Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MChP_shpory_red.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
545.79 Кб
Скачать

49. Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.

Мұрагерлік құқық саласында заңнамалардың коллизиясы әр түрлі мемлекеттердің құқығында мұрагерліктің жекелеген мәселелері бірдей емес бекітілген жағдайларда туындайды. Бұл мұрагерлердің кім екендігін анықтау, мұраны қабылдау тәртібнің іске асуы мәселесін қамтиды. Коллизиялық сұрақтардың келесі тобы өсиет бойынша мұрагерлікті іске асыру (өсиетке қалдыруға әрекетқабілеттілігі мен өсиеттің нысаны мен мазмұны арнайы регламентацияға сай келмеуі). Үшінші топқа ішкі мемлекеттік құқықта жылжитын және жылжымайтын мүліктерді мұраға қалдырудағы айырмашылықтар жатады. Сондай-ақ, өкілдік ету бойынша және мұрагерлік трансмиссия бойынша мүліктің өтуіндегі пайда болатын коллизиялық кезеңдер.

Заңды мұрагерлік. Заңды мұрагерлік өсиетсіз (intestate succession) мұраға қалдыруды қамтиды. Осындай жағдайда мемлекеттің заңнамасы даулы мүлікті иемдену құқығы бар тұлғаларды анықтауы тиіс. Бұл тізімді анықтауда мемлекеттерде әр түрлі қағида қолданылады. Сондықтан мұрагерлікке қатысты қатынастарды реттеуде қай мемлекеттің құқығы қолданылатынын анықтау қажет. Әдетте, мұра қалдырушының азаматтығы (lex patriae) немесе мұра қалдырушының тұрақты тұрған (leх domicilii) жерінің қағидасы қолданылады. Мысалы Франция мен Ұлыбританияда мұра қалдырушының соңғы тұрған жерінің заңы қолданылады және мұрагерлердің жіктелуі барлық қандас туысқандарын нақты разрядтарға бөлумен сипатталады. Мысалы 1972 жылғы 3 қаңтардағы Заңға сәйкес Францияда бірінші разрядқа мұра қалдырушының балалары, немерелері жатады. Екіншіге мұра қалдырушының әке-шешесі, аға-інілері мен апа-сіңлілері жатса, үшінші разряда әке-шешесінен өзгелері деп көрсетілген. Ұлыбританияда Франциядан айырмашылығ өте аз. Бірақ бірінші топқа тірі жұбайы жатады. Ол болмаған жағдайда ғана туысқандары мұраға үміттене алады. ҚР АК-нің 1061-1064 баптарында заң бойынша мұрагерліктің кезектілігі көрсетілген.

Өсиет бойынша мұрагерлік. Өсиет (testament, will) - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Өсиеттің нысанын анықтауда маңызды. Актіні іске асыру жерінің құқығы әдетте өсиетке қолданылады.

ҚР АК 1121-бабында мұрагерлік бойынша қатынастар, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаған болса мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. 1122-бапта адамның өсиет жасауға және оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ өсиеттiң және оның күшiн жою актiсiнiң нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетiнде өзi азаматы болып табылатын елдiң құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жерi болған елдiң құқығы бойынша анықталады. Алайда өсиет немесе оның күшiн жою, егер соңғысы акт жасалған жердiң талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла алмайды. Қозғалмайтын мүлiктi және мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi мүлiктi мұраға қалдыруға қатысты нормалар 1123-бапта көрініс тапқан: Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегi елдiң құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiк - Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшiн жоюға қабiлеттiлiгi, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлiк өсиет етiп қалдырылса, нақ сол құқықпен анықталады.

Мұрагерліктегі негізгі коллизиялық-құқықтық мәселелер:

Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлерді анықтау;

Өсиет нысанына қойылатын талаптар;

Мұраға қалдырылған мүлікті бөлу жүйесі;

Жылжитын және жылжымайтын мүлікті мұраға қалдырудағы айырмашылықтар;

Қолданылатын құқықты анықтаудағы коллизиялық байламдар:

  • Мүліктің орналасу орнының заңы;

  • Өсиетті жасау орнының заңы;

  • Жылжымайтын мүліктің орналасу орнының заңы;

  • Мұра қалдырушының қайтыс болу уақытындағы азаматтытығы бар елдің заңы;

  • Соңғы тұрған жердің заңы;

  • Соңғы тұрақты тұрған елдің заңы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]