Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диалоги и тексты на казахский.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
84.48 Кб
Скачать

12. Қазақстан климаты (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Қазақстан климаты қандай?

- Қазақстан климаты шұғыл континентті құрғақ келеді, сондықтан өзен торы, әсіресе орталық бөлігінде аз.

- Еліміздің ірі өзендері қандай?

- Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл

- Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі қандай?

- Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі – деңгейлерінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары болуы.

- Басты көл айдындары қандай?

- Басты көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті.

- Қиыр солтүстігінде не қалыптасқан?

- Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан.

- Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде не алып жатыр?

- Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр.

- Өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты не болып есептелінеді?

- Өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты конденсаторы болып есептелінеді.

- Ормандарда негізінен не өседі?

- Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы бсым өседі.

14. «Ертегілер елінде» (бір ертегіні әңгімелеңіз)

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында өлер халге жетеді, әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды, құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте оған аң аулап жүрген Адам тап болады. Адам ақырында оның өтінішін қабыл алады. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Бұлаққа барып су әкеледі. Адам жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Күзге салым бидай піседі. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды. Көктем шыққанда дәнді себеді. Жаз бойы баптап тұрады. Ақырында күзде бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың достығы ерте заманда осылай басталған екен.

15. Қазақстанның «Қызыл кітабы» (әңгіме)

Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16 қантарындағы қаулысы бойынша бекітілді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі, оның ішінде: сүтқоректілер – 37, құстар – 43, бауырымен жорғалаушылар – 8, қосмекенділер – 1 және балықтардың 4 түрі тіркелді. 1981 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері еліміздің барлық территориясында ерекше қорғауды қажет етеді; бұл түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген кейбір аң-құстар:

16. Дәрілік өсімдіктер (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі көрегі не болды?

- Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі көрегі өсімдік болды?

- Өсімдіктердің пайдасын кім зерттейді?

- Парацельс, Шасагетов т б өсімдіктердің пайдасын зерттейді.

- Қазақстанда қандай емдік өсімдіктер өседі?

- Ол жусан, мақсыр, мыңжапырақ, малартамар.

- Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар қанша дәрілік өсімдікті пайдалана білген?

- Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген?

- Қытайда дәрілік өсімдікті жөнінде алғышқы кітап бұдан қандай жыл бұрын жазылған?

- Қытайда дәрілік өсімдікті жөнінде алғышқы кітап бұдан мың жыл бұрын жазылған?