
- •1.Жаңа іздеу технологиялары.
- •1.4 Html-құжаттарының жалпы құрамы.
- •1.5 Html тегтері: контейнерлер, атрибуттар жəне қабатталған тегтер.
- •1.6 Html-тілі.
- •2. Жергілікті есептеу желілерінің тағайындалуы жəне сипаттамасы.
- •2.6 Жергілікті есептеу желілердің тағайындалуы және сипаттамасы
- •3.1 Жергілікті желідегі компьютерлерде мəлметтердің алмасуы.
- •4. 1Желілердің жалпы ресурстарын пайдалану.
- •4.6 Гиперсілтемелер және фреймдерді құру
- •5. Кестелер құру.
- •6.1 Алгоритмдерді бейнелеу
- •6.2 Сызықтық, тармақталған және қайталанаған алгоритмдерді құру
- •6.6 Мысал келтіру
- •7. Алгоритмдер жəне оны талдау.
- •8. Есептің қойылуы жəне шешімі.
- •8.5 Вирусқа қарсы программалық құраддардың рөлі
- •9. Ақпаратты қысу.
- •9.3 Мысал келтіру
- •9. 5 Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
- •10.1Мультимедиялық жүйелер.
- •11.1 Мультимедияны қолдану аумағы.
- •11.3 Мысал келтіру
- •12.1Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы.
- •14. Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары
- •14.3 Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың технологиялары
- •15.1 Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру
- •15.2 Оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар
- •15. 3 Оқыту тәсілдері
- •15.4 Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі
10.1Мультимедиялық жүйелер.
Мультимедия – компьютерде дыбысты,ақпаратты, тұрақты жəне қозғалыстағы бейнелерді көрсету үшін жинақталған технология.
«Мультимедия» - екі жай сөзден тұратын күрделі сөз: «мульти» - көп, «медиа» - алып жүруші немесе тасымалдаушы. Осылайша, «мультимедия» те компьютерлік терминін «көптеген тасымалдаушылар» деп аударуға болады, яғни мультимедия ақпаратты (дыбыс, графика, анимация жəне т.б.) сақтаудың жəне көрсетудің көптеген амалдары дегенді білдіреді.Мультимедияның бағдарламалық жағы қолданбалы бағдарлама жəне мамандандырылған бағдарлама деп бөлінеді. Қолданбалы программа 1) пайдаланушының қолданбалы мəселелерді шешуге арналған программасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы программа. Əдетте, кеңірек айтылса, бұған командалық процессордан басқа программалардың барлығы
жатады; нақты мағынада айтылса, оған мəтіндік процессорды, мəліметтер базасын, электрондық кестені жəне т.б. жатқызуға болады; 2) нақты есепті шығару үшін қолданылатын программа.
10.2 Мультимедияның аппараттық жəне программалық құралы.
«мультимедиялық компьютер» дегеніміз – бұл мультимедиялық барлық қолданбалы программалар өзінің барлық мүмкіндігін көрсете алатын компьютер түрі. Мультимедиялық компьютер көп нәрсені жасай білу керек: монитор экранында графикалық және бейне ақпараттарды, анимацияны көрсете білуі керек, дыбыстық , музыка, соның ішінде компакт-дискілердегі музыка сүйемелдеуі жоғары деңгейде болуы шарт.
Мультимедиялық компьютердің аппараттық бөлігі
Әдетте, жинақталған «мультимедиялық компьютер» ұғымының құрамы ретінде мыналар т‰сінеді:
• Қоректендіру болгының корпусы
• Ж‰йелік (аналық) тақша
• Орталық процессор
• Оперативті жад
• Бейнеадаптер - бейнекамера, бейнемагнитофон
• Монитор
• Қатты дискіде жинақтауыш
• Пернетақта
• Тінтуір
• CD-ROM дискжетегі
• Иілгіш дискілердің дискжетегі
• Дыбыстық карта -
Қосымша құрылғылары (көптеген елдерде қалыпты құрылғылар):
• DVD дискжетегі
• Модем
• Телевизиялық тюнер
10.3 Мультимедиялық технология.
Егер мультимедияны ақпаратты көрсетудің белгілі-бір технологиясы деп айтар болсақ, екі аспектіні еске түсірген де жөн – құрылғылық немесе аспаптық және бағдарламалық.
Мультимедияның құрылғылық жағы қалыпты амалдармен де (графикалық, адаптер, монитор, дыбыс картасы, CD-ROM жетегі және т.б.), қосымша амалдармен де (бейнекарта телевизиялық кіру/шығумен, CD-R, CD-RW, DVD жетектері және т.б.) таныстырылуы м‰мкін.
Мультимедияның бағдарламалық жағы қолданбалы бағдарлама және мамандандырылған бағдарлама деп бөлінеді.
10.4 Ақпараттық-коммуникациялық технология түсінігі.
Ақпараттық –коммуникациялық технология (АКТ)– Information and Communication Technologies (ICT) –тұтынушының ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатында біріккен әдістер, программалық-техникалық құрылғылар және өндірістік үрдістер жиынтығы.
АКТ пайдалану бәсекелес экономиканы көтеру үшін, әлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін кеңейтуге, жергілікті басқару мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль атқарады.
Ақпараттық коммуникациялық технологияның енуі азаматтар мен мекемелердің мемлекеттік билік ұйымдарымен өзара қарым-қатынасының тиімділігін арттырады.АКТ көмегінің арқасында әртүрлі мемлекетті басқару органдарының біртұтас корпоративтік желідегі деректерінің интеграциясына, құжат айналымын оптимизациялау мен шешімдерді қабылдау және олардың орындалуының механизмін арттыру мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуінің жоғарылауына әкеледі
10.5 Мемлекеттік басқару тиімділігі
Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.
Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
"Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.
Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.
10.6 АКТ
АКТ негізінде «бір терезе қағидасы» деп аталатын барлық деңгейдегі ұйымдармен өзара қарым –қатынасы бір нүкте арқылы енеді. АКТ енгізуде тікелей экономикалық эффект байланысты:
бұрынғы сақталынған құжаттарға қатысты ауданды босату;
құжаттармен жұмыс істеуде қызметкерлердің қысқару санымен;
мемлекеттік басқару ұйымдарының бизнес-үрдістерінің орындалу уақытының қысқаруымен; АКТ-ның енгізілуіндегі үлкен мəнге ие:
қабылданатын шешімдердің сапасының жақсаруы азаматтардың билікке сенімділігінің артуы; билік ұйымдарын қамтамасыз етуге қосымша қоғамның ұсталынымдарының төмендеуі.
Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам əрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жəне АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады.Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi
орындау керек:
1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк
беретiн нормативтік құқықтық жəне əдiснамалық база құру
2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою жəне АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
11-сұрақ