
- •1. Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, дэмэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4.Экологиялық факторлар.
- •5. Оптимум ережесі. Ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфорттың толеранттылық заңы.
- •7.Организм-ң қоректенуі бойынша классификациясы.
- •8.Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.
- •9. Топырақ қабаты
- •10.Популяциялар түсінігі.
- •11. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы
- •13.Популяциянының динамикалық көрсеткіштері.
- •15. Биоценоз экологиясы
- •16. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
- •17.Биоценоздағы орг-ң қарым-қатынасы Беклемишев бойн.
- •18.Биотикалық қарым-қатынастар.
- •19.Биоценоздағы орг-ң пайдалы қатынасы.
- •20. Биоценоздағы орг-ң зиянды қатынасы.
- •21. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.
- •22.Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •23.Экологиялық сукцессия
- •24. Биогеоценоз және биотоп ұғымдары.
- •25. Экожүйе.
- •26. Экологиялық пирамида
- •27. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •28. Биосфера эволюциясының этаптары.
- •29.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •30. Ноосфера
- •31. Ластану және ластаушы түрлері.
- •32.Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •33. Химиялық және биологиялық ластануы.
- •34.Атмосфераның автокөлікпен ластануы.
- •35. Өндірістік ластану.
- •36. Озоносфера проблемасы.
- •37. Парниктік эффект
- •39. Ормандардың азаюы.Шөлейттену.
- •40. Әлемдік мұхит проблемасы.
- •41. «Тұрақты даму» деген не?
- •42. Тұрақты дамудың негізгі факторлары.
- •43. Қазақстан және тұрақты даму.
- •44. Бейбітшілік моделі. Рим клубы
- •46.Экологиядағы химиялық элементтер айналымы.
- •47.Экожүйедегі биологиялық айналымы.
- •49.Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
- •50.Табиғи ортаның ластануы.
- •51.Әлемдік экологиялық проблемалары.
- •53:54. Биологиялық алуантүрлілік.
- •56:57.Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.
- •60. Қазақстан-2050 стратегиясы жайында бірдеме жазасыңдар.
35. Өндірістік ластану.
Өнеркәсіптік салада ауаны ластандырушы негізгі көз болып табылатындар жылу электр станциялары, қара жэне түсті металлургия, сол сияқты мүнай өңдеу.Қатты отынды (көмір, торф, ағаш, қамыс жэне т.б.) жаққанда күйе, смола, күкірт, көміртегі тотығын жэне шаң бөліп шығарады. Екібастүз көмірі Қарағандының көміріне қарағаңда күлді көп шығарады. Орта есеппен ЖЭО-ы сағат сайын атмосфераға 5 тонна күкіртті ангидрид жэне 16-17 тонна күл шығарып отырады.
Әр түрлі кәсіпорындар өзінің атқаратын саласына қарай айналадағы ортаға өзінің зияндылығы жағынан эртүрлі заттар шығарады.
Металлургия өнеркәсібі — металл мен олардың қосыңдыларын (темір, мыс, қорғасын, мырыш, көмір, күкіртті ангидрид жэне т.б.);
машина жасау кәсіпорыны — шаң жэне газ, күйе, қорғасын, т.б.;
мүнай өңдеу және вискоз өнеркәсібі — күкіртті сутегі;
химия өнеркәсібінің кәсіпорындары — азот тотығы т.б;
қүрылыс материалдарын шығару кәсіпорындары — эр түрлі қосындылары бар шаң мен газ;
автомобиль заводтарын да қала сыртына ғана салуға рүқсат етіледі;
автомобиль көлігі — элемдік ластандырушылар қатарында ерекше орын алады. Жыл сайын автомашиналар атмосфераға 380 млн тонна көміртегі тотығын, 56 млн тонна көмірлісутегін, 28 млн тонна азот тотығын таратады. Автомобильден шығатын газ қүрамы өте күрделі — оның қүрамында 200-ден астам зат бар. Оның ішінде 75 пайызы көміртегі, 15 — көмірлі сутек жэне 7 пайызы азот тотығы.Автомобиль 1 тонна бензин жақса—12,3 кг, І тонна дизель отынын жақса — 24,5 кг азот тотығын шығарады.
Ауыл шаруашылығында кейінгі 30-40 жыл бойы өсімдіктерді қорғау жэне минеральдық тыңайтқыш үшін пестицидтерді жиі қолданып жүр. Олар үшақпен шашқанда үнтағы желмен үшып, ауа мен суды, топырақты ластандырады. Сондықтан да мүндай препараттарды есеппен, дүрыс қолдану қажет.Мал шаруашылығы кешендері атмосфераны күкіртті сумен, аммиакпен, микрофлорамен ластайды.Коммуналдық-түрмыстық шаруашылық та да от жағу, пеш түтіні, үй маңындағы қоқысты уақытымен жинамау, қоқыс төгетін жерді ретке келтіріп отырмау да атмосфераны бүлдіреді.
36. Озоносфера проблемасы.
Атмосфераның техногенді ластануы озон қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0,29 мкм болатын және одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне әкеп соғады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға хлор мен азот қосындылары жатады. Хлордың бір молекуласы 105 озон молекуласын, ал азот оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын бұзады. Бұл заттардың қосындыларының атмосфераға түсетін негізгі көздері: ұшақтар (әскери ұшақтар). Олардың шығару газдарының 0,1% азот оксидтері (NO, NO2) құрайды; ракеталар; жанартаулық газдар; фреон қолданатын өнеркәсіптер; атом жарылыстары. Бір «Шаттл» ракетасының космосқа ұшырылуы озоның 0,3 % (100000000т озон) бұзылуымен ұштасады. Бұл жағдайда түзілетін озон қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон қабатының техноген факторларының әсерінен 1% бұзылса, 2050 жылы озон қабатының 10% бұзылады деген болжам айтылуда.
Озон жыртығы, озон тесігі – озоносфера қабатының жарылуы (диаметрі 1000 км-ден астам). Антарктида мен Арктикада ерекше байқалады. Бұл құбылыс 20 ғасырдың 80-жылдарында байқалғанымен, оның пайда болу себебі әлі күнге дейін талас тудыруда. Озон жыртығы табиғи, сондай-ақ антропогендік жағдайларға байланысты, әсіресе өнеркәсіпте және күнделікті тұрмыста озон қабатын бұзатын құрамында хлоры бар хладондарды (фреондарды) пайдалануға байланысты пайда болады деп есептелінеді. Соңғы 20 жылда озон жыртығы аясы ұлғая түсті (жыл сайын 4%-ға). Озон жыртығы арқылы күннің ультракүлгін сәулелерінің атмосфераға еш бөгетсіз өтіп кетуі қоршаған ортаны ластап, ондағы тірі организмдерге қауіп-қатер туғызады. Түрлі вирусты және қатерлі ісік ауруларының көбеюіне әкеледі. Сондай-ақ күннің ультракүлгін радиациясының жоғарылауынан өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесі мен протеиннің түзілуі тежеледі. 1985 ж. озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 ж. Монреаль хаттамасы қабылданған. Озон жыртығы алғаш рет 1985 ж. ағылшын зерттеушісі Дж. Фарман байқаған.