Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ ГОС Экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
404.52 Кб
Скачать

78. Қауымдасқан кәсіпорын есебі және оның маңызы.

Қауымдасқан компания – бұл инвестор қызметіне елеулі ықпал ететін немесе еншілес компания болып табылмайтын компания.

Елеулі әсер ету – инвестицияланған кәсіпорынға қаржылық немесе операциялық саясатқа шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі бар, бірақ бұндай саясатты бақылай алмайды.

Қауымдастырылған компаниялар жағдайында инвестордың әжептеуір әсер етуі әдетте төмендегі әдістердің бірінде немесе бірнешеуінде көрініс табады:

  • инвестицияланған кәсіпорында басқару басқармасы немесе директорлар кеңесінде қатысты болуы;

  • саясатты жасау процесіне қатысу;

  • инвестор мен инвестицияланған кәсіпорын арасындағы материялдық операциялар;

  • басқару кадрларының орын ауыстыруына қатысу;

  • негізгі техникалық аппараттармен қамтамасыз ету.

Қауымдасқан кәсіпорындағы инвестициялар есебін құн әдісі және үлестік қатысу әдісі бойынша жүзеге асырады.

Құн әдісі. Бұл әдісті қолдану кезінде инвестиция өзіндік құны бойынша тіркеледі. Инвестор сатып алған күннен кейін инвестицияланған кәсіпорынның шоғырландырылған таза пайдасынан дивиденд алғаннан кейінгі табысты таниды.

Пайдасынан жоғары алынған төлемдер инвестицияларды қайтару ретінде қарастырылады. Егер қауымдастырылған кәсіпорын қатал шектеулі жағдайда қызмет етіп, оның қорды инвесторға аудару қабілеті елеулі әлсірегенде, қауымдастырылған кәсіпорындағы инвестиция құн әдісі бойынша есептелінеді. Инвестор бұл әдісті инвестицияны жақын болашақта сату мақсатында сатып алса және сақтаса, пайдаланады.

Мысалы. Инвестор 2005жылы 1.01. сатып алынған қауымдастырылған компания акциясының 25%-на иелік етеді (65000теңге). 2005жыл қорытындысы бойынша қауымдастырылған компанияның таза табысы -35000 теңге. 2006ж. 1.03-нан акция ұстаушыларына 12000 теңге көлемінде, 2006ж.1.01.-31.12. аралығындағы кезең бойынша дивидендтер хабарланған. Инвестицияларды сатып алу және дивидендтерді есептеу және оны алудың бухгалтерлік жазулары келесідей:

1.01.2005ж.

Қауымдастырылған компанияға инвестиция – 65000теңге

Төленген ақша қаражаттары – 65000 теңге

Алынуға тиісті дивидендтер – 3000 теңге

Дивиденд бойынша табыс – 3000 теңге

Ақша қаражаттары – 3000 теңге

Алынуға тиісті дивиденд – 3000 теңге

Үлестік қатысу әдісі. Үлестік қатысу әдісі бойынша инвестициялар бастапқы кезде өзіндік құны бойынша тіркеледі де, олардың баланстық құны сатып алу күнінен кейін инвестицияның үлесіне инвестицияланған табыс немесе шығыстар баланстық құны жоғарлауы немесе төмендеуі мүмкін.

Инвестицияланған объекттен алынған табыс инвестицияның баланстық құнын төмендетеді. Инвестицияның баланстық құнына түзетулерді, жабдықтарды, инвестицияларды қайта бағалау бағам айырмашылықтары нәтижесінде жүзеге асырып, өзгертеді.

Шоғырландырылған қаржылық есепте бұл әдісті қолдансақ, инвестицияның таза пайдасы немесе таза актив бойынша ақпарат толық беріледі.

Үлестік қатысу әдісін қолдану негізінде инвестордың қауымдастырылған кәсіпорындағы шығынының үлесі инвестицияның баланстық құнынан жоғары немесе төмен болады. Инвестор келесі шығындарды өз үлесіне қоспайды. Осы жылда инвестиция нөлдік құны бойынша жазылады.

Қосымша жоғалтулар, инвестор алған кепілдіктерді орындауға қалыптасқан кәсіпорын атынан төлемдерге байланысты орын алады.

Егер кейіннен қауымдасқан пайда болса, онда инвестор өзінің пайда үлесін танылмаған таза шығын үлесіне тең болғанда өзінің пайдасындағы үлесін қайта жаңартады.

Қауымдасқан компанияға салынған инвестициялардың баланстық құны уақытшадан басқа инвестицияның құнының құнсыздануын тану үшін төмендеуі керек. Бұндай төмендетулер әр инвестицияның түріне байланысты анықталады және жазылады.

Инвестор үлестік қатысу әдісін қолдануды тоқтату тәртіптері:

  • ол қауымдасқан кәсіпорынға елеулі ықпал етпейді, бірақ толық немесе бөлшек түрде инвестициясын сақтайды;

  • қатысты бөлу әдісін қолдану әрі қарай маңызды болмайды, себебі қауымдасқан кәсіпорны қатал ұзақ мерзімді шектеулерде қызмет етеді. Өз кезегінде инвестицияға қорды ауыстыру мүмкіндігін елеулі төмендетеді.

Мысалы. 2004ж. 1.01-нен бастап А компаниясы Б компаниясын 67500 сомаға 25% акциясын сатып алды. 2004ж. компанияның таза табысы – 40000 теңге. 2005 ж. 1.02 – 15000 теңге көлемінде дивиденд төлеуді хабарлады.

2005 ж. Б компаниясының қызметінің нәтижесі 300000 теңгеге зиян шеккен.

Б компаниясының үлестік қатысуы бойынша зиян – 73750 теңге.

А компаниясының қалған үлесінің сомасы Б компаниясында 1250 баланстан тыс шоттарда есептеледі.

А компаниясының үлесі Б компаниясының таза табысында қабылданған зиянын жабатын болса, егер келісімшарттағы талаптар бойынша міндеттемелер алса, онда қалған 1250 теңге үлестік қатынас бойынша шығыс ретінде қаралады және есепте міндеттемелер ретінде көрсетіледі.

Егер қауымдасқан кәсіпорынның басқа шетел инвестициясын иемденетін артықшылығы бар акциялары болатын болса, онда түзетулерден кейін артықшылығы бар акцияның дивидендтері бойынша инвестор өзінің пайда немесе зиян үлесін есептейді.

79Бухгалтерлік баланс, оның құрылымы

Қәзіргі кезде баланс халықаралық стандартарға сәйкес құр/п оның актив жағы 2 бөліктен тұрады:

  1. Ағымдағы активтер. д.а. бұл бөлімде т.м.қ.оның құрамына материалдар, дайын өнім тауарлар мен дайын өндіріс кіреді;

1.2.Ақша қаражаттары – оның құрамына: касса 1010, е.а.валюта ж/е шетел валюта 1020шот.

1.3.Дебиторлық шоттар келіп түскен шоттар дт 1250 кт 1050

1.4.Болашақ мерзімді шоттар.

2.бөлім. Ұ.м.шоттар. оның құрамына: м.е.а.,н.қ.,(бастапқы құн,қалдық құн есебінде) аяқталған күрделі құрылыс ұ.м.инвеститциялар, мерзімі бір жылдан асқан дебиторлық қарыз ж/е мерзімі бір жыл астам шығындары.

Пасив жолы үш бөлімнен тұрады:

  • Қ.м.міндетемелер оған жататындар мерзімі бір жылға дейінгі несие мен зайымдық қарыздар овердрафт . кредиторлық қарыздар оған жататындар: персоналдар мен еңбек ақы е.а.б/ша; төленетін шоттар ж/е салық салу шоттары.

  • Ұ.м.міндетемелер деп аталады: мерзімі бір жылдан астам банк несиелері: мерзімі бір жылдан астам жеке ж/е заңды тұлғалардан алынған зайымдық қарыздар; мерзімі бір жылдан астам кредиторлық қарыздар; мерзімі бір жылдан астам болашақ мерзімі керістері.

  • Меншік немесе Акционерлік капитал. Жарғылық капитал(құрылтайшылардың үлесі); Резервтік капиталк.о.заңына сәйкес ,акционерлік капиталдың , жарғылық капиталдың 25%есебінде, ал басқа к.о.жарғылық капиталдың 70%есебінде құрылатын); Қосымша төленген капитал(3құрылтайшыға тағы да бір құрылтайшылардың үлесін қосқанда қосымша төленген капитал д.а.).