Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MChP_shpory_red.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
545.79 Кб
Скачать

48. Қамқоршылық пен қорғаншылықтың коллизиялық мәселелері.

Қорғаншылық пен қамқоршылықты орнату егер азамат өз әрекеттеріне басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР АК басшылыққа алынуы тиіс. 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден бала асырап алуы әлемдік деңгейде, қалыпты тәжірибеге айналған болатын. «Х/қ бала асырап алу» алғаш рет осы кезде орын алған болатын. 1965 жылы қабылданған Гаага конвенциясының болуына қарамастан шетел азаматтарының бала асырап алу тәжірибесі өте кең қолданыста болып келді. Алайда, бала асырап алудың құқықтық және іс жүргізу жақтары жеткілікті дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептенде, х/қ деңгейде жаңа конвенция қабылдау қажеттілігі пайда болды. Оның басты себептерінің бірі бала асырап алудың х\қ құқықтық ережелерін әлемнің басқа мемлекеттерінің мойындауына ықпал жасау. 1988 жылы Гаага конвенциясының тұрақты бюросы бала асырап алудың х\қ құқықтық ережелерін реттейтін алғашқы конвенция жобасы жасап шығаруға міндетті болып табылады. Бұл х\қ конвенция 1993 жылдың 29 мамырда қабылданды. Гаага конвенциясының ережелері бойынша бала асырап алу 18 жасқа дейінгі азаматтарға ғана қолданылады.

1124-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық

1. Кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленедi және олардың күшi өзiне қатысты қорғаншылық пен қамқоршылық белгiленетiн немесе алып тасталатын адамның жеке заңы бойынша жойылады.

2. Қорғаншының (қамқоршының) қорғаншылықты қамқоршылықты) қабылдау мiндетi қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалатын адамның жеке заңы бойынша белгіленеді.

3. Қорғаншы (қамқоршы) мен қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адамның арасындағы құқықтық қатынастар мекемесі қорғаншыны (қамқоршыны)

тағайындаған елдің құқығы бойынша белгіленеді. Алайда қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) осы адам Қазақстан Республикасында тұратын болса, егер осы адам үшін бұл неғұрлым қолайлы болса, Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына белгіленген қорғаншылық (қамқоршылық), егер Қазақстан Республикасының тиісті консулдық мекемесінің қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуге қарсы немесе оны тануға қарсы заңға негізделген қарсылықтары болса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

36. Сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі мен құқықтық табиғаты.

Көптеген мемлекеттердің халықаралық жеке құқықпен реттелетін азаматтық-құқықтық(жеке құқықтық) қатынастарында сыртқы сауда немесе сыртқы экономикалық мәмілелер категориясы маңызды орынға ие. әр мемлекетте “мәміле” түсінігі мен мазмұны әр түрлі анықталады. Қазақстан Республикасы бойынша қазіргі күнге дейін сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі және мазмұнына байланысты көптеген сұрақтар туындайды.Оның бір себебі болып заң жүзінде “сыртқы экономикалық ”мәміле түсінігінің нақты түрде мазмұнының ашылмауы болып табылады.

мәмілелерді екіге бөліп қарастыру арқылы “сыртқы экономикалық қызмет”, “сыртқы экономикалық мәміле”категорияларын қолдану мәміленің жалпы мазмұнын анықтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақыт жағдайларына сәйкес “сыртқы сауда”, “сыртқы экономикалық мәміле” ұғымының мағынасының кеңеюінің орын алғаны даусыз болып табылады. Әдебиеттер және тәжірибе бойынша, дәстүрлі түрде сыртқы сауда мәмілелері болып субъектілік-объектілік құрамын айқындайтын екі негізгі ерекшеліктерге ие мәмілелер табылды:

1.Шетел субъектісінің болуы;

2.мәміле негізінде көрініс табатын операциялар,яғни экспорттық-импорттық (кең мағынада) сипаты болуы қажет;

ҚР-ның Азаматтық кодексінде сыртқы экономикалық мәміле түсінігі оның нысанына байланысты қолданған. Онда былай көрсетілген: қатысушыларының кем дегенде біреуі Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын сыртқы экономикалық мәміле мәміленің жасалған жеріне қарамастан, жазбаша нысанда жасалады. Ресейде де жазбаша нысан туралы ереже көрініс тапқан. Тәжірибе бойынша бұл ережеге қатысты дау көп орын алмаған деп айтуға болады. Бірақ, Ресейде мәміле нысанының жазбаша түріне қатысты мынадай дау орын алған. Ресейлік сауда өкілдігі мен (сатып алушымен) 1996жылы шілде айында шетел мемлекетінде тіркелген фирма (сатушы) арасында тауар жеткізу туралы сыртқы сауда келісімі жасалды. Тараптар мәмілені жазбаша нысанда жасасу кезінде тауар жеткізілімі ИНКОТЕРМС-90 редакциясында көрсетілген СИФ (теңіз тасымалы) талаптары бойынша жүзеге асырылатыны туралы келісті. Осы ретте жеткізу пунктіне дейінгі фрахт және мәмілені сақтандыру бойынша төлем міндеттемелерін сатушыға – шетел фирмасына жүктелген. Бірақ факт бойынша тасымал ФОБ талаптарымен жүзеге асырылды. Себебі сатушы тасымалды сақтандырған жоқ. Жолда тауарға шторм әсерінен теңіз суы тигендіктен,ол бүлінді. Сатып алушы тауарды жарамсыз күйде алғаннан кейін бұл сатушының кінәсі деп білді. Яғни сатушы СИФ-тан ФОБ-қа жеткізілімнің негізгі талаптарын біржақты өзгертті, осының салдарынан, мәміле бойынша міндеттемелер толық жүзеге асырылған жоқ.

Шетел фирмасы шартта екіжақты өзгеріс орын алғанын мәлімдеді. Дәлелдеме ретінде сатушының факс арқылы келісімнің бағасын түсіру туралы офертасын жіберу ұсынылды. Сатып алушы телефон арқылы келіссөздер нәтижесінде бұған өз келісімін білдірді. Телефондық келіссөздер нәтижесінде сатушы ФОБ талаптары негізінде кемені фрахтілеу және мәмілені сақтандырмау мүмкін деп шешті. Ресейлік кәсіпорын мәміленің талаптарын өзгертуге ауызша келісім бермегенін айтты. Сотқа келісімнің талаптарының өзгертілгендігі туралы тараптардың еркін білдіретін, дауды шешетін жазбаша дәлелдемелер ұсынылмады. Осы дауды шешу барысында сот бұл мәмілені сыртқы экономикалық мәмілелер категориясына жатқызды, себебі мәміле қатысушыларының кәсіпорындары әр түрлі мемлекеттерде орналасты.

Ресей Федерациясы Азаматтық кодексі 162-бап, 3 тармақ бойынша, сыртқы экономикалық мәміле жай жазбаша нысанда жасалады. Осыдан тараптардың қатынастарына Ресей Федерациясы үшін 1991 жылы 1 қыркүйекте күшіне енген 1980 жылғы тауарларды халықаралық сатып алу-сату туралы Конвенция қолданылады. Конвенцияда мәміленің нысаны туралы императивті норма бар (12-бап). Осы ереже халықаралық сатып алу-сату шартына да, оның өзгеруіне де таралады (29-бап). Конвенцияның 13-бабына сәйкес жазбаша нысанға электрондық байланыс түрлерінен телеграф және телетайп арқылы хабарламаларды ғана жатқызады. Сонымен, Ресей мемлекетінің фирмасы қатысқан халықаралық сатып алу-сату шарты және оның өзгеруі жазбаша түрде болуы тиіс, ал телефондық байланыс бұған жатқызылмайды. Дауласушы тараптар арасындағы шарт жазбаша нысанда СИФ (ИНКОТЕРМС-90) талаптары негізінде жасалды. Яғни сатушы тауарды СИФ талаптары негізінде жіберуі керек еді. Сатушы факс арқылы сатып алушыға тауарлар тасымалын ФОБ талаптары бойынша жеткізуді ұсынды. Сатып алушы шартты өзгертуге, атап айтқанда, СИФ талаптарынан ФОБ талаптарына өтуге қатысты жазбаша нысанда ешқандай келісім берген жоқ. Яғни, сатушы келісімді өзгертуге ұсыныс жасады, ал сатып алушы бұған жауап бермеді. Нәтижесінде, жеткізілім базисіне қатысты келісімдегі өзгертулер (СИФ-тан ФОБ-қа) жазбаша түрде жүзеге асырылған жоқ. Арбитраж соты халықаралық саудадағы жеткізілім базисіне қатысты іскерлік айналымның дәстүріне негізделген шешімдерді қабылдауға құқылы. Бұл тараптардың іскерлік айналым дәстүрін қолдану немесе сыртқы сауда тасымалының базистік талаптары жөніндегі келісімді өзгерту туралы келіскен жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Украина мемлекетінде сыртқы экономикалық мәміленің жазбаша нысанына императивті норма болуымен қатар жеке тұлғалар мен басқа құқық субъектілері арасында жасалатын мәмілелерге қатысты тараптардың қол қою қажеттілігі қадағаланады.

Сыртқы экономикалық мәмілеге қатысты коллизиялық нормалар негізінен сыртқы саудаға қатысты зерттелді. Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы шетел азаматы немесе шетел заңды тұлғасы болып табылатын және тауарларды шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер танылады. Аталған анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.

Олар:

-тараптардың бірі шетел тұлғасы болып табылуы;

-басқа мемлекетте орналасуы керек.

Мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады.Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз сыртқы экономикалық мәміленің түрлерін көре аламыз.Олар:сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін пайдалану шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты, қарыз немесе өзге де кредит шарты, тапсырма шарты, комиссия шарты, сақтау шарты, сақтандыру шарты, кепілге алу шарты, айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шарттар. Бұл шарттар сыртқы экономиялық мәмілелерді білдіре алады, егер мәміле жасаушы тараптар екі мемлекетте орналасса. Сыртқы экономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты деп айтуға болмайды,олардың қатары өзгеруі мүмкін.

Сыртқы экономикалық мәмілелерді коллизиялық ережелеріне келетін болсақ, халықаралық жеке құқықтың субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын және тікелей реттейтін материалдық –құқықтық нормалардан ерекшелігі коллизиялық норма осы қатынасқа байланысты қай мемлекеттің құқығын қолдану керек екендігін көрсетеді.

ҚР АК-нің 1112-бабы тараптардың сыртқы экономикалық мәміледегі құқықтары мен міндеттерін тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына бағынады деп көрсетеді.

Сыртқы экономикалық мәмілеге байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттері бағынатын құқықты анықтау ҚР-ның заңнамасында тараптардың еркіндігі қағидасына негізделеді(lex voluntatis). Бірақ ҚР заңы бойынша шарттардың кейбір түрлеріне қолданатын құқықты тараптардың таңдап алуына жол берілмейді,яғни императивті нормалар бекітілген.Ол ҚР АК-нің

1113-бабының 2 және 3-ші тармақтарында көзделген:

1.Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша,сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен міндеттемелерге сол мүлік тұрған елдің құқығы,ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізімге енгізілген мүлікке қатысты Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.

2.Бірлескен қызмет және құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдің құқығы құқығы қолданылады.

3.Конкурстық сауда-саттықтың (тендердің,аукционның) орытындылары бойынша немесе биржа орналасқан елдің құқығы қолданылады.

Егер тараптар жасасқан мәлімдеме олардың қай мемлекеттің құқығын қолданатындығы туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа ҚР АК-нің 1113-бабының ережелері қолданылады.Олар:

1)сатып алу-сату шартында-сатушы; 2)сыйға тарту шартында-сыйға тартушы; 3) мүлікті жалға(арендаға)беру шартында жалға беруші; 4)мүлікті тегін пайдалану шартында несие беруші; 5)мердігерлік шартында-мердігер; 6)тасымалдау шартында-тасымалдаушы; 7)көлік экспедициясы шартында-экспедитор; 8)қарыз немесе өзге де кредит шартында-кредит беруші; 9)тапсырма шартында-сенім білдірілген адам; 10)комиссия шартында-комиссионер; 11)сақтау шартында-сақтаушы; 12)сақтандыру шартында-сақтандырушы; 13)тапсырма беру шартында-тапсырма беруші; 14)кепілге салу шартында-кепілге салушы; 15)айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта лицензиар болып табылатын тараптар құрылған,тұратын жері болады.

Азаматтық кодекстің 1113-бабында көрсетілген шарттың 15 түріне байланысты 15түрлі байламдармен қатар азаматтық заңнамада өндірістік әріптестік,құрылыс және басқа да күрделі құрылыстарды жүргізуге байланысты ережелер көрсетілген.Оған сәйкес тараптардың келісімінде өзгеше көрсетілмесе,ондай жағдайда осындай қызметтің жүзеге асырған жер құқығы немесе шарт бойынша нәтиже жасалған жердің құқығы қолданылады. Егер тараптардың қолданылуға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде,мұндай шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы бар,орындалуды жүзеге асыратын тараптар құрылған,тұрғылықты жері немесе қызмет орны болған елдің құқығы қолданылады. Батыс елдерінің, әсіресе, ағылшын-американдық тәжірибеде мәміленің нысанына байланысты шетелдік заңның ережелерінің сипатына байланысты сұрақтар кездеседі. Ол: мәміленің нысаны процессуалдық па, әлде материалдық құқықтық сипатта ма деген сауалдар. Егер құзыретті шетелдік заң шарттың жазбаша жасалып, гербтік салыммен жасалуын талап етсе, онда бұл талаптың сақталмауы ертеңгі күні шарттың дәлелдеме ретінде қолданбай, сот қорғауынан айырылатындығын білдіреді. Бұл жағдайларда Англия мен АҚШ соттары мұны қолданылуға жатпайтын процессуалдық норма деп таниды. Егер де осы талаптарды сақтамау белгілі бір шетел заңнамасы бойынша шарттың жарамсыздығына алып келсе,бұл жағдайда соттар оны эксаумақтық қызмет етуші материалды норма деп түсінік берген. Мұндай түсініктің дұрыс еместігі айқын, егер коллизиялық сауал шетел заңнамасының пайдасына шешілсе, онда қалған барлық заңның құқықтық институттары шетел заңнамасы негізінде ғана қолданылуы мүмкін. Мәмілелердің мәні бойынша жарамдылығына байланысты коллизиялық сұрақтарды шешуде үлкен қиындықтар туындайды. Бұлардың қатарына ерік білдіруді бұзу,заңдылықты және шарттың сол немесе басқа бір шарттарын орындамауды жатқызуға болады.

50. ХЖҚтағы интеллектуалдық меншікті қорғау.Экономика мен тауар нарығының жаһандануы мемлекеттерді интеллектуалдық меншікті қорғау саласында одан әрі ынтымақтасуға итермелейді. Интеллектуалдық меншік ұғымына интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне қолданылатын құқықтардың жиынығын жатқызамыз. Интеллектуалдық құқықтың мазмұнын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар құрайды. Мүліктік құқықтарға келесілер жатады: сыйақыға құқық, шығарманы жария орындауға құқық, оны аударуға құқық, қайта өзгертуге және таратуға құқық, патент алуға құқық, патентпен қорғалатын өнертабысты пайдалануға құқық және т.б. өзге де құқықтар. Жеке мүліктік емес құқықтарға төмендегілер жатады: шығарманың, өнертабыстың (немесе өзге де кез келген интеллектуалдық меншіктің объектісі) авторы болып табылу құқығы – авторлық құқық, есім құқығы, жариялау құқығы, шығарманы қорғау құқығы және т.б. Интеллектуалдық меншік құқығын екі топқа бөлуге болады: 1. Әдеби, шығармашылық, ғылыми шығармаларға авторлық құқықтар мен орындаушылар, фонограммаларды жасаушылар, хабарландыруды ұйымдастыру құқығы – аралас құқықтар; 2. Ойлап табуды, өндірістік үлгілер, тауар белгілері мен өндіріспен, саудамен, қызмет көрсетумен байланысты өзге де объектілерге өндірістік меншік құқығы. Атап кететін жайт, әрбір мемлекеттің заңнамасында авторлық құқық пен нәтижесі интеллектуалдық меншік болып табылатын қызмет түрлері анықталған. Халықаралық жеке құқық үшін маңызды орынға ие интеллектуалдық меншікке құқықығының бір ерекшелігі болып олардың аумақтық сипатта болуы табылады. Бұл тиісті түрде анықталған мемлекеттің аумағында ғана мойындалады және қорғалады дегенді білдіреді, яғни бір мемлекеттің аумағында мұндай құқықтарға ие болу басқа мемлекетте тиімті мойындалуға жатпайды. Интеллектуалдық меншіктің аумақтық сипатын шешудің бір жолы – осы мәселеге байланысты халықаралық шарттарды жасау. Әр түрлі мемлекетердің заңнамаларында шетелдіктерді қоса алғанда, интеллектуалдық меншіктің тәртібіне, шартарына және көлеміне ұлттық режим қолданылады. Құқықтық реттеудің тағы да бір ерекшелігі, ол – әдетте ұлттық құқықта осы қатынастарды реттейтін коллизиялық нормалардың болмауы. Ұлттық коллизиялық реттеудің болмауы авторлық және аралас құқықтарды қорғауға арналған көптеген халықаралық шаттармен толықтырылады. Атап айтқанда: Әдеби және көркем әдеби шығармаларды қорғау туралы Конвенция (Берн, 1886 жылдың 9 қыркүйегі. 1971 жылдың 24 шілдесіндегі Париж актісінде редакциясында). Бұл конвенция бойынша Берн одағы құрылды. Авторлық құқық туралы бүкіләлемдік конвенция (1952 жылдың 6 қыркүйегі мен 1971 жылддың 24 шілдесіндегі редакциясында) негізінен коллизиялық-құқықтық реттеуді қамтиды және алдыңғысынан айырмашылығы кері заңи күшке ие емес. Халықаралық орындаушы-артистерді, фонограммаларды жасаушыларды және хабарландырушы ұйымдарды қорғау конвенциясы (Рим, 1961 жыл 26 қазан). Бұл аралас құқықтарды қорғауда басты құжат болғандықтан оның ережелері маңызға ие. 2001 жылдың 15 сәуірінде 68 мемлекет мүше болды. Фонограмма жасаушылардың мүдделерін заңсыз фонграммаларын қолданудан қорғау туралы конвенция (1971 жыл 29 қазан). Кері күшке ие емес. Спутник арқылы берілетін сигналдарды қамтитын бағдарламаларды тарату туралы Конвенция (1974 жыл 21 мамыр). Кері күшке ие емес. Интеллектуалдық меншік құқығының саула аспектілері туралы Келісім (Соглашение ТРИПС (Agreement on Trade-Related of Intellectual Property Rights), 15 сәуір 1994жыл) Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүше болуға ниет білдірген мемлекеттердің интеллектуалдық меншікке қатысты заңнамаларына талаптар қояды.Бұл Келісім құқықтың бұзылуына соттық, әкімшілік, кедендік қорғау шараларлын қамтиды. Авторлық құқық бойынша Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымының Шарты (ВОИС). 1996 жылдың 20 желтоқсанында күшіне енді. Интернет желісі арқылы таралатын авторлық құқықты қоса алғанда, авторлық құқты қорғауға арналған арнайы халықаралық құжат. Кері күшке ие емес. 2002 жылдың 25 шілдесінде 35 мемлекет мүше болды. Орындау мен фонограмма бойынша ВОИС Шарты. (1996 жыл 20 желтоқсан, 2002 жылдың 20 тамызында күшіне енді). 2002 жылдың 25 шілдесінде 37 мемлекет мүше болды. 1993 жылғы ТМД мемлекеттерінің авторлық және аралас құқықтарды қорғау жөніндегі ынтымақтастығы Келісімі. Бұл Келісім 1952 жылғы басылымында Бүкіләлемдік авторлық құқық туралы конвенцияның мүше-мемлекеттердің өз аумағында қолдануды, ішкі заңнаманы жетілдіңру мен авторлық және аралас құқықты заңсыз қолдануиен күресте ынтымақтастықты қамтиды. ҚР АК 1120-бабында инт.меншікке құқықтарға осы құқықтарды қорғау сұралатын елдің құқығы қолданылады делінген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]