- •1. Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, дэмэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4.Экологиялық факторлар.
- •5. Оптимум ережесі. Ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфорттың толеранттылық заңы.
- •7.Организм-ң қоректенуі бойынша классификациясы.
- •8.Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.
- •9. Топырақ қабаты
- •10.Популяциялар түсінігі.
- •11. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы
- •13.Популяциянының динамикалық көрсеткіштері.
- •15. Биоценоз экологиясы
- •16. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
- •17.Биоценоздағы орг-ң қарым-қатынасы Беклемишев бойн.
- •18.Биотикалық қарым-қатынастар.
- •19.Биоценоздағы орг-ң пайдалы қатынасы.
- •20. Биоценоздағы орг-ң зиянды қатынасы.
- •21. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.
- •22.Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •23.Экологиялық сукцессия
- •24. Биогеоценоз және биотоп ұғымдары.
- •25. Экожүйе.
- •26. Экологиялық пирамида
- •27. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •28. Биосфера эволюциясының этаптары.
- •29.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •30. Ноосфера
- •31. Ластану және ластаушы түрлері.
- •32.Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •33. Химиялық және биологиялық ластануы.
- •34.Атмосфераның автокөлікпен ластануы.
- •35. Өндірістік ластану.
- •36. Озоносфера проблемасы.
- •37. Парниктік эффект
- •39. Ормандардың азаюы.Шөлейттену.
- •40. Әлемдік мұхит проблемасы.
- •41. «Тұрақты даму» деген не?
- •42. Тұрақты дамудың негізгі факторлары.
- •43. Қазақстан және тұрақты даму.
- •44. Бейбітшілік моделі. Рим клубы
- •46.Экологиядағы химиялық элементтер айналымы.
- •47.Экожүйедегі биологиялық айналымы.
- •49.Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
- •50.Табиғи ортаның ластануы.
- •51.Әлемдік экологиялық проблемалары.
- •53:54. Биологиялық алуантүрлілік.
- •56:57.Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.
- •60. Қазақстан-2050 стратегиясы жайында бірдеме жазасыңдар.
27. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
Биосфера – ғаламшардағы тірі ағзалар мекендейтін Жердің күрделі сыртқы қабаты. Бұл терминді австрия ғалымы Э.Зюсс 1875 ж. енгізген.
В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімінің маңызды бөлігі болып саналатыны оның пайда болуы мен дамуы туралы көзқарас. Тіршіліктің алғашқы түрлері анаэробтық бактериялар болған. Ал тірі заттың құрушы және дамытушы орны тек автотрофтар – цианобактериялар және көкжасыл балдырлар (прокариоттар) одан кейін нағыз балдырлар мен жер өсімдіктері (эукариоттар) пайда болғаннан кейін іске аса бастады. Осы ағзалардың әрекеті биосферада бос оттегінің жиналуына әкеліп соқты. Бұл эволюцияның ең маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Бұлармен қатар гететрофтар да дами бастады. Бұлардың даму уақыты құрғаққа шығып, құрылықтарда қоныстануынан және адамның пайда болуынан басталады.
Вернадский ілімінің биік шыңы – ноосфера – сана сезім сферасы туралы ілімі. Бұл ілімінде ол ғаламшар үрдісіндегі тіршіліктің, тірі заттың геологиялық орнын, мәнін ашты. Осы жандылардың ішінен Вернадский адамды ең қуатты геологиялық күш деп бағалады. Сонымен, ноосфера – ондағы зат пен энергия алмасу табиғи үрдістерін қоғам қадағалап отыратын орта.
В.И. Вернадский биосфераны үш құрауышқа бөледі:
1) тірі зат – тірі ағзалар биомассасынан құралған;
2) биогендік зат – детриттердің барлық түрлері, сондай-ақ шымтезек, көмір, мұнай және биогендік текті газ;
3) биокостық зат – биогендік заттардың биогендік емес минералдық жыныстармен қоспасы (топырақ су түбіндегі балшық, табиғи сулар, шөккен карбонаттар және т.б.); костық зат – ағзалардың тікелей биогеохимиялық әрекеті әсер етпеген тау жыныстары, минералдар, шөгінділер
Сонымен, биосфера – ғаламшардағы зат айналымына ықпал етіп тұрған ең ірі кеңауқымды экожүйе.
28. Биосфера эволюциясының этаптары.
Биосфера эволюциясы — Жер бетіндегі тірі организмдердің пайда болуынан бастап, қазіргі биосфера қабығының толық қалыптасу аралығындағы ұзақ уақытты қамтитын биологиялық процесс.
Биосфера эволюциясы — тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі. Эволюция ілімі бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға ауысуынан пайда болған. Осы кезге дейін бұл процесс ұзақ уақытты қамтыған деген пікірлер айтылып келсе, соңғы жылдардағы микропалеонтологиялық, палеогеохимиялық, ғарыштық химия, изотоптық, т.б. зерттеулердің қорытындысы химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға қысқа геологиялық мерзім аралығында ауысқандығын дәлелдеп отыр. Жер планетасының геохронологиялық шежіресінде ең ежелгі заман — криптозойда (4550 — 570 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен тірі организмдердің қазба қалдықтары сақталмаған. Ол кезде өте ұсақ алғашқы прокариотты организмдер (цианобактериялар, бактериялар, көкжасыл балдырлар) тіршілік еткен. Олардың қатты қаңқасы болмаған, денесіне сіңген суда еріген әр түрлі минералдық заттар ұсақ түйіршіктерге айналып, ежелгі тау жыныстарының арасында сақталғандығы соңғы кезде анықталды. Оны ғылымда строматолиттер деп атайды.
Қазіргі кезде олар Батыс Германия мен Батыс Австралияда, Оңтүстік Африкада, Украинада бұдан 3,4 — 3,8 млрд. жыл бұрын түзілген тау жыныстарынан табылған. Сол замандағы өте ұсақ организмдер теңіздерде тіршілік етіп, гетеротрофты жолмен қоректенген. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер бұдан 4 — 3,5 млрд. жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Олар кейін күрделі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. 2 — 1,5 млрд. жыл бұрын бір клеткалы эукариотты организмдер шыққан, олардан кейін (1,4 млрд. жыл бұрын) көп клеткалы организмдер пайда болып Жер бетіне кеңінен таралған. Ал 700 — 600 млн. жыл бұрын тіршілік еткен моллюскілердің қатты қаңқа қалдықтары толық сақталған.
Ғылыми деректер бойынша, биосфера эволюциясында мынадай негізгі кезеңдер болған: өздігінен қалпына келе алатын гетеротрофты организмдердің тіршілік кезеңі; әлсіз тотығу процестеріне негізделген алғашқы автотрофты организмдердің тіршілік кезеңі; толық тотығу процестері жүретін автотрофты организмдердің Жер бетінде кеңінен таралу кезеңі. Биосфера эволюциясының палеонтологиялық шежіресіне сүйене отырып: биосфера эволюциясы ешқашан кері жүрмейді; геологиялық замандарда биологиялық эволюцияның жылдамдығы арта түседі; жалпы эволюцияның қарқынды жүруінен жаңа түрлер пайда болады; жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесінде олардың жүйке жүйесі күрделене түседі деген тұжырымдар жасауға болады.
