- •1.1Микроэкономиканың экономикалық мазмұны
- •1.2 Сұраныс пен ұсынысты талдау негіздері
- •1.3 Икемділіктің түрлері
- •1 .5 Талғамсыздық қисығы
- •1.8 Салыстырмалы статика
- •1.10 Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
- •1.12. Жетілген бәсеке
- •1.13.Жетілмеген бәсеке нарығы
- •1.14. Өндіріс фак нар-еңбек нар,капитал,жер нар
1 .5 Талғамсыздық қисығы
Сандық эдістемеде сұранысты зерттеу үшін талғамсыздық қисықтары мен бюджет сызықтары қолданылады.Талғамсыздық қисығы -тұтынушыға бірдей пайдалылық экелетін екі тауардың түрлі тіркестерін көрсетеді.
Талғамсыздық қисықтарының жиыны талғамсыздық картасын құрайды, мұндағы басқалардан гөрі жоғарырақ орналасқан қисық салыстырмалы түрдегі жоғары пайдалылық әкеледі.
Талғамсыздық қисықтары төмен қарай бағытталады жэне ойыс болады, бұл ауыстырудың шекті нормасының азаюымен түсіндіріледі. Ауыстырудың шекті нормасы (МКS)-хтауарын 1 бірлікке көбейткенде у тауарының қанша бірлігінен бас тарту керек екендігін көрсетеді жэне бұл кезде осы тауарлар жиынтығының жалпы пайдалылыгы тұракты күйде қалуы керек:MRS= - del’ta X / del’ta Y . талғамсыздық қисықтары қасиеттері:
Талғамсыздық қисығы неғүрлым координаттар осінен алыс орналасса, солғүрлым осы қисықтың бойында жатқан жиьштьіқтар түтынушыға көп пайда өпереді. 4.2суреттен төмендегі шарттың дүрыстығы
х
2.Бір жазықтықтағы талғамсыздық қисықтары қиы-лыспайды.
1.7 Тұтынушы мінез-құлық теориясы
Нарықта тұтынушы алдында 3 сұрақ тұуындайды: Не стапы алу керек, қанша тұрады, сатып алуға ақша жете ме. Тұтынушының әрекетін зерттеудің үш әдістемесі бар: кардиналистік, ординалистік, табыс әсері мен ауыстыру тиімділігі. Кардиналистік әдістемесі тұтынушы тауарлар ммн қызмет көрсету пайдалылықтарын өлшей алады және соған сәйкес өзінің тұтынушылық талғамын құрады деген көзқарасты ұстанады. Негізгі түсініктер: жалпы пйдалылық пен шекті пайдалылық. Ординалистік көзқарас қазіргі заманға сай боп келеді. Ординалистік көзқараста талғамсыздық қисықтары мен бюджет сызыөтары қолданылады. Талғамсыздық қисығы дегеніміз тұтынушыға бірдей пайдалылық әкелетін екі тауардың түрлі сызықтары қолданылуы. . Бюджеттік шектеу – қолда бар ақша саласына қандай да бір тұтынатын тауарлар құрамын көрсетеді.Бюджеттік сызықтың келесідей қасиеттері бар: 1.Бюджеттік сызықтың объцисса осімен қиылысуы тек қана Х тауарын тұтынуды білдірсе,ордината осімен қиылысуы У тауарын тұтынуды көрсетеді. 2.Бюджеттік сызықтың коордната осімен көлбеуі тауарлар бағасының қатынасымен анықталады.Бюджеттік сызықтың коордната осімен көлбеуі тауарлар бағасының қатынасымен анықталады.3.Тұтынушы табысы артқан кезде,бюджеттік сызық оңға қарай өз–өзіне параллель жылжиды ж/керісінше.4.Х тауарының бағасы артқанда бюджеттік сызық ордината осімен қиылысу нүктесінің айналасында сағат тілі бойымен бұрылады ж\е көлбеуірек орналасады. (график бджеттік сызык)I=PXX+PУУ
1.8 Салыстырмалы статика
Статикалық үлгілерде уақыт факторы ескерілмейді. Олар динамикалық процестердің бірсәттік (мезеттік, қас-қағым сәттегі) «фотосуреттері» тәрізді. Осындай қас-қағым сәттерді салыстыру «салыстырмалы статика» әдісі деп аталады. Мұнда нарықтың әр-түрлі тепе-теңдік жағдайы қарастырылады, ал бір жағдайдан екінші жағдайға өту процесі есепке алынбайды.
Тепе-теңдік жағдайдың өзгеруін салыстырмалы статика әдісін талдау арқылы көрсетуге болады. Төмендегі графикте сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығы қалыпты көлбеуге ие (теріс және оң). Сұраныс қисығының оңға жылжуы бір мезгілде тепе-теңдік бағаның өсуі (Р1-ден Р2- ге) мен тепе-теңдік өнім көлемінің көбейуіне (Q1-ден Q 2- ге) әкеледі (2-сурет,а) Ұсыныс қисығының солға жылжуы бір мезгілде тепе-теңдік өнім көлемінің қысқаруы мен бағаның өсуіне әкеледі (2-сурет,б)
Салыстырмалы статика әдісінде уақыт факторы тікелей әсер етпесе де, біздер ұсыныстың сұраныстағы өзгерістерге бейімделу жылдамдығына байланысты оны жанама түрде ескеруімізге болады.
Ол үшін салыстырмалы статика әдісін пайдаланғанда уақыт аралығын үш кезеңге бөлеміз. Біріншіден, барлық өндіріс факторлары тұрақты деп қарастырылады. Ол кезеңді дәл қазіргі (өте қысқа) мерзім кезеңі деп атайды. Бір факторлар тұрақты, басқа факторлар өзгермелі деп қарастырылатын кезең қысқа мерзім кезеңі деп аталады. Үшіншіден, барлық факторлар өзгермелі деп қарастырылатын уақыт кезеңі ұзақ мерзім кезеңі деп аталады.
1.9 Өндіріс дегеніміз бұл тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану үрдісі немесе басқаша сөзбен айтқанда, сол өндірістік ресурстарды адамның шексіз қажеттіліктерін тікелей және жанама түрде қанағаттандыруға қажетті игіліктерге айналдырудың үрдісі. Кез келген өндірістің түрі белгілі бір игіліктерді жасау мақсатындағы іс-әрекет ретінде анықталуы тиіс. Өндірісті жүзеге асыру үшін әртүрлі ресурстар қолданылады. Сол ресурстар өндірістік үрдіске тартыла отырып өндіріс факторлары формасына ие болады.
Өндіріс факторлары(экономикалық теориядан білетініміздей) әдетте, іріленген түрінде: 1) еңбек өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде; 2) капиталөндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде; 3) жер табиғи ресурстардың жиынтығы ретінде; 4) кәсіпкерлік қабілет өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылады. Енді осы өндірістен пайда болған нәтижелер материалдық (тауарлар) және материалдық емес (қызметтер) формаға ие болады. Кез келген өндіріс үрдісінің өзіндік ерекшелігі болады, яғни белгілі бір технология арқылы қолданылатын факторлардың сандық және сапалық жағынан тиімді әдісін анықтауға болады. Ал технологиядегеніміз бұл өндірісте қолданылатын өндіріс факторларының өзара тиімді және тұрақты үйлесімділіктері. Сол бір өнімнің түрі әртүрлі технологиялық әдіспен өндіріле алады. Өз кезегінде технология дамыған сайын өндіріс факторларын аса тиімді түрде қолдануды қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруда жаңа әдістерді анықтауға мүмкіндік туады. Бір технологиялық әдісті қолдану аясында ресурстардың көлемі мен шығарылатын өнім көлемі арасында әрқашанда тұрақты байланыс болады. Бұл байланысты өндірістік функция сипаттайды. Өндірістік функция – өндірілетін өнімнің максималды көлемі мен берілген технология деңгейіндегі өндіріс факторларының физикалық көлемі арасындағы тәуелділікті сипаттайтын функционалдық өзара байланыс. Өндіріс көлемі қолданылатын ресурстардың көлеміне байланысты болғандықтан, олардың өзара тәуелділігін мына функционалдық байланыста жазуға болады:
Q = f (L, K, N, M),
мұндағы Q – берілген өндіріс факторларымен өндірілген өнімнің максималды көлемі; L – еңбек; K – капитал; N – жер; M – басқа да ресурстар; f – функция.
