Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диалоги и тексты на казахский.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
84.48 Кб
Скачать

1. Менің мамандығым (Әңгіме)

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Мен ақпараттық техналогия факультетінде оқимын. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Жоғары курстарда мамандық пәндері басталады. Бірінші курсты аяқтап, шілде айында біз өндірістік практикаға барамыз. Біздің практикамыз Қарқаралы ауданында орналасқан университеттің «Политехник» демалыс зонасында өтеді. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланыста өткен. Сондықтан да табиғатты қастерлеп киелі деп санаған, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялаған. Ол жерде біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл практика біздің мамандығымызға деген үлкен қызығушылығымызды арттырады. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Университетті бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.

2. Қ.И.Сәтбаев – тұңғыш ғалым, академик (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Қ. Сәтбаев кім болған?

-Қ. Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ ҚСР ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, қазақ ҚСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы.

- Қ. Сәтбаев қай жерде туған?

- Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы)

- Қандай оқу орынын бітірген?

- Сәтбаев геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп.

-Қай жердің кең байлығын ашқан?

- Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.

- Қандай сыйлықтар алған?

- Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған.

-Қандай мектептің негізін қалаушы?

- Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген.

3. Жеке адам, топ және ұжым (сұхбат) -

- Cәлем!

- Cәлем!

- «Жеке адам, топ және ұжым» деген тақырыпқа ойларымызбен бөлісейік. Сеніңше, неге адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?

- Өйткені адам – қоғамның мүшесі, оның қалыптасуы қоғамның дамуымен байланысты. Ал сен топ сөзінің мағынасың қалай түсінесің?

- Топ – ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір бірімен аралысып іс-әрекет жасайтын адамдар.

- Ал «ұжым » деген не?

- Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі.

- А. С. Макаренконың ұжым жайында айтқан пікірін айта аласың ба?

- А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

4. Қоғамдағы отбасының қызметі (әңгіме) +

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары) қайта жаңғыруда. Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Отбасынан жақсы, дұрыс тәрбие алған бала қоғамға да өз үлесін тигізеді. Сол себепті де қоғамдағы отбасының қызметіне аса назар аударған жөн.

5. Менің отбасым (сұхбат) +

- Сәлем!

- Сәлем!

- Сенің отбасында неше адам бар?

- Менің отбасында 4 адам бар.

- Сенің әкең кім?

- Менің әкем – Олег. Ол 42 жаста. Ол инженер-системотехник.

- Сенің шешең кім?

- Менің шешем – Елена. Ол 38 жаста. Ол бухгалтер.

-Саған әпкелерін, ағаларын бар ма?

- Йә, маған сіңлім бар. Оның аты – Наташа. Ол 14 жаста. Наташа мектепте, жетінші сыныпта оқиды.