Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры дайын ТКС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.28 Mб
Скачать

16. Цифрлы тарату жүйесі (цтж) икм-мен синхрондау. Икм-30 құрылымдық сұлбасы (структура цикла привести)

ЦТЖ белгілі бір иерархиялық құрылымға сай төмендегідей талаптар қойылады:

- аналогты ж/е дискретті сигналдарға барлық түрлерін тарату мүмкіндігі;

- сигналдарды біріктіру, ажырту ж/е транзитпен беру мүмкіндігі;

- стандартталған тарату жылдамдықтарын қазіргі ж/е болашақтағы құрылғыларды таңдау мүмкіндігі;

- аналогты тарату жүйелерімен әр түрлі басқа жүйелердің әсерлесу ықтималдығы коммутацияның мүмкіндігі, бұл түрлі мемлекеттер ж/е түрлі өндірушілердің арна құру құрылғыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Мысалы, ИКМ-30 – оның жетілдірілген түрлері:

ИКМ-30 - ИКМ-30-4,АКУ-30

ИКМ-180 – ИКМ-120-4/5 т.с.с.

ИКМ-30 құрылымдық сұлбасы

ИКМ30→V=64 кбит/с→30*64=1920 кбит/с→2*64=128 кбит/с→

→1920+128=2048 кбит/с→ 2 Mбит/с→Е1

Тарату кезінде берілетін позицияны фреймдерге бөлу үшін төмендегідей түсініктерді қолданамыз:

1. синхрондау сигналдарын бір-бірінен айыру оңай болу керек;

2. жылдамдықтарды келтіру командасын басқару, бөлу ж/е т.б. БӘС оның бөгеуілден қорғанушылығы өседі;

3. Циклдық ұзақтығы неғұрлым аз болғаны жақсы;

4. Цикл құрылымы синхронды жұмыс істеу үшін ыңғайлы болуы керек.

8 КГц*8 разряд (бит) *32 КИ= 2048 кбит/с→Е1

Синхронды сигналды қайта қалпына келтіру үшін ИКМ-30 аппаратурасның орташа ұзындығы 2мс.

17. Цтж икм мен иерархиясы. Ондағы болатын сатылар.

Сымды тарату жүйелері белгілі бір иерархиялық сай талаптар:

  • аналогты және дискретті сигалдардың барлық түрлерін тарту мүмкіндігі.

  • Сигналдарды біріктіру, ажырату және транзитпен беру мүмкіндігі

  • Аналогты тарату жүйелерімен әр түрлі басқа жүйелердің әсерлесу ықтималдығы коммутациясының мүмкндігі

И КМ-30 – сопка, соната

ИКМ-120- сопка2, соната2

ИКМ-480 – соната3,сопка ТОТЖ(ВОЛС)

ИКМ-1920 – соната4, сопка4

18.ИКМ-30 аппаратурасының цикл құрылымын келтіріп, түсіндіріңіз. ИКМ-30 аппаратурасы бір кабелді және екі кабелді Т типті, тарамыс диаметрі 0,5;0,6;07 мм қағаз оқшауламасы бар және ТПП типті тарамыс диаметрі 0,5 және 0,7 мм төменгі жиілікті ьдерді тығыздау арқылы АТС және АМТС, қалалық және қаламаңындық, қалалық АТС-тер арасында байланыс желілерін ұйымдастыру үшін қажет.

Аппаратура ТЖ-ның 30 арнасын ұйымдастыруын қамтамасыз етеді. 4 телефон арнасының орнына арна жиілігі 50-10000 Гц, және де өткізу қабілеттілігі 8 кбит/с бір цифрлық арна арқылы (топтық цифрлық арнаға бірденен енгізу арқылы) дискретті ақпаратты сигналдарды дыбыстық хабар тарату мүмкіндігін ұйымдастыру қарастырылған. Бұдан басқа бір телефондық арна орнына өткізу қабілеті 8 кбит/с болатын сегіз цифрлық арна ұйымдастырылуы мүмкін.

ИКМ –30 аппаратурасының құрамында аналогты-цифрлық құрылғы (АЦҚ), линиялық трактінің ақырғы құрылғысы (ЛТАҚ), қызмет көрсетілмейтін қайта өндіру орны (ҚКмКО) жәнеде келесі бақылама - өлшеу приборлары: ИКМ –30 апппаратурасының пайдалану жағдайындағы келістіру құрылғысымен телефон арнасының, қайтаөндіргіштің номер және регенератордың іске жарамдылық қорын анықтау үшін арналған бақылау пулті, регенераторлардың арақашықтығын бақылау пулті (ҚАБП), ҚКмҚО арасындағы желілік трактінің өтпелі өшуін және жұмыс өлшеулері үшін кабел ді желінің өшуін өлшегіш (КЖӨӨ), телефон арнасындағы және тарату арнасындағы кванттаудың сигнал/шу қатынасын өлшеу үшін арналған кванттау шуын өлшегіш (КШӨ), байланысты үзбей генератордың бақылау шығысындағы сигналдың амплитудасын және қателердің қайталану жиілігін анықтау үшін қажет сенімділікті бақылау приборлары бар.

кабел түріне қарай қайта өндіру ұзындығы 1,5-2,7 км 1-ші кесте бойынша, ал тізбектей қосылған ҚКмҚО ныңсаны 40-тан аспайды.

Сонымен тізбектік трактының максимал ұзындығы 60-108 км. Қашықтықты қоректендірудің жалпы ұзындығы 30-54км –ді құрайды. Желілік трактіде бір ғана қызет көрсетілетін қайта өндіру орны (ОУП) қосылуы мүмкін. Біріншілік ҚК ретінде номинал кернеуі 60 В болатын станциялық батареялар қолданылады.

20.Цифрлы тарату жүйесінің линиялында қолданылатын кодтар, түрлері, құрылуы. ЦТЖ-нің линиялық күре жолдарында пайдаланылатын кодтар келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: код тұрақты токпен қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пункттердің аралықты қоректенуін (АҚ) ұйымдастыру үшін сигналдық өткізгіштерді (сымдарды) пайдалануға мүмкіндік беретін тұрақты құраушыдан тұрмауы керек; пайдаланатын кодтың энергетикалық спектрі мүмкіндігінше спектр максимумы неғұрлым төменгі жиілік облысында жататындай неғұрлым тар жиілік жолағын иеленуі керек, бұл пысықтау күре жолды және өткізу жолағы төмен арналарды пайдалануы, сонымен қатар жиілік өсуімен өшулік өсетіндіктен регенерациялық аймақ ұзақтығын өсіруі мүмкін; кодтың тактілік жиіліктегі fT сигналды бөліп алу мүмкіндігі болуы керек; кодтық қатенің пайда болуын бақылау қабілеті болуы керек. Сондай-ақ кодтың кейбір артықшылықтары болуы керек.Кодерден кейін алынған екілік ИКМ сигналдың 0-ге тең артықшылығы бар, яғни кез келген символдар комбинациясы рұқсат етілген болып табылады, мұндай кодтарда қателерді анықтау мүмкін емес. Артықшылықты мысалы рұқсат етілген шамалардың деңгейлер санын 2-ден 3-ке дейін өсіре отырып, алуға болады. Мұндай код артықшылығы 0,58-ді құрайды, ал бинарлы кодты түрлендірудің өзі келесі түрде болады 1Е-1Ү, яғни екілік кодтың бір символы үштік кодтың бір символына түрленеді.

ЦТЖ-сінде 1Е-1Ү түрлендірудің бірнеше түрі болуы мүмкін: импульс полярлығы кезектескен (ИПК), бірліктің жоғарғы тығыздығындағы код ( ЖТК). Егер бірліктер арасындағы нөлдер саны үштен көп болмаса, онда ЖТК-3 құрылу принципі ИПК кодтың құрылу қағидасындай болады. 0000 комбинациясы екі тізбектердің В00V немесе 000V типтерінің біріне ауыстырылады (21.1 -суретті қараңыз). В импульсі полярлықта кезектеседі және ИПК кодына сәйкес келеді. Полярлығы соңғы В импульстің полярлығын V импульсі қайталайды, бұл кезде 000V түрдегі тербелісі соңғы V пайда болу арасында В импульстер саны тақ болған кезде пайдаланылады (В00V комбинациясы егер В саны жұп болса). ЖТК-3 спектрі ИПК код спектрімен бірдей және бұл спектр максимумы fT=1024 кГц жиілікте жатыр.

ЖТК-3 кодын пайдалану кезінде қатенің пайда болуын бақылау болуы мүмкін және қатенің бар болуы туралы компенсацияланбаған импульстің бар болуымен немесе V импульстерінің кезегінің бұзылуымен жорамалданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]