
- •1. Экология ғылымының даму тарихы.
- •2.Экология бөлімдері: аутэкология, дэмэкология, синэкология.
- •3.Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
- •4.Экологиялық факторлар.
- •5. Оптимум ережесі. Ю.Либихтың минимум заңы және в.Шелфорттың толеранттылық заңы.
- •7.Организм-ң қоректенуі бойынша классификациясы.
- •8.Негізгі тіршілік орталары,анабиоз.
- •9. Топырақ қабаты
- •10.Популяциялар түсінігі.
- •11. Популяцияның кеңістіктегі құрылымы
- •13.Популяциянының динамикалық көрсеткіштері.
- •15. Биоценоз экологиясы
- •16. Биоценоз кеңістіктегі құрылымы
- •17.Биоценоздағы орг-ң қарым-қатынасы Беклемишев бойн.
- •18.Биотикалық қарым-қатынастар.
- •19.Биоценоздағы орг-ң пайдалы қатынасы.
- •20. Биоценоздағы орг-ң зиянды қатынасы.
- •21. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.
- •22.Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
- •23.Экологиялық сукцессия
- •24. Биогеоценоз және биотоп ұғымдары.
- •25. Экожүйе.
- •26. Экологиялық пирамида
- •27. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •28. Биосфера эволюциясының этаптары.
- •29.Биологиялық және геологиялық айналымдар.
- •30. Ноосфера
- •31. Ластану және ластаушы түрлері.
- •32.Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •33. Химиялық және биологиялық ластануы.
- •34.Атмосфераның автокөлікпен ластануы.
- •35. Өндірістік ластану.
- •36. Озоносфера проблемасы.
- •37. Парниктік эффект
- •39. Ормандардың азаюы.Шөлейттену.
- •40. Әлемдік мұхит проблемасы.
- •41. «Тұрақты даму» деген не?
- •42. Тұрақты дамудың негізгі факторлары.
- •43. Қазақстан және тұрақты даму.
- •44. Бейбітшілік моделі. Рим клубы
- •46.Экологиядағы химиялық элементтер айналымы.
- •47.Экожүйедегі биологиялық айналымы.
- •49.Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану.
- •50.Табиғи ортаның ластануы.
- •51.Әлемдік экологиялық проблемалары.
- •53:54. Биологиялық алуантүрлілік.
- •56:57.Тұрақты даму жолындағы халықаралық ынтымақтастықтар.
- •60. Қазақстан-2050 стратегиясы жайында бірдеме жазасыңдар.
21. Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар.
Комменсализм (лат. commensalіs – табақтас, масыл) - дастархандас, симбиоздың бір түрі. Коменсализмде екі жануарлардың бірі, (коменсал) өзінің сыртқы ортамен қарым-қатынасын реттеуді басқа жануарға, (иесіне) толығымен жүктеп, өзі сыртқы ортамен тікелей қарым-қатынасқа түспейді. Мысал ретінде қарапус балықтарын келтіруге болады. Голотуриялардың ішек қуысына еніп, олар оны бас пана ретінде пайдаланады. Яғни ол екi түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бiр түр өзiнiң iс –әрекетi арқылы екiншiсiне қорек немесе мекен-жай тауып бередi. Комменсализмде бiр түрдi екiншiсi оған зиян келтiрмей бiржақты пайдаланады. Мысалы, арыстанның немесе жолбарыстың жеген қорегiнiң қалдығымен соңынан басқа аңдар (гиендер) қоректенедi. lрi акулалардың комменсалы ұсақ балықтар болып есептеледi. Сол сияқты құстардың ұясында, кемiрушiлердiң iндерiнде буынаяқтылар өмiр сүріп, сол жерден өзіне тағам, қолайлы микроклимат табады. Комменсализм табиғатқа өте пайдалы, себебi түрлер тығыз өмiр сүрiп үйренедi және ортаны, қоректi толық пайдаланыды.
Синойкия - әр түрге жататын ағзалардың өзара бірлесіп, (селбесіп) тіршілік етуі. Синойкия кезінде бір түр екінші түрге зиян келтірмей, өзіне пайдалы жағдай жасап тіршілік етеді. Мысалы - кейбір теңіз балықтарының шабақтары ірі медузалардың қармалауыштарының арасында тіршілік етеді де - қауіптен қорғанады.
22.Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
Экологиялық қуыс – экожүйеде популяциялардың тіршілігі үшін қажет экологиялық жағдайлардың (ресурстардың, кеңістіктің) жиынтығы, яғни түрдің тіршілік етуі үшін, қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның тіршілік етуіне қажетті факторлар комплексі. «Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж.Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Эколог. қуыс-абстракты ұғым, бұл табиғатта түрдің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы.Ю.Одумның айтуы бойынша, экологиялық қуыс ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал «қуыс»-түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен, бір Экологиялық қуысты иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты Экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады.
Гаузе принципі б/ша екі түр кішкентай бір кеністегі бірге тіршілік ете алмады. Өйткені екі түрдін де санының өсуіне кеңістегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты (орынды) иелене алмайды.
Ормандағы ағаш тектес немесе шөптесін өсімдіктер ярустылыққа(қатарлар) байланысты реттеліп орналасқан. Ормандық ярустық – әртүрлі орг-дің экологиялық қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге жататын орг –дің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: фундаментальды ж/е іске асырылған. Фундаменталды қуыс –түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған – түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі. Іске асырылған қуыс фундаментальды қуыстың бір бөлігін құрайды.