
- •1. Бірінші дәрежедегі желілер түрлері.
- •4. Катж арналары жиілікпен бөлінген
- •5,14 Катж арналары уақытпен бөлінген сұлбасы жұмысы
- •1.6. Сурет – ауб-сы бар ктж-ның ықшамдалған құрылымдық сұлбасы
- •11.Радиорелейлік тарату жүйелері. Олардың құрылуқағидалары, жұмысы.
- •12.Спутниктік тарату жүйелері...
- •15. Модуляция түрлері:ам,чм,фм.
- •8. Бөгеуіл түрлері, таралу ортасы
- •9. Өзіндік бөгеуілдер.
- •10.Атмосфералық бөгеуілдер,пайда болу ортасы, азайту тәсілдері
- •46.Арнаны уақытпен бөлуде аим-ді қолдану ерекшелігі, жетістіктері, кемшілігі.
- •16. Цифрлы тарату жүйесі (цтж) икм-мен синхрондау. Икм-30 құрылымдық сұлбасы (структура цикла привести)
- •17. Цтж икм мен иерархиясы. Ондағы болатын сатылар.
- •21. Цифрлы линиялык кодтарына койылатын талаптар артыкшылыктар кемшилиги атап корсетиниз.
- •23. Цифрлы линиялық күре жолда болатын бөгеуілдер түрлерін келтіріңіз.
- •25,42. Тотж қағидалары
- •29. Тотж байланыс жүйесіндегі орны және оның рөлі, параметрлері артықшылықтары, кемшіліктері.
- •31. Пци сатылары,иерархиясы.Pdh сатылары
- •35. Сци сатылары, яғни иерархиясы
- •32. PdHжәне sdh иерархияларын салыстыра отырып қорытындылаңыз.
- •37,38,39. Магистральды,аймактык,жергиликти
- •33. Цифрлі желілердегі таратудағы синхронды режимді түсіндіріңіз
- •34. Цифрлі желілердегі таратудағы асинхронды режимді түсіндіріңіз
- •36,40. Аналогты және цифрлы тарату жүйелерін салыст...
35. Сци сатылары, яғни иерархиясы
SDH – бұл көбнесе синхронды цифрлық иерархия деп белгілі болып кеткен, жоғары жылдамдықты , жоғары өндіргіштік оптиеалық байланыс желісіне арналған стандарт.Ең негізгі кемшілігі – сигнал құрылысында желіні басқаратын құрылғылардың жоқ болуы және жоғары жылдамдықты цифрлық ағымнан бастапқы сигналдың қиын бөлінуі болып табылады. SDH желісінің артықшылықтары:
желінің қысқартылуы
желінің өздігінен қайта қалпына келуі және сенімділігінің
желімен басқарудың икемділігі,
кез келген трафиканы берудегі мөлдірлігі
қолданудың әмбебаптығы
қуатты көбейтудің қарапайымдылығы
SDH сызықты жылдамдықтарының кең тараған түрі : бірінші дәрежелік Синхронды Транспортты Модуль немесе STM-1 болып табылады. . Олар STM-N түрінде белгіленеді. Өте жоғары дәрежелі STM-N сигналының сызықты жылдамдығы N-ң 155.52 Мбит/с көбейткенге тең. Таратудың көп қолданылатын жылдамдықтары:
STM-1 ––– 155.52 Мбит/с
STM-4 ––– 622.08 Мбит/с
STM-16 ––- 2488.32 Мбит/с
40. Цифрлы тарату жүйесі, артықшылығы, кемшілігі. ЦТЖ көмегімен линияға сигнал деңгейдің аз сандарымен беріледі: екілік; квазиүштік. Үлкен бөгеуілдер кезінде мұндай сигналдарды айыру ақпараттары амплитудалық градациялардың үлкен санымен таратылатын аналогты сигналдарға қарағанда жеңілдеу және аналогты тарату жүйесімен (АТЖ) салыстырғанда ЦТЖ-нің үлкен бөгеуіл тұрақтылығын анықтайды. Үлкен ЦТЖ-нің бөгеуіл тұрақтылығы – арзан төрттен-бірлік кабел КСПП пайдаланумен төрт өткізгішті біржолақты бір кабелді жүйеде екі жақты байланыс шектелетін ауылдық телефон станциялары үшін цифрлық ТЖ құру кезінде пайдаланылады. АТЖ өтпелі өшуліктің аз шамасы жақындағы соңында таратудың тура және кері бағыттары арасында қажетті қорғанысты қамтамасыз етпейтіндіктен мұндай режимде жұмыс істей алмайды. ЦТЖ линиялық күре жолында магистралдағы бөгеуілдің жинақталу әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін регенераторлар қолданылады. Регенераторлар санының өсуімен қателер ықтималдығы өссе де, қателер өсуі байқалмайтын шу өсуіне эквивалентті. Линиядағы қателер ықтималдығының абсолюттік мәні аз (10-6 кем) және сондықтан линиялық күре жолдағы шу арна шуы қосындысына аз үлес қосады, бұдан ЦТЖ сипаттамалары неге магистрал ұзындығынан аз тәуелді екені белгілі болады.
Жоғары сенімділік, технологиялық жағдай, аз масса және аз габаритті өлшемдер, сондай-ақ эксплуатацияның ыңғайлылығы цифрлық элементтердің кең қолданысын анықтайтын ЦТЖ негізгі қасиеті болып табылады. ЦТЖ-інде ИКМ сигналының кеңдігі Δfикм=8*m*N тең, ал АТЖ үшін – Δfикм=4N. Егер бір жолақты жүйеде екі жақты байланыс ұйымдастырылса, онда ИКМ сигнал кеңдігі Δfикм/ Δfчрк≈2m, мұндағы m=8 ге тең. Тональді жиіліктегі арналар санының бірдей шамасында ЦТЖ АЖБ жүйелерге қарағанда үлкен жиілік жолағын иеленеді. Осыған байланысты ЦТЖ регенераторларын АТЖ күшейткіштеріне қарағанда жиірек орналастыру керек және сондықтан аналогтыға қарағанда ЦТЖ күре жолдарының бағасы жоғары болады.
Экономикалық тұрғыдан ЦТЖ-інде негізінен АУБ қолданылады, ал АЖБ ТЖ –нің ақырғы станциясында 70 пайызға дейін арналық сигнал спектрлерін қалыптастыратын негізгі арналық жолақты сүзгішпен анықталады. Арналық сигналдарды ЦТЖ-інде бөлу күрделі бөлу сұлбалары жоқ кілттер көмегімен жүзеге асады, сондықтан ЦТЖ ақырғы станциясы аналогтыға қарағанда арзан болып келеді