
- •1.Жаңа іздеу технологиялары.
- •1.4 Html-құжаттарының жалпы құрамы.
- •1.5 Html тегтері: контейнерлер, атрибуттар жəне қабатталған тегтер.
- •1.6 Html-тілі.
- •2. Жергілікті есептеу желілерінің тағайындалуы жəне сипаттамасы.
- •2.6 Жергілікті есептеу желілердің тағайындалуы және сипаттамасы
- •3.1 Жергілікті желідегі компьютерлерде мəлметтердің алмасуы.
- •4. 1Желілердің жалпы ресурстарын пайдалану.
- •4.6 Гиперсілтемелер және фреймдерді құру
- •5. Кестелер құру.
- •6.1 Алгоритмдерді бейнелеу
- •6.2 Сызықтық, тармақталған және қайталанаған алгоритмдерді құру
- •6.6 Мысал келтіру
- •7. Алгоритмдер жəне оны талдау.
- •8. Есептің қойылуы жəне шешімі.
- •8.5 Вирусқа қарсы программалық құраддардың рөлі
- •9. Ақпаратты қысу.
- •9.3 Мысал келтіру
- •9. 5 Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
- •10.1Мультимедиялық жүйелер.
- •11.1 Мультимедияны қолдану аумағы.
- •11.3 Мысал келтіру
- •12.1Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы.
- •14. Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары
- •14.3 Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың технологиялары
- •15.1 Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру
- •15.2 Оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар
- •15. 3 Оқыту тәсілдері
- •15.4 Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі
4. 1Желілердің жалпы ресурстарын пайдалану.
Internet көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп,дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.Internet-тің бір ерекшелігі-оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді. Internet-ке қосылу д/з-басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік желілермен байланысу деген сөз.Internet желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.Internet-тің бір мүмкіндігін,онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын.Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.Желіге қосылудың бірнеше түрі бар.Олар;
1.Қосылып тұратын тікелей байланыстар.
2.Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар.
3.Пошталық байланыстар.
Тұрақты қосылып тұратын байланыс-мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған түрінде болады.бұл Internet-тің бір шеткі бөлігі,яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр.Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс-мұнда керісінше жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылмаған түрінде болады.Пошталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар,бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қоса алады.UUCP деген почталық байланыс түрі бар,онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнықтылады.Internet Expoler-бұл Интернетте саяхат жасау үшін қолданылатын,браузер деп аталатын арнайы программа.
Браузер-қарап шығушы (brouser).1.Гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған программа.Ол әркімнің таңдауы б/ша кәдімгі мәтіннің бейненің немесе графиктердің экранда бейнелеуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді.2.Желіде жұмыс істеуге арналған қосымша программалар жасақтама.3.Web беттерін қарапшығуға,құжат сақталған web-серверімен байланыс орнатуға web беттерді пішімдеуге,бейнелеуге,web- беттердің іздестіруін жеделдету т.б. арналған программа. 4.2 Жергілікті желідегі құжаттарды құру жəне олармен жұмыс.
Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жергілікті желі – дербес компьютерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
Құжаттарды бірге пайдалану;
Құжат айналымын жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай ақ,жиналыс жасамай ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады.
Компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу.
Сервердегі қолданбалы программамен оңай байланысу.
Компьютерді желіге қосу арнаулы желі адаптер арқылы орындалады. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін. Көптеген фирмалар шығаратын желі адаптерлерінің көптеген түрлері бар.
Соңғы кезде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді. Мұның артықшылығы,біріншіден,жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанымен бағасы онша қымбат емес,екіншіден,жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.
4.3 Internet Explorer браузерін баптау жəне онымен танысу.
Windows амалдық жүйесінің құрамына Internet Expoler браузері кіреді .Internet Expoler бұл интернетке саяхат жасау үшін қолданылатын,браузер (қарап шығушы)деп аталатын арнайы программа.Браузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер тақтасынан Internet Expoler пиктаграммасын табу қажет,соған крусорды алып барып,тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.Internet Expoler жұмысын Windows 98 ортасында көрсетіледі,сондықтан оның іс әрекеттерді осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады.Internet Expoler-ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі,ал провайдер серверімен компьютерді байланыстырады.Мұндайда 3 терезе мәліметтер енгізілуі тиіс желідегі аты-жөніңізге және пороль,оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі сеанс кезінде кез келген сәтте “болдырмау” батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.
Internet Expoler терезесінің жұмыс аймағындағы 1 цифры орында ҒТР серверге кіріп отырған адамға арналған мәтін көрсетіледі.Экранда көрінбей одан тысқары тұрған мәтін бөліктерін көру үшін көлденең немесе тік жылжыту сызықтарын пайдалану керек,олар Internet Expoler терезесінің оң жақ және төменгі шеттерінде орналасады.Браузер арқылы біз кез келген уақытта басқа ҒТР-серверге ауыса аламыз.
4. 4 Электрондық поштамен жұмыс істеу реті.
Компьютерлік желі көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес,дүние жүзі деңгейінде,ақпараттарды таратуға алады.Ақпараттардың хат,есеп,құжат,баяндама,электрондық кесте және т.б.түрінде берілуі мүмкін.Хабарлар алмасудың мұндай жүйесі электрондық почта д.а.Электрондық почта бұл компьютер желісінде электронды хаттар алмасу жүйесі.Электрондық почта жағынан әдеттегі пошта қызметіне ұқсас.Сіз абонеттерге хатты олардың мекен-жайына жібересіз,ал олар кезегінде сіздің мекен-жайға жазады.Электронды поштаны әдеттегі поштамен салыстырғанда бірқатар маңызды артықшылығы бар
1.Хабарларды жіберу жылдамдығы.Егер әдеттегі поштамен жіберілген хат бірнеше күнде,аптада жетсе,электронды пошта арқылы жіберілген хат тарату бірнеше секундта немесе бірнеше сағатта жетеді.Электрондық хат тек мәтіндік хабарлардан ғана тұрмайды.Сонымен оған бірнеше файлдар салыну мүмкіндігі бар,бірақ хатты жылдам жеткізуге кедергі келтірмес үшін өте үлкен файлдарды жіберуге болмайды.Мұндай кедергілерден алдын-ала сақтану үшін кейбір пошталық Серверлерге жіберілетін хабарламалардың өлшеміне шектеулер енгізіледі.2.Электрондық хатты бірден бірнеше абонентке жіберуге болады,Мысалы,кездесуге шақыру.Пошталық қызметтің негізгі объектісі хат.
4.5 Веб бетіндегі мəтінді безендіру жəне графиктерді қою.
HTML тiлiнiң кодталған мəтiндiк құжаттары (" html " немесе " htm " деп сақталатын) арнайы қосымшалармен , оның форматталған түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер немесе интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( жəне басқа сыртқы құрылғыларға шығару ) , əрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу
мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең əйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari , Google Chrome жəне Opera болып табылады. HTML құжаттарды жасау үшін мəтіндік редакторларды (мысалы, қойын дəптер (блокнот)), мəтіндік процессорлар (Word) жəне визуалдық HTML редакторларын қолданады. Сіздер қарапайым блокнотта құжатты жасай алаcыздар. Арнайы стандартты ұстана отырып, HTML кодты мəтіндік файлында жазып қойып, қатқыл дискіде .txt деген кеңейтуді .html немесе .htm құжат ретінде сақтасаңыз толық құнды web бетті аласыз. HTML тіліндегі міндетті тегтер: Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>, <head></head>, <body></body>, <title></title>.<head></head>, <body></body>, <title></title>.Тақырыптар. HTML тіліндегі тақырыптар келесі тегтермен анықталады <h1></h1>, <h2></h2>, ... , <h6></h6>. Яғни, тақырыптың 6 дəрежесі бар. Тəжірибе ретінде кқруіңізге болады. Жоғарыдағы мысалдағы "Құжат денесі" деген жерге <h1>HTML - бұл өте оңай</h1> деп қойып, мəтіндік форматта сақтап, оны .txt деген түрінен .html түріне өзгертіңіз жəне бірден браузерде ашып көріңіз. Яғни нəтижені көре аласыз.