
- •1. Шаруашылық операциялар түрлері ж/е оның ақпараттық маңызы.
- •2. Ағымдағы шоттағы ақша қаражатарының есебі және оның жүргізулу тәртібі.
- •4.Мүдделерді біріктіру есебі
- •Сәйкестендірілген (теңестірілген) активтер мен міндеттемелерді тану
- •9. Шоғырландырылған қаржылық есептің мәні
- •Түзу сызықты есептен шығару әдісі;
- •Нарықтық пайыздар әдісі.
- •10. Аудиторлық тексеру бағдарламасы.
- •2. Инвестицияларды алу
- •3.Инвестицияны шыгару
- •2)Аралық жабу коэф.(нақтыланған өтімділік н/се дағдарыстық өтімділік коэф.)
- •17. Аудиторлық тәукел ж/е оның маңызы.
- •Қателер және алаяқтылықпен байланысты бұрмалаушылықтар анықталғаннан кейін оларды бағалау үшін, аудитор қандай қосымша процедуралар жүргізуі керектігін анықтау керек.
- •I. Нқ жөндеу жүргізудің мердігерлік әдісі
- •II. Егер жөндеуді жөндеу цехы жүзеге асырса:
- •Различие между калькуляцией себестоимости с полным распределением затрат и калькуляцией себестоимости по переменным издержкам.
- •52. Құжаттау және оның жіктелуінің бухгалтерлік есептеудің маңызы
- •1 . Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі
- •2.Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)
- •71. Еліміздегі бухгалтерлік есепті мемлекеттік реттеу жүйесі және оның маңызы.
- •78. Қауымдасқан кәсіпорын есебі және оның маңызы.
- •80. Баланстың өтімділігін талдау.
- •Аудиторлық есептегі дәлелдемелерге түсінік
- •Біріккен қызмет қатысушысының шоғырландырылған қаржылық есептілігі.
- •№91. Есеп саясатын таңдау
- •(С) қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің әділ құнын;
- •1 . Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі
- •2.Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу)
- •Аудит түрлерінің айырмашылықтары :
- •11.2. Лизингтік жалға алу
80. Баланстың өтімділігін талдау.
Өтімділіктің негізгі 2 концепциясы белгілі, 1-концепциясы бойынша өтімділік—ұйымның қысқа мерзімді міндеттерін төлеу қабілеттілігін атаймыз. 2-концепциясы бойынша өтімділік—ағымдағы активтерді ақша қаражаттарына айналдыру жылдамдығын сипаттайды.
Баланс активтері мен пассивтері өтімділігінің кемуіне қарай, яғни ең өтімді активтерден өтімді емес активтерге қарай орналастырылған.
Өтімділік дәрежесіне байланысты баланстың активтері келесідей 4 топқа бөлінеді:
А1 – ең өтімді активтер, оларға ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар жатады.
А2 – тез сатылатын активтер, оған қысқа мерзімді дебиторлық борыш пен басқа активтер жатады.
А3 – баяу сатылатын активтер, оларға тауарлы материалдық қорлар және ұзақ мерзімді инвестициялар жатады. Осы бөлімнен алдағы кезең шығыстары шегеріледі.
А4 – қиын сатылатын активтер, оларға ҰМА жатады. Ұзақ мерзімді активтердің жиынтық сомасынан ұзақ мерзімді инвестициялар сомасы алынып тасталынады.
Баланс пассивтері төлем мерзіміне байланысты 4 топқа бөлінеді:
П1 – жедел төленуге тиісті міндеттеме, оларға кредиторлық борыш, уақытында төленбеген ссуда және басқалары жатады.
П2 – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар, жұмысшыларға берілген ссудалар – қысқа мерзімді міндеттемелер.
П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер: ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар.
П4 – тұрақты міндеттемелер, оған меншікті капитал жатады. Бұл бөлімге алдағы кезең шығыстар сомасы шегеріледі.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив баптарының топтарын өзара салыстыру қажет. Баланс абсолютті өтімді деп санау үшін келесідей ара-қатынастар орындалуы қажет.
А1 ≥ П1
А2 ≥ П2
А3 ≥ П3
А4 ≤ П4
Алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздіктің де орындалуын қажет етеді. 4-теңсіздік баланстық сипатта болады және келесідей экономикалық мазмұнға ие болады:
4-теңсіздіктің орындалуы ұйымның ең төменгі қаржылық тұрақтылық жағдайын көрсетеді. Алғашқы 2 теңсіздіктің орындалуы ұйымның ағымдағы өтімділігін анықтауға мүмкіндік береді және жақын уақыттағы ұйымның төлем қабілеттілігін сипаттайды. 3 топтарды өзара салыстыру арқылы ұйымның перспективалық өтімділігін анықтауға болады және болашақ түсімдер мен төлемдерге сүйене отырып ұйымның төлем қабілеттілігін болжауға болады. 4 топтарды өзара салыстырып ұйымның меншік иеленушілердің алдыңдағы қарызын өтеу мүмкіндігін анықтаймыз.
Жалпы өтімділік көрсеткіші келесі формула арқылы анықталады:
Мұндағы :
а1, а2, а3 – үлестік коэффициенттер.
К – жалпы өтімділік коэффициент.
Жалпы өтімділік коэффициенттің мәні 0,9-дан кем болмауы қажет. Баланс өтімділігін сақтау үшін үлестік коэффициенттер келесідей шектеулерге сәйкес болуы қажет:
а1 ˃ а2 + а3
а2 ˃ а3
а3 ˃ 0
Осы шектеулерге сәйкес 1-үлестік коэффициенті 1-ге тең деп алып, қалғандарын есептеуге болады. Үлестік коэффициенттің мәндері келесі түрде анықталады:
а1 = 1
а2 = 0,5
а3 = 0,3
Жалпы өтімділік коэффициенті:
№82Азшылықтың үлесі.
Егер негізгі компанияға еншілес компаниялардың барлығы емес, тек бір бөлігі және сыртқы акционерлері ғана болса, азшылықтың үлесі деп аталатын жағдай орын алады.
Номиналды құны бойынша акцияның 100%-нан азын сатып алу. Бақылауды жүзеге асыру үшін негізгі компания еншілес компаниялардың акциясының 100%-н сатып алу міндетті емес. Еншілес компанияның акциясының 50%-нан көбін сатып алу негізгі компанияға ресми түрде бақылау жүргізуге құқық береді. Салыстырмалы қаржылық есептілік екі компанияның баланстарын біріктіруді білдіреді. Алайда, міндетті түрде меншіктерінде акция пакетінің 50%-нан азын иемденген, еншілес компанияның акционерлерінің мүдделерін ескеру қажет. Азшылықтың үлесі деп аталатын бұл акционерлердің мүдделері еншілес компанияның нетто-активтеріндегі үлестеріне сәйкес сомада шоғырландырылған баланста көрсетілуі керек.
Азшылықтың үлесі шоғырландырылған баланстық қорытынды есепте бас кәсіпорынның акционерлік капиталынан және міндеттемелерінен бөлек көрсетілуі керек. Азшылықтың үлесі сонымен қатар топтың табысында да бөлек көрсетілуі керек.
Мысалы: негізгі компания еншілес компанияның акциясының 90%-н (90%x75 000$) 67,500$-ға сатып алды делік. Еншілес компанияға салған барлық инвестициялар (67,500$) оның акционерлік капиталынан (75 000$) шегеріліп, қалған сома (7 500$) азшылықтың үлесін білдіреді. Шоғырландырылған баланста азшылықтың үлесі 2 әдіспен көрсетілуі мүмкін: біріншісі – оларды ұзақ мерзімді міндеттемелер мен акционерлік капиталдың арасында көрсету; екіншісі – төменгілерден тұратын акционерлік капиталды көрсету:
акционерлердегі азшылықтың үлесі және
негізгі компаниядағы азшылықтың үлесі.
Азшылықтың үлесі..........................................................................7,500
Қарапайым акциялар...................................................................600,000
Қайта инвестициялаудан алынған табыс..................................200,000
Барлық акционерлік капитал......................................................807,500
Қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы шоғырландырылған қорытынды есеп (пайда мен зиян туралы қорытынды есеп) тұтас шаруашылық ұйым үшін негізгі және еншілес компаниялардың қаржылық нәтижелерін біріктіру арқылы құрастырылады, мұнда фирма ішіндегі келісімдер шоттардың қайталанбауы үшін түзетіледі. Шоғырландырылған қорытынды есепке келесідей фирма ішіндегі операциялар әсер етеді:
негізгі және еншілес компаниялардың арасында жүзеге асырылатын, тауар және қызмет сатып алу және сату;
бұл компаниялар арасындағы облигациялық қарыздар бойынша міндеттемелер және дебиторлық борыштар, қарыз бойынша пайда мен зияндар;
фирма ішіндегі келісімдер бойынша пайда мен зияндар.