- •32.1965 Ж. Мемлекеттер мен шетелдік тұлғалар арасындағы инвестициялық дауларды реттеу тәртібі туралы Вашингтон Конвенциясын құқықтық талдау.
- •47. Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
- •5. Хжқ нормаларының унификациясы
- •48. Қамқоршылық пен қорғаншылықтың коллизиялық мәселелері.
- •36. Сыртқы экономикалық мәміленің түсінігі мен құқықтық табиғаты.
- •49. Мұрагерлік құқықтың коллизиялық мәселелері.
47. Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.
1989жылғы бала құқықтарын қорғау конвенциясына сәйкес «бұл конвенцияға қол қоюшылар ба асырап алу жүйесінің өмір сүріп жатқанын мойындайды және ең бірінші ретте баланың мүддесінің қамтамасыз етілуін көздейді» делінген. Сонымен қатар ол: 1. Бала асырап алуды тек қана сол мемлекеттің баланы асырап алу туралы мәселені шешетін істі органдары шешуі тиіс. 2. Баланы басқа мемлекетке асырап алуға беру бұл конвенция бойынша балаға жағдай жасаудың балама түрі болып табылады және бұл тек қана бал сол мемлекеттің өзінде асырауға беріле алмайтын болғаг кезде ғана қолданылады. 3. Баланы бір мемлекетке асырап алу туралы мемлекеттің өзінде қолданылатын ереженің қолданылуын анықтайды. 4. Баланы асырап алғанда осы балаға байланысты пайда табу мақсаты ешқандайда тараптың бірінде болмауы тиіс.
«неке және отбасы туралы» заңның ережелеріне сәйкес шетелдіктердің ҚРда бала асырап алуы, сонымен қатар шетелде жүрген ҚР азаматы қазақстан азаматы болып табылатын баланы асырап алуы мүмкін. Мұндай бала асырап алу ҚРның заңнамасы бойынша анықталады. Аталған асырап алуды жүзеге асыру үшін ҚРның тиісті органының рұқсатын алу керек.
ҚРның азаматы болып табылатын баланы асырап алу ҚРның консулдық мекемелері арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда асырап алушылар ҚР азаматы болып табылмаса, атқарушы органнның келісімін сұрауы тиіс болып табылады.
Жеке адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында делдалдық қызметтерімен айналысуына жол берілмейді.
Бала асырап алу үшін бала асырап алушыға бір қатар талап қойылады. Бала асырап алушы баланы өз мемлекетінде асырап алуға құқылы екендігін куәландыратын құжатты көрсетуге міндетті.
11.ХЖҚ-тағы шетелдік құжаттарды консулдық заңдастыру. Апостиль. 1961 жылғы «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талап етудің күшін жою жөнінде Гаага Конвенциясы» - Конвенцияға мүше мемлекеттер үшін шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талап етудің күшін жоятын халықаралық Конвенция.
Конвенциямен бір мемлекеттің ресми құжаты басқа мемлекетке жіберілген кезде консулдық заңдастыруды алмастыратын арнайы белгі, штамп көрсетілген. Конвенция бойынша 1961ж.Конвенцияға мүше бір мемлекеттегі апостильденген құжаттар, Конвенцияға мүше басқа мемлекетпен ешбір даусыз қабылдануы тиіс.
Конвенция 1961 жылы 5 қазанда Гаагада жасалған болатын және мүдделі мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
Конвенцияны қазірге уақытта 90 мемлекеттен аса мемлекет ратификациялады.
1961 жылғы «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талап етудің күшін жою жөнінде Гаага Коонвенциясы» бойынша, мемлекеттер – Конвенция мүшелері өзара түсіністік негізінде Конвенцияға мүше басқа елдің территориясында жасалған ресми құжаттардың консулдық заңдастырылуынан бас тартылады.
Уағдаласушы мемлекеттердің әрқайсысы Конвенция қолданылатын және өзiнiң аумағына ұсынылуы тиiс құжаттарды заңдастырудан босатады. Конвенцияның тұрғысында заңдастыру қолдардың түпнұсқалығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландыру үшiн құжат аумағына ұсынылуы тиiс елдiң дипломаттық немесе консульдық агенттерi пайдаланатын шартты рәсiм ғана ұғынылады.
Конвенцияның 1 бабы бойынша ресми құжаттар ретінде:
а) прокуратурадан, соттың хатшысынан немесе соттың атқарушысынан шығатын құжаттарды қоса алғанда мемлекеттің құзырына бағынатын органнан немесе лауазымды тұлғадан шығатын құжаттар;
b) әкiмшiлiк құжаттар;
с) нотариалдық актiлер;
d) тiркеу туралы белгi сияқты ресми белгiлер; белгiлi бiр күндi растайтын визалар; нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау қарастырылады.
Конвенцияның төмендегі құжаттарға күші жоқ:
а) дипломаттық немесе консульдық агенттер жасаған құжаттарға;
b) коммерциялық немесе кедендiк операцияларға тiкелей қатысы бар әкiмшiлiктiк құжаттарға қолданылмайды. (М: шетелдік фирманың коммерциялық хаттарына апостиль қойылмайды)
Конвенция барлығы 15 баптан тұрады. Сонымен қатар Конвенцияның қосымшасында апостильдің үлгісі және Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жою туралы конвенцияға қосылудың құралы, Депозитарлық рәсімдер көрсетіліп кеткен.
Апостиль дипломатиялық немесе консулдық мекемелерден шыққан құжаттарға, кеден және коммерциялық операцияларға тікелей қатысты келісім-шарттарға, тауарларды шекара арқылы өткізу, сондай-ақ тауарларды жеткізу үшін қызмет көрсетуге және т.б. қойылмайды.Ал, азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы Минск Конвенциясына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттердің бірінде дайындалған немесе ресми мөрмен куәландырылған құжаттарға одан әрі куәландыру талап етілмейді, мұндай құжаттарға нотариатты куәландырылған аудармасы ғана қажет етіледі.
Сондай-ақ, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметтерінің елтаңбалы куәліктерінің барлық түрлеріне (туу, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу туралы куәліктеріне т.б.) акт жазбаларының көшірмелеріне және басқа да құжаттарға, нотариустардан шығатын «құжат көшірмелеріне, өтініштерге, сенімхатқа) апостиль қойылады.
Құжаттарды заңдастыру – шетелдегі ресми құжаттарға заңи құқығынан айырылмас үшін қажет арнайы прцедура. Бір мемлекетте берілген ресми құжат басқа мемлекетте тек қана сол құжатты талаптарға сәйкес заңдастырғаннан кейін ғана өзінің заңи күшіне ие болуы мүмкін.
Заңдастырудың екі түрі бар:
"Апостиль" штампын басу
Консулдық заңдастыру
Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiң қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады.
Консулдық заңдастыру – сыртқыэкономикалық қызмет кезіндегі құжаттарды заңдастырудың бір жолы. Аполтильге ұқсас, бірақ айырмашылығы 1961 жылы 5 қазанда қол қойылған Гаага конвенциясына мүше емес мемлекеттердің ұйымдары арасындағы құжат алмасуда қолданылады. Апостильге қарағанда қиындау және екіжақты процедура болып саналады.
Консулдық заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес.
Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету консулдық заңдастырудың мақсаты болып табылады.
3.ХЖҚ-тың құқықтық табиғаты. ХЖҚ-тың басқа құқық салаларымен арақатынасы. Халықаралық жеке құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде.
Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің интернационализациялануы; бүгінгі күнгі әлемдік шаруашылықтың интернационализациялаудың объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретінде еуропалық континенттің дамуын атауға болады. Шаруашылық өмірдің интернационализациялануының ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономикалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де ХІХ-ХХ ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі ХХ-ХХІ ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, бұл өндірістік қауымдастықтың, оның құрамына бірлескен кәсіпорындар мен өндірістер, бірлескен зерттеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.
Екіншіден, бұл соғыстар мен түрлі сипаттағы қақтығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.
Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, транспорттағы жетістіктер арқасында көптеген елдер мен континенттерді бір-бірлерімен жақындастырды, осының арқасында жалпы адамзаттық қарым-қатынас дамыды, радио, телевидение, видеотехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер елдер арасындағы хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді; космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми-техникалық прогрестің керітартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Бхопалдағы трагедиялар, қоршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп қана алмайды.
Халықаралық жеке құқық үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе – халықаралық қатынастардың гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің – халықаралық қатынас қатысушыларының назарының ортасында адам, оның жай-күйі, құқықтары мен бостандықтары тұруы тиіс.
Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әртүрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұстарынан да көрінеді. Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтың және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып келеді. Халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, колллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданатындығын анықтауға бағытталғандығында.
Халықаралық жеке құқықтың мақсаты - әртүрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.
Қатынастардың екінші бір тобы – бұл шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық жеке құқықта да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.
Халықаралық жеке құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық жеке құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің қатысуымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқық нормалары Қазақстандағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқықтың арақатынасы.
Халықаралық жеке құқық халықаралық жария құқықпен (не жалпы халықаралық құқықпен) тығыз байланысты. Халықаралық жеке құқық - өзбетіндік, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады. Үстем етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сәйкес халықаралық жеке құқық бұл әрбір мемлекеттің ішкі құқық жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады. Халықаралық жария құқық пен халықраалық жеке құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін - әтүрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақтық – бұл жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет территориясынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп тұрады.
Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы – олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әрқилылығында. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, мемлекеттің егемендігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, әкономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туындауына әкеліп соқтыруда. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, бұның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында болып табылады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жеке құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.
Халықаралық жария құқықтан халықаралық жеке құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол қатынастардың субъкетілерінен де ерекшеленеді. Халықаралық жария құқықтың негізгі субъектілері болып мемлекеттер танылады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығына күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызады. Ал халықаралық жеке құқықта қатысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды) ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар – бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар – бұл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.
Ендігі жерде халықаралық жеке құқықты халықаралық жария құқықтан айырмалайтын үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып халықаралық шарт табылады. Халықаралық жеке құқықта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттің заңнамасына сіңірілсе де сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа ұшырайды.
Халықаралық жеке құқықта маңызды орынды (бұл халықаралық жария құқыққа барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж практикасы алады.
