
- •1. Менің мамандығым (Әңгіме)
- •2. Қ.И.Сәтбаев – тұңғыш ғалым, академик (сұхбат)
- •3. Жеке адам, топ және ұжым (сұхбат) -
- •6. Қазақстанның білім беру жүйесі (әңгіме)
- •7. «Болашақ» бағдарламасы (сұхбат)
- •8. Қазақстанның пайдалы қазбалары (әңгіме)
- •9. Салауатты өмір салты (әңгіме, денсаулыққа байланысты 5 мақал айтып беріңіз)
- •10. Ұлттық теңгеміз туралы (әңгіме)
- •11. Қазақстанның географиялық орны (сұхбат)
- •13. Қазақстанның экологиясы (сұхбат)
- •12. Қазақстан климаты (сұхбат)
- •14. «Ертегілер елінде» (бір ертегіні әңгімелеңіз)
- •15. Қазақстанның «Қызыл кітабы» (әңгіме)
- •16. Дәрілік өсімдіктер (сұхбат)
- •17. Өсімдік және медицина (әңгіме)
- •18. Менеджер және ұйым (сұхбат)
- •19. Жер құнары - өмір нәрі (Жер, ел, Отан туралы 15 мақал-мәтелді жатқа айтыңыз)
- •20. «Қоғам және мен» тақырыбына сұхбат құрыңыз
17. Өсімдік және медицина (әңгіме)
Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Әбу Насыр - Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден - жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедақ, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан.
18. Менеджер және ұйым (сұхбат)
- Сәлем!
- Сәлем!
- Ұйымдар қалай бөлінеді?
-Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді.
- Ұйым дегеніміз не?
- Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.
- Бейресми ұйымдар бұл не?
- Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.
- Құрделі ұйымдар бұл не?
- Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.
- Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.
- Олар: Ұйымның ресурстары; Сыртқы ортаға тәуелділігі; Көлденең еңбек бөлінісі; Бөлімдер; Тік еңбек бөлінісі.
19. Жер құнары - өмір нәрі (Жер, ел, Отан туралы 15 мақал-мәтелді жатқа айтыңыз)
Өз елім, өлең төсегім.
Ел-елдің барі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.
Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.
Ел даусыз болмайды, Ер жаусыз болмайды.
Өзін өзі білген ер бақытты. Өзін өзі билеген ел бақытты.
Отан –елдің анасы, ел –ердің анасы.
Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің.
Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
Отан үшін күрес –ерге тиген үлес.
Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды
Жер – қазына, су – алтын.
Малы жоқ деп Ерден түңілме. Егіні жоқ деп Жерден түңілме
Ер сүрінбей, ел танымас. Ат сүрінбей, жер танымас.
Ит – тойған жеріне, Ер – туған жеріне.
Ер — елінде, гүл — жерінде.
20. «Қоғам және мен» тақырыбына сұхбат құрыңыз
- Сәлем!
- Сәлем!
- Адамның көзқарасы неге байланысты?
- Адамның көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне байланысты.
- Қоғамды кім жасайды?
- Қоғамды адам жасайды.
- Қоғамда қандай фактор маңызды орын алады?
- Қоғамдағы маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта.
- Әрбір адам қоғамға пайдасын қалай тигізе алады?
- Әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске асыру арқылы пайдасын тигізе алады.