Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.74 Кб
Скачать

2.6 Жергілікті есептеу желілердің тағайындалуы және сипаттамасы

Жергілікті желі-бұл компьютерлер арасында мәліметтерді жеткізу үшін пайдаланатын кабелдер арқылы өзара қосылған бірнеше компьютер тобы.Жұмыс үстелінде жергілікті желімен жұмыс істеуге арналған желілік орта қалтасының белгішесі көрініс табады.Компьютерлерде жергілікті желіге біріктіру үшін әрбір компьютерде желілік бейімдеуіш немесе желілік тақта орнатылған болуы тиіс.Компьютерлер арасында мәліметтер алмасуы арнайы құрылғы-шоғырлаушы көмегімен жүзеге асырылады.Желідегі әрбір компьютерді жұмыс станциясы деп атайды.Жергілікті желінің қоры көздерін қарап шығу.Желідегі қай қалталарға ортақ қатынас құруға болатынын қарау үшін жұмыс үстеліндегі Желілік орта белгішесін 2 рет шерту керек.Егер жұмыс үстелінде желілік орта белгішесі жоқ болса,Бастау-Желілік орта әрекеттер тізбегін орындау.Жергілікті басып шығарғыш-бұл жекеленген пайдаланушылар ортақ қатынаса алатын басып шығарғыш.Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірінен өте жылдам қатысуға мүмкіндік жасайды.Оның мынадай ерекшеліктері;1.Құжаттарды бірге пайдалану.2.Құжат синонимдік жеңілдету.

3-сұрақ

3.1 Жергілікті желідегі компьютерлерде мəлметтердің алмасуы.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Жергілікті желі – дербес компьютерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:

­ Құжаттарды бірге пайдалану;

­ Құжат айналымын жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай ақ,жиналыс жасамай ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады.

­ Компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу.

­ Сервердегі қолданбалы программамен оңай байланысу.

Компьютерді желіге қосу арнаулы желі адаптер арқылы орындалады. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін. Көптеген фирмалар шығаратын желі адаптерлерінің көптеген түрлері бар.

Соңғы кезде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді. Мұның артықшылығы,біріншіден,жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанымен бағасы онша қымбат емес,екіншіден,жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

3.2 Желілік принтер.

10/100 Base-TX Жиілілік опциялары HP LaserJet P2010 тізбектері.1) HP jetidrect en 3700; 2) HP jetdired 175x; 3) HP jetdirect ew 2400. Баспа серверіне тапсырыс беру үшін 10|100 желілік баспа серверлері 102 бетте сайтына кіріңіз. Принтерді желіге қосыңыз. Желілік модельді қосу үшін мынадай заттар қажет болады. Жұмыс істеп тұрған желі 1. сат -5 Internet кабельді Internet жадындағы н/е маршрутизаторындағы бас портқа қосыңыз. 2) Internet кабелін принтердің артында орналасқан Internet портына қосыңыз. 3)Принтердің артында орналасқан желілік порт шамдарының біреуі жанып тұрғанына көз жеткізіңіз. 4) Конфигурация бетін басып шығарып, бұйымға принтер 1P адресі берілгенін растаңыз: Принтер істеуге даяр тұрған кезде 60 (баспа) түймесін басып, 5 секунд ұстап тұрыңыз. Принтер байланыстары. USB ж/е параллель байланыстары 1. Бағдарлама орнату дискісін компьютердің CD-ROM құрылғысына салығыз. 2. Егер орнату бағдарламасы автоматты түрде басталмаса, дискінің ішін ашып SETUP, exe файлын қосыңыз.

3. Экранда пайда болған нұсқауларды орындаңыз.

3.3 Желілердің жалпы ресурстарын пайдалану.

Internet көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп,дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.Internet-тің бір ерекшелігі-оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді. Internet-ке қосылу д/з-басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік желілермен байланысу деген сөз.Internet желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.Internet-тің бір мүмкіндігін,онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын.Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.Желіге қосылудың бірнеше түрі бар.Олар;

1.Қосылып тұратын тікелей байланыстар.

2.Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар.

3.Пошталық байланыстар.

Тұрақты қосылып тұратын байланыс-мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған түрінде болады.бұл Internet-тің бір шеткі бөлігі,яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр.Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс-мұнда керісінше жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылмаған түрінде болады.Пошталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар,бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қоса алады.UUCP деген почталық байланыс түрі бар,онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнықтылады.Internet Expoler-бұл Интернетте саяхат жасау үшін қолданылатын,браузер деп аталатын арнайы программа.

Браузер-қарап шығушы (brouser).1.Гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған программа.Ол әркімнің таңдауы б/ша кәдімгі мәтіннің бейненің немесе графиктердің экранда бейнелеуін және олармен байланысқан басқа файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді.2.Желіде жұмыс істеуге арналған қосымша программалар жасақтама.3.Web беттерін қарапшығуға,құжат сақталған web-серверімен байланыс орнатуға web беттерді пішімдеуге,бейнелеуге,web- беттердің іздестіруін жеделдету т.б. арналған программа. 3.4 Кілттік сөздер арқылы ақпаратты іздеу.

Іздеу жүйесі д/з-кілттік сөздер арқылы өзіңізге қызықты,қажетті ақпараттарды табу,іздеу WEB сайтын айтады.Іздеу жүйесінің көптеген түрлері бар,оны көбінесе 4 компанент арқылы ақпаратты іздеу және ұйымдастыру кілтін қолданылады.Олар:

.”Паук”-автоматтандырылған программа.Интернет жүйесінде іздеу арқылы WEB –сайттарды табады.Сонымен қатар WEB парақтарды да анықтайды.Сол арқылы оларды базалық тізімге енгізеді.Бет және Вб-Краулер программаларын пайдалану арқылы тұтынушыға жасырын түрде іздестіруді ұйымдастырады.

2.Индекстеуші программа Ақпараттарды құрылымдайтын және ұйымдастыратын программа.Ол WEB-сайтқа іздеу табуыңызды ұйымдастыратын программа Индекстеуші программа тұтынушыға көрінбейді.3.Іздеу жүйесінің деректер қоры.Барлық ақпараттардың жиынтығы.Ол сіздің іздеуіңізге жол ашады.Ол да тұтынушыға көрінбейді.

4.Интерфейс Интернет жүйесінде не керектігін кілт сөз арқылы іздестіруді ұйымдастыратын терезе.Іздеу жүйесін пайдалану арқылы бүкіл әлемдік тордан көптеген іздеу жүйесінің тізімін таңдай аламыз.Іздеу жүйесінің негізгі үш түрі бар.Метомәліметтер арқылы.Бұл көптеген іздеу жүйесін зерттейтін жіәне нәтижесін жинақтайтын жүйе.Универсалды іздеу жүйесі.Ақпаратты әдеттен тыс іздеу арқылы ақпараттардың кең көлемді қамтитын іздеу жүйесін айтады.Іздеу агентті күрделі іздеуге арналған прграммалық құралдар.Бүкіләлемдік тордағы тобынан ақпаратты бағалаудың ең жақсы жолы-оны қайдан тапқаныңызды көре білу.WEB сайттың ең негізгі 7 типі бар.1.Насихаттау сайыты.2.коммерциялық сайттар.3.ақпараттық сайттар 4.ойын-сауық сайыты 5.білім беру сайыты 6.Жаңалықтар сайыты 7.Дербес сайттар.

3.5 Іздеу технологияларын пайдалану.

Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналастырылған. Интернет- белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ оны алу қиын. Яғни мәлңметті алу үшін оны жақсы іздей білу керек.

Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары, индекстелген каталогтар, рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялармен анықтамалар.

Индекстелген каталогтер. Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылым бірінші деңгейі спорт, демалыс, ғылым, дүкендер сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады.

Желіде каталогтардан басқа рейтингтер де бар. Каталогтан рейтингтің айырмашылығы, мұнда қорларды тікелей оның иесі суреттесе, ал каталогта авторы, демек онығ редакторы суреттейді.

3.6 Электрондық адресті құру.

Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жету үшін,адресті дұрыс көрсету керек.Пошталық адрес @ белгісімен бөлінген екі бөлектен тұрады.Адрестің сол жақ бөлігі пайдаланушының жергілікті аты,ал оң жақ бөлігі домен аты.Адрестің жазылуы nora@krok.net.ua болса,онда жәшік nora доменінде krok.net.ua оқиды.Домен аты жеке сөздерден-бағынышты домендерден тұрады да,олар нүкте арқылы бөлініп жазылады.Оң жаңында,ең жоғарғы деңгейде елдің аты жазылады;kz-Қазақстан,ru-Ресей.Домендер атынан провайдердің пошталық серверінің атын шығаруға болады.Пошталық программалардың атқаратын қызметі хабарламаны қабылдау,оқу,дайындау,жөнелту,адрестік кітапты жүргізу болып табылады.

4-сұрақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]