тәжірибесіне сәйкес 1953, 1967, 1976, 1980, 1990, 2000 және соңғысы 2010 жылдары (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыла бастайды) бұл халықаралық ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 1990 жылы өзгерістердің енгізілген себебі компьютерлік құрал-жабдықтарды пайдалану (ЕDI) арқылы ИНКОТЕРМС қолдану. ИНКОТЕРМС-тің талаптарын қарастыратын болсақ, барлық терминдер төрт сыныпқа бөлінді. Сатушы сатып алушыға тауарды өзінің қоймасында тұрған кезінен бастап немесе «Е» тобы деп аталады (терминдері - "Е" - Е term - ЕХ works), екінші сыныпта сатушы сатып алушыға тиесілі тауарды жеткізу үшін міндетті тасымалдаушыға беру сәті немесе «F» тобы (терминдері - F - FСА, FАS and FОВ), үшінші сыныпқа сатушы тасымалдау шартын жасасу міндеті алайда бұл міндеттемеде сатушы жоғалу және бүліну және қосымша шығындар тәуекелін жауап бермейді немесе «C» тобы деп аталады (терминдері - С - CFR, CIF & CIP), төртінші сынып сатушы сатып алушы тауарды қабылдап алғанға дейін барлық тәуекелдерді және шығындарды өз міндетіне алады немесе «D» тобы деп аталады (терминдері - DАF, DES, DEQ, DDU & DDP). Одан кейін осы ережелердің түрлерін жеке жеке көрсетіліп кетеді. Терминдерге қатысты сатушының міндеттері ашып көрсетілген. Бар жоғы 13 термин болды, бірақ әр бір жаңа редакцияларда олар көбейіп және азайып отырады. Осы ережелердің бәрі ИНКОТЕРМС 2000-да көрініс тапқан. ИНКОТЕРМС 2010-да өзгерістер енгізілген. ИНКОТЕРМС 2000 пайдаланылған кезде және тараптар арасында қарама-қайшылықтар болмас үшін осы терминдердің мазмұнын толықтай ашып көрсетті. Жоғарыда аталып кеткен топтарда сатушының бірінші сыныпқа қатысты міндеттері «минималды», ал соңғы сыныбында «максималды» сипатында беріледі. Мемлекет ИНКОТЕРМС ержелерін және басқа да құжаттарды заңи норма ретінде тануы мүмкін, танылған жағдайда тараптардың еркіне қарамастан қолданыла береді. Мысалы, Украинада 1990 жылдың 4 желтоқсанында Президент Жарлығы шыққан. Онда кәсіпкерлік қызмет айналысатын барлық субъектілер шарт және сыртқыэкономикалық мәміле жасасатын кезде ИНКОТЕРМС 1990 ережелерін сақтауға міндетті. Яғни, бұл ережелер заңи нормаға айналды. Бұл ИНКОТЕРМС қазақстан және украина азаматының арасында сыртқыэкономикалық мәміле жасасқан кезде міндетті норма болып есептеле ма деген сұрақ туындайды. Егер тараптар өзара келіспесе, жоқ есептелмейді. Егер тараптар шарттық қатынаста украина құқығын таңдайтын болса, онда олар үшін украина заңдары және ИНКОТЕРМС ережелері міндетті болып табылады. ИНКОТЕРМС 2010. Бұл сатып алу-сату шартының тараптарының құқықтары мен міндеттеріне қатысты қаралатын ИНКОТЕРМС осы уақытқа дейінгі қабылданған ережелердің ішіндегі соңғы редакциясы, яғни 8-ші баспа болып табылады. 2011 жылдың 1 қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізіледі. Соңғы редакцияда тауарды (жүкті) қауіпсіздендіру маңыздылығы екенін ескере отырып өзгерістер енгізілді. 13 терминнің орнына 11 термин болады. Өзгерістер көбінесе төртінші «D» тобына енгізілген. Сонымен қатар, ИНКОТЕРМС терминдері тек халықаралық сауда қатынастарына ғана емес, ішкі мемлекеттік сатып алу-сату шартында да қолдануға болады. ИНКОТЕРМС қарастырмайтын мәселелер: Тауарға қатысты жеке меншік құқығын; Шартты бұзу және құқықтық салдарын; Қайтару (орын толтыру) декларациясы; Ақша аудару немесе төлеу әдістерін; Кемістік туралы мәлімдеме туралы мәселелерді реттемейді.
32. Деликттік міндеттемелердің колллизиялық мәселелері. Lex loci delicti анықтау әдістері. Зияк келтіру салдарынан болған міндеттемелер деликт орын алған жердің заңнамасы бойынша реттеледі. Бұл мәселе Австрия, Италия, Греция және т.б мемлекеттер заңнамасы мен Бусмант Кодексінде көрініс тапқан. Көптеген мемлекеттерде ( Франция, Нидерланды, Швейцария) Деликт орын алған жердің заңнамасын қолдану тәжірибеден туындап отыр. Дегенмен, бұл қағиданы қолдану барысында кейбір шектеулер кездесіп жатады. Ол құқықбұзушылық әрекет мемлекет аумағынан тыс, басқа мемлект аумағында жасалса және сол елдің сотына бағынған жағдайда болады. Егер делик орын алған жердің соты деликт әрекеттерін заңға сәйкес деп тапса, онда өз заңына сүйене отырып, сотқа шағым беруге тыйым салынады. Қазіргі таңда көптеген мемлекет заңнамасы мен тәжірибесі негізгі коллизиялық байлам ретінде деликт орын алған жердің заңнамасын, болмаған жағдайда, тараптардың азаматтығы немесе домицилиі, lex flagi т.б қағидаларын қолданады. Англо американдық құқық жүйесіндегі, мыс АҚШ тәжірибесінде, Lex loci delicti қағидасын екінші орынға қоляды, негізгі коллизиялық байлам ретінде деликттік құқық бұзушылықпен неғұрлым «ең ақылға қонымды байланыс» бар елдің құқығы қолданылады. Қай заңды түпкілікті қолдану туралы шешімді сот қабылдайды. Ал батыста, жалпылама құқықты қолдануға жол берілмейтінін ескерер болсақ, ол жақта деликттің жеке түрлеріне бөліп қарастыру көзделген. Деликт орын алған жердің заңын қолдану кейбір қиыншылықтар туындатуы мүмкін. Мысал ретінде 1921ж «Оклахома-Канзас» ісін айтуға болады. Жауапкер - локомативтен шыққан өрт ұшқынынан, Канзас штатына жақын жердегі Оклахамадағы талепкердің фермасы жанып кетеді. Сот деликт орын алған жер ретінде Оклахома штатын таңдайды, себебі зиянның салдары сол жерде көрініс тауып отыр. Зиян келтірген елдің құқығын қолдану туралы қағиданы осы жерде пайдаланар болсақ Канзас штатының заңы қолданылар еді. Шетел социалисттік заңнамаларында,мыс Польшада, деликт орын алған жер ретінде факт орын алған жер саналса, кей жерлерде зиян келтірілген әрекет орын алған жер заңы қолданылады. ҚР зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер жөніндегі құқықтыр мен міндеттер, зиянды өтеу туралы талап ету үшін негіз болған іс әрекет немесе өзге де мән жай орындалған елдің құқығы бойынша анықталады.(1117.1) Басқа да байламдарға(1117.2) lex patrie. Шетелде зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер жөніндегі құқықтар мен міндеттер, егер тараптар бір мемлекттің азаматтары немесе заңды тұлғалары болса, сол мемлекеттің құқығы бойынша анықталады. (1117.3) lex fori. Егер іс әрекет немесе зиянды өтеу туралы талап етуге негіз болған өзге де мән жай ҚР заң актілері бойынша заңсыз болмаса,шетел құқығы қолданылмайды. Осы жерде Германия заңнамасымен салыстырар болсам, ГАЖҚ 338б. Шетелде жасалған рұқсатсыз әрекетке негізделген талаптар неміске герман заңдарымен көрсетілген аспайтын мөлшерде қойыла алады. lex flagi. Вьетнам мемлекеті заңнамасында қолданылады. АК 835.2. Зиян әуе немесе кемесінде келтірілсе, ту иемденген елдің құқығы қолданылады.
33. Бір тарапты мәмілелерден және негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің колиизиялық мәселелері. Бір тарапты мәмілелерден туындайтын міндеттемелерге (марапаттауға жария уәде ету, бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет ету және басқалары) мәмілелер жасалған елдің құқығы қолданылады. Бір жақты мәміле жасау орны ҚР құқығы бойынша анықталады. Бірақ бұл туралы заңның еш жерінде жазылмаған. Негізсіз баюдың салдарынан туындайтын міндеттемелерге баю орын алған елдің құқығы қолданылады. Егер негізсіз баю мүлік сатып алынған немесе сақталған негіздің жойылуы салдарынан туындаса, қолданылатын құқық осы негіз бағындырылған елдің құқығы бойынша анықталады. Негізсіз баю ұғымы ҚР құқығы бойынша анықталады. Халықаралық жеке құқықта бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет ету және негізсіз баю қатынастарында арнайы коллизиялық нормалар қолданылады.Негізінен негізсіз баю талаптары орын алған, тапсырмасыз қызмет жүзеге асу орындалған елдің құқығы қолданылады. Қорғалып отырған мүдделерге қатысты қол сұғушылық жасалған әрекет қол сұғушылық жасалған елдің құқығы бойынша реттеледі. Басқа жағдайлардың балығында, негізсіз баю орын алған мемлекет заңнамасы бойынша анықталады. Бөтен адамның мүддесіне тапсырмасыз қызмет етуге қолданылатын құқыққа екі байлам сәйкес келеді. 1) қызмет ету жүзеге асқан мемлекет заңнамасы бойынша 2) қызметті жүзеге асыру барысында пайда болған талаптарды реттейтін мемлекет заңнамасы бойынша.
34.Неке қиюдың коллизиялық мәселелері. Неке құруды негізінен екі жағынан қарастыруға болады. 1)Неке құрудың формалды түрі- оған жататындар: а) неке діни немесе азаматтық түрде болуы б)Некеге тұруға жеке қатысу в) алдын ала шағым беру г) куәгерлердің міндетті қатысуы д) медициналық қорытынды е) ант берудің міндеттілігі (мұсылман мемлекеттерінде) осы аталған әрекеттердің барлығы неке жасалған елдің құқығы бойынша реттеледі, яғни lex loci celebrations бойынша. 2) Некеге отыру талаптары- оған: а)некеге отыру жасы б)әрекет қабілеттілігінің маңыздылығы в)басқа некеде тұрған тұрмағандығы туралы мәлімет г) бала туу жағдайы д) ата анасының рұқсаты осы алалған әрекеттердің барлығы азаматтардың жеке заңнамасы бойынша реттеледі. Яғни lex personalis бойынша. Неке қию бір мемлекет аумағында орын алғанда «шетелдік элементтің» екі түрі қатысу керек: а) Екеуі де шет мемлекет азаматтары болған жағдайда; б) некеге тұрушылардың біреуі шетел азаматы болған жағдайда коллизиялық мәселелер туындайды. Бұл жағдайда некеге тұруды реттеуге байланысты қолданылатын құқықтық жүйе мен неке құру туралы материалдық шарттар мен формасын назарға алу керек. Неке формасы мен некеге отыру тәртібі, жария құқықтық қатынастарға жататын болғандықтан, әр елдің өзіндік ішкі заңнамасы бойынша реттеледі. ҚР некелер формасы ішкі заңнама бойынша реттеледі.Яғни, 9-бап. Некеге тұру шарттары орындалғанда, Некеге тұру үшiн некеге тұрушы еркек пен әйелдiң өзара ерiктi келiсiмi және олардың неке жасына жетуi қажет. 10 бап. Неке жасы туралы талаптар, Неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленедi. Дәлелдi себептер болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдары неке жасын екi жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуi мүмкiн, орыналған жағдайда некеге отыру жүзеге асады. Ал, 11-бапта араларында неке қиылуына жол берiлмейтiн адамдар тізімі көрсетілген:1) бiреуi болса да басқа тiркелген некеде тұрған адамдардың2) тiкелей ата-тегi бойынша және өзiнен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балалардың, атасының, әжесiнiң және немерелерiнiң), ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек әкесi немесе анасы ортақ ағалы-iнiлер мен апалы-сiңiлiлердiң (аға-қарындастардың);3) асырап алушылар мен асырап алғандардың 4) бiреуiн болса да психикалық ауруының немесе ақыл есi кемдiгiнiң салдарынан сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамдардың арасында жол берiлмейдi. Ал,шетелдіктердің қатысуымен болған некелерде, ҚР аумағында неке қиюдың ережелерi, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттiң азаматы болса, сол мемлекеттiң заңдарымен, 17.12.98ж заңнаманың, 9-11-баптарының неке қиюға кедергi болатын мән-жайлар жөнiндегi талаптарын сақтай отырып белгiленедi. Осы жерде ескерте кететін мәселе, талаптардың қатарынан 9,10 баптағыларды алып тастау керек. Себебі заңның 2бабында еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi, ал біздің заң бойынша бір жыныстылардың заңға сәйкес жасалған некелерін тануымыз керек. Сонымен қатар неке жасы әр мемлекеттің саяси ерекшелігіне байланысты әр түрлі болады (Қытай 25жас) соған қарамастан тануға жатады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде қиылған некенi тануға байланысты, 202-бап бойынша, ҚР аумағынан тыс жерлерде ҚР азаматтарының арасында қиылған некелер және ҚР азаматтары мен шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттiң заңын сақтай отырып жасалса,заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР заңды ден танылады.
35. Некені бұзу және жарамсыз деп танудың коллизиялық мәселелері. Некенің жарамсыздық мәселесі Ресей заңнамасындағы новелла б.т. Ол туралы, ОК 159 бабында, некенің қай жерде тіркелгеніне қарамастан, некеге отыру кезінде қолданылған елдің құқығы бойынша реттеледі. Ал басқа да салдары, халықаралық шарттарда, 1993ж ТМД конвенциясы, екіжақты шарттармен реттеледі.ҚР аумағында немесе ҚР аумағынан тыс жерлерде қиылған некенiң жарамсыздық мәселесі, 203-бап бойынша, Қазақстан аумағынан тыс жерлерде жасалған некенiң жарамсыздығы, Заңның 200, 202- баптарына сәйкес неке қию кезiнде қолданылған заңдармен айқындалады, яғни неке жасалған кездегі құқық бойынша реттеледі. Ал, ҚР аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматтары арасындағы некенің жарамсыздақ мәселелері мүлдем көрсетілмеген. ҚР некенiң бұзылуы. 204-бап бойынша, 1. ҚР азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi, сондай-ақ ҚР аумағында шетелдiктер арасындағы некенi бұзу ҚР заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 2. ҚР аумағынан тыс жерлерде тұратын ҚР азаматы ҚР тыс жерлерде тұратын жұбайымен некенi оның азаматтығына қарамастан ҚР сотында бұзуға құқылы. ҚР сәйкес некенi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзуға жол берiлетiн жағдайда неке ҚР шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы мүмкiн. 3. ҚР тыс жерлерде ҚР азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, ҚР заңды деп танылады. 4. ҚР аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, ҚР заңды деп танылады. Некеге тұру мен некеге отыруды салыстырып қарайтын болсақ, неке бұзу мәселесі оңайырақ шешіледі. Себебі некеге отыру заңнамасы белгілі болса, неке бұзылуы көбінесе сол заңнама негізінде жүзеге асады. Неке бұзу РФ тыс ресей азаматтары арасында немесе шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар арсындағы некелер жарамсыз деп келесі жағдайлар: шетелдік мемлекеттің құзырлы неке бұзу туралы органдарының заңға сәйкес әреті орыналғанда және оны орындату туралы шешім қабылдағанда жүзеге асады. Неке бұзу туралы мәселе әр мемлекет заңнамасында әр түрлі болуы мүмкін, ерлі зайыптылардың біреуінің азаматтығы тиесілі немесе тұрғылықты жері тиесілі мемлекеттің заңнамасы бойынша реттелетін жағдайлар кездеседі. Ресей заңнамасында, шетелде тұратын ресей азаматтарына жұбайының азаматтығының қандай екеніне қарамастан ресей сотына неке бұзу туралы өтініш бере алады. Осы жағдай тәжірибеде территориялық соттылықты таңдауда қиындыққа әкелуі мүмкін. Заң бойынша бұл мәселе шешімін таппаған. Ол үшін азаматтық процесуалдық кодекске территориялық соттылық туралы бап енгізу керек. Шетелдік некені бұзу туралы сот шешімін тану дегеніміз, сол мемлекеттің құзырлы органдарының шешімдерімен заңдылық күші бірдей екенін көрсетеді. Сонымен қатар тәжірибеде неке бұзу туралы шешімнің жүзеге асырылу барысын реттейтін норманың жоқтығы, оның аса қажет еместігін көрсетеді. 1993ж ТМД елдерінің конвенциясының, 52 бабында неке бұу туралы шешім келесі шарттарды орындағанда ғана жарамды деп саналады: а) сұрату жіберіп отырған заң органдарының неке бұзу туралы шешім шығармағанына көз жеткізген жағдайда.б) конвенция нормалары, неке бұзу туралы іс бойынша шешім шығарылу тиіс мемлекет заңнамасы бойынша сол мемлекеттің заң органдарының жүзеге асыруға тиіс ең соңғы шарасы болып табылмаған жағдайда қолданылады.
36. Отбасы мүшелерінің (ерлі-зайыптылардың, ата-ана мен балалар) мүліктік және мүліктік емес қатынастардың коллизиялық мәселелері. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi, заңнаманың 205-бабында айтылған, Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi аумағында екеуiнiң бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен, ал екеуiнiң бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда - аумағында екеуiнiң бiрге тұрған соңғы жерi болған мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бұрын бiрге тұрған жерi болмаған ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Бұл мәселе еш заңнамада, 1969ж Бустмант кодексінде де ерлі зайыптылардың жеке, мүліктік және мүліктік емес қатынастарына байланысты коллизиялық мәселелер туралы айтылмаған болатын. 1995ж отбасы кодексінің 7 тарауына «ерлі зайыптылардың жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері туралы» толықтыру енгізілген болатын. 161баптың 1-тармақшасына сәйкес, ерлі зайыптылардың, жеке, мүліктік және мүләктік емес құқықтары мен міндеттері келесідей анықталады: олар бірге тұрған елдің құқығы бойынша, егер бірге тұрған жері анықталмаса, олардың ең соңғы тұрған елдің заңнамасы бойынша реттеледі. Сонымен ерлі зайыптылардың арасындағы қатынастарды реттейтін қағида территориялық болап табылады. Шығатын қорытынды, ерлі зайыптылар тұрғылықты жерінің сотына жүгіне алады. Ескерте кетер жағдай, европа мемлекеттерінде (Австрия, Венгрия, Польша) мұндай жағдайда бұл мәселе ерлі зайыптылардың азаматтығы бойынша, ортақ азаматтығы болмаған жағдайда ғана бірге тұрған елдің құқығы бойынша реттеледі. Осы саладағы коллизиялық нормаларға жаңалық енгізген қағида «тараптар еркіндігі» болып табылады. Бұл қағида халықаралық жеке құқықта шаруашылық келісім шарттарында ғана қолданылған болатын. Бірақ заң шығарушы «тараптар еркіндігін» екі жағдайда шектеп қойды-неке шартын жасасқанда; алимент төлеу келісімін жасағанда. Бұл саладағы коллизиялық мәселелер 1993ж өзара құқықтық көмек туралы ТМД конвенциясында бекітілген. Ол жерде де негізгі қағида ретінде бірлескен тұрғылықты жердің заңы басшылыққа алады. Оған қоса бас норма өзгерген жағдайдағы сусидиярлы нормаларда көрініс тапқан. Егер ерлі зайыптылардың біреуі бір мемлекетте, ал екіншісі басқа мемлекет территориясында тұрғылықты тұрып жатқан жағдайда, олардың ортақ азаматтығы болса, олардың арасындағы қатынас ортақ азаматтығы тиесілі елдің құқығы бойынша реттеледі.