Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MChP_shpory_red.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
545.79 Кб
Скачать

5. Хжқ нормаларының унификациясы

Uniе facere – бірыңғай ету. Унификациялау – әртүрлі мемлекеттердің ішкі құқықтарында бірдей, бірыңғай нормалар жасау. Құқық тікелей мемлекеттің ішкі юрисдикциясына кіретіндіктен, ұлттық құқықтың үстінен заңнама шығаратын орган жоқ. Сондықтан унификацияланған нормаларды жасаудың жалғыз жолы – мемлекеттердің ынтымақтастығы. Унификациялау – бұл белгілі мемлекеттер шеңберінде ішкі құқықтарында бірыңғай құқықтық нормаларды жасау, өзгерту немесе жоюға бағытталған мемлекеттердің ынтымақтастығы. Бұл сипатта унификациялау құқықшығармашылық процесінің бір түрі болып табылады.

Халықаралық жеке құқықтың нормаларының қалыптасуына, әрекет етуіне зор үлесін тигізген осы саладағы халықаралық ұйымдар болып табылады. Оларға Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциялары, Халықаралық сауда палатасы, Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы, Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ), Сауда және даму бойынша БҰҰ Конференциясы, Римдегі жеке құқықты унификациялау бойынша халықаралық институт (ЮНСИТРАЛ), БИМҰ (ВОИС), Халықаралық әдебиет және көркем туындыны қорғау туралы одақ, Интеллектуалдық меншік туралы Халықаралық бюро, Инвестициялық меншікті реттеу бойынша Халықаралық орталық, МИГА, ИНПАДОК және т.б. Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциялары 1996 жылы осы салада 30 конвенция қабылдаған ХЖҚ бойынша кодификациялық жұмыстарды жүргізетін маңызды мемлекетаралық ұйым. 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясына көмекші орган ретінде Венгрияның ұсынысымен Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) құрылды. ХЖҚ-та әрекет ететін әдеттер мен ғұрыптарды ресми емес кодификациялауды жүргізу саласында маңызды рөлді Халықаралық Сауда Палатасы (МТП) атқарады. 1920 жылы құрылған бұл ұйымның басты мақсаты – халықаралық бизнесті техникалық және құқықтық қамтамасыз ету, ұйымдастыру.

1893 жылдан бастап халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциялары өз қызметінің бастауын алалды. Бірінші нәтижелер ретінде 1902-1905 жылдардағы коллизиялық нормаларды қамтитын (1902 жылы – неке, айырылысу және соттық жұбайды айыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа алу туралы 3 конвенция және 1905 жылғы 2 конвенция: біріншіден, жұбайлар арасындағы жеке және мүліктік қатынастар туралы, екіншіден, кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа алу) неке және айырылысу туралы конвенцияларын айтуға болады.

1883 жылы өндірістік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясына, 1886 жылы әдебиет және көркем туынды меншігін қорғау туралы Берн конвенциясына қол қойылды. Ұлттар Лигасының қажырлы еңбегі нәтижесінде 1923 жылы арбитраждық ескертпе туралы протоколы, 1927 жылы – шетелдік арбитраж шешімін орындау туралы конвенциясы қабылданды. 1930 жылы векселдік құқық жөнінде Женевада 3 конвенция қабылданды, оның екеуі материалды-құқықтық нормаларлы қамтыды (жай және аударымды векселдік бірыңғай заң туралы Конвенция және гербтік салым туралы Конвенция), 1931 жылы векселдік құқық секілді чектерге қатысты 3 конвенция қабылданды: 1954 жылғы – азаматтық процеске қатысты Гаага конвенциясы, 1961 жылғы ресми құжаттарды заңдастыруға қойылатын талаптарды жою туралы Конвенция, 1964 жылғы халықаралық тауарды сату-сатып алу туралы 2 конвенция және т.б. 1974 жылы БҰҰ шеңберінде құрастырылған халықаралық сату-сатып алудағы арыз беру уақытының ескіруі туралы Конвенция, 1980 жылы – халықаралық тауарды сату-сатып алу шарты туралы Вена конвенциясы, 1988 жылы Римдегі жеке құқықты унификациялау жөніндегі Халықаралық институттың (УНИДРУА) бастамашылығымен халықаралық факторинг және халықаралық қаржылық лизинг туралы Конвенция Оттавада қабылданды. Сонымен қатар, сол жылы Нью-Йоркте ЮНСИТРАЛ жасаған халықаралық аударым және халықаралық жай вексель туралы БҰҰ конвенциясы қабылданып қол қоюға ашық деп жарияланды. Көлік қатынастарын реттеу саласында 1990 жылы 1 ақпанда қауіпті жүктерді автокөлікпен, темір жолмен және ішікі сукөлігімен тасымалдау кезінде келтірілген зияндарды өтеу жөніндегі азаматтық жауапкершілік туралы арнайы Конвенция қабылданды (КГПОГ). Азаматтық құқықтың ұлттық нормаларын унификациялауды халықаралық-құқықтық реттеу өзге де контитенттерде – Латын Америкасы, Азия және Африкада ынтымақтасу үшін жиі қолданылады.1824 жылдан бастап халықаралық жеке құқық бойынша латынамерикалық конгрестер өз қызмет етуінің бастауын алады. 1888-1889 жылдары Монтевидеодағы конгресс жұмысының нәтижесіде халықаралық азаматтық іс жүргізу, авторлық және патенттік құқық, тауарлық белгілер, халықаралық азаматтық құқық және т.б. туралы келісімдерге қол қойылды. 1928 жылы Гаванадағы VI-ші Панамарикалық конференцияда Бустаманте Кодексі қабылданған болатын. Бустаманте кодексі – мүше-мемлекеттердің соттарымен қолданылатын және әрекет ететін жергілікті унификацияланған коллизиялық нормалардың кең көлемдегі кодификациясы. XX ғасырдың 60-жылдары Бустаманте Кодексі бойынша Халықаралық симпозиум құрылды. Бұл – әртүрлі аумақтың мемлекеттері мүше болып табылатын (Польша, Австрия, Египет және т.б) әмбебап үкіметаралық халықаралық ұйым.

Халықаралық коммерциялық, шаруашылық және азаматтық айналым салаларындағы қатынастарға қолданылуға арналған ұлттық азаматтық-құқықтық актілеріндегі унификациялауға жетуге бағытталған шаралардың бірі – қазіргі уақытта мемлекеттермен қолданылатын бірлескен моделдік заңдарды жасау. Бұл тәжірибе ТМД елдерінде көптеп кездеседі. Атап айтқанда, өзінің құрамында халықаралық жеке құқыққа арналған құрылымдық бөлімі қамтылған Моделдік азаматтық кодекс (бөлім дәл солай аталады). Бұл Достастыққа мүше-мемлекеттердің ұлттық құқықшығармашылығын жеңілдету мақсатында, және басқа жағынан оны қолдануды гармонизациялау үшін құрастырылған болатын.

Құқықтық унификациялау әр түрлі тәсілдер мен амалдарды, сондай-ақ әр түрде іске асырылуы мүмкін. Бірыңғай реттеуші ретінде құрылуы керек нормалардың сипатына байланысты унификациялаудың нәтижесін шектеу әдетте қолданылады. Осы критерий негізінде төмендегідей жіктейді:

Коллизиялық нормаларды унификациялау (мысал ретінде неке-отбасы қатынастары саласындағы алғашқы Гаага конвенциялары, жай және аударма вексель заңдарындағы кейбір коллизияларды шешу мақсаты болып табылатын 1930 жылғы Женева конвенциясы, және ұқсас 1931 жылғы чектер туралы конвенция, қозғалатын материалдық заттарды халықаралық сату-сатып алуға қолданылатын құқық туралы 1955 жылғы Гаага конвенциясы, осыған ұқсас тауарларды халықаралық сату-сатып алуға қолданылатын құқық туралы 1985 жылғы Конвенция, 1980 жылғы ЕО елдерімен жасалған шарттық міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Рим конвенциясы және т.б.);

Материалды-құқықтық нормаларды унификациялау (1974 жылғы тауарларды халықаралық сату-сатып алуда талап-арыз беру уақытының ескіруі туралы БҰҰ Конвенциясы, 1988 жылғы халықаралық жай және аударма вексель туралы БҰҰ Конвенциясы, 1980 жылғы халықаралық сату-сатып алу шарттары туралы Вена Конвенциясы, 1988 жылғы халықаралық қаржы лизингі мен халықаралық факторинг туралы УНИДРУА конвенциясы, 1886 жылғы әдебиет және көркем туынды меншіктерін қорғау туралы Берн конвенциясы, 1883 жылғы өндірістік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы, 1891 жылғы тауар белгілерін халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі, 1970 жылғы патенттік кооперация туралы Шарт, 1961 жылғы ішкісауда арбитражы туралы Еуропалық конвенция);

Аралас унификациялау, яғни бір унификацияланған актіде бірыңғай коллизиялық және материалды-құқықтық нормаларды қамту (1968/1988 жылдардағы СЭВ-қа мүше мемлекеттердің шаруашылық ұйымдарымен тауарды жеткізудің ортақ шарттары, 1985 жылғы сенімхат пен оларды бекітуге қолданылатын құқық туралы Конвенция, 1991 жылғы халықаралық саудада көліктік терминалдардың операторларының жауапкершілігі туралы БҰҰ Конвенциясы және т.б.).

31.Мемлекеттік меншік пен мемлекеттік заңды тұлғалардың иммунитеті Заңды тұлға мемлкетпен қатынаста болуы мүмкін мысалы, валюталық реттеу, салық, лицензиялау қатынастары /жария тәртіп /. Ішкі қатынастар, үшінші тұлғалармен қатынастар /жеке/. Үшінші тұлғамен қатынас міндеттемелік статут- lex voluntatis, lex venditoris, lex loci actus, lex loci solutionis. Ішкі қатынастар жеке статут- Lex societatis. Теория жүзінде шетел заңдарында: құрылымының заңды тұлға болып табылуы, заңды тұлғаның ұйымдық құқықтық нысаны, заңды тұлға аталуына қойылатын талаптар, ЗТ құрылу қайта құрылу және жойылу тәртібі, ЗТ-ға қатысты құқық мирасқорлығы, ЗТ-ның қатысушыларымен қатынастары, ЗТ-ның қатысушыларының қатынастары, ЗТ-ның құқық қабілеттілігінің мазмұнын анықтау, ЗТ-ның құқықтары мен міндеттерін алу тәртібі, ЗТ өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттілігі. ҚР заңнамасында Зт-ның азаматтық құқық қабілеттілігі АК 1101 бабында көрсетілген: ЗТ азаматтық құқық қабілеттілігінің осы ЗТ-ның заңмен анықталады; шетелдік ЗТ өз органының немесе өкілінің мәміле жасауға өкілеттігін шетелдік ЗТ-ның органы немесе өкілі мәміле жасаған елдің құқығына белгісіз шектеу жасай алмайды.

Шетелдіктердің қатысуымен ЗТ құру туралы шарт: ЗТ құру мен тоқтату, ондағы қатысу үлесін беру және ЗТ-ның қатысушыларының т.б. өзара қатынастары. Шетелдің қатысуымен ЗТ құру туралы шартқа осы ЗТ құратын немесе құрылған елдің құқығы қолданылады.ұқсас түсініктер: ЗТ ҚР ЗТ-сымен тең көрсетілмеген; ЗТ ұлты ЗТ белгілі бір мемл\ке жатушылығы, жеке тұлғаның азаматтық аналогі; ЗТ домицилийі ЗТ-ның «сыртқы», әсіресе мемл\пен қатынастарын реттеу үшін маңызы бар de facto орналасуы, мысалы: салық құқығы, резиденттік\бейрезиденттік. ЗТ ұлтының маңызы: 1. Отандық ЗТ-ға тән құқықтар мен жеңілдіктерді пайдалану. Мысалы, мүдделерін шет елдерде дипломатиялық немесе консулдық қорғау мүмкіндігі; 2. Мемлекетаралық шарт бойынша ұлттық немесе аса қолайлы режимін беру мүмкіндігі; 3. Дискриминациялық заңнама қолдану (соғыс кезінде, х\қ санкцияларды жүзеге асыру үшін, оффшорлық аймақтағы байланысты) мүмкіндігі. Lex societatisті анықтау теориялары: 1. Инкорпорация (ортақ құқық елдерде, ТМД, Қытайда) ЗТ заңы болып оның құрылған елінң құқығы табылады (құрылтай құжаты тіркелген); 2. Siege social отырықшылдық ( жапония, украина, ЕО) ЗТ заңы болып оның басқармасы орналасқан елдің заңы; Қызмет ету орталығы (үндістан, Египет, Италия) ЗТ заңы болып қызметін жүзеге асыратын елдің құқығы табылады; 4. Бақылау теориясы ЗТ заңы болып оның капиталын басқарушы тұлғаның жеке заңы табылады.

Меншік құқығы құқықтық жүйенің негізгі институты болып табылады.

Мемлекет имунитеті - халықаралық құқықтағы егемендіктің теңдік қағидасына сәйкес бір мемлекет екінші мемлекеттің билік органдарына бағынбайды.Халықаралық жеке құқықта мемлекет иммунитетінің бірнеше түрі бар:

- соттық немесе юрисдикциялық иммунитет

- алдын ала қамтамасыз ету шараларынан иммунитет

- сот шешімін мәжбүрлеп орындатудан иммунитет

- мемлекеттік меншік иммунитеті

Мемлекеттік меншік иммунитеті – басқа мемлекет аумағында орналасқан мемлекет меншігінің қолсұғылмаушылыққа ие болатын құқықтық режим.Мемлекеттердің меншік иммунитеті БҰҰның 2004 жығы «Мемлекеттердің меншігі мен юрисдикциялық иммунитеті туралы Конвенциясында» көрсетілген.Осы конвенцияның 13-бабында мемлекеттің меншік құқығы және мүлікті иемдену мен пайдалану туралы айтылған.

Мемлекеттік меншік иммунитеті сол мемлекеттің шетелде орналасқан мемлекет мүлкіне,мемлекеттік органдар мүлкіне,мемлекет банкінің салымдарына,әуе және теңіз кемелеріне таралады.Мемлекеттік меншік «заттың орналасқан жерінің заңына» шектеулер қояды,яғни мемлекет мүлкіне қатысты қандай да бір мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сол мемлекеттің немесе оның органдарының арнайы рұқсаты керек.

Мемлекет меншігінің қолсұғылмаушылық «мемлекеттер актісі» доктринасымен тығыз байланысты. Оған сәйкес бір мемлекет соты екінші мемлекет билік органдарының актсіне қатысты шешім шығармауы тиіс.Яғни мемлекет өз аумағында жасалынған акт негізінде мүлікке ие болса ешқандай басқа бір мемлекет соты оның меншігінің құқықтық жағдайын қарастыра алмайды,ол меншік қолсұғылмаушылыққа ие болады. Мысалы: Ағылшын сотында қарастырылған 1921ж.Luther v.Sagor ісінде былай делінген «Егер Красин өзімен бірге Англияға тауарлар алып келіп,өз үкіметі атынан бұл тауарлар орыс үкіметіне тиесілі деп жарияласа оның мәлімдемесінің жарамдылығын ешбір ағылшын соты тексере алмайды»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]