- •1. Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, дэмэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4.Экологиялық факторлар.
- •5. Оптимум ережесі. Ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфорттың толеранттылық заңы.
- •7.Организм-ң қоректенуі бойынша классификациясы.
- •8.Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.
- •9. Топырақ қабаты
- •10.Популяциялар түсінігі.
- •11. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы
- •13.Популяциянының динамикалық көрсеткіштері.
- •15. Биоценоз экологиясы
- •16. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
- •17.Биоценоздағы орг-ң қарым-қатынасы Беклемишев бойн.
- •18.Биотикалық қарым-қатынастар.
- •19.Биоценоздағы орг-ң пайдалы қатынасы.
- •20. Биоценоздағы орг-ң зиянды қатынасы.
- •21. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.
- •22.Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •23.Экологиялық сукцессия
- •24. Биогеоценоз және биотоп ұғымдары.
- •25. Экожүйе.
- •26. Экологиялық пирамида
- •27. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •28. Биосфера эволюциясының этаптары.
- •29.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •30. Ноосфера
- •31. Ластану және ластаушы түрлері.
- •32.Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •33. Химиялық және биологиялық ластануы.
- •34.Атмосфераның автокөлікпен ластануы.
- •35. Өндірістік ластану.
- •36. Озоносфера проблемасы.
- •37. Парниктік эффект
- •39. Ормандардың азаюы.Шөлейттену.
- •40. Әлемдік мұхит проблемасы.
- •41. «Тұрақты даму» деген не?
- •42. Тұрақты дамудың негізгі факторлары.
- •43. Қазақстан және тұрақты даму.
- •44. Бейбітшілік моделі. Рим клубы
- •46.Экологиядағы химиялық элементтер айналымы.
- •47.Экожүйедегі биологиялық айналымы.
- •49.Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
- •50.Табиғи ортаның ластануы.
- •51.Әлемдік экологиялық проблемалары.
- •53:54. Биологиялық алуантүрлілік.
- •56:57.Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.
- •60. Қазақстан-2050 стратегиясы жайында бірдеме жазасыңдар.
31. Ластану және ластаушы түрлері.
Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары — өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады. Ластаушы загтар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р.Парсон ұсынды. Бұл классификациялау — ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:
-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;
-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;
-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;
-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;
-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток);
-радиоактавті заттар;
Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т.б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.
Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
1) Биологиялық — кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;
2)Механикалық — қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің нәтижесінде ластануы:
3)Химиялық — қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;
4) Физикалық ластану — бұл бес түрге бөлінеді:
а) Өнеркөсіп жөне жылу-энергетикалық комплекстердің жұмысы арысында коршаған орта температурасьшың бұзылуы, мұны жылулық деп атайды.
ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілікету жағдайының өзгеріске үшырауы;
б) Шу, дабыл нәтижесінде;
в) Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;
г) Радиоактивті ластану.
5) Микробиологиялық ластану — адамның тіршілік етуі барысында, антропогенді жүйелерде немесе ортада әр түрлі ауру тарататын зиянкес организмдердің көбеюі.
32.Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
Физикалық ластану — қоршаған ортаның температуралық-энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерінің нормадан ауытқуларынан болатын ластану.Физикалық ластаушылар - Бұл биосфераға техногендік себептерден түсетін энергияның артық көздері. Мысалы, жылу (атмосфераға қызған газдардың бөлінуі); жарық (жасанды жарықтың әсерінен табиғи жарықтың нашарлауы); шуыл (шуылдың мүмкін деңгейден артуы); электромагнитті (электр желісі, радио, теледидар); радиоактивті (атмосфера радиоактивті заттардың бөлінуі); озон бұзғыш (фреондардың атмосфераға бөлінуі).Қала үшін жағымсыз факторлардың бірі физикалық табиғаты әртүрлі дыбыс тербелісінен пайда болатын шуыл. Әдетте төменгі жиіліктегі автокөліктердің шуылы жоғары жиіліктегі шуылға қарағанда алысқа тарайды. Зерттеулер көрсеткендей, тіпті қысқа уақытты шуыл организмнің барлық жүйелеріне (әсіресе жүреқ- қан және жүйке жүйелеріне) жағымсыз әсер етеді. Адам 30-40 дБ шуылда өзін қолайлы сезінгенімен, 120 дБ-ден жоғары шуыл орғанизмге үлкен ауыртпалық түсіреді.Өсімдіктер шуылдан қорғауда да үлкен роль атқарады. Үй қабырғасының жартысына дейін өсіп тұрған жүзім өсімдігі пәтердегі шуылды екі еседей төмендетеді. Өсімдіктердің шуылдан қорғау қасиеті өсімдіктің еніне (габитусына), қалың болуына, құрамына, биіктігіне байланысты. Шуылдан арнайы (бетонды, металл, әйнекті ағашты) қондырғылар жақсы қорғайды.
Механикалық ластаушылар - шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жақ қанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады. Мұндай ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер. Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялық аурулары және т.б. ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан кетеді. Американдық ғалымдар халқының саны 1 млн-нан асатын қалалардағы тұрғындарда ауаның ластануы мен тыныс алу жолдарының қатерлі ісік (рак) ауруының жиілігі арасында тікелей байланыс бар екенін анықтады. Көз ауруы, созылмалы коньюнктивит көбіне ауаның ластануымен байланысты. Жасыл өсімдіктер ауадағы шаңды тазартып басқа қоспалардың әсерін төмендетеді. Мысалы, шыршалы ағаштар ауадан 1 гектардан 32 тонна, қарағайлар 36,4 т, шамшаттар - 68 т шаң жинайды.
