Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_blok_informatika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
107.74 Кб
Скачать

1-сұрақ

1.Жаңа іздеу технологиялары.

Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек.

Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары (поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Әр категорияны жеке қарастырайық.

Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық бөлімі “спорт”, “демалыс”, “ғылым”, “дүкендер” сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал әр бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу орындарын іздеу барысында мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу орындары ->Институттар. Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын аласыз.

1.2 WEB-қосымшаларын өңдеудің технологиясы.

WWW – Web сервер арқылы миллиондаған электрондық құжаттардың бір-бірімен байланыстарының бірігуі. Web- кеңістігін құрайтын жекелеген құжаттар Web-беттер деп аталады. Тақырып бойынша біріктірілген Web –беттер тобы Web – түйіндер деп аталады (басқаша атауы – Web-сайт немесе жай ғанабіріктірілген Web –беттер тобы Web – түйіндер деп аталады (басқаша атауы – Web-сайт немесе жай ғана сайт). Web – беттерді көруге арналған программа браузерлер деп аталады. Электрондық пошта немесе e-mail, Интернеттің барлық желілерінде қол жеткізімді. Ол адамдарға файлдарды бүкіләлем бойынша тез жіберуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым мәтіндік белгілеу немесе ішіне графика мен басқа да мазмұнды алып жатуы мүмкін. Файлдарды жіберу: файлдарды бір компьютерден екінші компьютерге көшіреді. Интернет арқылы файлдарды тасымалдау хаттамасы (File Transfer Protocol, FTP) сияқты мәліметтерді тасымалдайтын арнайы басқарушы қағидалар немесе хаттамалар бар: белгілі бір тақырып бойынша мақалалармен алмасатын, программалық өнімдерді қолдауды қамтамасыз ететін немесе сұрақтардың түрлі категорияларына жауаптар ұсынатын компьютерлер желісі. Жаңалықтық топтар (newsgroups):

USENET-тегі желілік конференция, ол дискуссиялар мен жаңалықтар алмасуды жүргізу үшін ұйымдастырылған. Мәлімдемелерді оқу мен жіберу тұтынушы компьютерінде жүктеліп, жаңалықтар серверімен байланысатын программа арқылы жүзеге асады. хаттама - екі желінің мәлімет алмасуының принципін анықтау заңдылығы.

Хаттамалар

Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі:

Базалық хаттамалар: ТСР мен ІР. Әдетте Интернет серверлері бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. TCP/IP -(Transmission Control Protocol /Internet protocol - тасымалдауды басқару хаттамасы /желіаралық хаттама) терминімен белгілейді.

Қолданбалы хаттамалар жоғарғы деңгейде боп есептеледі, бұлар: HTTP (Hyper Text Transfer Protocol) -Интернеттің арнайы қызмет баптарының гипермәтінді тасымалдау хаттамасы.

1.3 Web-беттерін дайындау

Web-беттерін дайындау үшін біз HTML тiлiн пайдаланамыз. HTML тiлi - (Hypertext Markup Language) - дүниежүзiлiк құжаттардың əйгiлi стандартты гипертексттiк белгi тiлi. Барлық веб беттер HTML (немесе XHTML) тiлiнiң көмегiмен

жасалады. HTML тiлi браузерде анықталады жəне адамға ыңғайлы құжат ретiнде көрсетiледi. HTML тiлi SGML (Standard Generalized Markup Language )-дiң қосымшасы болып табылады жəне əлемдiк ISO стандартына сəйкес келедi.

HTML тiлi жобалаушыға келесi мүмкiндiктердi жүзеге асыруға көмектеседi:

• Тақырыбымен қоса мəтiндердi, кестелердi, тiзiмдердi, суреттердi жəне басқа да

маңызды online құжаттарды жариялау

• Online-ақпаратты алу үшiн тек түйменi басу арқылы гипертексттiк сiлтемеге өту

• Қажеттi ақпарат iздеу, архивтердi құру жəне басқа да мақсатқа арнап түрлер (form)

құру

• Сол құжаттың өзiне мəлiметтер кестелерiн, видео жəне аудиоклиптер жəне басқа да

қосымшаларды қосу

HTML тiлiнiң кодталған мəтiндiк құжаттары (" html " немесе " htm " деп сақталатын) арнайы қосымшалармен , оның форматталған түрiнде құжатты суреттейдi . Браузер немесе интернет - шолушылар деп аталатын қосымшалар веб - беттердiң сұранысына арналған ыңғайлы интерфейстi пайдаланушыға ұсынады, оларды көру ( жəне басқа сыртқы құрылғыларға шығару ) , əрине қажет болған жағдайда , осыларды серверге жiберу мүмкiндiктерi бар. Бүгiнгi күндегi ең əйгiлi браузерлер: Internet Explorer , Firefox , Safari , Google Chrome жəне Opera болып табылады.

HTML тіліндегі міндетті тегтер: Кез-келген HTML құжат келесі тегтердің көмегімен құралады <html></html>,

<head></head>, <body></body>, <title></title>.

Тақырыптар. HTML тіліндегі тақырыптар келесі тегтермен анықталады <h1></h1>, <h2></h2>, ... ,

<h6></h6>. Яғни, тақырыптың 6 дəрежесі бар. Тəжірибе ретінде кқруіңізге болады.

Жоғарыдағы мысалдағы "Құжат денесі" деген жерге <h1>HTML - бұл өте оңай</h1> деп қойып, мəтіндік форматта сақтап, оны .txt деген түрінен .html түріне өзгертіңіз жəне бірден браузерде ашып көріңіз. Яғни нəтижені көре аласыз. Келесі дəрежелерін де осылай қойып шығуға болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]