Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikro_1-dengey.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
224.97 Кб
Скачать

1.10 Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Экономикалық шығындар - өндipic үдерісінде колданылатын барлык (сыртқы және iшкi) ресурстарға шығындар.  Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б. Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы,ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді. Тұрақты шығындарға — осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.

Старттык шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

Өзгермелі шығындарға  осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар.

Орташа шығындар АТС — бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

АТС = TC / Q

Шекті шығындар МС — бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

MС = ΔTC / ΔQ

Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен тендескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.

1.11 Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципіқұрайды,яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі — барынша көп пайда табу болады.Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирма өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының бір-біріне әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз өнімдерінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айрылады, олар бұның бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендейді. Фирма бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының көлемі, осы кәсіпорындағы технологиямен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек өндіріс көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда алу үшін фирма қанша өнім өндіріп сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің нарықтық бағасы мен фирманың шекті шығындарын салыстыру қажет.

Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш, тағы басқа бірлікке өсіріп отырса, онда келесі бірліктің әрбіреуі (айтайық, жаңа орындықтың әр біреуі) жалпы табысқа да және жалпы шығындарға да «бірдеме» қосып отырады. Осы «бірдеме» — шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның жалпы шығындарға қосқанынан артық болады.

Осыған байланысты шекті табыстармен шекті шығындардың айырымы, яғни пайда, өседі:Р2 = MR - МС

Шекті шығындар шекті табыстардан жоғары болғанда, керісінше болады.Қорытынды: баға (Р) және шекті шығындар (МС) тең болғанда жалпы пайда барынша кеп болады:

Р = МСЕгер Р>МС болса, өндірісті кеңейту қажет. Егер Р<МС болса, өндірісті азайту қажет.Нәтижесінде жетілген бәсеке нарығында, фирма өзінің өндірісін, шекті шығындары бағамен теңескен нүктеге дейін кеңейтеді. Осы нүктеде фирма өндірістің оптималдық дәрежесіне жетеді және тепе-теңдік жағдайға ие болады.

Графикте өндірісгің оптималдық мөлшері, фирма өніміне сұраныс қисығы мен шекті шығындар қисығының қиылысуымен анықталады:

• баға P1 болғанда Бұл Q1

• баға Р2 болғанда бул Q2

• баға Р3 болғанда бул Q3(1Сурет)

Өндіріс көлемі оптамалдықтан жоғары, немесе, төмен болса, пайда барынша көп болудан төмен болады.

1сур 2сур

Сөйтіп, фирмаға барынша көп пайда әкелетін өндіріс көлемінің жалғыз ғана мағынасы бар. Осы ереженің — пайданың барынша көп болуының — тек бір фирма үшін ғана емес, барлық экономика үшін ақиқаттығы күмәнсіз.

Қорытынды: тауар өндірудегі шекті шығындар мен солардың бағалары теңескенде, ресурстарды пайдалануда экономика барынша жоғары тиімділікке жетеді.

Ұзақ мерзімдегі фирманың және саланың тепе-теңдік мөселелері, қысқа мерзімдегіден өзгеше болады. Егер фирма өнімнің белгілі көлемін ұзақ мерзімде барынша төмен орташа шығындар жұмсап өндірсе, онда осындай болмыста (нүктеде) баға шекті шығындарға тең болғандықтан тепе-теңдік пайда болады.Мәселе мынада: фирманың барынша төмен орта шығындары, нарықта қалыптасқан бағалардан жоғары болса, кейбір фирмалар нарықтан шығады, саладағы ұсыныс азаяды. Бұл жағдай бағаны көтереді.(2Сурет)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]