- •1. Шаруашылық операциялар түрлері ж/е оның ақпараттық маңызы.
- •2. Ағымдағы шоттағы ақша қаражатарының есебі және оның жүргізулу тәртібі.
- •4.Мүдделерді біріктіру есебі
- •Сәйкестендірілген (теңестірілген) активтер мен міндеттемелерді тану
- •9. Шоғырландырылған қаржылық есептің мәні
- •Түзу сызықты есептен шығару әдісі;
- •Нарықтық пайыздар әдісі.
- •10. Аудиторлық тексеру бағдарламасы.
- •2. Инвестицияларды алу
- •3.Инвестицияны шыгару
- •2)Аралық жабу коэф.(нақтыланған өтімділік н/се дағдарыстық өтімділік коэф.)
- •17. Аудиторлық тәукел ж/е оның маңызы.
- •Қателер және алаяқтылықпен байланысты бұрмалаушылықтар анықталғаннан кейін оларды бағалау үшін, аудитор қандай қосымша процедуралар жүргізуі керектігін анықтау керек.
- •I. Нқ жөндеу жүргізудің мердігерлік әдісі
- •II. Егер жөндеуді жөндеу цехы жүзеге асырса:
- •Различие между калькуляцией себестоимости с полным распределением затрат и калькуляцией себестоимости по переменным издержкам.
- •52. Құжаттау және оның жіктелуінің бухгалтерлік есептеудің маңызы
- •1 . Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі
- •2.Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)
- •71. Еліміздегі бухгалтерлік есепті мемлекеттік реттеу жүйесі және оның маңызы.
- •78. Қауымдасқан кәсіпорын есебі және оның маңызы.
- •80. Баланстың өтімділігін талдау.
- •Аудиторлық есептегі дәлелдемелерге түсінік
- •Біріккен қызмет қатысушысының шоғырландырылған қаржылық есептілігі.
- •№91. Есеп саясатын таңдау
- •(С) қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің әділ құнын;
- •1 . Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі
- •2.Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)
- •Аудит түрлерінің айырмашылықтары :
- •11.2. Лизингтік жалға алу
4.Мүдделерді біріктіру есебі
Мүдделерді біріктіру есебін осылай аталатын әдісті қолдану арқылы жүргізеді. Бұл әдісті қолданған кезде біріккен компанияның қаржылық есептілігінде баптар бастапқы көрсеткен кезеңнен бастап немесе бірігу кезеңінде қаржылық есептілікті қосу қажет.
Компанияның қаржылық есептілігі есептілікте көрсетілген соңғы күннен кейін біріккен компанияның мүдделерінің бірігуі көрсетілмеуі керек.
Ақша қаражаттар және басқа активтер, қосымша көлемі бар шығарылған акционерлік капитал сомасы мен жұмылдырылған акционерлік капиталдың есептелген сомасы арасында кез-келген айырма меншікті капиталға сәйкес түзетілуі керек.
Мүдделерді біріктірудің мәні – ешқандай да сатып алудың болмауы. Компаниялардың бірігуінен болған тәуекелдік пен табыстың сақталуы. Мүдделердің бірігу әдісі мәселені тек кәсіпорын ретінде жұмысын жалғастырып жатқан біріккен компанияның есебі жолымен таниды. Осыған байланысты қаржылық есептіліктің жеке формаларын біріктіргенде кішігірім өзгерістер енгізіледі.
Мүдделердің бірігуі біріккен кәсіпорынды қалыптастырады. Ол біртұтас есеп саясатын бекітеді. Осыған байланысты біріккен компания бірігейін деп жатқан компанияның есеп саясаттары келісілгеннен кейін түзетілетін және кейін көрсетілетін кезеңнің барлығында қолданылған ағымдағы баланстық құны бойынша активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды таниды. оң және теріс іскерлік беделдің расталуы жүзеге асырылмайды. Мүдделердің бірігуіне байланысты шығыстар сол есепті кезеңде біріккен кәсіпорындағы шығыс ретінде танылады.
Бухгалтерлік есепте біріккен компаниялар үшін сатып алу мүдделерін біріктіруден өзінің мазмұны бойынша ерекшеленеді және операцияларының негізі қаржылық есептілікте көрсетілуі керек. Сәйкесінше әрбір аталған бірігу нысанына есептің өзінің әдісі белгіленеді. Оларды сатып алу әдісі және мүдделерді біріктіру әдісі деп жіктейді.
Сатып алу әдісі – сатып алу нысанында біріккен кәсіпорындар есепті сатып алу әдісінің көмегімен көрсетуі керек. Бұл әдісті қолдану кәсіпорынды сатып алуда басқа активтерді сатып алу сияқты көрсетеді. Бұл заңды болып табылады, өйткені сатып алу кезінде басқа кәсіпорынның өндірістік қызметіне активтер босатылатын, міндеттемелерден туындайтын немесе таза активтерді бақылаудың орнына капитал шығатын мәмілелер туындайды.
Сатып алу әдісі есепте және бақылауда негіз ретінде танылу үшін өзіндік құнды анықтау әдетте ақшаға сатып алу активтердің жалпы құнын анықтау кезінде мәселе туындамайды. Өйткені бұл құн осы сатып алуға жұмсалатын ақша қаражатының жалпы сомасына тең. Бірақ жеке активтің құнын анықтауға байланысты қиындықтар туындайды. Егер активтер міндеттемелердің туындауымен сатып алынса, олардың жалпы құны олар үшін болашақта төленуге тиісті ағымдағы құнының сомасына тең.
Қарыз міндеттемелерінің ағымдағы құны осы міндеттемелердің әділ құнына тең. Егер қарыз міндеттемелердің осындай құнды қағаздар бойынша әжептеуір асып түсетін тиімді қойылым немесе одан әжептеуір төмен болатын пайыздық қойылым белгіленсе, есептілікте тиімді сыйақыны немесе жеңілдікті тіркеу керек. Егер активтер акцияларға айырбасталып сатып алынса, олардың жалпы құнын анықтаудың қарапайым ережесі осы акциялардың әділ құны егер қайсысын жеңіл анықтауға болатын осы активтің әділ құны болып табылады.
Қор биржа айналымындағы бағалы қағаздардың әділ құнын сатып алынған компанияның әділ құнына қарағанда анықтау жеңіл. Мұндай жағдайда бағдар ретінде нарықтың тербелісі, сату көлемі, эмиссия шығындары ескерілген акцияның белгіленген нарықтық бағасы қызмет етеді.
Алынған активтер мен міндеттемелердің бағалануының келесідей ережелері белгіленген:
өтімді бағалы қағаздар нарықтық құны бойынша бағаланады;
өтімсіз бағалы қағаздар кәсіпорын акциясының нарықтық бағасы оның 1 акцияға шаққандағы әр жылға таза табысына қатынасы, дивиденд табыстары және ұқсас сипаттағы кәсіпорынның салыстырмалы бағалы қағаздарының күтілген өсу деңгейі сияқты сипаттамалары ескерілген, белгіленген құны бойынша бағаланады;
дебиторлық берешекті алынуға тиісті таза құнының сомасы бойынша көрсету керек;
ТМҚ:
дайын өнім мен тауарлар – сату шығындары сомасын шегеріп, сату бағасы бойынша;
аяқталмаған өндіріс дайын өнімнің сатылу бағасынан сатуға байланысты шығындар және өндірісті аяқтау мен сату бойынша қоңыржай (умеренный) үстеме шығындарды шегергендегі құны бойынша көрсету керек;
шикізат пен материалдар ағымдағы қалпына келтіру құны бойынша;
жер және ғимараттар:
қолдану мақсаты бойынша активтің нарықтық құны бойынша;
сату немесе келешекте сату мақсатымен сақтау – таза сату құны бойынша;
машиналар мен жабдықтар:
қолдану мақсаты бойынша бағалау немесе есептелген амортизациясы шегерілген бастапқы құнымен анықталатын нарықтық бағасы бойынша;
уақытша қолдану мақсаты бойынша бір тұрпатты өндірістік құралдардың есептелген амортизациясы шегерілген бастапқы құнының ең төменгі мәні бойынша немесе таза сату құны бойынша;
сату немесе келешекте сату мақсатымен сақтау олардың таза сату құны бойынша;
МЕА белгіленген құны бойынша бағаланады;
төленуге тиісті шоттар және вексельдер, ұзақ мерзімді міндеттемелер, қарыздар, есептеулер және т.б. төленуге тиісті талап етулер – тиісті ағымдағы пайыздық қойылыммен анықталған міндеттемелерді өтеудегі төленуге тиісті соманың ағымдағы құны бойынша. Егер міндеттеменің номиналды сомасы мен жеңілдіктің сомасы онша елеулі болмаса, онда қысқа мерзімді міндеттемелер үшін жеңілдік талап етілмейді.
