
- •1.1Микроэкономиканың экономикалық мазмұны
- •1.2 Сұраныс пен ұсынысты талдау негіздері
- •1.3 Икемділіктің түрлері
- •1 .5 Талғамсыздық қисығы
- •1.8 Салыстырмалы статика
- •1.10 Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
- •1.12. Жетілген бәсеке
- •1.13.Жетілмеген бәсеке нарығы
- •1.14. Өндіріс фак нар-еңбек нар,капитал,жер нар
1.1Микроэкономиканың экономикалық мазмұны
Микроэкономика дегеніміз үй шаруашылығы , фирмалар, салалар сияқты кішігірім бірліктердің экономикалық мінез әрекетін зерттейтін ғылым. Ол экономикалық теорияның негізгі бір бөлігі боп табылады. Микроэкономика теориясы адамдардың экономикалық іс әрекеттерін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын белгілейді. Микроэкономика баға құрылуы туралы ғылым. Микроэкономика пәні деп, экономикалық субъектілердің экономикалық игіліктер турулы шешім қабылдауын айтамыз. Микроэкономика пәнінің әдістері:1.модельдеу әдісі-нақты жағдайлар мен күтілетін нәтижелердің байланысы.2.кескіндемелер салу әдісі(графиктер салу)3.эконометрикалық әдіс4.болжам құру әдісі5.экономикалық тактика жасау әдісі6.функционалдық талдау7.шектік талдау ж\е маржинализм.8.модельдер көмегімен талдау. Шекті талдау – маржиналистік теориясының негізгі әдісі. Бұл шекті (маржиналды) шамаларды және олардың динамикасын (өзгеріп, дамуын) зерделеу. Функционалды талдаудың мақсаты – бір шамалардың екінші (басқа) шамалардан математикалық функциялар арқылы тәуелдігін тауып, зерттеу. Функциялардың графикалық бейнелеуі графикалық сызу әдісі болып табылады. Экономикалық-математикалық модельдеу әдісі нақты, шын объектінің сипаттарына ие жасанды объектінің модельдеуі мен талдауына негізделген.
1.2 Сұраныс пен ұсынысты талдау негіздері
Сұраныс – сатып алушы осы баға бойынша алуға дайын тауарлар саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік сұраныс заңымен білініп, теріс ылдиі (еңкіші) бар сұраныс қисық сызығы түрінде көрсетіледі.(график) Сұраныс заңы б/ша тауарлардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді нөсе керісінше. Сұраныс заңының әрекеті 3 фактормен түсіндіріледі:1сатып алушының психологиясымен – сатып алушылар негізінде көптеу тауарларды төмен бағамен алғанды ұнатады.2кемитін (азаятын) шекті пайдалылық заңымен – оған сәйкес, тауардың келесі даналары тұтынушы үшін азайған пайдалылыққа ие болады,демек,оларға баға кеміген (азайған) жағдайда алынады. 3кіріс (табыс) әсері және ауысу әсерімен. Кіріс әсерінің мәні: тұтынушының тұрақты кірісі шартында тауар бағасының төмендеуі оны сатып алу қабілетін жоғарылатады да көп тауарды сатып алуға мүмкіндігі болады және керісінше.Сұраныстың өзгерісіне бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді:1 Зерттеп отырған тауардың бағасы (р); 2 Басқа тауарлардың бағасы (субституттар мен комплементтер) (рs рc)3 Тұтынушылардың ағымдағы табыстары; 4.Тұтынушылардың талғамы мен қалаулары (z); 5Тұтынудың объективті (сыртқы) жағдайлары (N); 6 Тұтынушылардың күтуі (Е); 7. Тұтынушылардың саны. 8 Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы. Артықшылық беруі, мода.
1.3 Икемділіктің түрлері
Бағалық икемділік және жалпы табыс.Сұраныстың бағалық икемділігі – баға 1%-ке өзгергенде,сұраныс мөлшері неше %-ке өзгеретінін сипаттайтын шама. Сұраныстың баға икемділігі сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Баға бойынша сұраныс икемділігі теріс сан болып келеді, өйткені сұраныс пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. 1) Нүктелі икемділік коэффициенті – бастапқы мағыналарына қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды: Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р0 / Q0], мұнда Р0 және Р1 – өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.Q0 және Q1 – базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.2) Доға тәрізді икемділік коэффициенті – орташа мағыналарға қатысты баға мен сұраныстағы пайыздық өзгерістерді сипаттайды да мына формула бойынша есептеледі: Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) / 2] / [(Q0 + Q1) / 2]] = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р / Q].Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:1. Сұраныс баға бойынша икемді:бағаның 1%-ға өсуі сұраныстың 1%-дан астам төмендеуіне әкелсе. -∞< РE (D) =<-1 .Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп. 2. Сұраныс баға бойынша икемсіз: бағаның 1%-ға өсуі сұранысты 1%-дан аз төмендеуіне әкелсе, -1< РE (D) <0 . 3. Мүлде икемсіз сұраныс: бағаның ешқандай өзгерісі сұраныстың өзгерісіне әкелмейді (сұраныс бағадан тәуелсіз), РE (D)=0. Бұндай сұраныс өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға қисық сызығының түрін алады .4. Анық икемді сұраныс – бағаның аз ғана өзгеруінде де сұраныс айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін), РE (D) =-∞. 5. Бірлікті икемді сұраныс – бағаның пайыздық өзгеруі сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен бірге жүреді, РE (D) =1.Жалпы табыс:TR=pQ(р-баға, Q-сатылатын тауар көлемі). р+∆р баға өзгеруінде сұраныс қисығына сәйкес сату көлемі Q+∆Q-ға дейін өзгереді. Мынадай жағдайлар болуы мүмкін:1.Сұраныс икемді болса, 1формуладағы жақшадағы өрнек сол б/ды,онда: ∆р>0-да ∆TR-дің жалпы табыстарының өзгеруі сол,ал баға төмендеуіне ∆TR-дің өзгеруі оң.2. Сұраныс икемсіз болса, -1< РE (D) <0, 1формулада жақша ішіндегі өрнек оң б/ды:бағаның өсуі ∆р>0 ∆TR-дің өсуіне,баға төмендеуі ∆TR-дің төмендеуіне әкеледі.3.Сұраныс 1-лік икемді,онда ∆TR=0 бағаның елеусіз өзгерісінде TR өзгермейді.
Табыс бойынша және қиылысқан икемділік. Микроэкономикада тауарлар бірін бірі ауыстыратын және толыұтыратын болңандықтан, бір тауардың ба және толыұтыратын болңандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент у тауарының бағасы 1%-ке өзгерген кезде х тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгергенін көрсетеді және төмендегідей формулалармен анықталады:
,Мұнда,
қиылысқан икемділік коэффициенті;