
- •1. Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, дэмэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4.Экологиялық факторлар.
- •5. Оптимум ережесі. Ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфорттың толеранттылық заңы.
- •7.Организм-ң қоректенуі бойынша классификациясы.
- •8.Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.
- •9. Топырақ қабаты
- •10.Популяциялар түсінігі.
- •11. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы
- •13.Популяциянының динамикалық көрсеткіштері.
- •15. Биоценоз экологиясы
- •16. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
- •17.Биоценоздағы орг-ң қарым-қатынасы Беклемишев бойн.
- •18.Биотикалық қарым-қатынастар.
- •19.Биоценоздағы орг-ң пайдалы қатынасы.
- •20. Биоценоздағы орг-ң зиянды қатынасы.
- •21. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.
- •22.Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •23.Экологиялық сукцессия
- •24. Биогеоценоз және биотоп ұғымдары.
- •25. Экожүйе.
- •26. Экологиялық пирамида
- •27. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •28. Биосфера эволюциясының этаптары.
- •29.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •30. Ноосфера
- •31. Ластану және ластаушы түрлері.
- •32.Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •33. Химиялық және биологиялық ластануы.
- •34.Атмосфераның автокөлікпен ластануы.
- •35. Өндірістік ластану.
- •36. Озоносфера проблемасы.
- •37. Парниктік эффект
- •39. Ормандардың азаюы.Шөлейттену.
- •40. Әлемдік мұхит проблемасы.
- •41. «Тұрақты даму» деген не?
- •42. Тұрақты дамудың негізгі факторлары.
- •43. Қазақстан және тұрақты даму.
- •44. Бейбітшілік моделі. Рим клубы
- •46.Экологиядағы химиялық элементтер айналымы.
- •47.Экожүйедегі биологиялық айналымы.
- •49.Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
- •50.Табиғи ортаның ластануы.
- •51.Әлемдік экологиялық проблемалары.
- •53:54. Биологиялық алуантүрлілік.
- •56:57.Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.
- •60. Қазақстан-2050 стратегиясы жайында бірдеме жазасыңдар.
23.Экологиялық сукцессия
Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады.олардың түрлік құрамы, әр түрлі топтағы организмдердің молдығы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткіштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын экологиялық сукцессия(латынша succession-ауысу)деп атайды.Жалпы биоценоздардың бірін бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді.Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа,одан орманға айналуын келтіруге болады.
Бірінші реттік (алғашқы)сукцессия тіршілік иелері жоқ жерде: лава үстінде,сусымалы құмдарда, жартастарда, тасты жерлерде басталады.Бұл жерлерде алғашқы қоныстанушылардың(бактериялар, қыналар,балдырлар)рөлі зор. Олар тіршілік ету барысында аналық жынсты бұзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады.Өлген,ш,р,ген организмдер біртіндеп жиналуы ж\е үгілу әсерінен тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде мүктер өсетін топырақтың түзілуіне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де топырақ түзілу жалғаса береді.Қолайсыз жағдайлар кезінде де қарапайым қауымдастықтар түзіледі.Сөйтіп организмдердің алуан түрлілігі арта береді.
Екінші реттік (соңғы)сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді.Мысалы, өртенген орман,құрғатылған батпақ не\се бұзылған қауымдастықтар орнында. Әдетте мұндай жерлерде тіршілік ресурстарының бай қоры сақталады.Мысалы, өртенген жерде жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер), олардың көлеңкесінде факультативті гелиофиттер,сцофиттер өсе бастайды.Өсімдіктер жабыны жаңа түрлер өсетін топырақты құнарландарып, құрылымын жақсарта түседі.2 реттік сукцессия топырақ түріне байланысты тез не\се баяу жүруі мүмкін.Бұл процесс климаксты қауымдастық тың (толық жетілген)пайда болумен аяқталады. 2реттік сукцессия кезіндегі өзгерістер жылдамдығы алғашқы сукцессиямен салыстырғанда әлдеқайда тез жүреді.
Жалпы сипаты бойынша сукцессия бірінші ретті (алғашқы) ж\е екінші реттік (соңғы)болып бөлінеді.
Сукцессия барлық қауымдастықтарға тән, белгілібір стадияларда жүретін, жалпы өзгерістерді қамтитын баңытталған ж\е заңды процесс.
Сукцессия-өсу,тұрақтану,климакс сатыларынан тұрады. экологиялық сукц-ның автотрофты, гетеротрофты,аутогенді, аллогенд, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты,антропогенді түрлері бар.
24. Биогеоценоз және биотоп ұғымдары.
Биоценоз (грекше bios - өмір, koinos – жалпы, ортақ) – бірдей ортақ жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизімдер популяциялардың жиынтығы.Биоцнеоз тірі организімдердің жай жиынтығы емес, ретті, бір-бірімен байланысқан фитоденозден (өсімдіктер жиынтығы), зооценоздан (жануарлар жиынтығы), микоценоздан (саңырауқұлақтар жиынтығы) және микробоценоздан (микроорганизімдер жиынтығы) тұратын жүйе.Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара қалыптасқан тірі және өлі бөліктердің жиынтығынан тұратын кешендер түзіледі. Біртекті жағдайлармен сипатталатын организімдердің белгілі бір бірлестіктерінен қоныстанған кеңістік биотоп деп аталады.
Биогеоценоз – тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотоп) тірі организімдер (биоценоз) мен обиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. “Биогеоценоз” ұғымын 1944 жылы академик В.Н. Сукачев ұсынды.
Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биценозға бірігеді. Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін организімдер қауымдастықтарын биотоп (биоценоз) деп атайды. Биотоп – биоценоздың тіршілік ету ортасы. Сондықтан биоценозды белгілі бір биотопқа тән тарихи қалыптасқан организімдер тобы ретінде қарастыруға болады. Кез-келген биоценоз биотоппен бірге жоғары дәрежедегі биологиялық жүйе – Биогеоценозды құрайды.
Биогеоценоздар әртүрлі мөлшерде, көлемде болуы мүмкін. Мысалы, орман көл шалғындық және т.б. Мөлшері мен күрделілігіне қарамастан кез-келген биогеоценоз мынадай құрамдардан тұрады:
- продукценттер - өндірушілер (жасыл өсімдіктер), күн энергиясын пайдалана отырып денесін бейорганикалық заттардан түзетін автотрофты организімдер. Бұлар қоректік тізбектің бірінші буыны;
- консументтер – тұтунышылар, продукценттер арқылы дайын органикалық заттармен бірге ондағы энергияныпайдаланатын гетеретрофты организімдер (бірнші дәрежелі - өсімдік қоректік жануарлар, екінші дәрежелі – ет қоректілер және үшінші дәрежелі- жыртқыштар);
- редуценттер – ыдыратушылар, органикалық қалдықтарды ыдырататын, биологиялық зат айналымын аяқтайтын (шартты түрде) организімдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, микроорганизімдер);
- өлі табиғат компонеттері