Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры дайын ТКС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.28 Mб
Скачать

23. Цифрлы линиялық күре жолда болатын бөгеуілдер түрлерін келтіріңіз.

Цифрлы линиялық күре жолдардағы (ЦЛКЖ) бөгеуілдердің негізгі түрлеріне: символаралық, өзіндік, өтпелі (регенерация аймағындағы кіріс және шығыс R-нің келіспеуі), АТС-тің құралдарының коммутация құрылғыларынан болатын бөгеуілдер жатады.

Символаралық бөгеуілдер линиялық күре жолдың өткізу жолағын шектеуден болады. Егер шектеу жоғарыдан болса, онда жиілік өсуімен өшулік те өседі. Спектрдің жоғарғы жиілікті құраушылары мұндай өзгерістерге төзеді, ал уақыттық сипаттамада жоғарғы жиілікті құраушылар импульс фронтын бейнелейді. Күре жол арқылы жоғарғы гармоникалар өтпеген кезде фронттардың тартылуы жүреді.

24. Өтпелі бөгеуілдер, сұлбасын келтіріп түсіндіріңіз. Өтпелі бөгеуілдер симметриялы кабелдерді пайдаланатын жергілікті және аймақ ішілік желілердегі бөгеуілдердің негізгі түрі болып табылады, сондықтан мұндай желілерде регенерациялық аймақ ұзындығы өтпелі процестерден максимал қорғаныстық шамасын қамтамасыз ете отырып, берілген күшейткішке байланысты анықталады. Өтпелі бөгеуілдер кабел жұптары арасында магнитті және сыйымдылықты байланыстың болуы салдарынан пайда болады. Екі бағытта сигнал бір кабелдің әртүрлі жұптарымен таратылатын біркабелді байланыс жүйесінде ең күшті болып табылады, ал егер байланыстың екі кабелді жүйесін пайдаланса, яғни әр бағытта таралу әр түрлі кабелдермен жүзеге асады, онда ең күштісі болып алыстағы соңына әсері немесе желі арқылы әсерлесу болып табылады. Өтпелі бөгеуілдің сипаттамасы әсер ететін жүйеден тәуелді. Әсер етуші жүйенің саны аз (>4) кезде өтпелі бөгеуіл статикалық сипатта болады, сигнал қуатымен кездейсоқ сандарды қосындылау заңымен қосылады.

26. Өтпелі бөгеуілдерді жою әдістері. ЦТЖ линиялық күре жол сапасы қателер коэффициенті Кқат немесе қателер ықтималдығымен Рқат бағаланады. Регенерациялық аймақ деп регенератордан тұратын және соған қатысты физикалық тізбек аймағынан тұратын (тарату ортасы) линиялық күре жол аймағын айтамыз. Неғұрлым регенерациялық аймақ үлкен болған сайын, қателер соғұрлым көп жинақталады, сондықтан қателердің қорытынды ықтималдығы өседі. ЦТЖ-нің АЖБ ТЖ-нен ерекшелігі сызықты емес бұрмалануға сезімтал емес. Сондықтан ЦТЖ күре жолдарындағы сызықты емес өтулік шуы есепке алынбайды. Кабелді ЦТЖ күре жолдарындағы шудың негізгі түрлері болып симметриялы кабель үшін өзіндік шу мен сызықтық өту шуы, коаксиалды кабел үшін тек өзіндік шу жатады.

25,42. Тотж қағидалары

Оптикалық тарату жүйелерінің физикалқ ерекшеліктері:

1. оптикалық сигналдардың кең жолақтығы, тасмалдау жиілігі F0=10-14 ГГц V=10-12 бит/с

2. Техникалық ерекшеліктері: оптикалық талшық мысқа қрағанда арзан, талшық құрамы-кварц, оның негізі кремнидің екі окисінен тұрады. Оптикалық талшық диаметрі 100 мкм шамасында, жеңіл. Негізгі қолданылатын ортасы авиация,прибор жасау, кабельді техникада қолданылады.ТОТЖ артықылықтары таратылатын сигналдардың ешбір параметрлері бұрмаланбайды, сыртқы электрондық, магниттік немесе радиожиіліктік бөгуілдер әсер етпейді. Түйіндей келе оптикалық кабель бөгеуілдерді толығымен қабылдамайды бөгеуілдер түрі сыртқы көзден болатын найзағай немсе кернуле әсер етпейді. Сонымен қатар ОТ шағын суды жібермейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]