Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экология рв-31к.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.56 Кб
Скачать

3.Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos – үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу. Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты.  Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды. Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды.  Экология ғылымының даму кезеңдері: І кезеңде (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты; ІІ кезеңде (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті; ІІІ кезеңде (1980–2000 жж.) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.  Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді.  Экологияның зерттеу әдістері:  1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады. 2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.

4.Экологиялық факторлар.

Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар д.а. Эк.ф-р организмдер мекендейтін ортасының жағдайын анықтайды. Кез-келген организмге қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді.Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне,санына,географиялық таралуына тікелей н\е жанама әсер етеді. Дәстүрлі жіктелу бойынша оларды: абиотикалық, биотикалық және антропогендік деп бөледі.

Абиотикалық факторлар – бұл тірі организмге әсер ететін қоршаған орта жағдайларының тірі емес компоненттері.Оған сыртқы ортаның физикалық, химиялық қасиеттері жатады. Мысалы, ауа райы, жылу, ылғалдық, қысым, жел күші, тұздылық. Абиотикалық факторлар популяциялық деңгейде, түрлік деңгейде, экологиялық жүйелер деңгейінде әсер етеді. Соның ішінде популяциялық деңгейде олардың нақты экологиялық жағдайларға бейімделуіне қарай стацияларға бөлінеді. Мысалы, солтүстікке қарай құрғақтау, өсімдік жамылғысын сиректеу, ал оңтүстікке қарай өсімдіктер жамылғысы қалың болып бөлінеді. Негізгі абиотикалық факторларға: жарық, температура және ылғалдылық жатады. Биосфераға жарық өте қажет, өйткені ол фотосинтезге қатысып, өсімдіктер үшін энергия көзі болып табылады. Жарық немесе күн сәулесі қалың атмосфера қабатынан өтіп, электромагнитті толқындар болып, жерге түседі. Абиотикалық факторлардың ішінде температура ең негізгі фактолардың бірі болып саналады.Әр организм белгілі бір температура аралығында ғана өмір сүруге бейімделген.Олардың дене температурасы сыртқы орта температурасына байланысты,тек қана кейбір түр өкілдерінде температураның белгілі мөлшерін тұрақты сақтап тұратын бейімделушілік механизмдері болады. Су-өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде өте маңызды рөл атқаратын компонент.Организмдердің сумен тығыз байланысын Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен дамуының сулы ортадан басталғанымен түсіндіруге болады.Организм үшін судың маңызы өте зор:ол-еріткіш,тасымалдаушы және тіршілік ортасы.Барлық тірі организмдер судан құралған,организмдердегі оның мөлшері 90%-ға дейін болады.Биотикалық факторлар –Жеке организімдер арасындағы және папуляциялар арасындағы өзара әрекеттесудің әр алуан формаларын биотикалық факторлар деп атайды. Олар түрішілік және түраралық қарым-қатынасқа бөлінеді. Бір түрге жататын организім топтары арасындағы түрішілік өзара әрекеттесулерді гомотиптік реакциялар деп айтады. Оған организімдердің бірлесіп күнелту жағдайы жатады. Топ, үйір болып біріккен жануарлар қорғануда, жемтігін аулауда кұшті болып, жеңіске жетеді. Организімдер арасындағы бәсекелестік тіршілік үшін күресті көрсетеді.Әр түрге жататын жеке организімдермен папуляциялар арасында жүретін тұрарлық қарым-қатынас формаларын гетеротиптік реакциялар деп атайды.

Антропогендік факторлар – адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы,н\е адамның қатысуымен қоршаған ортаға,организмдердің тіршілігіне н\е өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету.Соңғы кездері антропогендік факторлардың әсерінен биосферада күрделі экологиялық проблемалар пйда болуда.Мыс:биоәртүрліліктің азаюы,парникті эффект,қышқыл жаңбырлар т.б.Антропогендік факторлар роганизімге тікелей (ағаштарды кесу, аң аулау) және жанама әсер ету (ортаның ластануы, өзендерге су қоймаларын салу) болып бөлінеді. Антроаогендік факторларға техногендік факторлар (радияция, ластану, құрғату жұмыстары, электромагнитизм және т.б.) да жатады. Жалпыға белгілі факторлар классификациясынан (абиотикалық, биотикалық, антропогендік) басқа экологиялық факторлардың басқа да классификациялары кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]