- •1. Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, дэмэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4.Экологиялық факторлар.
- •5. Оптимум ережесі. Ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфорттың толеранттылық заңы.
- •7.Организм-ң қоректенуі бойынша классификациясы.
- •8.Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.
- •9. Топырақ қабаты
- •10.Популяциялар түсінігі.
- •11. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы
- •13.Популяциянының динамикалық көрсеткіштері.
- •15. Биоценоз экологиясы
- •16. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
- •17.Биоценоздағы орг-ң қарым-қатынасы Беклемишев бойн.
- •18.Биотикалық қарым-қатынастар.
- •19.Биоценоздағы орг-ң пайдалы қатынасы.
- •20. Биоценоздағы орг-ң зиянды қатынасы.
- •21. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.
- •22.Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •23.Экологиялық сукцессия
- •24. Биогеоценоз және биотоп ұғымдары.
- •25. Экожүйе.
- •26. Экологиялық пирамида
- •27. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •28. Биосфера эволюциясының этаптары.
- •29.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •30. Ноосфера
- •31. Ластану және ластаушы түрлері.
- •32.Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •33. Химиялық және биологиялық ластануы.
- •34.Атмосфераның автокөлікпен ластануы.
- •35. Өндірістік ластану.
- •36. Озоносфера проблемасы.
- •37. Парниктік эффект
- •39. Ормандардың азаюы.Шөлейттену.
- •40. Әлемдік мұхит проблемасы.
- •41. «Тұрақты даму» деген не?
- •42. Тұрақты дамудың негізгі факторлары.
- •43. Қазақстан және тұрақты даму.
- •44. Бейбітшілік моделі. Рим клубы
- •46.Экологиядағы химиялық элементтер айналымы.
- •47.Экожүйедегі биологиялық айналымы.
- •49.Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
- •50.Табиғи ортаның ластануы.
- •51.Әлемдік экологиялық проблемалары.
- •53:54. Биологиялық алуантүрлілік.
- •56:57.Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.
- •60. Қазақстан-2050 стратегиясы жайында бірдеме жазасыңдар.
25. Экожүйе.
Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.
Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).
26. Экологиялық пирамида
Экологиялық пирамида – экожүйедегі продуценттер, консументтер (бірінші және екінші реттік) және редуценттер арасындағы олардың массасымен өрнектелген арақатынас. Нәтижесінде, бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен сайын биомасса, сандық құрамы және энергия қоры азайып отыратыны анықталған. Бүл заңдылықты кезінде эколог Ч. Элтон зерттеп өзінің есімімен "Элтон пирамидасы" деп атаған.Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар:
Сандық пирамида - организмдердің жеке сандық көрсеткішін айқындайды.
Биомасса пирамидасы - жалпы құрғақ салмақты, немесе "өнімділікті" анықтайды.
Энергия пирамидасы - энергия ағымының қуатын немесе жылу энергиясын анықтайды.
Сандық пирамида трофикалық (қоректік) деңгей бойынша организмдердің санын көрсетеді. Особьтардың саны продуценттерден консументтердің әр деңгейіне өткен сайын азая береді. Мысалы, 1 га шалғындықта I деңгейде 9 млн-ға жақын өсімдіктер өседі; II деңгейде - 700 мың өсімдіктермен қоректенетін насекомдар; III деңгейде - 350 мың жыр-тқыш насекомдар мен өрмекшілер;IVдеңгейде:КонсументтерIII КонсументтерII КонсументтерI Продуценттер Биомасса пирамидасы трофикалық деңгейлері бойынша экожүйедегі барлық организмдердің биомассасының ара салмағын көрсетеді. Жер беті экожүйелерінде I деңгейдегі консументтерге қарағанда продуценттер салмағы көп, ал II деңгейдегі консументтерге қарағанда I деңгейдегі консументтердің салмағы артық және т.с.с. Су экожүйелерінде пирамида төңкерілген түрде болады. Өйткені трофикалық деңгейлердің өсуімен қорлардың биомассасы да артады. Энергия пирамидасы - экожүйенің әрбір трофикалық деңгейіндегі немесе осы деңгейлер арқылы ететін энергия мелшерін көрсететін биомасса пирамидасының бір түрі. Алайда энергия пирамидасы ешқашан "төңкерілген" пирамида күйінде болмайды. Өйткені, келесі трофикалық деңгей езі арқылы алдыңғы деңгейдің сіңірген энергиясының тек бір бөлігін ғана еткізуі мүмкін.
