
- •1. Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, дэмэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4.Экологиялық факторлар.
- •5. Оптимум ережесі. Ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфорттың толеранттылық заңы.
- •7.Организм-ң қоректенуі бойынша классификациясы.
- •8.Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.
- •9. Топырақ қабаты
- •10.Популяциялар түсінігі.
- •11. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы
- •13.Популяциянының динамикалық көрсеткіштері.
- •15. Биоценоз экологиясы
- •16. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
- •17.Биоценоздағы орг-ң қарым-қатынасы Беклемишев бойн.
- •18.Биотикалық қарым-қатынастар.
- •19.Биоценоздағы орг-ң пайдалы қатынасы.
- •20. Биоценоздағы орг-ң зиянды қатынасы.
- •21. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.
- •22.Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •23.Экологиялық сукцессия
- •24. Биогеоценоз және биотоп ұғымдары.
- •25. Экожүйе.
- •26. Экологиялық пирамида
- •27. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •28. Биосфера эволюциясының этаптары.
- •29.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •30. Ноосфера
- •31. Ластану және ластаушы түрлері.
- •32.Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •33. Химиялық және биологиялық ластануы.
- •34.Атмосфераның автокөлікпен ластануы.
- •35. Өндірістік ластану.
- •36. Озоносфера проблемасы.
- •37. Парниктік эффект
- •39. Ормандардың азаюы.Шөлейттену.
- •40. Әлемдік мұхит проблемасы.
- •41. «Тұрақты даму» деген не?
- •42. Тұрақты дамудың негізгі факторлары.
- •43. Қазақстан және тұрақты даму.
- •44. Бейбітшілік моделі. Рим клубы
- •46.Экологиядағы химиялық элементтер айналымы.
- •47.Экожүйедегі биологиялық айналымы.
- •49.Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
- •50.Табиғи ортаның ластануы.
- •51.Әлемдік экологиялық проблемалары.
- •53:54. Биологиялық алуантүрлілік.
- •56:57.Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.
- •60. Қазақстан-2050 стратегиясы жайында бірдеме жазасыңдар.
7.Организм-ң қоректенуі бойынша классификациясы.
Автотрофтар(грек.autos өзі)бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады. (жасыл өсімдіктер мен кейбір микроорганизмдер) Автотрофты ағзаларға жоғары сатыдағы өсімдіктер, балдырлар, кейбір бактериялар жатады. Автотрофты бактериялар минералды заттардан ( H2S NaNO2 NH4 OH ) органикалық қосылыстар түзеді. Автотрофты ағзалардың табиғатта маңызы өте зор. Олар адам мен жануарлар түзе алмайтын органикалық заттарды жинақтайды. Автотрофты ағзалар — биосферадағы органикалық заттардың бастапқы өндіргіштері (продуценттері). Табиғатта фотосинтездеуші автотрофты ағзалар ерекше орны алады, себебі олар биосферадағы органикалық заттардың басым бөлігін (жылына шамамен 162 . 100 т), ал оның 2/3-ін жер бетіндегі өсімдіктер түзеді. Басқа автотрофты ағзалар үлесі онша көп емес. Автотрофты ағзалар әрекеті басқа организмдердің тіршілігіне және де табиғаттағы заттардың биогеохимиялық айналымына маңызды ықпал етеді. Автотрофты ағзалар тағамдардық заттарды бүлдірмейді.
Гетеротрофтар (грек.heteros әртүрлі)дайын органикалық заттармен қоректенеді.Автотрофтар органикалық затты синтездейді,ал гетеротрофтар оларды пайдаланады.Бұл процестің барысында органикалық заттардың ыдырауы жүреді.Егер ыдырау өнімдерін қайтадан автотрофтар пайдаланса,онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пен энергия айналымы түзіледі.Гетеротрофтар органикалық заттарды бастапқы компоненттерге:көмірқышқыл газы,су,нитраттар,фосфаттар және т.б. дейін ыдырата отырып,оларда қоға жиналған химиялық энергияны босатып шығарады.Гетеротрофтар экожүйенің тұтынушылар тобын құрайды.Тұтынушыларды бірінші реттік тұтынушы және екінші реттік тұтынушы деп бөледі.Бірінші реттік тұтынушылар өсімдіктекті қорекпен(өсімдікқоректі жануарлар),екінші реттік тұтынушылар жануартекті қорекпен,сондай-ақ өсімдікқоректі организмдермен,яғни бірінші реттік тұтынушылармен қоректенеді
8.Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.
Жердегі тіршілік пайда болған алғашқы орта – су болып табылады. Тарихи даму барысында көптеген ағзалар ауа-жер ортасына тарала бастады. Нәтижесінде эволюция барысында жаңа тіршілік ету жағдайларына бейімделген құрлық өсімдіктері мен жануарлары пайда болды. Тірі ағзаладың тіршілік әрекетінің нәтижесінде құрлықта литосфераның жоғары қабаттары біртіндеп топыраққа айналады. В.И. Вернадский оны планетаның биокостық денесі деп атады. Ол тірі ағзалардың мекен ету ортасымен бірлескен әрекеттесуі нәтижесінде пайда болды. Биокостық денелер – бұл өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетіне байланысты қайта өңделген табиғи, минералдық қосылыстар. Топырақта су және құрлық ағзалары таралып, оның өзіне тән комплексі түзілді. Қазір жердегі тіршіліктің 4 ортасын бөліп көрсетуге болады: су, жер-ауа, топырақ және тірі ағзалар. Су тіршілік ортасы.Гидросфера жер бетінің жалпы ауданының 71%-ға дейінгі бөлігін алып жатыр. Сулы ортада мекндейтін ағзаларды гидробионттар деп атайды.Қазіргі кездегі гидросфера тек қазіргі кездегі тірі заттың ғана емес, ертедегі геологиялық дәуірлердің тірі затының тіршілік әрекетінің өнімі болып табылады. Жер-ауа тіршілік ортасы.Жер бетінде тіршілік ететін ағзалар газтәріздес ортамен қоршалып жатыр. Бұл ортаның өзіне тән ерекшеліктері: ылғалдылығының төмен болуы, тығыздығы мен қысымының төмен болуы, оттегінің мөлшерінің жоғары болуы. Топырақ ылғалдығы.Өсімдіктер негізіне топырақтағы суды пайдаланады. Топырақтағы су физикалық күйі, қозғалғыштығы, өсімдіктер үшін маңызына қарай бос, капиллярлы, химиялық және физикалық байланысқан су болады. Топырақ - организмдердің тіршілік ортасы ретіндегі ерекшеліктері.
Топырақ – литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі, ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі. Негізін қалаған Докучаев. Топырақта көптеген организмдер бар: бактерия, саңырауқұлақ балдыр, құрт-құмырсқа. Топырақта тіршілік ететін оргнаизмдер эдафобионттер не педобионттар. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған, сондықтан топырақты 3 фазалы жүйе ретінде қарастырады. Оның жоғарғы беті борпылдақ, оның құрамында көптеген заттар бар(өлі орг.заттар, өсімдік қалдығы, қаращірік). Топырақтың жоғарғы қабатында өсімдікке өажетті фосфор, калий, азот, кальций т.б. заттар жинақталған. Оның әр түрлі қасиетіне қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады.