
- •1. Шаруашылық операциялар түрлері ж/е оның ақпараттық маңызы.
- •2. Ағымдағы шоттағы ақша қаражатарының есебі және оның жүргізулу тәртібі.
- •4.Мүдделерді біріктіру есебі
- •Сәйкестендірілген (теңестірілген) активтер мен міндеттемелерді тану
- •9. Шоғырландырылған қаржылық есептің мәні
- •Түзу сызықты есептен шығару әдісі;
- •Нарықтық пайыздар әдісі.
- •10. Аудиторлық тексеру бағдарламасы.
- •2. Инвестицияларды алу
- •3.Инвестицияны шыгару
- •2)Аралық жабу коэф.(нақтыланған өтімділік н/се дағдарыстық өтімділік коэф.)
- •17. Аудиторлық тәукел ж/е оның маңызы.
- •Қателер және алаяқтылықпен байланысты бұрмалаушылықтар анықталғаннан кейін оларды бағалау үшін, аудитор қандай қосымша процедуралар жүргізуі керектігін анықтау керек.
- •I. Нқ жөндеу жүргізудің мердігерлік әдісі
- •II. Егер жөндеуді жөндеу цехы жүзеге асырса:
- •Различие между калькуляцией себестоимости с полным распределением затрат и калькуляцией себестоимости по переменным издержкам.
- •52. Құжаттау және оның жіктелуінің бухгалтерлік есептеудің маңызы
- •1 . Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі
- •2.Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)
- •71. Еліміздегі бухгалтерлік есепті мемлекеттік реттеу жүйесі және оның маңызы.
- •78. Қауымдасқан кәсіпорын есебі және оның маңызы.
- •80. Баланстың өтімділігін талдау.
- •Аудиторлық есептегі дәлелдемелерге түсінік
- •Біріккен қызмет қатысушысының шоғырландырылған қаржылық есептілігі.
- •№91. Есеп саясатын таңдау
- •(С) қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің әділ құнын;
- •1 . Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі
- •2.Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)
- •Аудит түрлерінің айырмашылықтары :
- •11.2. Лизингтік жалға алу
Түзу сызықты есептен шығару әдісі;
Нарықтық пайыздар әдісі.
Түзу сызықты есептен шығару әдісіне сәйкес, дисконт немесе марапат амортизациялық кезеңде тең үлестермен есептен шығарылады. Бұл әдісті пайдаланудың нәтижесі болып, есептен шығарылатын дисконттың (марапат) тұрақты сомасы және сәйкесінше, пайыздық қойылым өзгерсе де, әр кезеңнің пайыз түріндегі табыстардың сомасы тұрақты болып табылады.
Бұл әдісті пайдалануға американдық стандарттар тек қана оның нәтижелері нарықтық пайыздар әдісінің нәтижелерінен шамалы ғана ауытқитын жағдайларда ғана рұқсат етеді.
Нарықтық пайыздар әдісінде облигацияның ағымдағы құнына пайыздың тұрақты пайыздық қойылымы пайдаланылады. Есептен шығарылатын дисконттың немесе марапаттың сомаларының нәтижесінде, және сәйкесінше пайыз түріндегі табыстар әр кезеңде өзгеріп отырады. Американдық стандарттар бұл әдіс кезеңнің табыстары мен шығыстарын анық көрсететіндіктен, осы әдісті қолдануды ұсынады.
Облигацияны сатып алу және дисконт пен марапатты есептен шығару бойынша операциялардың есебін көрсетудің жалпы схемасы екі әдісте де ұқсас есептеледі:
Облигацияны сатып алу кезінде:
Дт Инвестицияға салынған облигациялар
Өзіндік құн (Нарықтық бағасы + алымдар)
Дт Пайыз түріндегі табыстар
Сатып алу мерзіміне жинақталған пайыздар сомасы
Кт Ақша
Төленген үлестердің сомасы
Пайыздарды алу мен есептен шығару:
а) Марапаттар
Дт Ақша
Алынатын пайыздар сомасы = Номиналды құны x Номиналды қойылым x Кезең.
Кт Облигацияға салынған инвестициялар
Есептен шығарылатын марапаттардың үлесі.
Кәсіпорынды сатып алғаннан кейінгі шоғырландыру.
“Еншілес кәсіпорындағы инвестициялар есебі мен шоғырландырылған қаржылық есеп” атты Бухгалтерлік Есептің №27 Халықаралық Стандартына сәйкес, еншілес кәсіпорын – дегеніміз басқа кәсіпорынның бақылауындағы кәсіпорын болып табылады.
Негізгі кәсіпорын (материнское предприятие) – дегеніміз, қарамағында бір немесе бірнеше кәсіпорыны бар кәсіпорын.
Топ – дегеніміз, негізгі және еншілес кәсіпорындардың жиынтығы.
Шоғырландырылған қаржылық есеп – тұтас бір кәсіпорынның қаржылық есептілігі секілді дайындалған топтың қаржылық есептілігі.
Азшылықтың үлесі – дегеніміз, негізгі кәсіпорынның еншілес кәсіпорындар арқылы тікелей немесе жанама түрде иемденетін үлесіндегі қызметінің таза нәтижесіндегі немесе таза активтеріндегі еншілес кәсіпорындардың үлесі.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрудың ең негізгі мақсаты – негізгі және еншілес компаниялардың қызметін тұтас бір шаруашылық субьектінің қызметі ретінде көрсету. Шоғырландырылған баланста негізгі және еншілес ұйымдардың материалдың қорлары бірге көрсетіледі. Дәл осылай, Пайда мен Зиян туралы есепте де, “Өткізу” шотында негізгі және еншілес компаниялардың сату көлемі бірге көрсетіледі.
Шоғырландырылған қаржылық есептілік бірлескен кәсіпорындар туралы ақпаратты дайындаған кезде пайдаланылады.
27 – ҚЕХС: Негізгі компания салыстырмалы қаржылық есептілікті дайындау барысында оған төмендегілерден басқа барлық ұлттық және шет елдік еншілес компанияларды міндетті түрде көрсетуі тиіс:
жақын болашақта сатуға және оларға уақытша бақылау жасау мақсатында сатып алынған еншілес компаниялар;
негізгі кәсіпорынға қаражаттарды беру қабілетіне тікелей әсер ететін, қатаң ұзақ мерзімді шектеулер шарттарындағы еншілес компаниялар.
Еншілес компаниялар арқылы тікелей немесе жанама түрде, дауыс берілетін акцияларының жартысынан көбісін негізгі компания иемденген кезде бақылау орын алуы тиіс. Бақылау тіпті негізгі компания дауыс берілмейтін акциялардың жартысына дейінін иемденген кезде де орын алады. Егер төменгі жағдайлар орын алса:
а) басқа инвесторлардың келісімі бойынша, дауыс берілетін акциялардың жартысынан көбісін бақылауға мүмкіндігі болса;
б) жарғыға немесе келісімге сәйкес, компанияның шаруашылық (операциондық) және қаржылық саясатын анықтау құзіретіне ие болса;
в) директорлар кеңесінің мүшелерінің немесе басқа да басқару органдарының мүшелерінің көпшілігін тағайындау немесе орындарын алмастыру мүмкіндігіне ие болса;
г) директорлар кеңесінің немесе басқа да басқару органдарының отырысында дауыстың көбіне иемдене алатын мүмкіндігі болса.
27 – ҚЕХС, 15 п.: салыстырмалы қаржылық есептілікті құру барысында негізгі және еншілес компаниялардың қаржылық есептіліктері актив, міндеттеме, капитал, табыс және шығыс секілді ұқсас баптарды қосу арқылы біріктіріледі. Салыстырмалы қаржылық есептілік топты тұтас бір компанияның қаржылық ақпараттары секілді көрсету үшін, төмендегі шарттарды қанағаттандыруы қажет:
а) әрбір еншілес компаниядағы негізгі компанияның инвестициясының баланстық құны және негізгі компанияға жататын әрбір еншілес компанияның капиталының үлесі шегеріледі (22 ҚЕХС, Компанияларды біріктіру, мұнда сонымен қатар біріктіру нәтижесінде орын алатын кез-келген үлестік репутацияны көрсету тәртібі қарастырылған);
б) есепті кезеңде салыстырылған еншілес компаниялардың таза пайдадағы азшылықтың үлесі, негізгі компанияға жататын таза пайданың сомасын көрсету үшін, топтың пайдасын түзету мақсатында пайдаланылады және есептеледі;
в) салыстырылған еншілес компаниялардың таза активіндегі азшылықтың үлесі, негізгі компанияның акционерлерінің капиталы мен міндеттемесінен бөлек салыстырмалы баланста көрсетіліп, есептеледі. Таза активтердегі азшылықтың үлесі келесілерден тұрады:
Компанияларды біріктіру атты №22 ХҚЕС-на сәйкес есептелген, бастапқы бірігу мерзіміндегі сомалардан;
Бірігу мерзімінен бері орын алған, компания капиталының өзгерісіндегі азшылықтың үлесінен тұрады.