Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ ГОС Экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
404.52 Кб
Скачать

№91. Есеп саясатын таңдау

Субъект есепті ненің негізінде жүргізген жөн екендігін таңдауға тиіс:

1) осы бөлімде қамтылған ережелердің негізінде; не

2) өзінің бүкіл қаржы құралдарын есепке алу үшін ХҚЕС(IAS) 39 «Қаржы құралдары: Тану және ашу» негізінде. ХҚЕС (IAS) 39 қолдануды таңдайтын субъект ашуды ХҚЕС (IFRS) 7 «Қаржы құралдары» сәйкес жүргізуге тиіс.

Қаржы құралы – бұл нәтижесінде бір субъектіде қаржылық актив және екіншісінде қаржылық міндеттеме немесе үлестік құрал туындайтын шарт.

Мыналар мысал болып табылады:

ақшалай қаражат;

талап еткенде берілетін депозиттер мен мерзімді депозиттер;

коммерциялық қағаздар мен коммерциялық вексельдер;

қарыздар, шоттар мен вексельдер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек;

облигациялар мен ұқсас борыштық құралдар;

қарапайым және артықшылықты акциялар мен ұқсас үлестік құралдар;

активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздар – жылжымайтын мүлікке қойылғандармен қамтамасыз етілген облигациялар, РЕПО шарттар мен борыштық құралдардың секьюритизацияланған пакеттері; және

ақшалай құралдар ретінде немесе басқа қаржы құралына айырбастау жолымен пайдаланылуы мүмкін опциондар, артықшылықты құқықтар, варранттар, фьючерлік келісім-шарттар, форвардты келісім-шарттар мен пайыздық своптар.

Осы бөлім мынадай жағдайларды қоспағанда, барлық қаржы құралдарына қолданылады:

1) есебі осы Стандарттың 8-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын еншілес ұйымдарға үлестерді, есебі осы Стандарттың 13-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын ассоциацияланған ұйымдарға үлестерді және есебі осы Стандарттың 14-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын бірлескен қызметтегі үлестерді;

2) есебі осы Стандарттың 27-бөліміне сәйкес жүзеге асырылатын жұмыс берушілердің қызметкерлерге сыйақы жоспарлары бойынша құқықтары мен міндетемелерін;

3) сақтандыру шарты мыналарға жатпайтын шарттық міндеттемелердің салдары ретінде тараптардың кез келгенінде залалдың туындауына әкелуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, сақтандыру шарттары бойынша туындайтын құқықтарды:

сақтандырылған тәуекелдегі өзгерістерге;

шетелдік валюталар бағамдарындағы өзгерістерге; немесе

қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауына; және

4) жалдауға, мыналарға жатпайтын шарттық талаптарды орындау нәтижесінде жалға берушіде не жалдаушыда жалдаудың туындауына әкелуі мүмкін жалдауды қоспағанда:

жалға алынатын активтің бағасының өзгеруі,

шетелдік валюталар бағамындарындағы өзгерістер; немесе

қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауы.

Қаржылық емес активтерді сатып алу-сату шарттарының көпшілігі – мысалы, қорларды, негізгі құралдарды сатып алу-сату осы бөлімнің қолданылу саласынан алынып тасталады, себебі мұндай активтер қаржы құралдары болып табылмайды. Солай бола тұрса да, осы бөлім өзінің ережелерінің арқасында (қаржылық емес активке бағалардың өзгерісінен, шетелдік валюталар бағамдарындағы өзгерістерден немесе қарсы тараптардың бірінің міндеттемелерді орындамауынан ерекше) сатып алушыны немесе сатушыны залалға әкеп соқтыруы мүмкін барлық шарттарға қолданылады.

Осы Стандарттың 164-тармағында көрсетілген шарттардан басқа, осы бөлім, егер осындай шарттар бойынша нетто-есептеу ақшалай қаражаттың немесе басқа қаржы құралының көмегімен немесе кәсіпорынның күтілетін қажеттіліктеріне сәйкес сатып алуларда, сатуларда немесе тұтынуларда қаржылық емес құжат алу немесе беру мақсатында жасалатын ұсталатын осы бөлімнің мақсаттары үшін қаржы құралдары болып табылмайтын шарттарды қоспағанда, қаржы құралдарын айырбастау жолымен жүргізілуі мүмкін.

91 Есеп саясатын таңдау және оны өзгерту шарттары

Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе.

Бағалаудағы есептік өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынуда активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.

Есеп саясатын таңдау және қолдану

Есеп саясаты қаржы есептілігінде берілетін бизнестік операциялар барысы, басқа жағдайлар мен шарттар жөнінде маңызды және сенімді ақпарат беруде қолданылады. Егер бұл саясатты қолданудың маңыздылығы болмаса, онда оны қолданудың қажеті жоқ. Дегенмен, ұйымның қаржы жағдай жөнінде белгілі бір есептілік тапсыруы үшін ХҚЕС-тан маңызсыз ауытқуларды жасау немесе сол күйінде түзетпестен қалдырып қою дұрыс болып табылмайды.

Операцияларға, басқа оқиғаларға немесе жағдайларға нақты қолданылатын осындай ХҚЕС (IFRS) болмағанда, ұйымның басшылығы мынадай ақпараттың пайда болуына әкеп соғатын есеп саясатын жасау және қолдану үшін өзінің пайымдауын қолдануы міндетті:

(а) экономикалық шешімдер қабылдаған кезде пайдаланушылардың қажеттілігі тұрғысынан алғанда маңызды; және

(b) қаржы есептілігінің:

(і) ұйымның қаржылық жай-күйін, қызметінің қаржылық нәтижелерін және ақша қаражатының қозғалысын шынайы беретіні;

(іі) операциялардың, басқа оқиғалардың және жағдайлардың тек заңды нысанын ғана емес, экономикалық маңызын көрсететіні;

(ііі) тура, яғни біржақты болмауы;

(iv) тиянақты болуы; және

(v) барлық материалды ескере отырып, толық болуы.

Есеп саясатының жүйелілігі

Ұйым өзінің есеп саясатын ХҚЕС басқа есеп саясаты қолданылу мүмкін баптарды санаттауды нақты талап еткен немесе рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, ұқсас операциялар, басқа оқиғалар және жағдайлар үшін жүйелі таңдауға және қолдануға міндетті. Егер ХҚЕС баптарын осылай категориялау талап етілсе немесе рұқсат етсе, тиісті есеп саясаты міндетті түрде әрбір санатқа қатысты жүйелі таңдалуы және қолданылуы тиіс.

Есеп саясатындағы өзгерістер

Ұйым өзінің есеп саясатын:

(а) ХҚЕС-мен талап етілген; немесе

(b) қаржы есептілігі операцияның, басқа оқиғалардың немесе жағдайлардың ұйымның қаржылық жай-күйіне, оның қызметінің қаржылық нәтижелеріне немесе ақша қаражатының қозғалысына әсер етуі туралы сенімді және неғұрлым маңызды ақпарат беруіне әкеп соғатын болса ғана өзгертуге міндетті.

Қаржы есептілігін пайдаланушыларда ұйымның қаржы жағдайындағы, қызметінің қаржылық нәтижелеріндегі және ақша қаражаттарының қозғалысындағы үрдістерді айқындау үшін белгілі бір уақыт кезеңінде ұйымның қаржы есептілігін салыстыру мүмкіндігі болуы тиіс. Осылайша, әрбір кезеңде және бір кезеңнен келесі кезеңге дейін есеп саясатындағы өзгеріс бірдей есеп саясаты қолданылады.

Мынадай іс-әрекеттер есеп саясатының өзгерістері болып табылмайды:

(а) есеп саясатын бұрын болғандардан мәні бойынша айырмашылығы бар операцияларға, басқа оқиғаларға немесе жағдайларға қолдану; және

(b) жаңа есеп саясатын бұрын болмаған немесе маңызды болмаған операцияларға, басқа оқиғаларға немесе жағдайларға қолдану.

Есеп саясатындағы өзгерістерді қолдану

(а) ұйым есеп саясатындағы қандай да болмасын ХҚЕС есеп саясатындағы, егер олар бар болса, сәйкес алғашқы қолдану салдарынан болған өзгерісті, осы ХҚЕС-тың өзінде ескеруге міндетті; және

(b) ұйым осы өзгеріске қолданылатын нақты өтпелі ережелер жоқ қандай да болмасын ХҚЕС алғашқы қолданған кезде есеп саясатын ауыстырады немесе ол есеп саясатын ауыстырған кезде ол осы өзгерісті ретроспективалық түрде қолдануға міндетті.

Осы Стандарттың мақсаты үшін қандай да болмасын ХҚЕС-тың ертеректегі қолданысы мерзімінен бұрын қолдану есеп саясатын ерікті түрде өзгерту болып табылады.

Есеп саясатындағы өзгерістің есептілікте бір немесе одан көп ұсынылған өткен кезеңдерді қамтитын салыстырмалы ақпаратқа нақты кезеңге қатысты әсер ету аспектілерін айқындауға шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, ұйым жаңа есеп саясатын ретроспективалық қолдануға мүмкін болып табылатын, ағымдағы кезең болуы мүмкін ең ерте кезеңнің басындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелердің баланстық құнына қолдануға міндетті және осы кезеңдегі меншікті капиталдың қозғалған әрбір құрамдас бөлігінің кіріс сальдосына тиісті түзету жүргізуге міндетті.Ағымдағы кезеңнің басында жаңа есеп саясатын алдыңғы барлық өткен кезеңге қолданудың кумулятивтік әсер етуін айқындауға шын мәнінде мүмкін болмағанда, ұйым тиісті салыстыру ақпаратын жаңа есеп саясатын неғұрлым ерте шын мәніндегі ықтимал күнмен перспективалы түрде қолдану үшін түзетуге міндетті.

Ұйым жаңа есеп саясатын ретроспективалы түрде қолданған кезде, ол осы жаңа саясатты қаншалықты нақты жүзеге асырылатындай уақыт бойынша арттағы алыс өткен кезеңдердің салыстырмалы ақпаратына қолданады. Қандай да болмасын өткен кезеңге ретроспективалық түрде қолдану, егер осы кезеңнің кіріс және сол сияқты шығыс балансындағы сомасына тиісті кумулятивтік әсер етудегі мүмкін болмаса, шын мәнінде жүзеге асырылмайтын болып табылады. Қаржы есептілігінде ұсынылғандықтан өткен болып табылатын кезеңге қатысты жиынтық түзетудің сомасы ең ерте ұсынылған кезеңдердің меншікті капиталының қозғалған әрбір құрамдас бөлігінің кіріс сальдосына қолданылады. Әдетте түзету бөлінбеген пайдаға қатысты түзетіледі. Сонымен қатар, осы түзету меншікті капиталдың өзге құрамдас бөлігіне қатысты да түзетіледі (мысалы, қандай да болмасын ХҚЕС талаптарын сақтау үшін). Өткен кезеңдер туралы, қаржы көрсеткіштерінің тарихи мәліметтері сияқты кез келген өзге ақпарат та сондай-ақ қаншалықты нақты жүзеге асырылатындай тым арттағы уақыт бойынша алыс түзетіледі.

Ұйым үшін қандай да болмасын жаңа есеп саясатын, ол осы саясатты қолданудың барлық өткен кезеңге тиісті кумулятивтік әсер етуін айқындай алмағандықтан, ретроспективалық түрде қолдануға шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, жаңа саясатты ол үшін нақты мүмкін болмайтын ең ерте кезеңнің басынан бері перспективалық түрде қолданады. Осылайша, ол осы күнге дейін пайда болған активтерді, міндеттемелерді және меншікті капиталды кумулятивтік түзетудің тиісті бөлігін негізге алады. Есеп саясатына өзгеріс жасауға, тіпті егер осы саясатты шын мәнінде перспективалық түрде қандай да болмасын өткен кезеңге қолдануға мүмкін болмаса да, рұқсат етіледі.

Есеп саясатын ерікті түрде өзгерту ағымдағы кезеңге немесе қандай да болмасын өткен кезеңге әсер еткен не тиісті түзету сомасын айқындауға шын мәнінде мүмкін болмағанды қоспағанда, осындай әсер еткен не болашақ кезеңдерге әсер ете алатын кезде, ұйым мынадай ақпаратты ашып көрсетуі міндетті:

(а) есеп саясатының өзгеру сипаты;

(b) осы жаңа есеп саясатын қолдану сенімді және неғұрлым маңызды ақпарат беретін себептер;

(с) ағымдағы кезең және есептілікте берілген әрбір өткен кезең бойынша нақты жүзеге асыруға болатындай дәрежеде – тиісті түзетулердің сомасын;

(d) қаржылық есепте берілген алдыңғы кезеңдерге қатысты тиісті түзету сомасын – бұған нақты мүмкін болған дәрежеге дейін; және

(е) егер ретроспективалық қолдану қандай да болмасын алдыңғы кезең бойынша немесе берілген кезеңмен салыстырғанда неғұрлым ерте кезеңдер бойынша шын мәнінде мүмкін болмаса – осы жағдайдың болуына әкеп соққан жағдайлар және осы өзгеріс есеп саясатында қандай түрде және қай уақыттан бері қолданылғанын сипаттау.

Келесі кезеңдердің қаржы есептілігінде ақпаратты осылай ашып көрсетуді қайталау қажет емес.

Ұйым қандай да болмасын жарияланған, бірақ күшіне енгізілмеген жаңа ХҚЕС-ты әлі қабылдамаса, ұйым мыналарды:

(а) осы фактіні; және

(b) белгілі немесе осы жаңа ХҚЕС-ты қолдану ұйымның қаржы есептілігіне бастапқы қолдану кезеңінде ықтимал әсер етуді бағалау үшін маңызды, тиімді жобаланған ақпаратты ашуға міндетті.

Бухгалтерлік ЕСЕП бағалауларындағы Өзгерістер

Кәсіпкерлік қызметке тән айқындалмау нәтижесінде қаржы есептілігінің көптеген баптары дәл есептелмейді, тек бағалануы ғана мүмкін. Бағалау ең жаңа қол жеткізілетін, сенімді ақпаратқа негізделген пайымдауды білдіреді. Мысалы, мыналарды бағалау қажеттілігі туындауы мүмкін:

(а) сенімсіз борыштарды;

(b) босалқылардың ескіруін;