Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ ГОС Экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
404.52 Кб
Скачать

(С) қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің әділ құнын;

(d) пайдалы қызмет ету мерзімдерін немесе амортизацияланған активтерден экономикалық пайда алудың күтілетін сызба нұақасын; және

(е) кепілдік берілген міндеттемелерді.Негізделген есептік бағалауларды пайдалану қаржы есептілігін дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және оны шынайы жасамайды.Есептік бағалау, егер ол негізделген жағдай өзгерсе немесе жаңа ақпараттың пайда болуы немесе тәжірибе жинақтаудың нәтижесінде қайта қаралуы мүмкін. Бағалауларды қайта қарау өз табиғатында өткен кезеңдерге жатпайды және түзетілген қателер болып табылмайды.Бағалаудың қолданылатын негізіндегі өзгеріс – есептік бағалаудағы өзгеріс емес, есеп саясатындағы өзгеріс. Есеп саясатының өзгерісін есептік бағалаудың өзгерісінен айыру қиын болған кезде, бұл өзгеріс есептік бағалаудың өзгерісі ретінде қарастырылады. Есептік бағалаудағы өзгеріс активтердің және міндеттемелердің өзгеруін туғызғанға дейінгі дәрежеде немесе меншікті капиталдың бабына байланысты болса, ол міндетті түрде осы өзгеріс кезеңіндегі тиісті активтің, міндеттемелердің немесе меншікті капитал баптарының баланстық құнын түзету арқылы танылуы тиіс. Есептік бағалау өзгерісінің әсер етуін перспективалық тану осы өзгерістің операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға есептік бағалаудағы өзгеріс болған күннен бастап қолданылатынын білдіреді. Есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе шығынына ғана не ағымдағы және сол сияқты болашақ кезеңдердің пайдасына және шығынына әсер етуі мүмкін. Мысалы, сенімсіз борыштардың сомаларын есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе шығынына ғана әсер етеді және сондықтан ағымдағы кезеңде танылады. Дегенмен, пайдалы қызмет етудің бағаланған мерзімінің немесе амортизацияланған активтен экономикалық пайда алудың жобаланған схемасының өзгерісі ағымдағы кезеңде және активтің пайдалы қызмет етуінің қалған мерзімінің әрбір келесі кезеңіндегі амортизациялық шығыстарға әсер етеді. Екі жағдайда да ағымдағы кезеңге қатысты өзгерістердің әсер етуі ағымдағы кезеңде табыс немесе шығыс ретінде танылады. Болашақ кезеңдерге тиісті әсер ету, егер ол болса, осы болашақ кезеңдердегі табыс немесе шығыс ретінде танылады.

92. Ақша қаражаттар аудитінің маңызы, мақсаты

Қаржылық нарықтың қиындылығына байланысты ақша қаражаттарды басқару өте маңызды болып келеді. Бәсеке фирма қаржы таба алатындай және одан әрі дамитын, жаңа технологияларды ендіре алатын қабілетін талап етеді. Ақша қаражаттың және оның баламаларының классификациясы мен дұрыс анықталуы кәсіпорынның өтімділік бағасын нақты анықтайды.

7 Халықаралық Қаржылық Есепкерліктің Стандарты (ХҚЕС) "Ақша қаражатының қозғалуы туралы есепте" ақша қаражаттарына және оның баламаларына, ақша қаражатының ағымына келесі анықтама берілген: Ақша қаражаттар өзіне қолда бар ақша мен талап етілгенге дейін салымдарды кіргізеді. Ақша шоты өзіне міндеттемелердің жедел төлеу атауларын ғана кіргізеді. Ақша қаражатына қаржылық мекемелердің ағымдағы шоттардың қалдықтары, нақты қолда бар қағаз ақшалар, монета, валюта, кіші кассадағы қолда бар ақша және кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша құжаттарының берілуі, қаржылық мекемелермен қабылданған жедел депозиттер мен алымдар жатады. Бұл қарапайым ақша құжаттарына: қарапайым чектер, кассалық ордер, клиенттердің чектері, ақша аударьмдары және тағы басқа жатады. "Ақша қаражат" - баланстық баптың бүкіл ақша шотының атауларын көрсетеді.

ХҚЕС бойынша 1000 – «Ақша қаражаты» кіші бөлімі ақша қаражатын есепке алуға арналған мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 1010 – «Кассадаға теңгемен ақша қаражаты», онда кассадағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1020 – «Кассадағы валютамен ақша қаражаты», онда кассадағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1030 – «Жолдағы теңгемен ақша қаражаты», онда жолдағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1040 – «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы ұлттық валютамен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1050 – «Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты», онда ағымдағы банктік шоттардағы шетел валютасымен ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1060 – «Депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражаты», онда депозиттік банк шоттарындағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады; 1070 – «Арнайы шоттардағы ақша қаражаты», онда арнайы шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы есепке алынады.

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:

- Банк жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен;

- Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:

  1. ҚР Әділет Министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;

  2. шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

  3. бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;

  4. Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;

  5. Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.

Касса — есеп айырысу операцияларын банк арқылы өткізу мемлекеттік заңды тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауына мүмкіндік береді. Банк субъектінің бюджетпен салықтар мен алымдар бойынша уақтылы есеп айырысуын, жеткізушілердің шоттарының уақтылы төленуін бақылап, әр түрлі мақсаттар үшін кәсіпорынға қарыз береді және олардың қайтарылуын қадағалайды. Банк арқылы қолма-қол ақшасыз аудару жолымен төлем жасау есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады.

Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбек-ақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді.

Ақша қаражаттарының есеп айырысулардың және несие операцияларының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

  1. Қолма-қол ақшасыз аудару жолымен және қолма-қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргізу.

  2. Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу операцияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде көрсету.

  3. Бөлінген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.

  4. Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.

  5. Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар-жоғы мен сақталуына бақылау жасау.

  6. Есеп айырысу — төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай-ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.

Барлық ұйымдар өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемесінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық, корреспонденттік болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар – банк шоттары, банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады. Ағымдағы және жинақтаушы шоттар – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңда тұлғалардың оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылған.

Шетелдік валюта қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін ұйымдарға арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттары ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын ұйым үшін ашылады.

Ұйым шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша шығарылады. Ұйымның рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа ұйымдарда ғана жіберілуі мүмкін. Ұйымның шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, ұйымның басшысы белгіленген кезекпен жүзеге асырады.

92 косымша

Банктегі және басқа да шоттардағы ақша қаражаттарының аудиті.

Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сэйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бү_л төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма - қолсыз түрде жүзеге асу керек.1 Ақша қаражаттарын сақтау және заңды түлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім - шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім - шарт қатынастарын күрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып бүлінеді.

Корреспонденттік шоттар - (банктер мен ұйымдардың) банктік операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғаларға, заңды түлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -үкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:

1) шотты ашу жүніндегі үтініш;

2) қойылатын қол таңбалары мен мүр таңбаларының үлгісі бар карточка;

3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;

4) мемлекеттік тіркеу туралы куэліктің күшірмесі;

5) жарғы мең қүрылтай шартының күшірмесі (егер құрылтайшылар саны 1-ден күп болса).

Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болыи табылады. Ол үзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.

Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:

1. Қолма-.қол ақшаларды;кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мэлімдемесі ресімделеді. Қолма - қол ақша салымының мэлімдемесі түскен түсімді, депоненттелген еңбек ақыны және қолма - қол ақшадағы басқа да сомаларды үз шотына қабылдау туралы шот иесінің банкке деген бұйрығы. Мәлімдемені сиямен бір данада толтырады; қабылданған ақшаға банк квинтация береді, ол шығыс касса ордеріне тіркеледі.

2. Әртүрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда-чек ресімделеді. Чек ресімделуі - чек берушінің чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнің жүзеге асуын білдіреді.

3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма - қызмет күрсететін банкке үз ақшасын тапсырмада күрсетілген сомада бенефициар пайдасына аудару жүнінде түлеушінің тапсырмасы.

4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің қүнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда -төлем талап тапсырмасы жасалады. Төлем талап -тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін дэлелдеуші құжаттар негізінде ақша аударушыға төлем ақыны жүргізу туралы талабы.

5. Шаруашылық істері жүніндегі комиссияның бүйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.

Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк түлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл- мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан күшірме жолымен қүлақтандыру жасайды. Күшірмеде банк кодтайтың, қатаң түрде белгіленген күрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған күшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.

Банктің көшірмесі есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептің тіркелімін үздігінен алмастырады және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берещекті күрсететін пассивтік шот болып табылады. Күшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның үсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын күрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субьектінің ай ішінде есептелген дебеттік және кредиттік айналымдар ескеріліп, ай соңындағы қалдық анықталады. №2 ведомость бойынша жиынтық айналымдар мен сальдо ай соңында Бас кітапқа 2020-шот бойынша күшіріледі.

Кассадағы ақша қаражаттарының аудиті.

Қолма қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жүмсау үшін шаруашылық жүргізүші субьектілерде касса болады. Касса - бүл қолма қол ақшалар мен үзге қүндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған, яғни едені мен түбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, үрттен сақталатындай түрлі материалдармен қалталып жасалған бүлмеде орналастыруды қажет ететін оқшауланған үй-жай. Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мүрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мүр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мүрі басылып, кәсіпорын, яғни субьектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне тиісті мүр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқүрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субьектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген эрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен үііымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бүйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса опрацияларымен таныстырып, кәсіпорын, яғни шаруашылық субьектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім шарт жасалуы керек. Касса операцияларының есебі ҚР ?лттық Банкі Басқармасының 1993 жылғы 23 шілдедегі № 24 хаттамасымен бекітілген «Қазақстан Республикасының касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне» сэйкес жүзеге асырылады.

Кассир ақша қаражаттарын банк мекемелерінен ақша чектері бойынша алады.

Кіріс касса ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ шығыс касса ордері мен оны алмастыратын құжаттар сиямен немесе қаламсаптың сиясымен айқын және түсінікті жазылуға немесе машинкалармен басылуға тиіс. Бұл құжаттарды тазалауға, үшіруге немесе ескертіп болсын түзету жасауға болмайды. Кэсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы қызметкерлерге жэрдем ақы, сыйақы, еңбекақы түлеу үшін түлеу ведомостары қолданылады. Бұл ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жэрдемақы және сыйақыларды түлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды қабылдау немесе беру тек олар жасалған күні жүргізілуі мүмкін. Кэсіпорынның кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша түлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығын бүл құжаттарда кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын бас бухгалтері қолдарының болуын және ордерлерде күрсетілген қосымша құжаттардың түгелдігіне тексеру жүргізуге, яғни қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін кркаттардың тиісті жеріне касса қызметкері үз қолын қояды және оған қоса берілген құжаттар мүртабан қоюмен немесе күні күрсетілген «түленді» жазуымен үтеледі. Кіріс касса ордерлері мен шығыс касса ордерлері кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс касса ордерлерін тіркеу журналында (КО №3 нысаны) тіркелінеді.

Касалық операциялардың есебін кассир КО №4 нысанындағы Касса кітабында жүргізеді. Әр бір кәсіпорынның тек бір ғана Кассалық кітабы болады. Ол тесіліп байланған, нүмірленген және мүрленген болуға тиісті. Ондағы парақтардың саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен расталған болу керек. Кітаптың соңғы бетінде келесі жазба болу тиіс: «Аталмыш кітапта барлығы ... парақ номерленген». Жэне басшы мен бас бухгалтердің қолы қойылады. Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе ұйымның кассасынан түленген, яғни шығысталған ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін түленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кірістелген немесе шығысталған сомалар касса кітабына жазылуы тиісТауар кеңселерінің, пристаньдардың және пайдаланудағы учаскелердің, аялдама, үзен үткелдерінің кассасындағы билет және багаж кассаларындағы, порттар мен вокзалдардың, байланыс бөлімшесінің кассаларындағы ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысы 1010/20 шотта ескеріледі.

1010-1020 шоттар бойынша шаруашылық операциялры

1. Кассаға сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден ақша қаражатары түсті Д-т1010 К-т 1220

2. Вексель бойынша түсті Д-т1010,1020 К-т 1130

3. Алынған қарыздар бойынша келтірілген залал үшін жүмсалмаған есеп беру сомаларын қайтару Д-т 1010,1020 К-т 1250

4. Еншілес кәсіпорындардан және үзге серіктестерден берешектің түсуі Д-т 1010,1020 К-т 1220

5. Банк шоттарынан қолма қол ақшаның түсуі (чек бойынша) Д-т 1010,1020 К-т1050

6. Қолма қол ақшалардың қү.рылтайшылардан түсуі Д-т 1010 К-т 5020

7. Займдар қолма қол ақшамен алынды Д-т 1010, К-т 3020

8. Жалдық ақы, байланыс қызметі түсімдері және осы кезеңде басқа да түленгендер Д-т 1010,1020 К-т 3520

9. Өнімдерді, құжаттарды, қызметтерді, тауарларды қолма қол ақшаға сату Д-т1010,1020К-т6010

10. НҚ,МЕА, БҚ қолма қол ақшаға сату Д-т 1010,1020 К-т 6210

11. Акциялар бойынша дивидендтер келіп түсті Д-т 1010,1020 К-т 6220

12. Оң бағамдық айырма Д-т 452 К-т 725

13. Алынған айыппүлдар, үсімақылар, тұрақсыздық айыптары Д-т 1010,1020 К-т6280

14. Есеп беретін сомалар кассадан берілді Д-т 1250, К-т 1010,1020

15. Сақтандыру полистері сатып алынды Д-т 2920К-т 1010,1020

16. Болашақ кезеңдер үшін түленген жалдық төлемдер Д-т 1620 К-т 1010,1020

17. Аванстар берілді Д-т 1610 К-т 1010,1020

18.Қолма қол ақша банктегі шотқа үткізілді (қолма қол салуды мәлімдеу бойынша) Д-т 10501,1040 К-т 1010,1020

19. Займды қайтару Д-т 3010,3020 К-т 1010,1020

20. Дивидендтерді түлеу Д-т 3030, К-т 1010,1020

21. Жеткізушілердің, мердігерлердің шоттары қолма қол ақшамен түленді Д-т 3050 К-т 1010,1020

22. Жалақы берілді Д-т 3080,3090 К-т 1010,1020

23. Теріс бағамдық айырма Д-т 844, К-т 452

24. Кассаға түгендеу жүргізген кезде анықталған ақша қаражаттарының жетіспеушілігі Д-т 1090, К-т 1010,1020

1) егер кінэлі адам анықталмаса немесе сот оны үтеп беруден бас тартса Д-т 821 (845) К-т334

2) егер кінэлі адам табылса Д-т1250 К-т 1260

Кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі.

95. Шетелдік валюта және бағамдық айыр.................

Ш.в – бұл к.о-р мен ұйым-дың ж/е мекемелердің ақшалай қаражатары мен е.а.уақытында пайда/н ж/е қолд/н Қ.Р-ң ұлттық валюталарынан басқа ақша беріледі. Бағамдық айырма – бұл екі елдің ақша бірліктерінің ара/ғы курстың өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы.

Шет ел валютасындағы дегеніміз – шет ел валютасында бекітілген, жүргізуді талап ететін опер-р. Соны мен қатар к.о. келесі мәмілерімен қамтиды. :

  1. Бағасы шетел валютасындағы бекітілген тауарлардың қызметтері сатып алу және сату;

  2. Төленуге – алынуға тиісті соммалар. Шетел валютасында бекітілгенде зайымдарды алу және беру;

  3. Айырбас б/ша ж.а.к.ш.бар жағын бөлу;

  4. Активтерді басқадай жолдардан сатып алады және сатады, міндетемелерді өз мойнына алу және осы міндетемелер б/ша есептесуді шетел валютасында жүргізу.

Шет ел валют-дағы опер-р бухг.есепте бастапқыда опер-я жасалғанан күнен бағамы б-ша қайта есептеу жолымен жеогілікте валюта мен бағалайды.

Шетелдік валютада несие алу операциялары Кесте-2

Операцияның мәні

Дт

Кт

1

Несие валюталық шотқа аударылған кезде

1050

3010

2

Несиенің пайызы есептелінді

7310

3380

3

Белгіленген мерзімде марапаттау сомасы негізгі қарыздың сомасына жатқызылды

3380

3010

4

Алынған несие үшін марапаттау сомасы төленді:

  • Бағамдық айырма сомасына

  • Төленген марапаттау сомасына

7430

3380

3380

1050

5

Негізігі қарыздың сомасы өтелді

3010

1050

6

Несие бағамдық айырма сомасына

7430

3010

96 Негізгі құралдардың тозуы мен құнсыздануының аудиті

Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы өндіріс процесіне қатысып, өзінің қасиетін, қалпын сақтап біртіндеп тозатындықтан, олардың есебіне аудит жүргізген кезде аудитордың негізгі мақсаты – негізгі құралдарға қаралған тәртіптерге сәйкес тозу есептелгендігін анықтау болып табылады. Ол үшін аудитор негізгі құралдар нысандарының амортизацияланып тозу есебіне тексеру жүргізген кезінде мынадай мәселелерге назар аударуға міндетті:

  • есеп жүргізу саясатында қаралған тозу-есептеу тәртібінің сақталғандығына;

  • негізгі құралдарға тозу-есептеу ведомостінің дұрыс толтырып есептелгендігіне;

  • жолаушыларды және жүк тасымалдайтын автокөліктерге тозу-есептеу ерекшеліктерінің сақталғандығына;

  • негізгі құралдарды кіріске алғанда және шығыс жасағанда тозу-есептеу және оны тоқтату тәртіптерінің сақталғандығына;

  • пайдалы қызмет ету мерзімі бітуіне қарамастан, әлі өндіріске пайдаланып жүрген негізгі құралдарға тозу есептеудің жалғасуына немесе тоқтатылғандығына;

  • пайдалы қызмет ету мерзімінен бұрын істен шығып, жарамсыз болып қалған есепте бар негізгі құралдарға тозу есептеудің жалғасуына;

  • тозу-есептеу әдістерінің, негізгі құралдардың тиісті топтарына қолданылғандығына;

  • негізгі құралдар нысандарының пайдалы қызмет ету мерзімі қайта қаралып, тозу есептеу тәртібіне өзгерістер енгізгендігіне;

  • жедел тозу-есептеу әдістерін қолданудың негізделгеніне және амортизациялану соиаларының тікелей мақсаты, бағыты бойынша жұмсалғандығына;

  • тозу-есептеуге жатпайтын негізгі құралдарға есептелмегендігіне;

  • ішкі аудитордың немесе лауазымды тұлғалардың тозу есептеудің тәртібінің сақталуына бақылау жасап отырғандығына.

Бухгалтерлік есептің №6 стандартында берілген анықтамада:

Тозу дегеніміз – физикалық және моральдық сипатын жоғалту процесі деп көрсетілген. Физикалық толық ескіріп тозу – негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімінде күш-қуатын сарқа жұмсау және сыртқы факторлардың әсер етуінің нәтижесінде болады. Моральдық тозу процесінің нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың дамуының қазіргі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуы, яғни нысандардың бірін-бірі ығыстырып шығаруы кездеседі. Негізгі құралдардың табиғи толық ескіріп тозуына бірнеше факторлар әсер етеді:

  • біріншіден, негізгі құралдардың өндіріс процесінде күш қуатын сарқа жұмсап, пайдалы қызмет ету мерзімінің бітуі;

  • екіншіден, негізгі құралдардың қалпы сақталып, өндірістік және өндірістік емес салада пайдалану қасиетінің толық жойылуы;

  • үшіншіден, негізгі құралдарды пайдалану барысында тозу процесін жеделдететін сыртқы ортаның әсерінен тетіктерін тот басып шіруінің, мүжілуінің салдарынан сапасын жоғалтуы.

Моральдық тозудың салдарынан қолданыстағы негізгі құралдар өндірістен ығыстырылып шығарылуы және пайдалану тиімділігі төмендеуі мүмкін. Демек, өндірісті нарық экономикасының талаптарына жауап беретін сапасы, өнімділігі жоғары жаңа жетілген құрал-жабдықтармен жарақтануды талап етеді.

Нсгізгі құралдарды моральдық жағынан тоздыратын факторлар:

  1. Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру).

  2. Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес).

  3. Шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз).

  4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы.

  5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы, өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.

  6. Олар өндіріс көлемін, пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды талап етуі мүмкін.

  7. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Негізгі құралдар нысандары толық ескіріп, құнының тозуына дейін төменделгеніне қарамастан, бастапқы қалпын және өндіріске пайдалану қасиетін сақтайтындары да кездеседі.

Негізгі құралдардың қызмет ету мерзімі ішінде дайын өнімнің, жартылай фабрикаттың, аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына, активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түріндегі тозудың құндық көрінісін амортизация деп атайды. Яғни, амортизация жұмыс істеу бойында активтің амортизацияланатын құнын әлсін-әлсін бөлу түріндегі тозудың құнымен көрсетіледі. Жинакталған амортизацияланатын құны пайдалы немесе нормаланған қызмет мерзімінің ішінде амортизациялық аударымдар түрінде, жүйелі түрде шаруашылықтың шығындарына таратылып отырылады. Пайдалы қызмет мерзімі – бұл негізгі құрал-жабдықтарды пайдаланудан экономикалық табыс табу көзделіп отырған кезең.

№ 16 ХҚЕС бойынша амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолданылуы мүмкін: