Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikro_1-dengey.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224.97 Кб
Скачать

1.14. Өндіріс фак нар-еңбек нар,капитал,жер нар

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығына тән қасиеттер:жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.

жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы. Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі.Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

инвестицияның пайдалылығына, экономиканың дамуына, мемлекеттің сұранысына, салым мерзіміне,

салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

Жер құнарлылығы;

Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті. Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады.

1.15.Тепе-теңдік үлгісі – бұл экономикалық субъектілердің өзара қатынастарын зерттейді. Тепе-теңдік  үлгілері өз тұрғысынан жеке, көпнарықты және жалпы тепе-теңдік болып бөлінеді.  Жалпы экономикалық  тепе-теңдік – бұл барлық нарықтардың бір мезгілде тепе-теңдікте болуы, ал әрбір субъект өзінің жеке мақсатты функциясын максималдауды көздейді.Жалпы экономикалық тепе-теңдік теориясы Леон Вальрастың атымен байланысты. Оның теориясы бойынша жалпы тепе-теңдік орындалады, егер әр нарықта жетілген бәсеке шарттары орындалатын болса. Сондықтан оның теориясынжалпы бәсекелік тепе-теңдік үлгісі деп атайды. Басқаша айтқанда: егер барлық тұтынушылар мен өндірушілер жетілген бәсеке нарығындағыдай бағаны сырттан қабылдаса (баға алушылар болса),  онда барлық нарықтар бір мезгілде тепе-теңдік жағдайда болады, ал әрбір субъект өзінің мақсатты функциясын максималдайтын баға жүйесін қалыптастырады. Вальрас үлгісінде жалпы тепе-теңдік – бұл теңдеулер жүйесін шешу нәтижесі. Ондағы белгісіздер игіліктер мен өндіріс бағасын, ал теңдеулер тұтынушылар мен өндірушілердің өз мақсаттарын максималдаудағы іс-әрекетін бейнелейді. Оның бір бөлігі барлық нарықтардағы сұраныс пен  ұсыныс функциясын, ал екінші бөлігі олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Егер тәуелсіз теңдеулер саны  белгісіздер санына теңесетін болса, онда мұндай теңдеулер жүйесі өзінің шешімін табады.  сыны Вальрас көрсеткісі келді.Алайда, жалпы тепе-теңдік өте күрделі міндет, оның шешімін Вальрастың өзі де толықтай шеше алмады және оны қазіргі кезде де шешу мүмкіндігі неғайбыл, өйткені нақты өмірде жетілмеген бәсеке нарығы кездеседі. Соған қарамастан жалпы тепе-теңдік теориясы микроэкономикада өте маңызды орын  алады. Өйткен жетілген бәсеке нарығына тән ерекше қасиет экономикада ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз етеді.

1.16. Бағалық дискринимация

Кейбір жағдайларда таза монополия бағалық дискринимация жүргізе алады, яғни сатып алушылардың әр түрлі тобына сапасы да, шығындар дегейі де бірдей тауарларлы әр түрлі бағамен сата алады. Бағалық дискринимацияны іс жүзіне асырудың шарттары:

  1. Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы

  2. Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің болуы

Егер фирма әрбір сатып алушының тауар үшін қандай деңгейдегі жоғары баға төлеуге дайын екенін білсе, онда жетілген бағалық дискриминация орын алады. Бағалық дискринимацияның салдары: 1. Өнім көлемі көбірек өндіріледі. 2. Тұтынушының ұтымы есебінен сатушының пайдасы жоғарылайды 3. Қоғамның әл – ахуалы жоғарылайды, себебі тауарға тұтынушылардың көпшілігінің қолы жететін болады. Бағалық дискринимацияға көшу MR=P екенін білдіреді, ал MR графигі сұраныс графигі мен дәлме – дәл түседі. Тұтынушы ұтымы түгелімен сатушыға түсіп, оның пайдасын жоғарылатады. Сату нарықтарының кеңеюіне байланысты қоғамның қайтарылмайтын шығындары да жойылады. Б.Д әрдайым немесе уақытша болуы мүмкін. Алайда, кез келген жағдайда да монополист өзінің тауарының сұраныс икемділігін ескеріп отырады. Б.Д көбінесе сұранысы икемсіз тауарларға қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]