Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология рв-31к.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.56 Кб
Скачать

50.Табиғи ортаның ластануы.

Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары — өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.

Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұлклассификациялау — ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;

-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;

-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;

-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;

-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);

-радиоактавті заттар;

Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.

Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:

1) Биологиялық — кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;

2)Механикалық — қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің

нәтижесінде ластануы:

3)Химиялық — қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ

жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;

4) Физикалық ластану — бұл бес түрге бөлінеді:

а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы

арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.

ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілікету жағдайының өзгеріске үшырауы;

б) Шу, дабыл нәтижесінде;

в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;

г) Радиоактивті ластану.

5) Микробиологиялық ластану — адамның тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюі.

51.Әлемдік экологиялық проблемалары.

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғитабиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  • Ресурстар проблемасы;

  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

  • Энергетикалық проблема;

  • Демографиялық проблема;

  • Климаттың өзгеруі;

  • Экологиялық проблемалар;

  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

  • Қауіпті ауруларды жою;

  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

  • Қылмыспен және терроризммен күрес;

  • Наркобизнеспен күрес.

52.ҚР-ң тұрақты дамудағы өзекті проблемалары.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Өту кезеңдері : 2007-2009 ж туракты дамудын дайындык кезенi

2010-2012 I кезең

2013-2018 II кезең

2019-2024 ж IIIкезең

Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.  Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

-         бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

-         суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

-         жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]