
- •1.Жаңа іздеу технологиялары.
- •1.4 Html-құжаттарының жалпы құрамы.
- •1.5 Html тегтері: контейнерлер, атрибуттар жəне қабатталған тегтер.
- •1.6 Html-тілі.
- •2. Жергілікті есептеу желілерінің тағайындалуы жəне сипаттамасы.
- •2.6 Жергілікті есептеу желілердің тағайындалуы және сипаттамасы
- •3.1 Жергілікті желідегі компьютерлерде мəлметтердің алмасуы.
- •4. 1Желілердің жалпы ресурстарын пайдалану.
- •4.6 Гиперсілтемелер және фреймдерді құру
- •5. Кестелер құру.
- •6.1 Алгоритмдерді бейнелеу
- •6.2 Сызықтық, тармақталған және қайталанаған алгоритмдерді құру
- •6.6 Мысал келтіру
- •7. Алгоритмдер жəне оны талдау.
- •8. Есептің қойылуы жəне шешімі.
- •8.5 Вирусқа қарсы программалық құраддардың рөлі
- •9. Ақпаратты қысу.
- •9.3 Мысал келтіру
- •9. 5 Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
- •10.1Мультимедиялық жүйелер.
- •11.1 Мультимедияны қолдану аумағы.
- •11.3 Мысал келтіру
- •12.1Мультимедиялық қосымшалар құру технологиясы.
- •14. Жоғарғы оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың бағыттары
- •14.3 Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың технологиялары
- •15.1 Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру
- •15.2 Оқу материалдарына қойылатын дидактикалық шарттар
- •15. 3 Оқыту тәсілдері
- •15.4 Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық моделі
9. 5 Компьютерлік желі вирустарының түрлері.
Компьютерлік вирус-арнайы жазылған шағын көлемді программа.Ол өздігінен басқа программалар соңына н/е алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі. Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.Белгілі вирустарды келесі түрлерге бөлуге болады;Файылдық вр,Тиелмелі вр, Желілік вр, Троян аттары. Файлдық вирустар өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басында таралды.Мұндай вирустар вирус жұғылған файлды ашқан кезде тарайды, бірден орындалатын файлдарды, типі com және exe болып келетін файлдарды зақымдайды.Желілік вирустардың негізгі “тұратын” орны локальдық желі.Желілік вирус бір компьютерге кіріп, өзі қалаған компьютерлерге таратыла береді.Тиелмелі вирустар дискі бөлігіне зақым келтіреді.Қазіргі уақытта тиемелі вирустардың негізгі таралатын орны дискет бодғандықтан олар көп тараған.Макро вирустар макростарда н/е Visual Basic Application пограммалау тілінде жазылған программаларда ж\е программа кодының мәтінінде кездеседі. Макростар Word ж/е Excel қосымшаларында олардың мүмкіндігін кеңейту мақсатында қолданылады.Windowsтың соңғы нұсқаларында макровирустардан қорғау дұрыс шешіәмін тапқан, әйтсе де бұл жеткіліксіз болып отыр. Visual Basic Application программалау тілімен таныс қолданушы программа кодының құрамындағы зиян кодты өздігінен танып біле алады.Троян аттары көп таралған вирустар түрі, ерекшелігі-олар компьютерге н/е оның ішіндегі сақталған ақпараттарға зақым келтірмейді.
Компьютерлік вирустардың негізгі т‰рлеріне мыналар жатады:
• программалық вирустар;
• жүктелетін вирустар;
• макровирустар;
Программалық вирустар – басқа қолданбалы программаның ішіне мақсатты түрде ендірілетін программалық кодалардың блогы вирусы бар программа жұмыс атқарғанда ондағы вирустық кода іске қосылады. Бұл кода қатты дискіде және басқа программаның файлдық жүйесінде пайдаланушыға көрінбейтін өзгерістер жасайды. Программалық вирус компьютерге иілгіш дискілерден, немесе интернеттен алынған тексерілмеген программаларды іске қосқанда енеді. «Іске қосу» деген сөзге ерекше көңіл аудару қажет. Вирус жұқтырған файлдарды көшіргенде компьютерге вирус жұпайды.
Жүктелетін вирустар – программалық вирустардың жүктелетін вирустардан ерекшелігі тарату әдістерінің басқаша болуы. Олар програмалық файлдарды емес, магниттік тасушы иілгіш және қатты дискілер белгілі бір жүйелік аумақтарды бұзады. Сонымен бірге іске қосылып тұрған компьютерде олар уақытша жедел жадыда орналасады.
Макровирустар. Вирустың бұл түрі макроклманданы орындауға арналған құралдары бар қолданбалы программалардағы құжаттарды бүлдіреді. Мысалы, мұндай құжаттарға Місrоsоft Word (dos кеңейтуі бар) мәтіндік процессорының құжаттары жатады. Егер макрокоманданы орындалу мүмкіндігі өшірілмесе, онда құжат файл ашқанда жұқтыру басталады. Шабуыл нәтижесі арқылы болуы мүмкін, өте қауіпсіз еместей
9.6 Вирусқа қарсы программалар
1. Детекторлар программалары (McAfee Associates-тен Scan, Norton Antivirus және “Диалог-МГУ”-дан AVSP) бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін қолданылады.
2. Флаги немесе доктор (Д.Н. Лозинскийдің Aids Test, “Диалог-МГУ”-дан AVSP-сы) дискілерді немесе бұзылған программаларды “жазады” (тазалайды), бұзылған программалардан вирус денесін “тістеп алу” арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді.
3. Ревизор (тексеруші) программалар (“Диалог-наука”-дан Adinf+AdinfExt) – бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.
4. Ревизор (тексеруші) докторлар – ревизорлар мен докторлардың қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерді ғана көріп қоймай, сонымен қатар ол өзгерулерді автоматты түрде бастапқы қалыпқа келтіруге бар жағдай жасайды.
5. Фильтр программалары (-D, FlueShot Plus) резидентті түрде компьютердің жедел жадысына орнатылады да көбею және қауіп төндіру үшін вирустар қолданатын операциялық жүйеге түсетін хабарламаларды жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.
10-сұрақ